Экономика қағидалары шпор

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2011 в 14:16, шпаргалка

Описание работы

1,Экономикалық теорияның зерттеу пәні бойынша көзқарастар эволюциясы.
Экономикалық теорияның пәні-адамдар мен әр түрлі әлеуметтік топтар арасындағы игіліктерді өңдіру, бөлу , айырбастау ж/е тұтыну процесстерімен байланысты қалыптасатын экономикалық қатынастарды зерттеу. Нобель сыйлығының лауреаты П.Самуэльсон өзінің «Экономика» атты еңбегінде эк/қ теорияның зерттеу пәнін тұтыну және өндіру жүзеге асыру, адамдар арасындағы айырбас, ақшалай келісім-шарттардан туындайтын қызмет түрлерімен байланыстырады және эк/қ теорияның пәні өзгермейді, оны нақты деп айту қиын деген қорытынды жасайды.

Работа содержит 1 файл

экономика кагида новый шпор.docx

— 112.70 Кб (Скачать)

34. Еңбек және жұмыспен қамту нарығы, еңбек нары,ындағы тепе-теңдік.  Еңбек нарығында бірнеше ерекшеліктер болады. Осыны құрайтын элементтерге жұмыс күшін иемденетін адамдар жатады. Еңбек нарығы – бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының нарығы, бұлардығ тепе-теңдік бағасы мен саны, Оларға сұраныс пен ұсыныстың бір-біріне әсер етуімен белгіленеді. Кәсіпкерлер мен еңбекке қабілетті адамдар нарықтың агенттері, - еңбек нарығында өзара қатынаста болады. Сондықтан еңбек нарығы сұраныс пен ұсыныс механизмі арқылы экономкалық  агенттердің арасындағы бәсекелестің нәтижесінде жұмыспен қамтудың белгілі көлемі және еңбек төлемі дәрежесі орнайтын экономикалық орта немесе болмыс болып табылады. Жұмыспен қамту. Жұмыспен қамту, толық емес жұмыс күні немесе аптасы қысқа мерзімді контрактылар, жұмысты үйге берудің жұмсақтау формаларына көшті. Осындай шаралар экономиканың құрылымын қайта қорғауға жұмсалатын шығындарды төмендетуге тиісті. Осыған жету жолдары: -жұмысқа жалдау мен жұмыс беру формаларының көбейту және икемді қылу. -Жұмыс уақытын реттеу формаларын әр түрлерін пайдалану нормаланбаған жұмыс тәртібінің икемді түрлерін пайдалану. -Жалақыны реттеудің икемді өзгермелі түрлерін қолдану. - жұмыскерлерді әлеуметтік қорғаудың икемді әдістері мен формаларын, жұмыс күшінің көлемін, құрылымын, сапасы мен бағаның еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың ауытқуына үйлесімді болдыру. Еңбек нарығының икемділігі концепциясы, қорытындылап айтқанда, кәсіпкерлер мен жұмыскерлер арасындағы қатынас формаларының әр тұрлерінің қалыптасуын талдап етеді және ол жиынтық шығындарды рационалдауға, табыстағы жоғары болуына, нарықтың динамизмінің жоғары болуына бағытталады.   

35. Ренталық қатынас теориясы. Табиғат ресурстары (жерді) рента түріндегі табыс әкеледі. Рента дегеніміз бұл кәсіпкердің (арендатордың) жер, қазба, орман және басқа табиғат ресурстарын қолданғаны үшін  уақтылы төлем ақы. Негізгі табиғат ресурсы бұл жер. Оның ерекшелігі – оның көлемі өзгермейді.сондықтан жер рентасының көлемі жерге деген сұранысқа тікелей байланысты. Сонымен қатар рента табиғат жағдайына (климат, топырақ сапасы және т.б.) және жердің орналасуына (жақындығы мен алыстығына) байланысты болады

     Жер рентасы 2 негізгі  формада  болады:дифференциалды және абсолюттік. Дифференциалды рентаның өзі  де екіге бөлінеді.

