Экономика қағидалары шпор

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2011 в 14:16, шпаргалка

Описание работы

1,Экономикалық теорияның зерттеу пәні бойынша көзқарастар эволюциясы.
Экономикалық теорияның пәні-адамдар мен әр түрлі әлеуметтік топтар арасындағы игіліктерді өңдіру, бөлу , айырбастау ж/е тұтыну процесстерімен байланысты қалыптасатын экономикалық қатынастарды зерттеу. Нобель сыйлығының лауреаты П.Самуэльсон өзінің «Экономика» атты еңбегінде эк/қ теорияның зерттеу пәнін тұтыну және өндіру жүзеге асыру, адамдар арасындағы айырбас, ақшалай келісім-шарттардан туындайтын қызмет түрлерімен байланыстырады және эк/қ теорияның пәні өзгермейді, оны нақты деп айту қиын деген қорытынды жасайды.

Работа содержит 1 файл

экономика кагида новый шпор.docx

— 112.70 Кб (Скачать)

  ЖІӨ-ді фирманың ұлттық құрамында болуына байланыссыз, сол мемлекеттің территориясында орналасқан қызмет өрісінің ж/е материалдық өндіріс саласының ақтық өнімінің жиынтық құны ретінде есептелінеді. ЖІӨ-нің құрамына тек елдің ішінде өзінің меншік өндіріс факторларын қолдану арқ. өндірген қызметтер мен өнімдер жатады. М, ҚР-ның мұнайы Өзбекстанда қолданылса, онда бұл мұнайдың құны Өзбекстанның ЖІӨ-не кірмейді. ЖІӨ-ге халықаралық операциялардан түскен түсімдер кірмегендіктен, ол әр түрлі елдердің экономикалық даму деңгейін салыстыру үшін қолданылады. Халықтың өмірлік деңгейін сипаттау үшін үш көрсеткіш қолданылады: жеке табыс, қолда бар табыс, таза экономикалық тұрмыс.Жеке табыс – салықты төлегенге дейінгі жеке тұлғалар мен жанұялардың алатын барлық табысы. Оған алынған табыс, жанұялар мен жеке тұлғалардың мемлекеттен алатын зейнетақы, стипендия, жұмыссыздыққа жәрдемақы ж/е т.б. төлемдер жатады. Қолда бар табыс – салықты төлегеннен кейін қалатын табыс.

  Таза экономикалық  табыс – бұл көрсеткіш, қоғамның экономикалық тұрмысын тек бар табыс емес, сонымен бірге өмірлік сапасын есепке алып өлшейді. ЖҰӨ мен экон/қ тұмыс арасында тікелей байланыс бар; ЖҰӨ көп болған сайын, экон/қ тұрмыс жоғары болады.

