Экономика қағидалары шпор

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2011 в 14:16, шпаргалка

Описание работы

1,Экономикалық теорияның зерттеу пәні бойынша көзқарастар эволюциясы.
Экономикалық теорияның пәні-адамдар мен әр түрлі әлеуметтік топтар арасындағы игіліктерді өңдіру, бөлу , айырбастау ж/е тұтыну процесстерімен байланысты қалыптасатын экономикалық қатынастарды зерттеу. Нобель сыйлығының лауреаты П.Самуэльсон өзінің «Экономика» атты еңбегінде эк/қ теорияның зерттеу пәнін тұтыну және өндіру жүзеге асыру, адамдар арасындағы айырбас, ақшалай келісім-шарттардан туындайтын қызмет түрлерімен байланыстырады және эк/қ теорияның пәні өзгермейді, оны нақты деп айту қиын деген қорытынды жасайды.

Работа содержит 1 файл

экономика кагида новый шпор.docx

— 112.70 Кб (Скачать)

15. Ақшаның пайда болуы,мәні.Ақшаның қызметтері.Ақшаның мәні,оның атқаратын қызметтерінен көрінеді.Ақша теориясының металдық бағытының өкілдері,ақшаның тауарлық табиғатын ескере отырып,оның құн өлшеуі,ақшаның тауарлық табиғатын ескере отырып,оның құн өлшеуі,қазына жинау құралы және дүние жүзілік  ақшалар  қызметтерін атқаратына назар аударады.Классикалық эк-лық теорияның негізін қалаушылар А.Смит және Д.Рикардо ақшаның басты қызметі деп,айналыс құралы болуын атап көрсетіп,ал басқаларын осы айналыс құралы қызыметінен туынды деп есептеген.К.Маркс ақшақұнының еңбектік сипатына сүйене отырып,ақша теориясын дәлелдеп әрі қарай дамытқан,ақшаны жалпылама эквивалент және абстрактік  қоғамдық еңбектің жалпылама көрінісі деп отырып оның мәнін анықтайтын,атқаратын бес қызметіне назар аударады:құн өлшемі,айналым құралы,төлем құралы,жинақ жасау құралы,дүниежүзілік ақша. Осы замандағы  экономикалық әдебиетте  ақшаның атқаратын 3қызметі бар:құн өлшемі,айналым құралы,жинақ құралы.Ақшаның пайда болуымен байланысты,жалпы тауар айналысын Т-А-Т түрінде бейнелеуге болады.Бұл процесте  ақша сарапшы және айналыс құралы қызметін атқарады.Ақшаның айналыс процесіндегі сарапшылығының арқасында,тауардың тауарға айырбасталуына тән болатын индивидуалдық уақыттық және кеңістік шектелу жойылады. .Тек нақтылы,қолма-қол ақша айналыс құралы қызметін атқара алады.Бұл қызметті  ақша тез бір қолдан екінші  қолға ауысқанша ғана атқаратына байланысты,нақтылы ақша материялы,ақшаның белгісімен,немесе оның символымен алмастырылуы мүмкін.Бұл үшін осы символды  қоғам ақша материялының белгілі мөлшері деп мойындайды деген кепілдік қажет.Осылайша,толық бағалы емес монеталар,кейіннен қағаз ақшалар пайда болған. Ақшаның қызметі арқылы,жеке және мемлекеттік  экономикалық жоспарлау мүмкіндігі жүзеге асырылып отырады,эк-қ қорлар мен ағымдардың  көлемін өлшеп есептеу  қамтамасыз етіледі.Ақшаның бклгісі қор жинау қызметін атқара алмайды,ол бұл қызметті жинақтау қызметіне айналдырады.Жинақ түріндегі ақша тауарларды сатқаннан соң ақталған және оның иесінің болашақта сатып алу қабілетін қамтамасыз ететін,ерекше актив болып көрінеді.

