Экономикалық талдау негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2012 в 17:34, лекция

Описание работы

Лекция мақсаты – студенттерге экономикалық талдау негіздері бойынша теориялық аспектілерін қарастыру және түсіндіру.
1. Экономикалық талдау және танып білу теориясы.
2. Экономикалық талдау және диалектиканың маңызды категориялары.
3. Экономикалық талдау және экономикалық теория.
4. Экономикалық талдаудың жүйелілігі мен кешенділігі.

Работа содержит 1 файл

Экономикалық талдау теориясы дәрістер тезистері.doc

— 604.00 Кб (Скачать)

Тақырып 1. Экономикалық талдау негіздері

Лекция мақсаты – студенттерге экономикалық талдау негіздері бойынша теориялық аспектілерін қарастыру және түсіндіру.

1.     Экономикалық талдау және танып білу теориясы.
2.     Экономикалық талдау және диалектиканың маңызды категориялары.
3.     Экономикалық талдау және экономикалық теория.
4.     Экономикалық талдаудың жүйелілігі мен кешенділігі.

Тақырып мазмұны

«Талдау» сөзі грек тілінен аударғанда   «бөлу, бөлшектеу» деген мағынаны білдіреді. Бөлшектеп, зерттеліп отырған құбылыстар мен процесстердің адам саны, деңгейіне, қоршаған ортада қарастыруға мүмкіндік береді. Алайда, жинақтамалы тәжірибеде көрсеткендей талдау «таза» күйінде экономикалық құбылысты түсіндіре алмайды және сол себепті зеттеліп отырған пәннің жеке бөліктері арасында байланыс орнатып, бір-біріне тәуелділігін анықтап және оны біртұтас жүйеге келтіру керек.

Экономикалық талдау негіздері дегеніміз ол экономикалық құбылыстар мен процесстердің оларды құралдарға, бөліктерге бөлшектеу негізінде және олрды жан-жақты байланыстырып зерттейтін ғылым теориясы.

              Экономикалық талдаудың мақсаттары:

1. Объектінің жағдайларына нақты баға беру

2. Қойылған талаптан айырмашылығын көрсету

3. Активтер мен міндеттемелердің өзгерістеріне әсер ететін факторларды зерттеу

4. Өндіріс тиімділігін арттыру, резервтерді анықтау

Экономикалық талдаудың негізгі объектісі болып шаруашылық қызметтің экономикалық нәтижелері:

Экономикалық талдаудың даму кезеңдері 3 бөлінеді:

1. 5-18 ғғ. Бұл кезеңде экономикалық ғылым өзінің мінез-құлқын жарата бастаған кезі

2.      18-19 ғғ. Бұл кезеңде материалдық ресурстарды өндіру, бөлу, пайдалануды іске асырып мысалы: экономикалық қатынастарды үй шаруашылық процессіне жатқызған

3.      19-21 ғғ. Мұнда адам тәрбиесінің оптималды етуіне жағдай жасайды. Осы кезеңнен соң өз орнын шаруашылықта пайда көзімен таба алады

Табиғаттың және қоғамдық өмірдің құбылыстарын зерделеу талдаусыз мүмкін емес. Талдау термині – грек сөзінің «анализ», яғни аударғанда «бөлу», «бөлшектеу» деген мағынаны білдіреді. Осыған орай, талдау – қысқартып айтқанда құбылыстарды бөлшектеу немесе қатты толық зерделеу үшін, олардың бөліктерін, элементтерін құрамдарға бөлшектеу. Бұл жағдай экономикалық құбылыстар мен процестерге тікелей қатысты. Мысалы: Пайданың мәнін түсіну, оның алудың көздерін білуді, сонымен қатар оның ауқымын анықтайтын факторларды анықтауды қажет етеді. Бірақ, талдау зерттеліп жатқан затты синтезсіз, толық ашып, көрсете алмайды. Яғни, байланыс пен тәуелділікті оның бөліктерімен алмасу, яғни оның толық бөлінуге болмайды. Мысалы: Пайданы зерттеген кезде, оған әсер ететін факторлардың өзара байланысын, қарым-қатынасын бірге зерттеу керек. Тек, талдау мен синтез бірге болғанда ғана заттар мен құбылыстарды ғылыми зерттеу қамтамасыз етіледі.

Экономикалық талдау – ол экономикалық құбылыстар мен процестерді, оларды құралдарға, бөліктерге бөлшектеу негізінде және оларды жан-жақты байланыстырып зерттейді. Экономикалық талдау жеке ғылым болып XX ғасырдың I-жартысында пайда болды. Яғни, осы талдаудың көмегімен басқару шешімдерін қабылдау жүзеге асырылды. Мысалы: Талдау – үлкен кәсіпорын менеджерлеріне қашан және қанша экспорт, импорт алуы туралы көмектеседі. Экономикалық талдау – нарық жағдайын зерттейді. Яғни, осы талдаудың көмегімен белгілі-бір уақыт аралығында өзгерістерге баға белгіленеді.

