Экономикалық талдау негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2012 в 17:34, лекция

Описание работы

Лекция мақсаты – студенттерге экономикалық талдау негіздері бойынша теориялық аспектілерін қарастыру және түсіндіру.
1. Экономикалық талдау және танып білу теориясы.
2. Экономикалық талдау және диалектиканың маңызды категориялары.
3. Экономикалық талдау және экономикалық теория.
4. Экономикалық талдаудың жүйелілігі мен кешенділігі.

Работа содержит 1 файл

Экономикалық талдау теориясы дәрістер тезистері.doc

— 604.00 Кб (Скачать)

 

              Кестеден көріп отырғандай компанияның өнімінің өтімділік табыс төлемі 2796 теңге өскен. Мұндай өсу өткен жылмен салыстырғанда өткізілген өнімнің саны арқылы болған. Егер мұндай тенденция сақталатын болса, онда компания келесі жылы ӨӨТТ өсу қарқынын төмендетпеуді болжап отыр. Бұл табыстың өсуі өнімді өткізуге деген шығындардың ұлғаюына әкеліп соқты. Өткен жылмен салыстырғанда компания 2464000теңге шығындалды. Шығындардың өсуі еңбек өнімділігінің өсуінен болғаны белгілі. Компанияның жұмысындағы теріс жақ ол өнім рентабельдігінің төмендеуі. Осылайша қаржы менеджерінің жұмысы оң бағаланбайды. Өйткені ол табысты болжау есептілігін дұрыс жүргізбеген.

              Динамика қатарларының әрбір жеке мәні деңгей деп аталады.  Динамика қатарларының көмегімен біз инвесторға, болашақ акционерлерге компанияның нарықта табысқа ие бола алатынын бизнестің тұрақты екенін және осы компанияға ақша салуға болатынын көрсетеміз.

 

Бақылау сұрақтары:

1.        Салыстыру тәсілінің мәні неде?

2.        Талдауда салыстырудың қандай типтері қолданылады және олардың мақсаты неде?

3.        Салыстырмалы шамалардың негізгі түрлерін сипаттап беріңіз.

4.        Эвристикалық әдістердің қандай түрлері талдауда қолданылады?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.       Баканов М.И., Шеремет А.Д. Теория экономического анализа учебник- издание 5-ое переработанное. М: Финансы и статистика,2002

2.       Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия, М: 2007

3.       Любушин Н.П., Лещева В.В., Дъякова В.Г. Анализ финансово-экономической деятельности предприятия: учебное пособие для вузов. Пол редакцией проф. Н.П. Любушина.-М:ЮНИТИ-Д, 2006.

4.       Налетова И.А. Анализ финансово-хозяйственной деятельности предприятия. Учебно-методическое пособие.- М.: ИНФРА-ФОРУМ, 2006

5.       Чучалов Е.А., Бессонов Н.И. Приемы экономического анализа, 1988г.

6.       Ковалев В.В. Финансовый анализ: методы и процедуры, М: Финансы и статистика, 2001г.

7.       Ковалев В.В., Волкова О.Н. Анализ хозяйственной деятельности предприятия.-М: ПБОЮЛ М.А. Захаров, 2001г.

8.       Ковалев В.В. Сборник задач по финансовому анализу: Учебное пособие.- М: Финансы и статистка, 2000.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып 4. Факторлық талдау әдістемесі

Лекция мақсаты – студенттерге факторлық талдау әдістемесі бойынша негізгі сұрақтарды түсіндіру.

 

1.        Факторлық талдау түсінігі, типтері мен міндеттері.

2.        Экономикалық талдау факторларының жіктемесі мен жүйеленуі.

3.        Детерминацияланған модельдеу және факторлық жүйелерді қайта өңдеу.

 

Тақырып мазмұны

Толығымен кәсіпорынның шаруашылық қызметіне,сондай-ақ оның қызметінен жеке алынған көрсеткіштеріне де көптеген және әртүрлі факторлар (шарттар негізінде жүзеге асырылатын қызмет) әсер етеді. Талдампаз бұл факторларды шаруашылықтың нәтижесіне олардың әсер ету күшін анықтау және топтастыру жүргізу мүмкіндіктері бойынша анықтауы керек.

Кәсіпорынның қызметін экономикалық жолдау кезінде факторларды сандық ауыспалылар түрінде көрсетеді. Ал, талдампаздық ақпараттандырылған көзқарасы тұрғысынан қарағанда, бұл факторларды анықталған жэне анықталмаған факторлар деп бөледі.

Анықталған факторларға маңызы талдампазға жеткілікті дәлдіктегі анық факторларды жатқызады; ал, анықталмаған -талдампаз маңызынан толық хабардар емес ауыспалы факторлар жатқызылады, Кәсіпорын қызметінің нәтижелік көрсеткіштеріне әсер ететін сол және басқа да факторлар белгілері бойынша жіктелуі мүмкін: күрделілігі бойынша, жүйедегі иерархиясы бойынша, әрекет ету уақыты бойынша, шыққан жері бойынша және талдау объектісіне қатынасы бойынша. Олардың әсер ету дәрежесіне тәуелділігіне байланысты( сурет 5.1.).

