Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2012 в 17:34, лекция
Лекция мақсаты – студенттерге экономикалық талдау негіздері бойынша теориялық аспектілерін қарастыру және түсіндіру.
1. Экономикалық талдау және танып білу теориясы.
2. Экономикалық талдау және диалектиканың маңызды категориялары.
3. Экономикалық талдау және экономикалық теория.
4. Экономикалық талдаудың жүйелілігі мен кешенділігі.
2. Сатудан тыс
3. Төтенше жағдайдан
Экономикалық талдаудың міндеті:
1. Кәсіпорынның нақты жағдайда экономикалық заңдарды зерттеуі
2. Ағымдағы, болашақтағы жоспарлы ғылымды негіздеу
3. Шаруашылық қызмет нәтижесіне әсер ететін ішкі және сыртқы факторларды зерттеу
Қызметтің басқада түрлерінің арасында қызмет көрсету көмекші шаруалар негізгі емес (үстеме) өндірістік талдау,негізгі өндірісті талдауға ұқсатып бөлек талданады.
1. Макродеңгейлік талдау территориялық әкімшілік, бірлік (республика, аймақ, облыстар, қала, ауылдар) экономикалық аймақтар мен аудандар,қосымша шаруашылық топтар мен салалары шегінде аймақтық шаруашылық деңгейімен талданады.
2. Микродеңгейлік талдау заңмен анықталатын экономикалық талдаудың әртүрлі құқықтық субъектілерімен шаруашылық кәсіпорынның алғашқы және негізгі болып ұсынылатын деңгейді айтамыз.
Шаруашылық қызметтің объектілері мен субъектілерінің талдауының осылайша топтануы нарықтық экономика және басқару тәжірибесі, меншік нысандары мен басқару әдісінің әр түрлі талдау нәтижесінде болады.
Экономикалық талдаудың түрлері арықарай дифференциялану, ішкі корпоративтік басқару құрылымы бойынша жалғасуы мүмкін: кәсіпорын, ұйым, бөлімшелер,еншілес тәуелді ұйымдар, сонымен қатар негізгі өндірістің бөлімшелері (дайыдау, өңдеу, құрастыру және бөлу) кешендері бойынша жұмыс орнының цехтары және топтары қарастырып отыратын көмекші және көрсетілетін шаруашылық бөлімшелері жатады.
Бақылау сұрақтары:
1. Шаруашылық қызметті талдау міндеттері қандай?
2. Ғылым ретінде экономикалық талдаудың мазмұны қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Баканов М.И., Шеремет А.Д. Теория экономического анализа учебник- издание 5-ое переработанное. М: Финансы и статистика,2002
2. Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия, М: 2007
3. Любушин Н.П., Лещева В.В., Дъякова В.Г. Анализ финансово-экономической деятельности предприятия: учебное пособие для вузов. Пол редакцией проф. Н.П. Любушина.-М:ЮНИТИ-Д, 2006.
4. Фирстова С.Ю. Экономический анализ в вопросах и ответах. Учебное пособие.- М.: Кнорус, 2006.
5. Налетова И.А. Анализ финансово-хозяйственной деятельности предприятия. Учебно-методическое пособие.- М.: ИНФРА-ФОРУМ, 2006
6. Чучалов Е.А., Бессонов Н.И. Приемы экономического анализа, 1988г.
7. Ковалев В.В. Финансовый анализ: методы и процедуры, М: Финансы и статистика, 2001г.
8. Ковалев В.В., Волкова О.Н. Анализ хозяйственной деятельности предприятия.-М: ПБОЮЛ М.А. Захаров, 2001г.
9. ЖуравлевВ.В., Савруков Н.Т. Анализ хозяйственной деятельности предприятий. Конспект лекций.- СПБ. Политехника,2001.
Лекция мақсаты – студенттерге экономикалық талдауды жүргізу кезінде қолданылатын әдістер мен амалдардың әдістемесі бойынша негізгі сұрақтарды түсіндіру.
1. Салыстыру тәсілі.
2. Көрсеткіштерді тиісті түріне келтіру тәсілдері.
3. Қатыстырмалы және орташа шамалар тәсілі.
4. Топтастыру тәсілі.
5. Экономикалық талдау әдісі.
6. Талдау амалдары мен тәсілдерінің жіктемесі.