16. Құн теориялары. Құн заңы тауар өндірісі мен тауар айналысының негізгі заңы. Құн заңының негізгі әрекетнің мәні мынада: тауарларды өндіру мен айырбастау, оларды өндіруге жұмсалған қоғамдық қажетті еңбек шығындары негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Сонымен құн заңы тауарлы өндірістің ең мәнді сипатын көрсетеді немесе әр қилы тауар өндірушілердің шаруашылық нәтижесі өнім айырбастаудағы эквиваленттілікті талап етеді. Ал тауар -ақша айналасында құн заңы баға заңы болып табылады.  Баға  - құн заңының көрінісі. Құн-баға заңы немесе бағаның жинақталған көріну нысаны. Сондықтан, баға – құнның ақшалай көрінісі. Экономикалық қатынас тауардан басталады. Тауар-еңбектің өнімі, ол екінші бір затқа, тауарға айырбастау үшін шығарылады. Тауардың екі түрлі қасиеті бар: - адамның белгілі бір қажеттілігін өтеу қабілеті; - басқа бір тауарға айрбасталу қасиеті. Тауар қоғамға пайдалы зат болуы қажет. Экономикалық теория тауардың қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру қабілетін тұтыну құны деп атайды. Тұтыну құны – тұтынылған жағдайда ғана жүзеге асатын тауардың сипаты. Тауар өндірушінің өзі үшін өндірген өнімінің пайдалы қасиеті  - оның басқа қажетті материалдық игіліктерге айрбасталуы. Экономикалық теорияда тауардың басқа тауарларға белгілі бір үлесте айырбасталу қасиеті айырбас құны деп аталады. Айырбас құны  – бір тауардың тұтыну құндарының басқа тауарлардың тұтыну құндарына айырбасталуының сандық қатынасы.

17. Рынок: мәні, сипаттамасы, негізгі қызметтері.Нарықтың мәнін анықтағанда, оның екі жақты мағынасы бар екенінен бастау керек. Біріншіден, нарық (маркет) деген түсінік өзіндік мағынады өткізу деген түсінік, бұл айырбас, айналыс сферасында орын алады. Екіншіден, нарық-өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну процестерін қамтитын, адамдар арасындағы экон-қ қатынастар жүйесі. Бұл меншіктің әр алуан формаларын, тауар-ақша байланыстарын, қаржы-несие жүйесін пайдалануға негізделген, экон-қ іс-әрекеттердің күрделі механизмі.Нарық қызметтерінің белгілі шарттары болады. Ақырғы уақытқа дейін Қазақстанда нарық қатынастарының дамуын тежейтін шаруашылық болды. Бұның себептері: жалғыз мемлекеттік меншікті пайдалануға бағытталған көпсубъектілік шаруашылық жүйесі; макродәрежедегі өндірістік-экономикалық процестердің тым қатал реттелдуі; микродәрежедегі шаруашылық өмірде экон-қ бостандықтың шектелуі; барлық шаруашылық құрылымдарды материалмен бір орталықтан қамтамасыз ету.Нарықтың мәні оның функциялары арқылы толығырақ анықталады. Нарық мынадай маңызды функциялар атқарады:

  • тауар өндірісінің өзін-өзі реттеу қызметі.
  • ынталандыру қызметі.
  • өндірілген өнім мен еңбек шығындарының қоғамдық маңыздылығын айқындау қызметі.
  • реттеу қызметі.

шаруашылық  өмірді демократияландыру, өзін-өзі  басқару принциптерін жүзеге асыру  қызметі

