Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2011 в 14:16, шпаргалка
1,Экономикалық теорияның зерттеу пәні бойынша көзқарастар эволюциясы.
Экономикалық теорияның пәні-адамдар мен әр түрлі әлеуметтік топтар арасындағы игіліктерді өңдіру, бөлу , айырбастау ж/е тұтыну процесстерімен байланысты қалыптасатын экономикалық қатынастарды зерттеу. Нобель сыйлығының лауреаты П.Самуэльсон өзінің «Экономика» атты еңбегінде эк/қ теорияның зерттеу пәнін тұтыну және өндіру жүзеге асыру, адамдар арасындағы айырбас, ақшалай келісім-шарттардан туындайтын қызмет түрлерімен байланыстырады және эк/қ теорияның пәні өзгермейді, оны нақты деп айту қиын деген қорытынды жасайды.
Маусымдық жұмыссыздық. Өндірістің кейбір салаларында өндіріс көлемінің маусымдық ауытқуымен байланысты болады: ауыл шаруашылығы, құрылыс, және т.с.с. Бұларда жыл бойында еңбекке сұраныс елеулі түрде өзгеріп отырады. Жұмыссыздықтың маусымдық түрі жұмысшы жасасқан келісім шарттар арқылы болжана алады.
Циклдық жұмыссыздық. Мұның негізін экономикалық құлдырау мен экономиканың бір секторындағы немесе аймақтағы жұмыс күшінің артуы басқа жерде оның жеткіліксіз болуымен қатар жүреді. Яғни, өнімнің шығарылуымен және жұмыспен қамтудың циклдік ауытқуларын құрайды. Циклдық жұмыссыздық жұмыссыздар санының көбеюіне әкелетін нақты ЖҰӨ-нің азаюымен жұмысшы күшінің бір бөлшегінің жұмыстан босауымен байланысты болады.
Еркін жұмыссыздық – бұл жұмыскерлердің белгілі бір бөлшегінің еңбек нарығынан шығуы және әр түрлі себептермен “өз еркімен” жұмыссыздарға айналуы.
Жаппай жұмыссыздық әлеуметтік экономикалық мәселелердің ең ауырына жатады және ол қоғам өмірі мен адамдар арасындағы өркениеттік қатынастар формаларына нақты қауіп тудырады.
Түріне қарағанда экономиканың тиімді дамуына кері әсерін тигізеді. Өйткені елде жұмыссыздықтың циклдік түрінің өсуіне байланысты халықтың тұрмыс тіршілігі төмендейді, әлеуметтік сала нашарлайды., яғни бір сөзбен айтқанда, өндірістің құлдырауын көрсетеді. Бұған мысал ретінде Қазақстан Республикасынның егемендік алғаннан соң 6-7 жылды айтсақ болады. Яғни, елімізде өндірістің жаппай жабылуымен, экономиканың дағдарысқа ұшырауымен бірге жұмыссыздық деңгейінің тым жоғары болуына әкеледі. Сол жылдары еліміздің ЖІӨ 40% -дан астам құлдырады. Инфляция орын алып, адамдардың еңбекке деген ынтасы кеміді.