Тақырып мазмұны
Талдау әдісі деп шаруашылық құбылыстар мен процестердің, олардың құралуы мен дамуына зерттеу жағынан және диалектикалық тұрғыдан жақындау амалы. Талдау әдісі келесі ерекшеліктерге тән:
1. Көрсеткіштер жүйесін пайдалану. Фирманың қызметін бағдарлайтын кезде бірнеше көрсеткіштер пайдаланылады. Фирманың жұмысын мынадай көрсеткіштермен бағалауға болады: пайда, рентабельдік, дебиторлық және кредиторлық қарыздардың болуы.
2. Негізгі белгілі бір факторды зерттеу. Мысалы: Кез-келген компанияның таза табысына көптеген факторлар әсер етеді. Олар сатылатын тауардың саны, олардың бағасы, тауардың бәсекеге қабілеттігі, халықтың төлем қабілеттілігі, ауа райы, жолдың жағдайы және т.б. Барлық факторларды зерттеу мүмкін емес. Сондықтан тек негізгі көрсеткіштер ғана зерттеледі. Олар тауардың саны, олардың бағасы, тауардың бәсекеге қабілеттігі.
3. Өзара байланыстық, өзара тәуелділік. Фирманың барлық көрсеткіштері бір-бірімен тығыз байланысты. Мысалы: Таза табыс сатылатын тауардың сакнына, олардың бағасына, сатып алушылардың сұранысына байланысты. Сол уақыттағы сатып алушылардың төлем қабілеттілігі олардың еңбекақысына, жұмыс лауазымына, көңіл-күйіне байланысты. Осылайша компанияның барлық көрсеткіштері бір-бірімен тығыз байланысты.
Талдаудың әдістері теориялық және практикалық зерттеудің және объектіні, талдауды жүзеге асыруды түсіндіреді. Әдістемесі өз кезегінде әдістердің қолданылу тәртібін ашады. Талдаудың орындалу ережелерін әйгілі және ұсынылған жолдарды және талдаудың барлық кезеңдерінде аналитикалық процедураларының орындалуының негізін ұсынады.
Талдауда қолданылатын барлық әдістер басқарудағы әдістер сияқты 3 топқа бөлінеді:
1. Жалпылама әдістер
2. Арнайы әдістер
3. Жалпы әдістер
Жалпылама әдісі нақты ғылым мен олардың арасындағы алдыңғы орындағы философия болып табылады. Мұнда барлық құбылыстар мен процесстер тұрақты қозғалыста болады.
Жалпылама басқару әдісі ретінде мойындаудың диалектикалық әдісі танылады. Ол материалдық дүниенің әртүрлі зеттеудің ұтымды жүзеге асырылуына негіз болады. Қазіргі заманғы өндірістің басқару жүйесінің талдаудың диалектикалық әдісіне келесілер тән:
1) Мәселені қарау қиын емес,себебі экономикалық жүйенің барлық элементтерімен тығыз байланысты.
2) Ұйымды зеттеу және ұйымды басқару әрдайым дамуда. Бұл өз кезегінде осы дамудың заңдылықтарын анықтауға және жүйенің қайта өзгерту жолдарын зерттеу.
3) Практика мен теорияның тығыз байланысын,соның ішінде салалардың алдыңғы тәжірибелі жалпылама біріктіру.
4) Экономикалық ғылыммен байланысты нақты ғылымдармен және техникалық, қоғамдық жетістіктердің соңғы үлгілерін қолдану.
Арнайы тәсілдер. Экономикалық талдауда басқа тәсілдер сияқты жалпы тәсілдер де маңызды орын алады, яғни дерексіздендіру, жалпылама индукция, дедукция, фармальдау, салыстыру, болжау әдістері жатады. Барлық осы тәсілдер оңаша қолданады. Ал ережеге сай кешенді талдауда жалпы ғылым бір жүйесі ретінде, мысалы: дерексіздендіру әдісі бойынша символ түріндегі басқару жүйесінде болып жатқан терең процесстер ашылады. Ғылыми дерексіз талдаумен тығыз байланысты құбылыстардың элементтерге бөлінуін пайымдайтын одан жалпы және заттай бөлінуін зерттейді.
Кейін қолданылатын индукция және дедукция әдістері өзара байланысты және бірін-бірі толықтырып отырады.
Индукция әдісте жалпы нәтиже жеке бөліктерден құралады, дедукция әдісі жалпы жағдайлардан жеке нәтижегежету жағдайларда қолданылады.