42.Экономикалық өсу. Экономикалық өсудің типтері мен факторлары. Экон-қ өсу дег-бұл қоғамдық өндірістің өсуі және сапалы түрде жетілдірілуі. Экон-қ өсу белгілі бір уақыт аралығындағы ұлттық экон-ң дамуын сипаттайды, яғни нақты ұлттық табыстың , нақты ЖІӨ-ң артуы кезіндегі ұлттық шаруашылықтың дамуы. Экон-қ өсу өз құрамына өндіріс нәтижелеріне жаңа үдемелі теңдіктердің қалыптасуын қосатын, экон-қ даму процесінің бір нысаны болып табылады. Экон-қ өсудің базасы болып өндіріс және ұдайы өндіріс тиімділігі табылады. өндіріс пен ұдайы өндіріске талдау жасамай, экон-қ өсуге жету мүмкін емес. Сонымен экон-қ өсу бұл экономика дамуының оң динамикасын сипаттайтын, экон-қ элементтердің даму бағыты. Сонымен қатар экон-қ өсу-бұл номиналды және нақты ЖІӨ-ң өсуіне әкелетін қозғалыс, яғни елдің экон-қ қуатының артуының негізі. Сондықтан экон-қ өсу мемл-ң экон-қ саясатының басты мәселесі болып табылады.экон-қ өсу өндіріс көлемімен сұраныс өсетін экон-ң жағдайымен анықталады және құлдырауға қарсы тұрады. Өсу факторлары-экон-қ өсудің түпкілікті элементтері. Экон-қ өсу факторлары былай бөлінеді: 1.тұрғындар. 2. капитал салу. 3.инновациялар. 4.сыртқы айырбас. Экон-қ өсуге әсер ететін факторлар тікелей(экон-қ өсуге физикалық қабілеттілікті тікелей анықтайды) және жанама(физ-қ қабілеттің асу мүмкіншілігіне әсер етеді) болып бөлінеді. Тікелей факторлардың құрамына бес негізгі фактор кіреді:1. еңбек ресурсының сапасын және санын арттыру. 2.негізгі капитал құрамын сапалы жақсарту және көлемін өсіру. 3. өндірісті ұйымдастыру мен технологияны жетілдіру. 4. шаруашылық айналымға тартылатын табиғи ресурстардың санын және сапасын жоғарылату. 5.қоғамдағы кәсіпкерлік қабілеттерді өсіру. Ал жанама фактор құрамына рыноктың монополиялану деңгейін төмендету, өндіріс ресустарына бағаны төмендету, пайдаға салынатын салық мөлшерін азайту, несие алу мүмкіншіліктерін кеңейту сияқты факторлар жатады. Экон-қ өсуді екі негізгі типке бөледі. 1.экстенсивті. 2. интенсивті. Экстенсивті және интенсивті экон-қ өсу типтері экономикада таза күйінде қолданылмайды. өсу факторларын  ғылыми техникалық процесс жетістіктерін енгізу негізінде сапалы жетілдіру өндіріс құрал-жабдықтарына н/е жұмыс күшіне инвестиция салуды талап етеді, сондықтан нақты экон-қ өсуге талдау жасау кезінде басымырақ экстенсивті н/е интенсивті өсу қарқыны денп бөлінеді. Қазіргі уақытта экон-қ өсуді нақты ЖҰӨ өсіміндегі үлес салмағына байл екі типтің біріне жатқызады. Егерде нақты ЖҰӨ-ң өсудің интенсивті факторы арқылы алынған үлесі 50%дан жоғары болса, онда экономикада интенсивті өсу типі басым және керісінше.

43. Экономикалық цикл теориясы. Цикл фазалары.   Экон-қ цикл дег-бұл экон-да қысқа және ұзақ мерзім аралығындағы өндіріс, жұмыспен қамту және табыс мөлшері деңгейінің үнемі ауытқып отыруы. Дамуының себептері: автономды инвестициялардың азаюы, ақша массасының ауытқуы, негізгі капиталдың жаңартылуы, мунтипликатор әсерінің әлсіреуі және тұтыну мен инвестиция арасындағы  ауытқудың болуы. Экон-қ цикл теориясы, халық шаруашылығындағы қозғалысты анықтайтын экон-қ динамика теорияларына жатады. К.Маркс экон-қ цикл мәселесіне көп көңіл бөлген. Ол циклдың бірін-бірі кезектесе алмастырып отыратын негізгі төрт фазасын бөліп қарастырады:. Олар: құлдырау, тоқырау, жандану, өрлеу. Құлдырау тауарлардың артық өндірілуі, несиенің азаюы арқылы көрінеді. бұл жағдай пайданы азайтады және өндірісті төмендетеді; банктік берешектерді өсіреді, банктік құлдырауға  және экон-ң  басқа сфераларындағы кәсіпорын-ң банкрот болуына әкеледі. Құлдырау тоқыраумен алмасады. өндіріс төмендеуін қояды, бірақ өспейді. Артық тауарлар тарайды, бірақ сауданың жағдайы онша емес. Проценттік норма барынша төиендейді. Бірақ бірте-бірте өсу нүктелері пайда бола бастайды, жандану басталады. Нарықтың жаңа жағдайына бейімделген кәсіпорын тауардың өндірісін көбейтеді жаңа өндірістік құбылыс өседі, пайда, қарыз проценті , жалақы көтеріледі және өрлеу фазасы басталады. өсу құлдыраудың алдындағы ең жоғары нүктеден артады, өндіріс кеңейеді, жұмыспен қамту, тауарлық сұраныс, бағалар, процент нормасы өседі. Бірте-бірте өндіріс көлемі жаңадан төлемге қабілетті сұраныстан арта бастайды, нарық тауарлар және қызметтермен асыра толтырылады. Қазіргі жағдайда экон-қ циклдың мән-мазмұны өзгерді. Ол, біріншіден, экон-қ белсенділіктің ауытқуының азаюы, яғни құлдырау фазасының қысқарып, өрлеу сатысының  неғұрлым ұзаруы және құлдыраудан кейін тоқырау фазасына тоқталмай, бірден жандану мен өрлеу фазаларына өтуі; екіншіден, жұмысбастылық деңгейі мен өндіріс көлемі ауытқуының диапазонының қысқаруы; үшіншіден экон-қ циклға рыноктың монополиялық құрылымының, Ғылыми техникалық процестің, өндірістің ғаламдануының, экономиканы мемлекеттік реттеудің әсерінің күшейе түсуінен көрінеді.

