Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2011 в 14:16, шпаргалка
1,Экономикалық теорияның зерттеу пәні бойынша көзқарастар эволюциясы.
Экономикалық теорияның пәні-адамдар мен әр түрлі әлеуметтік топтар арасындағы игіліктерді өңдіру, бөлу , айырбастау ж/е тұтыну процесстерімен байланысты қалыптасатын экономикалық қатынастарды зерттеу. Нобель сыйлығының лауреаты П.Самуэльсон өзінің «Экономика» атты еңбегінде эк/қ теорияның зерттеу пәнін тұтыну және өндіру жүзеге асыру, адамдар арасындағы айырбас, ақшалай келісім-шарттардан туындайтын қызмет түрлерімен байланыстырады және эк/қ теорияның пәні өзгермейді, оны нақты деп айту қиын деген қорытынды жасайды.
26.Фирма
нарықтық экономикадағы
кәсіпкерлікті ұйымдастырудың
негізі ретінде.Фирма нарықтық экономиканың
негізгі экономикалық агкнті.Бір немесе
бірнеше кәсіпорыннан тұратын,пайда табу
үшін тауар мен қызметтер жасап шығаруға
ресурстарды пайдаланатын ұйымды фирма
деп атайды.Фирмаларды жіктеу үшін әр
түрлі көрсеткіштер қолданылады,олардың
маңыздысына меншіктің формалары және
фирманың көлемі жатады.Меншіктің
формасына сәйкес фирмалардың
немесе кәсіпкерліктің үш түрін атап кетуге
болады:*индивидуалдық немесе жеке кәсіпкерлік;*серіктестік
немесе партнерлік;*корпарация.Индивид
27.
Жеке кәсіпкерлік.
Оның түрлері.
Кәсіпкерлік әр түрлі формада болады.
Оларды топтастыру негізінде екі белші
жатыр: меншің формасы және фирма көлемі.
Меншік формасына байланысты кәсіпкерлік
мемлекеттік және жеке болып бөлінеді.
Бұл екі сектордың ұлттық экономикадағы
үлес салмағы тұрақсыз: ұлттандыру кезітде
мемдекеттік кәсіпкерлік шекаралары кеңейеді,
ал жекешелендіру оларды тарылтады. Мемлекеттік
кәсіпкерлік әдетте тұрақты және капитал
сыйымдылығы жоғары, себебі, үкіметтің
қаржылық және ұйымдастырушылық жағынан
қамқорлығында. Сонда да, жеке сектор мемлекеттікке
қарағанда бірқатар артықшылықтарға ие:
- түсімділігі жоғары қызмет жоғары сферасын
таңдауға еркін; - бизнес көлемі шектелмеген;
- қатаң бағамен шектелмейді. Кәсіпкерлікте
үш түрді бөліп алады: - жеке тұлғалар;
- серіктестік; - корпарация. Жеке кәсіпкерлік
деп бір адам ғана айналысатын бизнесті
айтады. Оның жауапкершілігі шектелмеген
және оның капиталы көп емес – жеке кәсіпкерліктің
кемшіліктері осында. Оның артықшылықтары:
әр меншік иесі өз пайдасына өзі ие, кез
келген өзгерісті өзі жасай алады. Ол тек
табыс салығын төлейді және корпарация
үшін бекітілген салықтан босатылған.
Бұл ұсақ дүкендерге қызмет көрсету саласындағы
кәсіпорындарға, фирмаларға, сондай-ақ
юристердің, дәрігерлердің т.б. Кәсіби
қызметіне тән бизнестің кең тараған формасы.
28. Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтың формалары.
Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық-құқықтық нысандары ҚРң Азаматтық кодексінде белгіленген. Кәсіпорынның ұйымдық нысаны-кәсіпорын серіктестерінің ішкі қатынастары мен мемлекеттік органдар ж/е басқа да кәсіпорындармен қатынастарда болады. Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандарын дұрыс таңдау көптеген факторларға тәуелді болады, оның ішінде: жеке капитал мен оны тұтыну мүмкіндігінің болуы, кәсіпкерлік қызмет сипаты мен масштабы, кәсіпкерлік жобаны іске асыру мерзімі, кәсіпкердің жеке тәжірибесі мен ұйымдастырушылық қабілеті, рынок жағдайы ж/е т.б.Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқық нысандары: 1. серіктестік: толық, сенім, жауапкершілігі шектеулі, қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер. 2. акционерлік қоғам. 3. м емлекеттік кәсіпорын.
1. Толық серіктестік-қатысушылары кәсіпорынның міндеттемесі бойынша өзіне тиесілі барлық барлық мүлкімен ортақтасып жауап беретін серікткстік б.т. Т.с. құрылтай шарты негізінде құрылады ж/е әрекет етеді. Т.с.қызметі барлық қатысушылардыңжалпы келісімі бойынша басқарылады, серіктестіктің әрбір қатысушысы серіктестік атынан әрекет етеді. Серіктестіктің пайдасы мен шеккен зияны қатысушылары арасында жарғылық қордағы үлесіне қарай бөлінеді.
Сенім серіктестігі-серіктестіктің міндеттемелері бойыншаөзінің бүкіл мүлкімен жауап беретін қатысушылармен қатар, міндеттемеге өзінің салымының көлемінде жауап беретін, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатыспайтын бір н/е бірнеше қатысушылардан тұратын серіктестік сенім серіктестігі б.т.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік-бір н/е бірнеше адам құрған жарғылық қоры құрылтай құжаттарында белгіленген мөлшерде үлестерге бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік б.т. Оның мүшелері қоғам міндеттемелері бойынша жауап бермейді, серіктестіктің зияндарына тек өз үлестерінің мөлшерінде тәуекел етеді.
Қосымша жауапкершілігі бар сер/к-тің қатысушыларысеріктестік міндеттемелеріне өздерінің салымымен ал бұл жеткіліксіз болса, салымдарының еселенген мөлшерінде қосымша мүлікпен жауап береді. Қоғамның бір қатысушысы банкротқа ұшыраған жағдайда оның жауапкершілігі қатысушылар арасында салымдарына қарай бөлінеді.
2. Акционерлік қоғам-Бұл өз қызметін асыру үшін акциялар шығаратын заңды тұлға. Акция д/з-оның иесі акционерлік қоғамның жалпы капиталында өз үлесін қосқандығын дәлелдейтін ж/е оның пайдасынан белгілі бір үлесін алуға құқық беретін құжат. Қоғам өз акционерлерінің мүлкінен оқшауланған мүлікті иеленеді, ал акционерлер қоғам міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Акц/к қоғамды құру үшін сер/к келісім шартн жасау керек, оны қоғамның жарғысы д.а.Бұл қордың мөлшерін сол елдің ұлттық заң шығарушы органы анықтайды.
3. Мемлекеттік кәсіпорындар. Бюджеттік кәсіпорынға-заңды, шар/қ дербестігі жоқ кәсіпорындар жатады. Олар пайдадан салық төлемейді, олардың бүкіл табысы мен шығысы мемл/к бюджет арқылы өтеледі. Мемелекеттік корпорациялар-кең тараған түр. Олар белгілі бір құқық суб/рі ж/е өзіндік меншікте мүліктері бар кәсіпорындар. Олар мемлекет иелік ететін акциялар арқылы акционерлік қоғам нысанында да құрылуы мүмкін. Кәсіпорын қызметінің эк/қ негізін мемл/к қорлар есебінен құралатын өзіндік капитал, акционерлік капитал, пайда құрайды. Аралас компаниялар-акционерлік қоғам ж/е жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысанында құрылады, акциялары мемлекет пен жеке салымшылардың қолында болады.
29. Кіші, орта және ірі фирмалардың экономикадағы рөлі.