 18. Рыноктық қатынастардың тұлғалары мен нысандары, нарық құрылымы. Рыноктық бәсекенің әртүрлі сипатта болуы рыноктың құрылымына байланысты. Ал рынок құрылымдарының бір-бірінен өзгешелігі өзіне тән белгілермен анықталады. Рыноктық құрылымдардың негізгі типтері: жетілген және жетілмеген бәсеке.                                                                                                                                                     Жетілген бәсекенің белгілері: -рыноктағы сатушылар мен сатып алушылардың саны шексіз; -рынокқа ену және шығу кедергілері жоқ; -өндіріс фаторларының мобильділігі жоғары; -рыноктағы бағаға әсер ету мүмкіншіліктері жоқ; -ақпарат алу мүмкіншіліктері бәріне бірдей. Егер жетілген бәсекенің бір шарты орындалмаса, онда мұндай рыноктық құрылым жетілмеген болып табылады. Жетілмеген бәсекенің түрлері:                                                                                                                                                                                                                                           1) таза монополия – тауарларды өндіру және өткізумен байланысты жалғыз фирманың үстемдік етуі. Монополияны негізгі белгілері – монопольді баға мен монопольді пайда.                                                                                                                                                                                      2) монопсония — белгілі бір тауарларды бір ғана сатып алушысы бар рыноктық құрылымның типі. Ол сатып алу көлемін шектеу арқылы монопольдық пайда алады.                                                                                                                                                                                                                  3) Олигополия — өнімнің негізгі бөлігін өндіру және өткізумен айналысатын және өзара бағалық емес бәсекеге түсетін бірнеше фирмалардың іс -әрекеті.                                                                                                                                                                                                                                             4) Монополистік бәсеке дифференциациялданған өнім шығаратын санаулы фирмалардың іс-әрекетін сипаттайды.                                               Жетілмеген бәсекені туындататын және фирмалардың рынокқа енуіне тосқауыл болатын кедергілер: 1) мемлекеттің жекелеген фирмаларды ғана ерекше құқықтармен қамтамасыз етуі (белгілі бір қызмет түрлеріне лицензия беру); 2) үдайы өндірілмейтін және сирек кездесетін ресуртарға меншік; 3) авторлық құқық және патенттер. Патенті бар фирмалар ғана сол қызметті жүзеге асырумен байланысты артықшылыққа, лицензия сату құқығына ие; 4) масштаб әсері. Ірі фирмалар өндіріс көлемін ұлғайту арқылы шығындарды төмендете өтырып, бәсекелік артықшылыққа қол жеткізе алады; 5) заңсыз бәсекелік әдістерді қолдану. Кез келген рынок құрылымының типі қалыпты қызмет ету үшін қажетті шарттар: экономикалық субьектілердің экономикалық еркіндігі, дербестігі, тәуелсіздігі.

19. Рыноктық инфрақұрылымы. Рыноктың инфрақұрылымы дегеніміз- рыноктағы тауарлар мен қызметтердің еркін қозғалысын қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер, институттардың жиынтығы. Рынок инфрақұрылымының ұйымдастырушылық негізі- жабдықтау, өткізу, брокерлік және делдалдық ұйымдар, коммерциялық фирмалар. Материалдық негізі- көлік жүйесі, қойма және ыдыс, ақпараттық және байланыс жүйелері. Несиелік- есептеу негізі- банктік және сақтандыру жүйесі, ірі және шағын несиелік жинақ мекемелері, коммерциялық банктер. Рынок инфрақұрылымының негізгі элементтері: несие жүйесі және коммерциялық банктер; тауар, қор, валюта биржалары; жәрмеңкелер, аукциондар; мемлекеттік және мемлекеттік емес еңбек биржалары; ақпараттық технологиялар және бұқаралық ақпарат құралдары; салық жүйесі және салық инспекциясы; сақтандыру жүйесі; кеден жүйесі; коммерциялық- көрме кешендері; кеңес беруші және аудиторлық компаниялар; қоғамдық және мемлекеттік қорлар; еркін арнайы экономикалық аймақтар. Жәрмеңке ол белгілі бір орында ұйымдастырылған көпшілікке арналған рынок. Жәрмеңке орта ғасырларда Европада пайда болған. Қазір салалық жәрмеңкелер мен миспозиум, конгресс, семинар жүргізу арқылы кеңінен қолданылатын тұтыну тауарларының жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Аукцион- рынокта өнімдерді сатумен байланысты ұйымдастырылады. Алдын-ала белгіленген орында тауарды жария түрде жоғары бағада сату мақсат б. т. Мәжбүрлі аукцион қарызды өтеу үшін сот органдары арқылы жүргізіледі. Ерікті аукцион- тауар иелерінің бастамасымен ұйымдастырылады. Биржа сатушы мен сатып алушы мәмле жасау үшін арнайы ұйымдастырылған рынок. Оның түрлері: қор биржасы, еңбек биржасы, тауар биржасы

20. Рыноктық жүйе және оның элементтері. Нарықтық негізгі элементтері: 1. Өндіруші мен тұтынушы. 2. Сұраныс. 3. Ұсыныс. 4. Баға. 5. Бәсеке.