- Дифферециалды  рента 1 жер учаскілерінің   өнімділігі мен тиімділігіне  байланысты алынады.

- Дифферециалды  рента 2  капиталдық салымдарға  байланысты бір жердегі әртүрлі  өнімділікке байланысты.

Абсолюттік  рента жер учаскілерінің өнімділігі мен орналасуына байланыссыз  алынатын рента.

  Жерді  иемдену (иелік ету) - жеке адамның  немесе заңды ұйымның белгілі  бір жер теліміне (учаскесіне) құқығын  мойын-дау. Негізінде жерге иелік  ету жерге жеке меншіктің үстемдігімен  түсіндіріледі. Жерге иелік етуді  жер иесі атқарады. Жерді пайда-лану  қалыптасқан дәстүрге немесе  заңдық тэртіпке сай жерді  пай-далану. Жерді пайдаланушының  жер иесі болуы міндетті емес. Нақты шаруашылық өмірде жерді  иемдену мен жерді пайдалану,  көп жағдайда, бір-біріне сэйкес  емес.Жаңа классикалық мектеп өкілдері ресурстың (жердің) сатылатындығы өте тиімді, қолайлы деген көзқарасты қолдайды. Өндірістің эртүрлі факторының баға дэрежелерін салыстыру (мысалы, жалақы қойылымын аренда төлемінің қойылымымен) өндірушіге ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде еңбек пен капиталдың үйлесімділігі, шығындар мен тиімділік туралы маңызды мәліметтер береді.

Рыноктық  экономика жағдайында жер тауарлы  сипат а лады,ол сатып алынады жэне сатылады. Осымен байланысты жер бағасының қалай анықталатыны маңызды:Жер бағасы = рента мөлшері / қарыз пайызының мөлшері * 100 %

Жер бағасы теориялық түргыдан осылайша анықталады. Тэжірибеде жер бағасы жеручаскесінің сұранысы мен үсынысына ықпал  ететін көптеген факторларға тәуелді. Мысалы, жер бағасының өсуін ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланбай-тын  жерлерге деген сүраныстың өсе түсуімен де түсіндіріледі. Жерге сүраныстың күрт өсуі (жалпы қозғалмайтын мүліктерге) инфляциямен, эсіресе гиперинфляциямен байланысты, бүл тиісінше жер бағасының өсуін жеделдетеді.Жер рентасына байланысты ренталық қатынастар туындайды, ол: біріншіден, қоғам мен жер иелерінің, сондай-ақ басқа да ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер арасындағы жерді пайдала¬ну жөніндегі қатынастар; екіншіден, жер иелері мен жерді жалға алушылар арасындағы өндіріс жэне жер рентасын бөлу жөніндегі қатынастар; үшіншіден, жер иелері мен ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер арасындағы жер өнімдерінің бөтенсуі жөніндегі қатынастар.

Қазіргі таңда ренталық қатынастарды жүзеге асыру аясындағы өте өзекті болып  отырған мэселелер:

     - жер рентасының нақты сандық анықталуы;

    - жер рентасын қоғамдық мүқтаждықтар үшін пайдаланудың жэне алудың қағидаларын негіздеу;

    - жер рентасын жер салығы жэне жерге жалдамалық төлем арқылы алудың нақты механизмін жасау;

- жер  учаскелеріне бағаны анықтаудың  эдістемесін негіздеу. 