Осы заманда батыс эк/да кіші бизнес шаруаш/ң ең ірі секторын құрайды.Бұнда барлық жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі еңбек етеді. Кіші бизнестің типтік нормасына франчайзинг мен венчурлік кәсіпкерлігі жатады. Франчайзингке ұсақ жеке фирмалар жатады. Белгілі жерде, белгілі сферада, өздерінің қызметтердінде ірі фирмалардың фабрикалық маркасын пайдалану құқығына ие болу үшін, олар бір-бірімен контранкт жасайды. Бұлардың баға жағынан тауарды жеткізуде, жабдықтармен қамтылу жеңілдіктері болады. Кіші фирмалар ірі компаниялардың өнімдерін бөлшек саудада сатушы қызметтері арқылы атқарады. Бұндай контрактар екі жаққа пайдалы: ұсақ фирмалар ірілерден қамқорлыққа ие болады, олардын сауда жасайтын аймақ алады, ал ірі фирмалар өнімдерін өткізуге жұмсалатын ақшаны үнемдейді ж/е қамқорына алғандардан ұдайы төлемдер алып отырады. Венчурлік фирма. Бұл ғылыми зерттеумен ж/е оны әрі дамытумен айналысатын коммерциялық ұйым. Олар ғылыми жаңалықтарды иемденетін компанияларды қаржыландырады ж/е консультация жүргізеді. Олар жаңалық енгізуден бизнес жасайды. Венчурлік кәсіпкерлік 2-ші дүнжүз. Соғыстан кейін тұңғыш рет АҚШ-да п.б. Венчурлік фирма Қазақстанда құрыла бастады, бірақ жалпы шағын кәсіпкерлікке ұқсас, кең тарамай отыр. Ал Қазақстан үшін шағын кәсіпкерліктің маңызы өте зор, өйткені ол көп мәселені шешеші:1.Қазақстан халқының елеулі бөлігін құратын жағдайы төмен адамдар үшін соншама көлемді капитал салымынсыз тұтыну тауарлары мен қызметтер өндірісін кеңейтуге ат салысады;2.халықтың материалдық ж/е қаржылық қаражаттарын өндіріске тартуға көмектеседі;т.б.Орташа бизнестің рөлі аз емес. Бұл ірі кәсіпкерлікпен де, ұсақ кәсіпкерлікпен де бәсекелес болады. Нәтижесінде ірілер қатарына шығуы мүмкін, н/е мүлде күйрейді. Тек кейбір ерекше монополистік өнім шығаратын болса жағдайы жөнді болуы мүмкін. Ірі бизнес, көбінесе бизнестің ең тұрақтысы. Оның нарықтағы монополдық болмысы көпшілік тұтынуына арналған арзан ж/е мол өнім өндіруге мүмкіндік береді.
30.Фирма шығындары,оның түсінігі.Ұзақ мерзімдегі фирманың және саланың тепе-теңдік мәселелері,қысқа мерзімдегіден өзгеше болады.Егер фирма өнімінің белгілі көлемін ұзақ мерзімде барынша төмен орташа шығындар жұмсап өндірсе,ондаосындай болмыста баға шекті шығындарға тең болғандықтан тепе-теңдік пайда болады.Мысалы,фирманың барынша төмен орта шығындары,нарықта қалыптасқан бағалардан жоғары болса,кейбір фирмалар нарықтан шығады,саладағы ұсыныс азаяды.Бұл жағдай бағаны көтереді.Егер фирманың орташа шығындарының барынша азы нарықтық бағадан төмен болса,онда саладағы барлық фирмалар үстеме пайда алады.Бұл басқа фирмалардың осы салаға келуіне стимул болады.Нәтижесінде салалық ұсыныс көбейеді.Ал баға төмендейді.Жетілмеген бәсеке жағдайындағы фирманың рационалдық іс-қимылында кейбір ерекшеліктер болады. Жетілмеген бәсеке нарығында фирма өзінің өнімдерініңбағасына ықпал ете алады.Егер жетілген бәсеке нарығында өнімнің бірінен кейін бірі сатылған бірліктерден түсетін қосымша табыс тұрақты болып өзгермей,нарықтық бағаға тең болса,жетілмеген бәсеке нарығына төмендетеді,ал бұл қосымша,немесе,шекті табыстың төмендегені болады(МR).Батыс экономикалық әдебиетіндкгі фирма теориясы пайданы барынша көбейту принципне негізделген.Бірақ фирма әрекеттеріне басқа да мотивация беру аз кездеспейді:*кейбіреулер фирманың мақсаты пайданы барынша көбейту емес,сату көлемін көбейту дейді.*басқа концепция бойынша,американдық профессор Г.Саймонның «қанағаттандыру»теориясы бойынша,фирма тек пайданың белгілі дәрежесін көздейді,ал бұған жеткен соң одан әрі қарай барынша жоғарылату үшін әрекет етпейді.