44. Мемлекеттік реттеудің құралдары мен әдістері  Экономиканы мемлекеттік реттеу – мемлекеттің ел экономикасына қатысу формаларын әлеуметтік-экономикалық процестерге әсер етуші әдістер мен тәсілдерді қарастырады, сөйтіп тиімді рыноктық қатынастар қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік реттеудің мақсаты – қазіргі заманғы рынокты қалыптастыру, яғни әр-түрлі тауарларға сұранысты қанағаттандыру, қызмет көрсету деңгейін арттыру, дефицитті жою болып табылады.   Рынок үшін әкімшіл-әміршіл жүйенің қажеті жоқ, оған ерекше инфрақұрылым қажет. Ал мемлекеттік реттеу – осы инфрақұрылымды жасап, оның тиімді іс-әрекет етуіне қол жеткізуі қажет, яғни мемлекеттік реттеу рыноктық экономиканың кемшіліктерінің орнын толтыруы қажет.

Мемлекеттің экономикаға тікелей әсер етуіне мыналар әсер етеді:

-индикативті  жоспарлар арқылы ел экономикасы  дамуының стратегиялық мақсаттарын  анықтау;

-белгілі  бір тауарды жеткізу үшін мемлекеттік  тапсырыстар мен келісім-шарттар;

-бағдарламалар,  тапсырыстар және шарттарды мемлекеттік  қолдау;

-технология мен өнімнің сапасына нормативтік талаптар қою;

-белгілі бір тауарларға құқықтық және әкімшілік шектеулер қою;

-тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялау.

Мемлекеттік реттеудің жанама әсер ету әдістері:

-салық салу және салық деңгейі, жеңілдіктер жүйесі;

-бағаны реттеу және оның деңгейімен арақатынасын анықтау;

-ресурстар үшін төлемдер, кредиттеге, пайыздық ставкаға жеңілдіктер беру;

-экспорт және импортты кедендік реттеу;

-валюта курстары, оларды айырбастау шарттарын реттеу.Көптеген экономистер салықтық реформаны тиімді деп санайды, сонымен бірге қатаң реттеушіліктердің босаңсуы экономикаға тиімдірек жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Бірақ мұндай проблемалардың көпшілігі Паретто бойынша жақсы болып табылмайды. Жеңгендер немесе табысы жоғарлағандар саны көп болса, салықтық өзгерістерден кейін зардап шегетіндер табылады. Осы факт реформаны қиындатады. Ерекше мүдделі топтар сол салықтың режимді орнату үшін көптеген уақыт пен ақшаларын жұмсайды. Барлық елдерде жүргізіліп отырған саясат елдің экономикасын дамытуға бағытталуы тиіс, яғни ол халықтың әл-ауқатын жоғарлатып, экономикалық тұрақтылыққа негізделуі тиіс. Сол себепті мемлекет әртүрлі экономикалық саясат жүргізеді, олар:

1.қаржы – несие саясаты

2.фискальді саясат

3.еңбек ақы және тариф саясаты

4.мемлекеттік  инвестиция саясаты

5.әлеуметтік саясат т.б.   