36. Капитал нарығы, Пайыздық  табыс. Капитал – бұл тауарлар мен қызметтер өндіруде қолданылатын адамдардың жасап шығаратын өндіріс құрал- жабдықтары мен ақшалай жиынтықтары. Капитал — экономикалық ғылымның ең басты категорияларының бірі, нарықтық шаруашылықтың қажетті элементі. Капиталдың алғашқы қорлануы өзіндік еңбекке негізділген индивидуалдық жеке меншікті жою процесі, жұмысшыларды өз еңбегінің шарттарының меншікті шектеу процесі. Ол бір жағдай, тікелей өндірушілердің тек қана жұмыскерге – идеалдық жұмыскерге, екіншіден, қоғамдық құрал-жабдықтар мен өмір сүруге қажет құралдардың капиталға алмасуы болып табылады. Тауар өндірісі пайда болып қалыптасқанна бері, капитал мынадай тарихи формалар алған: сауда капиталы, - тарихи капиталдың ең көне еркін формасы, өсімқорлық, осыдан кейн өнеркәіптік. Капиталдың формалары толығырақ А.Смит пен Д.Рикардоның еңбектерінде зерттелген. Капиталдың айналымы мен оның ауыспалы айналымы бір-бірімен тура келмейді. Ауыспалы айналымның әрқайсысының нәтижесінде кәсіпкерге ақшалай формада авансталған капиталдың тек бір бөлшегі қайтіп түскенше капитал толық айналым жасайды. Негізгі капитал — өндіріс процесі тұтас қатынасатын, бәрақ өз құнын өнімге бір-бірде ауыстырып, меншік иесіне аұшалай формада бірте-бірте қайтарып оралатын капитал. Айналым капитал – өндіргіш капиталдың бір бөлігі болып табылады; оның құны, оны тұтыну процесінде толығынан өнімге ауысып, әрбір ауыспалы айналым актісінің соңында ақшалай формада тұтас қайтады 
 

37. Жалақының мәні және оның формалары.

Экономикалық  теорияда екі тұжырымдама бар: 1. Жалақы еңбек бағасы (еңбек пен  жұмыс күшінің айырмашылығы ескерілмейді), оның дэрежесі мен динамикасы, рыноктық факторлар - сүраныс және ұсыныспен  анықталады. 2.Жалақы жүмыс күші- тауардың қүнының ақшалай көрінісі (бағасы), еңбектің бағасы емес, өйткені еңбек тауар бола алмайды, жалақы өндіріс жағдайымен де (жүмыс күшінің құны), рыноктық факторлар - сүраныс, үсыныспен де анықталады, олардың ауытқуы жалақының жүмыс күші қүнынан бірде жоғары, бірде томен болатындығын көрсетеді.