31. Өндірістік шығындар теориясы.Шығындарды зерттеумен саяси экономия классиктері айналысқан. А.Смит абсолюттік шығындар деген түсінік енгізген, ал Д.Рикардо салыстырмалы шығындар теориясының авторы. «Шығында»р деген терминді олар, бірлікке жұмсалған орташа қоғамдық шығындар деп түсінген,н/е, өнімнің жеке бірлігі орташа кәсіпорын үшін не тұрады,н/е, саладағы кәсіпорындардың барлығына бірдей орташа шығындар көлемі қандай шамада болады. Классиктер шығындарды ренталық төлемдермен есептескендегі өндіріс бағасы деп те дәлелдейді. Марксистук теория бойынша өндіріс шығындары капиталиске тауардың не тұратынын көрсетеді: өндіріс құралдары мен жұмысшы күшіне жұмсалған сомасы болады. К.Маркс ерекше капиталистік шығындардан, тауардың құнын құрайтын еңбек шығындарын-ақиқат өндіріс шығындарын-ажыратып зерттейді. 20ғ.соңында бірнеше жаңа теориялар болды. Маржиналистер бойынша, шығындар шекті пайдалылыққа негізделген психологиялық құбылыс б.т. Олардың шекті пайдалылығымен белгіленетін, өндіріс факторлары үшін фирма төлейтін соманың шамасы белгіленеді. Марж/к эк/қ теорияда шығындар түсінігі тек жекек кәсіпорынға тән жағдай деп есептелінеді. Осы кәсіпорынның табысы мен шығындары өндіріс масштабының функциясы деп түсініледі. Австриялық теорияда Ф.Визер балама мүмкіндіктер шығындарының суб-к теориясының авторы. Осы тауардың нақты өндіріс шығындары, өндіріс ресурстарын басқаша пайдаланғанда өндірілген өнімдерден қоғамға түсетін барынша жоғары пайдалылыққа тең болады. Австриялық мектептің өкілдерінің марж/к көзқарастарын матем/қ негізге көшірумен байланысты, шығындарды барынша төмендету теориялары п.б. Шығындарды институционалистік теориясының көрнекті өкілдері Дж.Кларк ж/е Дж.А.Гобсон. Кларк қосымша шығындар мәселелерімен айналысқан ж/е шығындардың әр қилы типтерін индивидуалдық, қоғамдық, абсолюттік, үстеме, қаржылық, өндірістік, ұзақ мерзімді ж/е қысқа мерзімді жан-жақты зерттеген. Гобсон адамға жасалатын шығындар деген ұғым енгізді. Бұл еңбек амалының сапасы мен сипаты, оның қабілеттілігі ж/е қоғамдағы еңбек бөлінісінің тиімділігі жатады.