47.Инфляция:мәні, себептері, түрлері. Инфляция термині латынша аударғанда inflatio ісіну дегенді білдіреді. Тұнғыш солт.Америкада 1861-1865 ж азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы қағаз ақшалардың көбейіп кету процесін білдірген. Инфляция өндіріс процесінің бұзылуы, шаруашылық салаларының бір-бірімен үйлесімсіз дамуы және мемлекеттің эмиссиялық саясаты мен комерциялық банктердің іскерлігінің икемсіздігі салдарынан туындайтын күрделі әрі көп факторлы құбылыс. Сұраныс инфляциясы негізінен ақшалай факторларға байланысты туындайды, яғни айналыстағы ақша массасы өссе, сонын нәтижесінде төлем қабілеті бар сұраныс та жоғары болады. Ал сол кездегі бір қалыпты баға жағдайында өндірістің оралымсыздығы сұранысты қанағаттандыра алмайды. Сөйтіп жиынтық сұраныс экономикалық өндірістің мүмкіндіктерін жоғарылатып, бағаның көтеруіне әкеледі. Шығындар инфляциясы өнімге баға белгілеуде әсер ететін ақшасыз факторларға байланысты туындайды. Ол ең алдымен жалақы төлеуге шығындардың өсуі. Тауар бағасының өсуі халықтың табысын төмендетіп, жалақыны қайта индекстеуді талап етеді. Жалақының өсуі өз кезегінде өнімді өндіру шығындардың өсуіне, пайданың төмендеуіне, қолданылып жүрген баға бойынша шығаратын өнім көлемінің қысқаруына әкеп соғады. Пайданы сақтап қалу мақсатында өндірушілер тауар бағасын көтеруге мәжбүр болады. Нәтижесінде инфляциялық серіппе пайда болады, бағаның көтерілуі жалақының өсуін талап етсе, жалақының өсуі бағаны көтереді. Шығындар инфляциясы мен сұраныс инфляциясын бір-бірімен тығыз байланысты және оларды ажырату мүмкін емес. Дүние жүзілік тәжірибеде иннфляцияны мынадай шартты түрлерге бөледі: 1.экономикны қамтитын аумағына байл-жергілікті, ұлттық, әлемдік.2.қозғалыс қарқынына байл-біркелкі, үздіксіз,сатылы.3.даму қарқынына байл-жылжымалы иннфляция, онда бағаның өсу қарқыны жылына орташа есеппен 5-10 %-дан аспайды; қарқынды инфляция-онда бағаның өсуі орта есеппен 10%-дан 50%-ға жетеді. Ұшқыр инф-онда бағаның өсуі жылына 100%-дан асады. Инф-ң тауар бағаларының өсуінен көрінуіне байл ашық және басыңқы деп бөледі. Ашық инф бағаның тауарлар мен қызметтерге созылмалы артуы түрінде көрінеді. ашық инф рынок механизмін едәуір бұрмалағанымен оны толық бүлдіре алмайды. Ал басыңқы инф бағалар реттелетін экономикаға тән, ол тауар тапшылығында, өнім сапасының нашарлауында, амалсыздан ақша жинақтауда көрінеді. басыңқы инф ақшаның жалпылама төлем қабілеті бар құрал және тауарлар мен қызметтерді бөлу өлшемі қызметін атқара алмаған жағдайда тауар бағасын төмен ұстап отыруды мемлекеттің қолдауы нәтижесінде пайда болды. Инф-ға осы елдегі саяси жағдай да әсер етеді. Ақшаның саси жағдайдағы өз бағамын төмендетуін саяси атмосфераның қалыптасқан валюта рыногындада анықталады. Инф-ға әсер ететін бірінші топтағы ақшалай фактолары: ақша айналысының бұзылуы, халық шаруашылығындағы несие ақша-ң көртігі, ұлттық валютаның қозғалысын шектеу және т.б. екінші топқа тауарлар бағасын және шығындарды өсіретін ақшалай емес факторлар: қоғамдық ұдайы өндіріс құрылымының үйлеспеушілігі; шаруашылық механизмінің шығындылығы; салық саясаты; баға саясаты; мемл-ң экон-қ саясаты және т.б. бұл екі топта бір-бірімен тығыз байл, тауарлар мен қызметтің бағасын өсіріп инф-ға әкеледі
48. жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау және қолдау мемлекеттік саясатында ерекше орын алады. Мемлекеттің халықты жұмыспен қамту саясаты әр түрлі нысанда жүзеге асырылады. Соның ішіндегі аса маңызды бағыты қоғамдық өндірісте мемлекеттік бюджет есебінен қосымша жұмыс орындарын ашу, жұмыссыз азаматтарды кәсіби даярлау және қайта даярлауды ұйымдастыру болып табылады. Сонымен қатар, мемелекет адамдарға өзін- өзі жұмыспен қамтуға жағдай жасайды. Осы саясаттың аса маңызда бағыттарының бірі шағын және орта бизнесті дамытуды ынталандыру. Сондай –ақ, кооперативтерді, акционерлік кәсіп орындарды, жеке кәсіпкерлікті, шаруа қожалықтарының дамуына жағдай жасайды. Осы шараларды жүзеге асырудағы мемлекеттің негізгі міндеті тиісті құқықтық база құруды, кәсіпкерлерге салық жағынан жеңілдік жасауды, несие жағынан да жеңілдіктер беруді көздейді.