Шаруашылық қызметтің нәтижелікке әсер ету дәрежесінен тәуелділігіне байланысты ішкі факторлар талдаудың объектілеріне қатысты экстенсивті және интенсивті болып бөлінеді.

Экстенсивті факторлар ресурстардың өнімсіз қолданылуын жоюмен, ресурстар санының көбеюі және оларды пайдалану уақытымен байланысты.

Факторлық талдау тәсілінің қолдану аймағы.

     Басқару механизмі жиынтық құрылу әдістері мен тәсілдері сияқты бірінші спецификалық қарама - қайшылықтарды шешу үшін бағытталған : техника мен адам арасын, еңбек ететін адамдар мен басқа да қоғам арасын.Сондықтан да басқарудағы экономикалық жүйе ,бірінші ретте, құрылымдық топ пен қоғам арасындағы қызығушылықтарды келісім негізінде біріктіру болып табылады.

   Өз даму перпективасын анықтау кезінде ,кәсіпорын ішкі және сыртқы нарыққа қандай тауар шығаратынын анықтап алуы қажет.Мұндай экономикалық ахуалда тиімді шешім қабылдау, міндетті түрде осы тиімді шешімдерді қабылдайтын адамдардың статистикалық талдауының даму дәрежесімен тығыз байланысты болып келеді.

  Құрылымдық топ пен барлық кәсіпорын жұмысының көрсеткіштерінің шамасы тізбектелген және басқа да факторларға тәуелді болып келеді. Бұл тәуелділік келесі сипатта болуы мүмкін:

-         ықтималды, мұнда бір шаманың екінші бір шамаға әсерінен ықтималды орын   сипат алуы мүмкін. Мысалға алсақ, жұмысшының тауар
шығаруға кеткен уақытының оның біліктілігіке, жұмыс өтіліне, жасына   тәуелділігі.

-         детерминалдық, нәтижелік   көрсеткіштің   факторға   тәуелділігі, әрбір факторлық дәлелдің мағынасына тек бір ғана нәтижелік көрсеткіш функциясы сэйкес келеді.

Ықтималды  сипатта болатын құбылыстар корреляциялық, регрессиялық және дисперсиялық талдау көмегімен зерделенеді. Бұл тәсілдер талдаудың негізінде статистикалық қатарлардың заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді.

Біздің қарастырып отырғанымыздың мән-мағынасы детерминалдық тәуелділіктің нәтижелік көрсеткіштің факторлықтан айырмашылығы.

Ендігі   кезекте   тұрақты   детерминалдық   детализацияның   нәтижелік көрсеткіштерінің фактор бойынша негізгі түрлеріне тоқталайық:

              а) аддитивтік түр А = а +b + с ( мысалға, кәсіпорынның тауар ендіруге және оны өткізуге кеткен шығындары тауардың өзіндік құнын қүрайды).

    б) мультипликациялық түр А = а*b*с ( мысалға, еңбекақыны есептеу қорының жалпы тізімдегі қызметкерлердің орташа айлық жалақысына тәуелділігі).

в) еселік түр А = а / b ( мысалға, қор қайтарымының тауарды шығаруға тәуелділігі).

г) құрамдастыру түрі А = а / (b + с) ( мысалға, өндіріс табыстылығының пайдаға тәуелділігі ).

Факторлық талдаудағы детерминалдылықтың мән-мағынасы баға әсеріне тигізетін әрбір фактордың абсолюттік және қатыстық нәтижелік көрсеткіштерінің ауытқуын анықтауда жатыр.

Ендігі кезекте детерминалдылықтың негізгі методологиялық принциптерін атап өтсек:

-  талдаудың оперативтік жоғарлауының ықтималдылығы

- біріктірудің немесе бөлшектеудің бағалық факторларының уақытқа және кеңістікке ықтималдылығы.

Қызмет нәтижесі бойынша өндірістік иеархияны бағалай отырып , құрылымдық бөлімшелерді факторлы бағалау мен жалпы жеңілдік арасындағы байланыс жоғалтпау керек. Факторлы және нәтижелі көрсеткіштер арасындағы байланыста және де осы көрсеткіштің бөлімшелері мен толықтай өндірістің құрылымында негізгі рөл атқаратын « құрылымдық иерархиялық фактор » . Оны елемеу иерархия қызметіне сенімсіз баға беруге әкеліп соғады.

Кәсіпорынның нәтижесіне дұрыс баға алу үшін мынылар қажет:

-              факторлық бағалау мүмкіндігінше  есеп  кезеңінің  аз  уақыт  ішінде белгіленуі;

-              факторлық  бағалаудан   аз   уақыт   аралығында   көп   кезеңдік  уақыт бойынша факторлық баға құруға болады;

-   факторлық бағалар құрылымдық бөлімдерге таратылуы қажет;

-   иерархияның төменгі  сапасындағы  бөлімшелік  құрылымы  бойынша факторлық бағалаудан иерархияның үлкен сатысынан факторлық баға алуға болады.