32. Табыс, мәні және оның түрлері. Шекті табыс. Ұлттық табыс – жылдың ішінде жаңа жасалған құны бар өндіріс нәтижесі. Ол ЖҰӨ мен жылыдң ішінде оны құруға кеткен материалдық шығындар (амортизация, шикізат,материалдар және т.б.) арасындағы айырмашылық. Шетелдік статистикада оны барлық табыстар сомасы ретінде анықтайды: 1) жалақы, яғни жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбегіне ақы; 2) пайда, яғни жеке шаруашылық, серіктестер, кооперативтер, корпарациялар иелері алатын табыс; 3) рента, яғни жерді, ғимаратты, үйлерді арендаға бергенде үй шаруашылығының алатын табысы; 4) процент, яғни орта капиталына (несие, банкке, салым және т.б.) төлем. Халықтың өмірлік деңгейін сипаттау үшін үш көрсеткіш қолданылады: жеке табыс, қолда бар табыс, таза экономикалық тұрмыс. Жеке табыс – салықты төлегенге дейінгі жеке тұлғалар мен жанұялардың алатын барлық табысы. Оған алынған табыс плюс жанұялар мен жеке тұлғалардың мемлекеттен алатын зейнетақы, стипендия, жұмыссыздыққа жәрдемақы және т.б. трансферттік төлемдер кіреді.Қолда бар табыс – салықты төлегеннен кейін қалатын табыс. Таза экономикалық тұрмыс – қоғамның экономикалық тұрмыс тек бар табыс емес, сонымен бірге өмірлік сапасын есепке алып өлшейді. Шекті табыс – қосымша бірлігін сатқандағы жлпы табыстың өсуі.Сандық жағынан пайда тауарды сатқандағы жалпы табыс пен өндіріс шығындарының арасындағы айырма. Шығындар құрамына не ететіне байланысты экономистер бухгалтерлік және экономикалық пайдаларды айырды. Шекті табыс шекті шығындардан артық болса, өндірілген бірліктің әрқайсысының жалпы табысқа қосқаннан, оның жалпы шығындарға қосқаннан артық болады. Осыған байланысты шек табыстары мен шекті шығындардың айырымы, яғни пайда өседі. Шекті шығындар шекті табыстардан жоғары болғанда керісінше болады.
33. Пайда теориясы және оның түрлеріРыноктық экономикада пайданың алатын маңызы зор. Ол фирманың экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етеді, оның қаржылық тәуелсіздігіне кепілдік береді. Пайда рыноктық экономикада қалай және канша өндіру керектігін анықтайды. Сондықтан, әрбір өндірушіні қанша тауар өндіргенде және оны қандай бағамен сатқанда жоғары пайда алуға болатындығы туралы мәселе қызықтырады. Пайда теориясы классикалық мектептің пайда болу кезеңінен бастап барлық экономистердің еңбектерінде жазылған.Меркан-тилистердің ең алғаш пайда туралы білдірген пікірі бойынша пайда айналыс сферасында, сыртқы саудада өнімдерді жоғары бағамен сату нәтижесінде қалыптасады. Физиократтар пайданы тек ауыл шаруашылығында болады деп есептесе, А. Смит пен Д. Рикардо қосымша құн материалдық өндіріс саласында қалыптасатындығын дәлелдеді.К. Маркс пайданы қосымша құнның өзгерген түрі деп, ал қосымша құнның шығу көзі жалдамалы жұмысшының еңбегі деп есептеді. Ол қосымша қүнның пайдаға айналу шарттарын және орташа пайданы зерттеді.Рыноктық экономикада кез келген фирма жалпы табыс пен жалпы шығын арасындағы айырманы, яғни пайданы жоғарылатуға тырысады. Алайда әрбір қосымша өнім бірлігін шығару жалпы шығынды да көбейтетіндігін ескеру қажет.Егер фирма өнім көлемін ұлғайтатын болса, шекті табыс шекті шығынға теңескенге дейін жалпы пайда жоғарылайды. Шекті шығын шекті табыстан арта бастағанда пайда төмендейді. Пайданы максималдаудың шарты шекті табыс шекті шығынға тең болуы тиіс:MR=МС Жетілген бәсеке және таза монополия жағдайында пайданы максималдайтын фирмалардың іс-әрекетін салыстырайық. Бұл фирмалар іс-әрекеттерінің ерекшелігі сұраныс қызметінің, сәйкесінше табыстың әртүрлі болуына байланысты.