Жалақының екі тұжырымдамасы да ағылшынның саяси экономиясының классиктері А.Смит пен Д. Рикардоның теорияларына негізделген. А. Смит еңбек пен жүмыс күші арасындағы айырмашылықты ашып көрсеткен емес. Оның пайымдауынша, еңбек табиғи бағасы бар (немесе «табиғи жалақы») «тауар» деп саналады. Ал, табиғи баға өндіріс шығындарымен анықталады, яғни жүмысшының жэне оның отбасының тіршілігіне қажетті қүнмен есептеледі. А.Смит «табиғи жалақы» деп жүмыс күшінің құнын түсінді. А. Смит жалақы дэрежесінің төмен жэне оның тіршілік минимумына өте жақын болуы жүмысшы табының үйымшылдыгының жоқтығымен байланысты дейді. Д. Рикардо да, А. Смит сияқты жалақыны еңбек бағасы деп үғынды. Д. Рикардо жалақы теориясын Мальтустың халық өсімі теориясымен байланыстырды. Жалақы, осы теория бойынша, халықтың табиғи өсу заңына сэйкес күн көріс заттарының минимумына үмтылады. Осыған орай жалақының түрақтылық заңы орын алады. Оның мәні мынада: жалақының өсуі жүмысшының отбасында табиғи өсімді (тууды) ынталандырады да, еңбекке деген үсыныстың өсуі жалақының төмендеуіне әсер етеді; керісінше, жалақының темендеуі жүмысшылар саны мен еңбекке үсыныстың қысқаруына, тиісінше жалақының өсуіне эсер етеді. Жалақының негізгі екі типі бар: номиналды және нақты. Номиналды жалақы ақшаға шагып берілетін жалақы, оны жалдамалы қызметкер күндік, апталық, айлық еңбегі үшін алады. Номиналды жалақының мөлшеріне қарай жалақы дәрежесі туралы түсінік алуға болады, алайда ол түтыну мен халық түрмысының дәрежесін толық сипаттай алмайды. Ол үшін нақты жалақыны білу қажет. Нақты жалақы жүмысшының күнелтуге қажетті заттарға шаққандагы жалақысы, яғни жүмысшының тапқан ақшасына өзі үшін және отбасы үшін қанша жэне қандай күнкөріс заттарын сатып алуға болатынын көрсетеді. Нақты жалақының дәрежесі тікелей номиналды жалақыға жэне түтыну заттары мен қызмет корсету бағасына тәуелді. Жалақының негізгі нысандары. Жалақы негізгі екі нысанда мерзімді және келісімді түрде орын алады. Мерзімді жалақы өндірістегі еңбек шығынының үзақтығымен анықталады. Сондықтан ол күндік, апталық және айлық ақы болып бөлінеді. Жұмыс күнінің үзақтығы мен енбек қарқындылығы әр қилы болғанда, нақты еңбек ақы төлеу де әр қилы болады. Бірдей мерзім үшін жалақы алатын жүмысшылардың еңбек ақы дәрежесін салыстыру үшін  «еңбек бағасын», яғни бір сағаттық еңбек ақысын анықтау қажет. Жалақының мерзімдік нысаны кәсіпкерге жүмыс күнінің үзақтығы мен еңбек қарқыңдылығын белгілеуге мүмкіндік береді. Келісімді жалақыда жүмысшының жалақысы шығарылган өнім санына тәуелді. Жалақының бүл нысаны мерзімді жалақымен байланысты, өйткені бір өнімнің бағасы мерзімді жалақыны (күндік) өндірілген өнім санына бөлу арқылы анықталады. Келісімді жалақының мөлшері бір өнім бағасын өндірілген өнім көлеміне көбейту арқылы есептеледі. Келісімді жалақының ерекшелігі-еңбектің саны мен сапасы өндірілген өнім арқылы бақыланып, өлшенуі. О л еңбек өнімділігі мен қарқындылығын арттыруды мүдделендіреді, жүмысшылар арасындағы жалақы мөлшерінің жекелей айырмашылығының маңыздылығын күшейтіп, жүмыс-шылар арасындағы бэсекені үлғайтады. Жалақының дәрежесі мен динамикасы жалақының мөлшеріне әсер ететін факторлар. Бір елдің өзінің ішінде әр қилы мамандықтағы қызметкерлер мен әр қилы елдегі жалдамалы қызметкерлердің жалақы мөлшерінде үлкен айырмашылық бар. Белгілі бір кезеңде экономика жағдайына байланысты да жалақы өзгеріп отырады. Өнеркэсібі дамыған елдерде номиналды жалақының өсу үрдісі байқалады. Нақты жалақының динамикасы күрделі, өйткеиі ол түтыну тауарлары мен қызмет көрсетудің бага динамикасымен байланысты бірде жоғары, бірде томен ылғи өзгерісте болып оты¬рады

38. Ұдайы өндіріс теориясы.Ұдайы өндіріс типтері.