Бүкіл осы ережелер кез келген детерминалдық байланыс үшін іске асу керек. Қазіргі кезде бәріне танымал факторлық талдаудың тәсілі деп дәстүрлі (индекстік, жасанды тізбек тәсілі ) және интегралды ( дәстүрлі емес ) тәсілді санауға болады.

 

Бақылау сұрақтары:

1.       Детерминацияланған факторлық талду нені білдіреді?

2.       Стохастикалық факторлық талдау әдістеріне қандай тәсілдер жатады?

3.       Детерминацияланған талдауда қандай модельдер қолданылады?

4.       Ойындар теориясы, жаппай қызмет көрсету теориясы, сызықтық және сызықтық емес бағдарламалау және операцияларды зерттеу қандай әдістерге жатқызылады?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.       Баканов М.И., Шеремет А.Д. Теория экономического анализа учебник- издание 5-ое переработанное. М: Финансы и статистика,2002

2.       Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия, М: 2007

3.       Любушин Н.П., Лещева В.В., Дъякова В.Г. Анализ финансово-экономической деятельности предприятия: учебное пособие для вузов. Пол редакцией проф. Н.П. Любушина.-М:ЮНИТИ-Д, 2006.

4.       Фирстова С.Ю. Экономический анализ в вопросах и ответах. Учебное пособие.- М.: Кнорус, 2006.

5.       Налетова И.А. Анализ финансово-хозяйственной деятельности предприятия. Учебно-методическое пособие.- М.: ИНФРА-ФОРУМ, 2006

6.       Чучалов Е.А., Бессонов Н.И. Приемы экономического анализа, 1988г.

7.       Ковалев В.В. Финансовый анализ: методы и процедуры, М: Финансы и статистика, 2001г.

8.       Ковалев В.В., Волкова О.Н. Анализ хозяйственной деятельности предприятия.-М: ПБОЮЛ М.А. Захаров, 2001г.

9.       ЖуравлевВ.В., Савруков Н.Т. Анализ хозяйственной деятельности предприятий. Конспект лекций.- СПБ. Политехника,2001.

10.   Герасименко Г.П. и др. Управленческий, финансовый и инвестиционный анализ: Практикум,- Ростов на Дону: Издательский центр «Март», 2002.

11.   Ковалев В.В. Сборник задач по финансовому анализу: Учебное пособие.- М: Финансы и статистка, 2000.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып 5. Детерминацияланған талдаудағы факторлардың әсерін өлшеу тәсілдері

Лекция мақсаты – студенттерге детерминацияланған талдауда факторлардың әсерін өлшеу тәсілдерін қолдану әдістемесі бойынша негізгі сұрақтарды түсіндіру.

1.       Тізбектелген қойылымдар әдісі.

2.       Индекстік әдіс.

3.       Абсолютті және қатыстырмалы айырмалар әдісі.

4.       Пропорционалды бөлу және қатысу үлесінің әдісі.

5.       Интегралды әдіс және экономикалық талдаудағы бағдарламалау тәсілі.

 

Тақырып мазмұны

Тізбектелген қойылымдар тәсілі

Қорытынды көрсеткіштердің өсуіне қатысты жекелеген факторлардың әсер ету көлемін анықтау, бұл шаруашылық қызметті талдаудағы маңызды әдістемелік есептердің бірі болып табылады. Детерминациялық талдауда келесі тәсілдер қолданылады: тізбектелген қойылымдар, абсолютті айырмалар, салыстырмалы айырмалар, пропорционалды бөлу, интегралды, логарифмдеу, баланстық және т.б.

Солардың ішінде тізбектелген қойылымдар тәсілі ең әмбебабы болып табылады. Ол барлық детерминацияланған факторлық модельдерде әсер ету факторларын есептеу ретінде қолданылады: аддитивті, мультипликаторлық, еселік және аралас (құрамдастырылған). Бұл тәсіл арқылы есепті кезеңде нәтижелік көрсеткішті нақты көрсеткіш көлемі негізінде әр факторлық көрсеткіштің базистік шамасын біртіндеп өзгертуі жекелеген факторлардың әсерін анықтауға мүмкіндік береді. Осы мақсатта қалғандары өзгермейді деген көзқараспен біреуінің, одан кейін екеуінің, үшеуінің және де келесі факторлар – нәтижелік  көрсеткіштің шартты шамалар қатарларын анықтайды. Осы немесе басқа фактор деңгейінің өзгеруге дейін және өзгергеннен кейін нәтижелік көрсеткіштің шамасын салыстыру біреуінен басқа, барлық факторлардың әсер етуін алшақтауға мүмкіндік береді және соңғысының нәтижелік көрсеткіш өсіміне ықпал етуін анықтайды. Бұл тәсілді қолдану тәртібін кестеде көрсетілген мысал негізінде қарастырамыз.

Информация о работе Экономикалық талдау негіздері