49.Инфлицияның салдары әр алуан, өзара қайшылықта болады және мынадай жағдайларға әкеліп соғады: 1. Ол ұлттық табыс пен байлықты қоғамның әр түрлі топтарымен, экономикалық және әлеуметтік институттар арасында қалай болса солай және болжамсыз қайта бөлуіне мәжбүр ететі. 2. Инфляцияның жоғары қарқыны және баға құрылымының күрт өзгеруі фирмалар мен үй шаруашылықтарының жоспарлауын қиындата түседі. Нәтижесінде бизнес жүргізуде болжамсыздық пен қатер қауіп өсе түседі.3. қоғамның саяси тұрақтылығы төмендейді, әлеуметтік шиеленіс өседі. Жоғары дәрежелі инфляция қоғамның жаңа құрылымына көшуге жол ашады. 4. Экономиканың «ашық» секторындағы бағаның өсуінің шамамен жоғары қарқындылығы ұлттық тауарлардың бәсекелік қабілетін төмендетеді. Бұның нәтижесінде импорт өседі, экспорт төмендейді, жұмыссыздық көбейеді және тауар өндірушілер ойсырайды. 5. Тұрақтылығы жоғары шетел валютасына сұраныс өседі. Капиталдың шетелге кетуі өседі, валюта нарығында спекуляция үдей түседі. 6. Ақша формасында жасалған жинақтың нақты құны төмендейді, нақты активтерге сұраныс өседі. Бұның нәтижесінде осы тауарлардың бағасы, бағаның жалпы дәрежесінің өзгеруінен шапшаң өсіп отырады. 7. Мемлекеттік бюджеттің құрылымы өзгереді және оның нақты табыстары төмендейді. 8. жұмыспен толық қамтамасыз етілмеген жағдайда қызмет ететін экономикадағы орташа инфляция, халықтың нақты табысын шамалы төмендетіп, оның көбірек және бұрынғыдан да жақсы еңбек етуін талап етеді. 9. Стагфляция жағдайында инфляцияның жоғары дәрежесі үлкен жұмыссыздықпен ұштасады.10. әр түрлі тауарлардың салыстырмалы бағалары және олардың өндірісінің көлемі ұқсас мес бағытта жылжып отырады.
50. инфляцияның әлеуметтік және экономикалық зардаптары оған шалдыққан елдердіің үкіметін белгілі бір экономикалық саясат жүргізуге мәжбүр етті. Инфляцияға қарсы саясатты талдауда оның екі бағасын көрсеткен жөн; 1. Белсенді бюджеттік саясатты жақтайды, мемлекеттік шығыстар мен салықтарды икемді пайдаланып, төлеу қабілеті бар сұранысқа ықпал жасайды.инфляциялық артық сұраныс тұсында мемлекет өз шығыстарын тежеп, салықтар деңгейін жоғарылатады.нәтижесінде сұраныс қысқарады, инфляцияның қарқыны төмендейді. 2. Экономикада пайда болған кемшіліктерді ақша несие саясаты арқылы реттейді. Реттеудің бұл түрі үкшметтің тікелей бақылауынан тыс, дербес орталық банк арқылы жүргізіледі. Ол айналымдағы ақша санын және қарыз процентінің ставкасын өзгертеді. Ақша несие саясаты экономикалық қысқа мерзімдік ықпал жасау құралы ретінде қолданылады. Бұны үкімет төлеу қабілеті бар сұранысты тежеу үшін инфляциялық шаралар қолданылады. антимонополиялық заңдар 1880ж. Ақш-та қабылданған. Қазіргі антимонополиялық заңдар екі бағытта жұмыс істейді; бағаны бақылау және компаниялардың қосылуын бақылайды. Қазақстанда 1996ж. «Бәсеке және сауда рыногындағы монополиялық қызметті шектеу туралы заң» қабылданды және антимонополиялық саясат бойынша мемлекеттік комитет құрылды. Бірақ, заң әлі жетілмеген және толық қолданылмайды.