Меншік  қатнастарына байланысты: адамның қоғамдағы  алатын орыны, қоғамдық өнімдегі адамның  үлесі, қоғамдық өмірдегі адамның ролі және тағы басқа анықталады. «Ешкімдікі емес» қоғамдық меншік белсенді шаруашылық қызметін ынталандырмайды. Жеке меншік керісінше жеке мүдделер тұрғысынан анағұрым нәтижелі еңбекке жетелейді. Бірақ мұнда байлық пен кедейлік жіктеліп, әлеуметтік шиеленіс пайда болады.Қолайлы әлеуметтік ортаны қалыптастыру үшін мемлекет игіліктердің бір бөлігін жалпыға ортақ игіліктер ретінде қалыптастыруы қажет. Мысалы, табиғи байлықтар, орман, парктер т.б. Мемлекет – қоғамдық мақсатты қамтамасыз ету үшін шаруашылық тұлғалары мен рынокты бақылауды қамтамасыз ету үшін заңды және саяси билікті іске асыратын үкімет мекемелерінен тұрады.

Экономиканы мемлекеттік реттеу – рыноктық экономиканың кемшіліктерінің орнын толтыру, басқару органдарының қоғамдық тиімді нәтижеге жетуі үшін жалпы өндірістік процеске әсер етуі болып табылады. Басты мақсаты – қазіргі заманғы рынокты қлыптастыру яғни әртүрлі тауарларға сұранысты қанағаттандыру, қызмет көрсету деңгейін арттыру, тапшылықты жою болып табылады. Ол қоғам дамуының объективті заңдарына сүйенеді. Экономикалық ретеудің мазмұнына «белсенді әлеуметтік саясат» жүргізу (кедейшілікке қарсы) кіреді.

Мемлекеттің экономикаға араласу сфералары:

-бәсекелестікті қолдау;

-жалпы экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету.

Яғни, рынокта  табыс бойынша бөліну т.б. салдарынан халық шаруашылығында ішкі тұрақтылық бұзылады. Салалық диспропорция пайда болады. Сондықтан мемлекет ұзақ мерзімді, орта және қысқа мерзімді ауытқуларға араласады.

-әлеуметтік қамсыздандыру және тепе-теңдік. Жаңа қоғамда жалдамалы жұмысшылар, зейнеткерлер, балалар мен жастарды құрғау қажеттілігі туады. Рыноктық экономикада олар ешнәрсе өндірмейді және ештеңе ұсына алмайды. Яғни табыссыз, сондықтан мемлекет оларға көмектер көрсетеуі қажет.

-микродеңгейдегі тапшылықтарды жою. Мысалы, фирмалардың банкроттығын болдырмау, салықтық көмектер беру т.б.

-Мемлекеттің  мақсаты:   -экономикалық өсу;                    -толық жұымбастылықпен қамтамасыз ету;

-бағалардың тұрақтылығы;

-сыртқы  және ішкі экономикалық тұрақтылық

45. экономикалық өсу  факторлары- экономикалық өсудің түпкілікті элементтері. Олар:тұрғындар, капитал салу,инновациялар, сыртқы айырбас.Экономикалық өсуге әсер ететін фактолар тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей фактор экономикалық өсуге физикалық қабілеттілікті тікелей анықтайды. Тікелей факторлардың құрамына жиынтық өндіріс пен ұсыныс динамикасын тікелей анықтайтын 5 негізгі фактор кіреді.Тікелей факторлары екі негізгі топқа бөлінеді:экстенсивті және интенсивті.  Ал жанама тікелей фактордағы қабілеттің іске асу мүмкіншілігіне әсер етеді. Сонымен қатар жанама фактор құрамына рыноктың монополиялану деңгейін төмендету, өндіріс ресурстарына бағаны төмендету, пайдаға салынатын салық мөлшерін азайту, несие алу мүмкіншіліктерін кеңейту сияқты факторлар жатады.  Бөлу факторлары: 1. Өндірістік ресурстардың салалар, кәсіпорындар және елдегі  аймақтар бойынша нақты аллокациясы.2.қоғамда орын алып отырған табыстарды шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында бөлу тәртібі. Бұл факторлар экономикалық жүйенің өсу қабілетіне және оның тиімділігіне әсер етеді.