Жалпыны бірлік ретінде мойындау және олардың өзара байланысы синтез арқылы жүзеге асырылады. Сонмен қатар жэүйелі құрылымдық зерттеулер экономикалық жүйедегі әртүрлі кемшіліктерді зерттеу және тиімді шынайы жүйелерді құраумен тығыз байланысты.
Экономикалық талдаудың әдістері шаруашылық субъект жүйелік кешенді зерттеу, өлшеу және өндірісті басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында қолданылады.
Арнайы тәсілдер 4 топқа бөлінеді:
1. Ақпаратты жай логикалық тәсілмен өңдеу
2. Детерменді талдау
3. Стохастикалық факторларды талдау
4. Талдаудағы көрсеткіштердің оптималдау тәсілі
Ақпаратты жай логикалық тәсілмен өңдеу.Жай логикалық тәсіліне кіретіндер:
- салыстыру әдісі
- аналитикалықкестелердің құрылымдық тәсілі
- қатысты және орта ауқымдық тәсілі
- экспертті бағалау әдісі және т.б.
Детерменді талдау әдісіне:
- моделдеу әдісі
- тізбекетелген қойылымдар
- абсолютті және қатысты шамалар әдісі
- алгоритмдік, интегреалды әдіс
- қаржылық-анықтамалық тәсілдер
Стохастикалық факторларды тәсілдің құрамына:
- регрессивті талдау тәсілі
- корреляциялық
- көп мөлшерлі факторлық талдау
- тәуекелділіктердің қазіргі заманға сай тәсілі
Оптималдау тәсілдеріне жоғарыда айтылған тәсілдердің барлығы қатыстырылады. Қазіргі нарықтық экономиканың дамуына олардың мүмкіндіктерін іске асыруына байланысты бөлек топтарға бөліп талдайды. Бұл әдіске экономикалық-математикалық әдістер, сзықтық және сызықтық емес бағдарландыру тәсілі, шешім қабылдау теория тәсілі, ойын теория тәсілі және т.б. жатады.
Экономикалық талдаудың өзіндік әдісі бар.
Дәстүрлі әдістер: 1. Салыстыру, 2. Тізбектелген қойылымдар, 3. Айырмалар, 4. Баланстық байланыстыру, 5. Топтастыру, 6. Индекстік әдіс, 7. Динамикалық қатарлар, 8. Абсолютті және қатысты айырмалар әдісі.
Экономика-математика әдістері: 1. Матрицалық әдіс, 2. Ойындар теориясы, 3. Жаппай қызмет көрсету теориясы.
Дәстүрлі әдістердің ішінде ең кең тараған әдісі салыстыру әдісі. Салыстырудың бірнеше жолдары бар:
1. Болжаммен (жоспармен) салыстыру
2. Өткен жылмен салыстыру
3. Сала бойынша орташа мәліметтермен салытыру
4. Ең жақсы отандық және шетел тәжірибелерін салыстыру
Бұл тәсілдердің көмегімен экономикалық дамудың жетерлік деңгейіжене өсу қарқыны анықталады. Жоспармен, өткен жылмен салыстыру нәтижесінде айқындалатын ауытқудың шамасы + немесе – ие болады.
Салыстыру кезінде есептік нүктені және сәйкестендіру белгілерін сақтау қажет:
1. Бағаны бір деңгейде ұстап тұру
2. Өнімді сату құрылымының бірдей болуы
3. Көптізбелі белгілердің салыстырмалығы
4. Климаттық және аймақтық жағдай есебінің ерекшеліктері
Қаржы шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін салыстыру
№ | Көрсеткіштер | Өткен жыл | Есепті жыл | Ауытқулар |
1 | Өнімнің өтімділік табыс төлемі | 24,050 | 26846 | +2796 |
2 | Шығындар | 11800 | 14264 | +2464 |
3 | Жұмысшылардың орташа тізімдік саны | 12 | 10 | -2 |
4 | Бір жұмысшының еңбек өнімділігі | 2004,1 | 2684,6 | +680,5 |
5 | Салық салуға дейінгі табыс | 12250 | 12582 | +332 |
6 | Корпарациялық табыс салығы | 2450 | 2516,4 | +66,4 |
7 | Салық салудан кейінгітабыс | 9800 | 10065,6 | +265,6 |
8 | Өнімнің рентабельдігі(%) | 40,7 | 37,4 | -3,3 |