Өндіріске макроэк\қ талдау жасағанда, оның даму болашағына байланысты, ұлттық өнімнің  ұдайы өндірістік ж\е салалық  құрылымына назар аударған жөн болады.  Қоғамдық өнімнің атқаратын қызметтеріне сәйкес оның құрамды бөлшектерге  бөлінуін көрсететін құрылымды, ұдайы  өндірісітік құрылым д.а. Қоғамдық өнімнің ұдайы өндірістік құрылымына тұңғыш дәлелді талдау жүргізген  К.Маркс. Ол мынадай негізгі ұдайы  өндірістік пропорцияларды атап өткен: 1.өндірілген жалпы қоғамдық өнімнің  натуралдық заттық құрамын сипаттайтын, өндірістік құрал жабдықтар өндірісінің  көлемі мен тұтыну заттары өндірісі көлемінің арасындағы пропорциялар;  2.өндірістік ұлттық табыстың еңбек пен капитал арасындағы бөлінуінің құрылымын көрсететін, қажетті ж\е қосымша өнім арасындағы пропорциялар;3.жалпы қорланудың бөліну құрылымын көрсететін, өтеу қоры мен қорлану қорының арасындағы пропорциялар;4.ағымды қажетті қанағаттандыру үшін ж\е болашақ қажеттерді қанағаттандыру үшін тағайындалған, әр бөлшектердің атқаратын қызметінің рөліне сәйкес, ұлттық табыстың бөліну құрылымын көрсететін, пайдаланған ұлттық табыстың қорлану қоры мен тұтыну қорының арасындағы пропорциялар. Өндірістің салалық құрылымы, өндірісітік ресурстардың іс әрекеттерінің негізгі түрлеріне сәйкес қалыптасқан бөліну жүйесін ж\е жеке салалардың жалпы ұлттық өндірістегі үлесін сипаттайды. Өндірістің тиімді салалық ж\е ұдайы өндірістік құрылымын қалыптастыру-эк\қ өте маңызды мәселесі б.т. Нақты қалыптасқан құрылымның тиімділік дәрежесі көп жағдайлармен, атап айтқанда, өндірісітің монополиялану дәрежесімен ж\е қоғамдық еңбек бөлінісінің дәрежесімен, ұлттық эк\ң бүкіл әлемдік байланыстар жүйесімен ұштасуымен, ғылыми тех\қ прогрестің жетістіктеріне кәсіпорындардың икемді болуымен, мемлекеттік құрылымдық саясатпен, т.б. байланысты боалыд.      Ұдайы өндіріс-бұл өндіріс процесінің қайталануы. Ұдайы өндірістің жай және ұлғаймалы түрлері бар. Жай ұдайы өндіріс-бұл өндіріс процесінің бұрынғы ауқымында қайталануы. Ал,ұлғаймалы ұдайы өндіріс-ұлғаймалы мөлшерде өндірістің жаңартылып отыруы. Қоғамдық өнімнің барлық өтетін төот сатысы немесе кезеңдері өзара тығыз байланысады және қоғамдық өндірісті құрайды. Қоғамдық өндірістің әрекет етуінің маңызды көрсеткіші оның тиімділігі. Бұл көрсеткіш өндіріс нәтижелерінің оның шығындарына қатынасымен анықталады 

40. Макроэкономикалық көрсеткіштердің сипаты және есептелу әдістері

       Белгілі бір мерзім аралығында  ұлттық экономиканың қызмет етуінің  нәт/е жалпы сипаттама беру  үшін макроэк/қ көрсеткіштер қолданылады.  Халық шаруашылығын сипаттайтын  макроэк/қ көрсеткіштер: ұлттық байлық, ұлттық табыс, баға деңгейі,  процент ставкасының орташа деңгейі,  жұмыспен қамтылу деңгейі. Ұлттық байлық - бұл қоғамның бүкіл ғұмырында жинаған тұтыну құралдарының жиынтығы. Ұлттық байлық: мүлік( негізгі ж/е айнымалы қорлар, үй шаруашылық мүлік), табиғи байлықтарды (жер, минералды қорлар ж/е орман ресурстары), заттық емес байлықтарды (ұлттық денсаулық потенциалы, оның жеке ойды қалыптастыратын рухани байлықтары, білім алатын ж/е ғылыми потенциалы) қамтиды. ЖІӨ - елдің аумағында орналасқан барлық отандық ж/е шетелдік өндірушілердің бір жыл ішінде өндірген түпкі тауарлар мен қызметтердің ақшалай сомасы. ЖҰӨ - тек осы мемлекеттің аумағында орналасқан барлық отандық өндірушілердің ғана емес, сонымен қатар шет мем/де қызмет көрсететін, осы елдің өндірушілерінің де бір жыл ішінде өндірген түпкі тауарлар мен қызметтерінің ақшалай сомасы ЖІӨ - амортизация = Таза ұлттық өнім