Нарық  экономикасының қызмет етуі, нарықтың белгілі элементтерінің болуын талап  етеді. Осылардың жиынтығы нарық  жүйесін құрайды. Нарық экономикасының бірінші және өте маңызды элементі- өндірушілер мен тұтынушылар. Бұлар қоғамдық еңбек бөлінісі процесінде қалыптасады- біреулері тауарды өндіреді, екіншілері оны тұтынады. Тұтыну жеке тұтыну және өндірістік тұтыну болып бөлінеді. Жеке тұтынуда тауарлар өндіріс сферасынан шығып, адамдардың жеке қажеттіліктеріне пайдалынады. Өндірістік тұтыну өндіріс процесін әрі қарай жалғастырып жүргізу болып табылады. Бұнда тауарды басқа өндірушілер әрі қарай өңдеуге пайдалынады. Бұл жағдайда өндрушілер мен тұтынушылардың бір- бірімен байланысы, әрқайсысының әрекеттерінің нәтижелерін айырбастау арқылы жүріп отырады. Нарық шаруашылығында бұл байланыстар тұрақты болады, мамандануға негізделеді және көтерме нарықтық келісімдер формасында жүреді. Нарық экономикасының екінші элементін өндіріс орындарының корпоротивтік басқаруына негізделген, меншіктің жеке немесе аралас формаларымен болжанған экономикалық оңашалану құрайды. Нарық экономикасының үшінші маңызды элементі- баға. Бағаны жеке талдап танысайық. Бұл жерде тек екі мәселені ескертеміз. Бірінші, баға сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. Бұлардың сәйкестігі конъюнктураға байланысты өзгеріп отырады. Екінші—географиялық ауданда өндірілген тауарға нарықтық қатынастар әсерінің сферасын баға анықтайды. Осы сфераның шегін трансакциондық шығындар болжайды, яғни айырбаспен байланысты айналым шығындары болжайды. Нарық экономикасының төртінші, орталық буыны- екі құрылымнан, сұраныстан және ұсыныстан тұрады. Нарықта сұраныс тауарларға қажеттілік болып көрінеді. Осы тауарларды тұтынушылар қалыптасқан бағамен ақшалай табыстарына сатып алады. Сұраныс өндірудің ең тиімді әдісін қолданудың және ресурстарды тиімді пайдаланудың стимулы болып табылады. Сұраныс пен ұсыныс материалдық игіліктерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тұрақты байланыстарды қамтамасыз ететін, нарық механизмінің өте маңызды элементтері. Нарық механизмінің бесінші эементі- бәсеке. Бұл пайданың жоғары болуын және осының негізінде өндіріс масштабын кеңейтуді қамтамасыз етеді. Бәсеке нарық субъектерінің өзара әсерінің және пропорцияларды реттеу механизмінің формасы болып табылады. Бәсекенің басты қызметі экономиканың реттеушілерінің – бағаның, пайданың нормасының, проценттің, т.б. мөлшерін анықтау болып табылады.

21. Сұраныс. Сұраныс заңы. Сұраныстың өзгеруіне әсер ететін факторлар. Сұраныс рыноқтың элементтерінің бірі. Ол өндірісті үнемді пайдалану әдістері мен ресурстарды тиімді бөлу тәсілдерін қолдануға ынталандырады. Сұраныс – төлем қабілеттілігі бар қажеттілік.      Бәсекелі рынокта тауар айырбасы үшін белгілі бір заңдар әрекет етеді. Тауар айырбасы мен баға орнату процестерін басқарушы заңдардың бірі – сұраныс заңы.     Сұраныс заңы- басқа жағдайлар тұрақты болғанда (сұраныс көлеміне әсер ететін бағадан басқа факторлардың әсері қарастырылмайды), бағаның өсуі сұраныстың көлемін төмендетеді немесе бағаның төмендеуі сұраныс көлемін арттырады.     Сұраныс пен баға арасындағы кері тәуелділіктің болуына байланысты сұраныс қисығы төмен бағытталынған.  Сұраныс функциясы сызықтық функция болғандықтан сұраныс теңдеуі келесідей түрде беріледі: Qd=a-b*РР- баға, Q- өнім көлемі, а және b – сұраныстың бағалық емес факторлары. а мөлшері өзгергенде сұраныс қисығы қозғалады, ал b мөлшері өзгергенде  сұраныстың көлемі қисықтың бойымен қозғалады. Яғни а параметрі бағаға тәуелсіз, ал b бағаның өзгерісінің әсеріне ұшырайды.          Сұраныс қисығына әсер ететін бағадан басқа факторлар.1) Тұтынушылардың саны.2) Табыс деңгейі.3) Басқа тауарлардың бағалары мен пайдалылығы.4) Тұтынушылардың субъективті талғамы, артықшылық беруі, мода.