Экономикалық талдау пәні объективті және субъективті факторлырының әсерінен жинақталып, экономикалық ақпарат жүйесі арқылы алынған кәсіпорындардың, бірлестіктердің шаруашылық процесстерінің әлеуметтік-экономикалық тиімділігі және олардың қызметтерінің шаруашылық нәтижелері болып табылады. 

Теориялық, саяси-экономикалық талдау – абстракцияның жоғарғы дәрежесіне негізделген сапалы логикалық талдау, дәлме-дәл айтқанда экономикалық  заңдылықтар, категориялар мен түсініктердің талдауы.

Нақты экономикалық талдау – нақты есептеулер мен формулалар арқылы берілген сандық талдау.

Теориялық талдау және нақты талдау бір-бірімен әрқашанда байланысты.            Кез-келген формула немесе модель математикалы дұрыс болып қана қоймай, қарастырылып отырған құбылысқа немесе көрсеткішке теориялық жағынан негізделуі керек.

Макроэкономикалық талдау – бұл әлемдік шаруашылықтың талдауы, мемлекеттің халық шаруашылығының жүйелі талдауы. Халық шаруашылығына қатысты сандар өз алдына маңызды сандар, бірақ оларды салалық, аймақтық, халық-шаруашылық, ғылыми техникалық және экономикалық программалар сияқты  топтарға бөле білу қажет. Осыған байланысты талдаудың салалық экономикалық, аумақтық  экономикалық және программалық бағытталған түрлері туындайды.

Макроэкономикалық талдау теориялық талдауды да, нақты экономикалық талдауды да қолданады. 

              Микроэкономикалық талдау дегеніміз мекеменің халық шаруашылығының негізгі бөлімдерін жүргізудің талдауы. Мекеменің шаруашылық жүргізуін талдау дегеніміз зерттеулер мен ақпараттық базада өзінің ерекшелігі бар экономикалық талдау. Әр мекеменің салалық бөлімдері, аумақтары бар екендігін және олар ғылыми-техникалық, экономикалық бағдарламаларды орындауға мемлекеттік тапсырыстар ала алатынын айта кету керек. Мекеменің нәтижесі халық шаруашылығының көрсеткіштерінде көрінеді. Микроэкономикалық және макроэкономикалық талдаулардың өздерінің ерекшелігі болғанмен, олар әрқашан салыстырылып отыру керек.

              Экономикалық зерттеулер ішінде экономикалық талдау өз алдына өзінің пәні мен әдістері бар ғылым ретінде қалыптасты.

              Ғылым ретінде экономикалық талдау дегеніміз мекеменің қызметі туралы экономикалық ақпараттарды өңдеу және талдауға қолданатын әдіс-тәсілдердің арнайы жүйесінің жиыны.                                                                                        

Нарықтық экономика жағдайында экономикалық талдау басқарудағы және қаржылық болып екіге бөлінеді.

Экономикалық талдау

 

Басқарудағы талдау                                                                             Қаржылық талдау

 

Ішкі талдау                                                                                   Сыртқы талдау

 

Мұндай бөлу коммериялық құпияларды сақтау заңы іс-ірекетіменен негізделген және тәжірибе жүзінде бухгалтерлік есеп жүйесінің кәсіпорын көлемінде басқару және қаржылық есепке бөлуіне байланысты, ал есеп беру басқарудағы және қаржылық есеп беру болып бөлінеді. Басқарудағы есеп беру өнімнің жекелеген түрлерінің өзіндік құны жайлы немесе өтпей қалған тауарлар төменгі сападағы тауарлар туралы сыртқы тұлғалардан қатал құпияда ұсталынатын деректері бар есеп қисап.

Ал қаржылық есеп беру -  бұл кәсіпорын жағдайын білу үшін оның қаржы жағдайы мен шаруашылық қызметінің есеп беру жылындағы нәтижесімен танысу үшін акционерлерге, банктерге, сақтандыру компанияларына, мемлекеттік ұйымдарға арналған арнайы анықтама және қаржы газеттерінде, бухгалтерлік бюллетеньдерінде жарияланатын есеп беру. Басқаруды талдау тек ішкі ғана болып бөлінбейді. Ол өндірістік және қаржылық талдауға бөлінеді және барлық экономикалық ақпараттарды қолданады. Тек қана осындай талдау кәсіпорынның жағдайын нақты бағалауға мүмкіндік береді. Сол кәсіпорынның басшылары талдау жүргізгенде өндірістік талдаумен бірге бухгалтерлік есеп және есеп беру мәліметтеріне негізделген қаржылық талдау да жүргізіледі.

Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады:

       Қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;

       Активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;

       Айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы міндеттемелермен ара-қатынасын анықтау;

       Қаржы-есептік және несие ережесін сақтау;

       Кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;

       Ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;

       Баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;

       Кәсіпорын табыстылығын бағалау;

       Кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;

       Кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқы мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау;

       Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау.