ТҰӨ - жанама салық= Ұлттық табыс Жеке табыс=әлеуметтік сақтандыру жарнасы – корпорациялар табысына салық – корпорациялар пайдасын қайта бөлу – транспорт төлемдері +дивиденттер + алынған пайыздар Қолдағы табыс=жеке табыс-жеке табыс салығы М, Ресейде уақытша тұрып жатқан қазақстандық азамат «Қазақстан темір жолы » ұлттық компаниясының 5 пайыз акциясына иегер болып, акциясынан дивидент алып отырсын. Бұл кезде Қазақстан азаматы дивидендінің жылдық сомасы ҚР-ның ЖҰӨ-н, ал Ресейдің ЖІӨ-н құрайды.  Осы көрсеткіштердің жиынтығы эк/ң жалпы дамуын көрсететін Ұлттық есеп жүйесін (ҰЕЖ) құрайды. ҰЕЖ – түпкі өнім мен ұлттық табысты өндіру, бөлу, қайта бөлу мен пайдалануды сипаттайтын өзара байланысты көрсеткіштер. Ұлттық есептердің негізін ішкі өнімнің, ұлттық табыстың, күрделі қаржының, меншіктің әртүрлі нысанындағы кәсіпорындардың ж/е т.б. кірістері мен шығыстарының жиынтық есептері құрайды. Ұлттық есептерді өндірістің көлемі мен құрылымын, елдің шығынын, инвестициялық тұтынуды, салық салуды ж/е т.б. эк/қ тұрғыдан болжам жасау үшін пайдаланады. Макроэк/қ көрсеткіштерді өлшеу тәсілдері: 1) қосымша құн әдісі; 2) шығындар б/ша; 3) табыс б/ша. 1) Қосымша құн әдісі - өндірілген өнімнің құнынан жұмсалған материалдың, шикізаттың, отынның ж/е т.б. құнын шегеріп тастағандағы қалған құнның бір бөлігі б/ша есептеу әдісі. 2) Шығындар б/ша: Y=C+I+G+NXМұндағы: С –үй шар/ң тұтыну шығыстары;

I –  өндірушілердің құрылысқа, шикізатқа,  материалдарға ж/е техника сатып  алуға жұмсаған инвестициялық  шығыстары;

G –  мем/ң тауарлар мен қызметтерді  сатып алуына кеткен шығыстары;NX – таза экспорт, яғни экспорт  пен импорт арасындағы айырма.3) Табыс б/ша: Y=W+P+R+I+T+A

Мұндағы: W-еңбекақа;P – пайдаR – рентаI –  пайызT- салықтарA – амортизациялық аударымдар

41. Ұлттық байлық және оның құрылымы.Ұлттық байлық - бұл қоғамның бүкіл ғұмырында жинаған тұтыну құралдарының жиынтығы. Ұлттық байлық: мүлік( негізгі ж/е айнымалы қорлар, үй шаруашылық мүлік), табиғи байлықтарды (жер, минералды қорлар ж/е орман ресурстары), заттық емес байлықтарды (ұлттық денсаулық потенциалы, оның жеке ойды қалыптастыратын рухани байлықтары, білім алатын ж/е ғылыми потенциалы) қамтиды.   Шаруашылық қызметтің негізгі жалпылаушы көрсеткіші бір жылдық қоғамдық өнім б.т. оны бірнеше анықтауыштар көмегімен көрсетеді: жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ), ұлттық табыс (ҰТ), таза ұлттық өнім (ТҰӨ), жалпы ішкі өнім (ЖІӨ).

  ЖҰӨ-ді елдің бір жыл ішінде өндірген барлық дайын тауар ж/е қызметтердің жиынтық рыноктық құны ретінде анықтайды. Ұлттық табыс – бір жыл ішінде жаңа жасалған құны бар өндіріс нәтижесі. Ол ЖҰӨ мен жылдың ішінде оны құруға кеткен материалдық шығындар (амортизация, шикізат, материалдар ж/е т.б.) арасындағы айырмашылық. Шетелдік статистикада оны барлық табыстар сомасы ретінде анықтайды: жалақы; пайда; рента; процент.Таза ұлттық өнім – бұл ұлттық табыс плюс жанама салықтар, олар ұлттық табысты рыноктық баға бойынша анықтау үшін қосылады.

Информация о работе Экономика қағидалары шпор