22. Ұсыныс. Ұсыныс заңы. Ұсыныстың өзгеруіне әсер ететін факторлар. Сатушылардың тарапынан болатын іс-әрекет ұсыныс деп аталады. Ұсыныс- берілген бағада тауар өндірушілердің рыноққа шығара алатын тауарларының мөлшері. Рыноктағы барлық сатушылардың бағаны өсіруге, сол арқылы көп мөлшерде тауар сатып, пайданы арттыруға ұмтылысы ұсыныс заңы арқылы сипатталынады. Ұсыныс заңы- басқа жағдайлар тұрақты болғанда (ұсыныс көлеміне әсер ететін бағадан басқа факторлардың әсері қарастырылмайды), бағаның өсуі ұсыныстың көлемін арттырады немесе бағаның төмендеуі ұсыныс көлемін төмендетеді.Ұсыныс функциясы сызықтық болғандықтан, ұсыныс теңдеуі:Qs=a+b*РҰсыныс қисығының қозғалысын туындататын бағадан басқа факторлар:1) Өндіріс шығындары.2) Салық мөлшері.3) Технология.4) Субсидия.

23. Бәсеке рыноктық механизімінің негізгі элементтері. бәсеке  экономикалық процесс ретінде белгілі бір іс-әрекеттердің жиынтығы болып табылады.Бұл іс-әрекеттер ұлғаймалы ұдайы сатылардан тұрады:1.Өндіріс үшін қажет құрал жабдықтар,ғимараттар және еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету.2.Өндірісті ұйымдастыру,шикізат пен материалдар және қаржы-несиемен жабдықтау.3.Бәсекеге қабілетті өнім шығару.4.Өнімнің сатылу көлемін,орнын,уақытын анықтау.5.Пайданың бір бөлігін инвестициялық қорға аудару және оны өндірісті ұлғайтуға жұмсау.Бәсеке деңгейі өнімнің рыноктағы өмір сүру уақытына байланысты.Бәсекенің пайда болуының объективті алғы шарттары:әрбір өндірушінің оқшау шаруашылық жүргізу,олардың рынок коньюктураларынан тәуелділігі,сұраныс үшін басқа сатушылармен күресі.Бәсеке өндірушілердің бірін-бірі бакылап отыруына мүмкіндік береді.Тұтынушы үшін олардың арасында күрестің болғаны тиімді.Өйткені,бәсекеде жеңіп шығу үшін шығындарды азайту,тауарлардың сапасын арттыру жолдары қарастырылады,нәтижесінде баға төмендейді.Сонымен қатар,бәсеке  нәтижесінде экономикалық мүдделер қайшылығы тереңдей түседі,адамның экономикалық жағыдайларының алшақтауы күшейеді,қоршаған ортаға келтіретін теріс әсер өседі,еңбек ету,табыс табу,демалу құқықтарының қамтамасыз етілуіне кепілдік төленбейді,монополиялық билік артады.Мемлекеттің экономикаға араласуынсыз бәсеке теріс салдарлы күшке айналуы мүмкін.Сондықтан бәсекені экономикалық өсуді ынталандырушы құрал ретінде пайдалану үшін мемлекет заңы арқылы «ойын ережесін»анықтайтын және оның орындалуын қадағалайтынын шараларды іске қосады.Рыноктағы жағдайларға байланысты бәсекеәртүрлі нысанда көрініс табады.Бәсекенің жетілген және жетілмеген нысандары бар,яғни рыноктық мәмлеге қатысушылардың әрекеттері еркін бәсекеге және монополияға негізделеді.Қазіргі кезде рынок субъектілері аралас нысандағы рыноктық типте әрекет етеді.Өйткені ешбір елде еркін бәсеке де,монополия да таза күйінде қолданылмайды