46. Жұмыссыздық және оның түрлері

 Жұмыссыздық  - еңбек рыногының құрамдас элементі  болып табылады. Жұмыс күші бар  ересек адамдар еңбек рыногына  қатысуна байланысты бірнеше  негізгі категорияларға бөлінеді. Әрбір адам 3 түрлі санаттың біреуіне  жатады: жұмыс істейтін, жұмыссыз  және жұмыс күшіне кірмейтіндер. Жұмыс істейтін адам деп –  үй шаруасымен немесе оқумен  шұғылданбайтын, апта бойы жұмыс  істейтін адамдарды осы топқа  кіргіземіз. Егерде азамат жаңа  жұмысқа шығуды күтіп жұмыс  істемесе, яғни уақытша босатылса  немесе жұмыс іздеп жүрсе, онда  ол – жұмыссыз саналады. Алғашқы  екі санатқа кірмейтін азаматтар(мәселен  студенттер және үй шаруасындағы  әйелдер), жұмыс күші құрамына  кірмейді: олар жұмыс істемейді,  іздемейді.Жұмыс күші – жұмыссыздар  мен жұмыс істейтіндердің жиынтығы, ал жұмыссыздық  деңгейі –  бұл жұмыс күшінің жалпы санындағы  жұмыссыздардың пайыз түріндегі  анықталуы.

Жұмыссыздық деңгейі  = жұмыссыздар  саны  * 100/ жұмыс  күшінің жалпы  саны.

Экономикалық  әдебиеттерде жұмыссыздықты мына типтерге бөледі:

Фрикциондық жұмыссыздық -  Кейбір адамдар өз мамандықтары бойынша қызмет түрін таңдау  мүмкіншіліктері бар кезде «жұмысаралық" жағдайда қалады. Кейбіреулерін жұмыстан шығарып жіберіп, олар басқа жұмыс орындарын іздеу үстінде болады. Ал басқалары тұрақты жұмыс орындарын жоғалтқандықтан уақытша жұмыссыз болады. Сонымен қатар еңбек нарығында жастар арасында алғаш рет жұмыс іздеп жүргендер де жұмыссыздар қатарына кіреді. Осы жұмыс орнын іздеп жүрген және жұмысқа орналасуын күтіп отырған еңбекке қабілетті адамдар экономистер «Уақытша жұмыссыздық» деп атайды. Фрикциондық жұмыссыздық мына жағдаймен байланысты: бар вакансия туралы толық ақпарат болмағанда немесе осы ақпарат тым қымбат болғанда, жұмыскерлер мен бос жұмыс орындарының арасында әрдайым белгілі сәйкессіздік болады. Осы жұмыссыздықтың дәрежесі жаңа жұмыс іздеуге кеткен уақыттың жалпы шығындарымен белгіленеді (1айдан 3 айға дейін).

  Құрылымдық жұмыссыздық. Экономикадағы құрылымдық өзгерістердің нәтижесінде бос жұмыс орындары мен жұмыссыздардың арасындағы кәсіби біліктілік пен аумақтық сәйкессіздік құрылымдық жұмыссыздықтың басты себебі болып табылады. Экономиканың дамуы құрылымдық өзгерістер тудырып отырады: жаңа технологиялар, жаңа тауарлар пайда болады. Капиталдар рыногындағы сұраныс құрылымында өзгерістер орын алып отырады. Осының нәтижесінде жұмыс күшінің кәсіби – біліктілік құрылымында өзгерістер пайда болады, бұл – жұмыс күшінің тұрақты түрде аумақтық және салалық қайта бөлінуін талап етеді. Экономиканың бір секторынан құрылымдық  өзгерістердің нәтижесінде жұмыстан айырылған жұмыскерлер басқа салалардағы бос жұмыс орындарына орналаса алмаған жағдайда, құрылымдық жұмыссыздық орын алады. Фрикциондық жұмыссыздықпен салыстырғанда құрылымдық жұмыссыздықтың мерзімі ұзақ болады(әдетте қатарынан 6 айдан артық). Құрылымдық жұмыссыздыққа әдетте біліктілігі төмен немесе мамандығы ескірген жұмысшылар ұшырайды және мұның өзі экономикалық жағынан артта қалған аудандар халықтарын қамтиды.

Информация о работе Экономика қағидалары шпор