 

Бақылау сұрақтары:

  1. Экономикалық талдау деп нені түсінеді?
  2. Экономикалық талдаудың қандай тұжырымдамалары бар?
  3. Қандай ғылымдармен экономикалық талдау тығыз байланысты?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Баканов М.И., Шеремет А.Д. Теория экономического анализа учебник- издание 5-ое переработанное. М: Финансы и статистика,2002

2. Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия, М: 2007

3. Любушин Н.П., Лещева В.В., Дъякова В.Г. Анализ финансово-экономической деятельности предприятия: учебное пособие для вузов. Пол редакцией проф. Н.П. Любушина.-М:ЮНИТИ-Д, 2006.

4. Фирстова С.Ю. Экономический анализ в вопросах и ответах. Учебное пособие.- М.: Кнорус, 2006.

5. Налетова И.А. Анализ финансово-хозяйственной деятельности предприятия. Учебно-методическое пособие.- М.: ИНФРА-ФОРУМ, 2006

6. Чучалов Е.А., Бессонов Н.И. Приемы экономического анализа, 1988г.

7. Ковалев В.В. Финансовый анализ: методы и процедуры, М: Финансы и статистика, 2001г.

8. Ковалев В.В., Волкова О.Н. Анализ хозяйственной деятельности предприятия.-М: ПБОЮЛ М.А. Захаров, 2001г.

9. ЖуравлевВ.В., Савруков Н.Т. Анализ хозяйственной деятельности предприятий. Конспект лекций.- СПБ. Политехника,2001.

10.  Герасименко Г.П. и др. Управленческий, финансовый и инвестиционный анализ: Практикум,- Ростов на Дону: Издательский центр «Март», 2002.

 

 

 

 

 

Тақырып 2. Экономикалық талдаудың пәні, міндеттері мен түрлері

Лекция мақсаты – студенттерге экономикалық талдау пәні, міндеттері мен түрлері бойынша негізгі сұрақтарды түсіндіру.

1.   Экономикалық талдау пәні мен объектілері.

2.   Экономикалық талдаудың мазмұны мен міндеттері.

3.   Экономикалық талдаудың түрлері.

Тақырып мазмұны

Кәсіпорын шаруашылық қызметі мен талдаудың пәні болып жұмыстың қорытындысы, оның өзгеру себебі мен болуы мүмкін экономикалық зардаптарды шаруашылық жүргізудің қорытындысы кәсіпорынның қаржылық жағдайымен алынған пайда көлемімен,өндірілген және сатылған өнім көлемімен және техникалық жағдайымен байланысты болуы мүмкін.

Кешенді талдау негізінен 3 көрсеткішпен сипатталады:

1.       Өндірістің техникалық-экономикалық деңгейін талдаумен

2.       Шығарылатын өнім және қызмет, жұмыс сапасын талдаумен

3.       Шаруашылық субъектінің басқада қызмет түрлерінің талдауымен

              Өндірістің техникалық-экономикалық деңгейін талдау. Өндірістің ұйымдық-техникалық деңгейіне негізгі өндірістің басқада қызметтеріне сипаттама беруге мүмкіндік береді. Оның ішінде қаржылық есептілік (статистикалық, бухгалтерлік, салықтық, басқарушылық). Есептікте сипаттама беруге мүмкіндік жасайды.

                  Өндірістің ұйымдық-техникалық деңгейі шикізаттар мен материалдардың, машиналар мен құрал-жабдықтардың капитал түріндегі негізгі құралдар мен еңбек ресурстарының бар болуы(қажеттілігіне сәйкес) жағдайлары мен пайдалануын көрсететін көрсеткіштер жүйесі арқылы, сонымен қатар ұйымдастыру, басқару деңгейін таңдау арқылы сипатталады.

              Қазіргі кезде шығарылатын өнім, жұмыс, қызмет сапасының талдауы кәсіпорындарда тоқтаусыз қызмет ететін процесс болғандықтан оларды тиімді пайдалану жолдарын анықтау арқылы таңдау жасалады.

                  Ол техникалық шектеулер оның стандарттарымен сертификаттарына сәйкес сапаның кең тараған комплекстің сипаттамаларын анықтауға келесі көрсеткіштермен анықталады.Оларға: ұзақтылығы, стандартизациясы және үлестіру деңгейі, технологиялығы, экологиялығы, қауіпсіздігі, үнемділігі және т.б. жатады. Алдыңғы кезеңдегі өндірісті ұйымдастыру деңгейін талдау,өндірісті дайындаубарысын реттеу(күнтізбелік жоспарлы) және соңғы кезеңде еңбек өнімін сату, қызмет көрсету және жою деңгейі сипатталды.

              Басқаруды ұйымдастыру деңгейі басқарушылық еңбегінің уақыт тәртібімен дайындық әдіс, шешімдер қабылдау және жүзеге асыру басқару процессін жүзеге асыру үшін қажетті мөлшердегі және сапалы ақпараттар мен мамандандырылған басқарушылық кадр құрамы мен басқарушылар еңбектің дәрежесін анықтайды.

              Қызметтің басқада түрлерін талдау. Шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайға негізделген, сондай-ақ олар кәсіпорынның мынандай табыстары мен шығындарын сипаттайды:

  1. Операциондық (мүлікті процентпен жалға беруден)

Информация о работе Экономикалық талдау негіздері