24. Бәсеке,оның типтері:Бәсеке-шаруашылық жүргізудің ең қолайлы жағдайлары мен жоғары пайда алудың ең жақсы мүмкіншіліктері үшін тауар өндірушілердің арасындағы экономикалық күрес.Сонымен қатар,бәсеке тауарды өндіру мен өткізуде,сондай-ақ капитал салу шеңберіндегі рыноктық субъектілердің әрекет ету бағыттарын анықтайтын рыноктық механизмнің элементі болып табылады.Рыноктық экономикадағы қолданылатын бәсекенің нысандары өндірісті ұйымдастыру нормалары мен ережелерін,мемлекет пен жеке сектордың қызмет ету әдістерін анықтайды.Жетілген бәсеке-өзара ұқсас,көлемі шамалас көптеген тауар өндірушілердің арасындағы күрес.Оның белгілері:рыноктағы сатушылар мен сатып алушылардың саны шексіз,рынокқа ену және шығу кедергілері жоқ,өндіріс факторларының қозғалысы  жоғары,рыноктағы бағаға әсер ету тетіктері жоқ,ақпарат алу мүмкіншіліктері бірдей.Жетілген бәсеке үш бағытта жүреді:сатушылар арасында,сатып алушылар арасында және сатушылар мен сатып алушылар арасында.Жоқсыз бәсеке:1.Бәсекелесі туралы жалған,теріс ақпарат тарату;2.Тауарлардың сапасын,өндірілген жері,өндіру тәсілі туралы ақпараттарды бұрмалау.3.бәсекелес фирмалардың тауар белгісін,фирма атауы мен маркасын заңсыз пайдалану.4.Қойылған талаптарға сай келмейтін тауарларды жарнамалау.5.Бәсекелестердің тауарларына нұқсан келетін дәексіз салыстыруларды жария ету.6.Құпия ғылыми техникалық,өндірістік,ақпараттарды жария ету.Барлық елдерде бәсекелік күрестің бағалық әдістері қолданылады.Өз тауарына монопольды жоғары немесе монопольды төмен бағаны қояды және бағалық алалау әдісін пайдаланады.Бағалық емес күрес әдістері.Бұл әдіс екі топқа бөлінеді:1)өнім бойынша бәсеке2)сату жағдайы бойынша бәсеке.

25. Баға оның өндірістегі  орны. Жетілмеген бәсеке кезінде монопсонистің бағаға билігі сұраныстың икемділігімен тығыз байланысты. Басқа теңдік жағдайларда, сатып алушылардың сураныс икемділігі аз болған сайын, монополист фирманың жоғары баға қоюға мұмкіндік болады. Осыған байланысты фирмаға рынокты бөлу тиімді болғанда мынадай жағдай пайда болуы мүмкін: бір тауарды әр түрлі сатып алушылар топтарына әр түрлі бағамен сатады. Мұндай сату тәжірибесі баға алалаушылығы деп аталады. Бұл жерде алалаушылық сөзі біреудің құқына қысым жасау дегенді емес, бөліну дегенді білдіреді.   Неге фирма белгілі жағдайда баға алалаушылығын қолданады. Оның мәнісі бағаны төмендету арқылы жаға сатып алушыларды тартуға болады, олар басқа жағдайда өнімді жоғары бағаға сатып алмайды. Бірақ бағаны төмендетуді сатып алушылар өнімді бұрынғыдай жоғары бағамен сатып алатын етіп жүргізу керек. Фирма рынокты бөлу арқылы өз пайдасын көбейтеді, байлығы жоғары сатып алушыларға монопольды тепеөтеңдік бағасынан жоғары, ал кедейлерге бұл бағадан төмен бағадағы өнімді ұсыну арқылы. Баға алалаушылығының ең күрделі мәселесі бір рыноктан екінші рынокты сенімді түрде ажырату, яғни арзан, қымбат. Егер мұны істемесе, онда пайданы барынша көбейту идеясы жүзеге аспайды. Өйткені арзан рыноктың тұтынушысы арзан бағамен алып қымбат рынокта сатады.

Информация о работе Экономика қағидалары шпор