Жетілтен бәсеке жағдайында фирма рыноктык бағаға әсер ете алмайды. Өнімнің кез келген көлемі бірдей бағамен сатылады. Орташа табыс көлемі де өзгермейді және сол бағаға тең болады. Тауардың әрбір келесі бірлігі алдыңғысының бағасымен сатылады. Бұл жағдайда баға Р орташа табыс пен шекті шығынға тең болады. Фирма шекті табыс MR және шекті шығынға МС тең болған жағдайда, пайданы максималдайды.Шекті шығын төмендеп, сәйкесінше пайда жоғарылай бастаған кезде фирма өнім көлемін көбейтеді. Бұл жағдай пайданы максималдаудың екінші шарты болып табылады, Жоғары пайда теріс шама болмауы тиіс, өйтпеген жағдайда (баға орташа шығыннан томен болса) фирма тауар өндірмейді.Алайда, егер баға орташа айнымалы шығыннан AVC жогары, орташа шығыннан АС томен болса да өнім өндіре береді. Фирма өзінің түрақты шығындарын (қысқа мерзімді кезеңде) төмендете алмайды және табыс, ең болмаса, айнымалы шығындарды жабатын болса, өндірісті тоқтатпайды. Сонымен қатар, түрақты шығындарды жабуға қажетті қаражатпен қамтамасыз етеді.Ал ұзақ мерзімді кезеңде мүндай жағдайдың болуы мүмкін емес. Кейбір фирмалар саланы тастап кетеді, сондықтан салада қалған фирмалардың тауарларына сүраныс бағасы жоғарылайды. Бүл процесс салада қалған фирмалар орташа шығынын баға өтей алмайтын жағдайға жеткенге дейін жалғаса береді. Егер фирмалардың саладан кетуі жалғаса беретін болса, бағаның орташа шығыннан артық өсуіне алып келеді, салада қалған фирмалар экономикалық пайда алады, бүл салаға жаңа фирмаларды тартады. Салаға жаңа фирмалардың енуі сүранысты үлғайтады және тауар бағасын төмендетеді, фирма пайдасы азаяды. Баға орташа шығындарды жабатын кезде Р=АС салаға жаңа фирмалардың ену процесі тоқтайды. ¥зақ мерзімді кезеңде жетілген бэсеке жағдайында фирмалардың салаға енуі жэне шығуы бағаның орташа шығынға теңесуімен анықталады (нөлдік, таза экономикалық пайда гипотезасы) яғни,P=MR=MC=AC.Таза монополия жағдайында монополист негүрлым көп өнім өндірсе, өткізу бағасы соғүрлым томен болады. Бүл жағдайда шекті табыс эрқашан орташа табыстан томен болады. Монополия жағдайында орташа шекті табыс қисығы сәйкес келмейді, өйткені MR<AR. Монополист шекті табыс шекті шығынға тең болғанда MR=MC пайдасын максималдайды, бірақ жетілген бәсеке жағдайында әрекет ететін фирмадан айырмашылығы шекті шығын бағадан томен МС < Р болады.Алайда жетілген бәсекелі салалардың нөлдік пайда гипотезасы монополист үшін жарамайды. Салаға жаңа фирмалардың енуіне тосқауылдар болатындықтан, монополист қысқа және үзақ мерзімде үстеме пайда алады. Пайданың қалыптасуының басты себебі - монополист-өндіруші жетілген бәсеке жағдайына қарағанда өнімді азайтып және тауарды жоғары бағамен сата алады.Жоғарыдағы түжырымдарды талдай отырып, мынадай қорытынды шыгаруга болады: біріншіден, жетілген бәсеке жагдайында пайданы максималдайтын фирма тек бір айныма-лыны - өнім көлемін бақылай алады. Екіншіден, таза монополия жагдайында пайданы жоғарылататын фирма бір мезетте екі айнымалыны: өнім көлемі мен пайданы анықтайды. Монополист фирма аз өнім өндіріп, жогары багамен сата алады және өндіріс масштабының үлғаюы есебінен шығындарды азайтып, баганы төмендете алады.