51. Меншік- бұл зат емес, затқа байланысты адамдар арасындағы қатынастар, яғни материалдық және рухани игіліктер мен оларды өндіру жағдайларын пайдалану бойынша адамдар арасындағы қатынастар.Өндіріс жағдайларына немесе капиталға меншіктің болуы адамдарды еңбек етуге, экономикалық қатынасқа түсуге мәжбүрлейді. Себебі экономикалық қатынастар меншікпен байланысты қатынастарды сипаттайды. Меншік екі элемент тентұрады: субъект және обьект.Меншік субъектінің объектіге қатынасы ретінде көрінуі мүмкін, бірақ меншіктің экономикалық қатынас екенін дұрыс сипаттау үшін сол объектіге байланысты басқа да субъектілерінің болуы шарт. Адамдар арасындағы меншікке негізделген шаруашылық байланыстар құқық арқылы реттелетіндіктен, ол құқықтық қатынасқа айналады, яғни бұл қатынасқа қатысушылардың заңды құқықтары мен міндеттемелері бар деген сөз. Мұндай құқықтық нормалар меншік қатынастарын бекіте түседі және қоғамдағы ресурстардың бөлінуін реттейді. Меншік құқығының субъектілері болып жеке азаматтар, ұйымдар, мемлекеттік және жергілікті билік органдары болып табылады. Меншік объектісіне шаруашылық үшін қажет барлық игіліктер, оның ішінде жылжымайтын мүліктер қозғалатын мүліктер, санаткерлік меншік жатады.Меншік объектілері әрқашан шектеулі, адамдардың мүмкіншіліктері әртүрлі болғандықтан,оларға барлық уақытта қол жеткізу мүмкін емес.
52. нарықтың артықшылығы:
Рыноктың кемшіліктері:
53. Экономикалық цикл дегеніміз-бұл экономикада қысқа және ұзақ мерзім аралығындағы өндіріс, жұмыспен қамту және табыс мөлшері деңгейінің үнемі ауытқып отыруы. Экономикалық цикл 4 фазадан тұрады: дағдарыс, тоқырау, жандану,өрлеу. Кейбір осы замандық зерттеушілер тек екі фазаны айтады: рецессия және өрлеу.Дағдарыс тауарлардың артық өндірілуі,несиенің азаюы және ссуда процентінің жоғарылауы арқылы көрінеді. Бұл жағдай пайданы азайтады және өндірісті төмендетеді:банктік берешектерді өсіреді, банктік құлдырауға және экономиканың басқа сфераларындағы кәсіпорындардың банкрот болуына әкеледі. Дағдарыс тоқыраумен алмасады, өндіріс төмендеуін қояды, бірақ өспейді де артық тауарлар тарайды,бірақ сауданың жағдайы мәз емес.Процеттік норма барынша төмендейді. Бірақ бірте-бірте «өсу нүктелері» пайда бола бастайды, жандану басталады. Нарықтың жаңа жағдайына бейімделген кәсіпорындар тауардың өндірісін көбейтеді, жаңа өндірістік құрылыс өседі,пайда,қарыз проценті, жалақы көтеріледі және өрлеу фазасы басталады.Өрлеу сипаттамасы басылудың қарама-қайшы жағы барлық болып жатқан құбылыс, қарама-қарсы бағытта жүреді.Рецессия бұл ұлттық өндіріс көлемінің басылуы, 6 ай және әрі жалғасады. Бірте-бірте өндіріс көлемі жаңадан төлемге қабілетті сұраныстан арта бастайды, нарық тауарлар және қызметтермен асыра толтырылады,сөйтіп, жаңа өнеркәсіптік цикл басталады.
54. Аралас экономика түсінігі, ерекшеліктері. Аралас экононмика XX ғасырдың соңғы ширегінде өнеркәсіпті шоғырландыру процесі нәтижесінде күрделі корпарациялар, монополистік ұйымдар арқылы пайда болды. Аралас экономиканың бірнеше белгілері бар. Бірінші мемелекеттік меншіктің экономикада белгілі үлес салмағының сақталуы. Екінші экономика құн және жоспарлық қатынастар арқылы реттеледі. Осы тұтқаларды қолдануды мемлекеттік жоспарлау орындары жүзеге асады. Аралас экономиканың елеулі сипаты макро және микроэкономикалық дәрежеде ұйымдастыру, басқарудағы экономикалық тұтқаларды кеңінен пайдалану. Аралас экономикада рынокты жарнама, маркетинг, жоспарлау тағы басқа ұйымдастыру шаралары арқылы күрделі, орташа және ұсақ кәсіпкерлік тиімділігін, жолдарын реттеуге болады. Бірақ аралас экононмикада өндірілетін өнім көлемін мемлекет жоспар арқылы белгілемейді, қайда қанша және қандай тауар өндіріп, қызмет көрсету қажеттілігін рынок өзі анықтайды. Аралас экононмиканың негізгі белгілері қоғамның қазіргі индустриялық даму дәрежесіне тән экононмикалық жүйенің ерекше заңдылықтарына бағынышты.
56. Қазақ ұлысы жібек жолымен керуен тартып келген саудагердің әр теңін бір теңгеге балап, ақша шығаруға бел байлады. Теңгенің тарихы 15 ғасырдың екінші жартысынан басталады.Қазіргі ұлттық валютаны енгізу уақыты туралы пікірталас көп болды. Ресей біздің республиканы рубль аймағынан шығуға мәжбүр ететін саясат жүргізді.Оның бірі 1993 ж маусымда Ресейдің жаңа рублінің енгізілуі және 1993 ж шілде-тамызда Ресейде ақша реформасының жүзеге асуы еді. Қазақстанға басқа республикалардан ескі ақша бақылаусыз ағылды да, елдің қаржы жүйесі қожырап, инфляция күн санап өсті, халықтың тұрмыс деңгейі барынша нашарлап кетті. Сондықтан өзіміздің ұлттық валюта-теңге айналысқа 1993 ж 15 қарашасынан бастап енгізілді.Біздің ел үшін ұлттық валюта айналысқа енгеннен кейінгі алғашқы екі жыл өте ауыр болды. Қазақстан үкіметі бағаны ырқына жібергендіктен және өндірістің құлдырауына байланысты инфляция шарықтап кетті. Мемлекет тарапынан берілетін дотация мен субсидия тоқтатылды. Қазақстан Республикасының үкіметі мен Ұлттық банк экономикаға тиетін соққыны жұмсартуға қажетті барлық шараларды қолданды,осының бәрі кейіннен қаржы секторын және азаматтардың әл-ауқатын төмендетпей сақтап қалуға мүмкіндік берді. Республикада ақша айналымында металл ақшамен қатар, мерейтойлық және ескерткіш металл ақшалар да қолданылуда. Мерейтойлық және ескерткіш металл ақшалар белгіленген құнға сәйкес төлем қабілетіне ие, бірақ олар негізінен мәдени- ағарту мақсатында шығарылған.Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жанынан 1997ж ақша мұражайы ашылды. Осы шаңырақта әлемнің көптеген елдерінің ақша, валюта үлгілері жиналған.
57. шекті пайдалылық теориясын жақтаушылардың пікірінше,тек тауардың пайдалылығы ғана еңбек шығынына қоғамдық қажетті сипат береді. Шекті пайдалылық теориясы субъективті бағалауды игіліктің серіктігімен, яғни оның көлемімен байланыстырады. Шекті пайдалылық теориясының өкілдері бағалылықты пайдалылықтан шығарады. Бұл теорияны жақтаушылардың пікірі бойынша әрбір адамның игілікті субъективті бағалауы оның шекті пайдалылығымен анықталады, ал тауардың объективті бағасы субъективті бағалауға байланысты және түбінде ол да шекті пайдалылықпен анықталады.19 ғасырдың соңы 20ғ.басында бірнеше экономикалық мектеп қалыптасты. олардың бірі маржинализм «шекті» мектебі. Оның ортаға салған мәселесі – шаруашылық қатынастарға тартылған жеке адамның іс-әрекетін субъективті-психологиялық тұрғыдан экономикалық талдау. Яғни, кез келген адам игіліктің құндылығын субъективті түрде анықтайды,оның пайдалылығына қарай бағасын орнықтырады. Осы мектептің өкілдері К.Менгер,Э.Бем-Баверк, В.Визер.
58. барлық рыноктық модельдерге тән ортақ белгілер: меншік нысандарыеның көптеген түрлерінің болуы;бағаның еркін қалыптасуы;еркін бәсекенің дамыған жүйесі; дамыған кәсіпкерлік қызмет; экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесінің болуы; Қазіргі әлемдік экономикада рыноктық экономиканың 7 моделін ерекше бөліп қарастырады:
1. Американдық немесе либералды модель:
2. Жапондық модель: