Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 14:23, курсовая работа
Еңбекақы – бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектесетін маңызды экономикалық құрал. Шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкерлердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлгісімен анықталады және салықтармен реттелінеді. Жалақы тұтынушы кірісінің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөлшеріне, тауардың тұтынысына және олардың бағасына елеулі әсер етеді.
Кіріспе 5
Еңбекақы бойынша есеп айырысудың теоретикалық негіздері 7
1.1 Еңбекақының нормативтік-заңнамалық базасы 7
1.2 Еңбекақы түрлері, еңбекақы төлеудің нысандары мен жүйелері 16
1.3 Еңбекақы бойынша аналитикалық және синтетикалық есеп 30
Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысудың
аудиті 35
Еңбекақы аудитінің мәні, негізгі мақсаттары 35
Еңбекақы аудитін тексерудің жоспары мен бағдарламасын
құру 38
Еңбекақы бойынша аудиторлық тексеру процедураларын
жүргізу 44
3 «Есік жүйке аурулар интернат үйі» Мемлекеттік Мекемесінде еңбекақы бойынша есеп айырысудың есебі мен аудитінің ерекшеліктері.
«Есік жүйке аурулар интернат үйі» Мемлекеттік Мекемесінің жалпы
сипаттамасы 52
Еңбекақы бойынша есеп айырысудың құжаттық рәсімделуі және
бухгалтерлік есебі 57
Еңбекақы бойынша есеп айырысудың аудитінің ерекшеліктері және
еңбек заңдылықтарының сақталынуы 61
Қорытынды 65
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 69
Қосымшалар
Актив пен міндеттемелерді бағалау әдістері;
Құжат айналымы ережелері мен есеп ақпараттарын өңдеу технологиясы;
Кәсіпорынның операцияларды бақылау тәртібі;
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға қажетті басқа шешімдер.
Кәсіпорынның қабылдаған есеп саясаты сол ұйымдағы бухгалтерлік есептің маңызды мәселелерінің бірі. Кәсіпорынның есеп саясатын таңдауы мен негіздеуіне келесі негізгі факторлар әсер етеді:
Кез келген ұйымның өзінің қызметін іске асыру үшін таңдап бекіткен есеп саясаты толықтылық, уақыттылық, сақтық, қарама-қайшылықсыздығы мен орындылық талаптарына сай болу қажет.
Көрсетілген талаптардың
Кәсіпорынның таңдап алған
Қолданылатын есеп әдістері бухгалтерлік есепке алынуға тиісті кірістер мен табыстарға қарағанда, жасырын резервтердің жасалуына жол бермей, шығындар мен міндеттемелерді айқын бейнелеуге дайын болуды қамтамасыз ету керек, яғни есепке алынған немесе алуға нақтылы мүмкіңдік (кепілдік) бар болатын кірістер алынады.
Есептің таңдалынған әдістері - әр айдың соңғы күнтізбелік күніне айналымның талдамалық есебі мен шоттар бойынша қалдықтардың синтетикалық есеп мәліметтерінің теңдігін қамтамасыз етіп отыруы қажет.
Кәсіпорынның есеп саясаты бухгалтерлік есепті орынды және үнемді жүргізуді қамтамасыз етуі керек. Есеп саясатының мазмұнына мынадай түсініктер кіреді:
Біріншеден, кәсіпорынның есеп саясаты сол кәсіпорыңда қолданылатын бухгалтерлік есеп жүйесінің тұтастығын және оны құраушы әдістемелік, техникалық, ұйымдастырушылық жақтардың барлығын қамтиды.
Екіншіден, есеп саясатынының әдістемелік жағына мына элементтер кіреді: мүлік пен міңдеттемелерді бағалау әдістері, мүліктің әрбір түрлері бойынша амортизация (тозу) есептеу әдістері, табысты (түсімді) есептеу әдістері және тағы сол сияқты.
Осылайша белгіленген заңға
Негізгі құралдарына амортизациялық аударым сомасын есептеу әдістері.
Материалдық емес активтеріне
амортизациялық аударым
Шығындарды топтау мен өндіріс шығындарына жатқызу (апару) әдістері.
Өндіріс шығындарын жэне
Дайын өнімдерді кіріске алудың есебі.
Аяқталмаған өндірісті анықтау және бағалау
жолдары.
Материалдық қорларды бағалау
әдістері.
Негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындар есебін ұйымдастыру.
Курстық айырманы есептеу.
Тағы да басқалар.
«Бухгалтерлік есеп және
Есеп саясатын дайындау:
Кәсіпорынның есеп саясаты осы ұйымның құрылған уақытында дайындалады. Оны дайьндаумен кәсіпорынның бас бухгалтері немесе арнайы есеп (экономикалык) бөлімі айналысады. Дайыңдалған есеп саясатын кәсіпорынның басшысы өзінің бұйрығымен немесе өкімімен бекітеді.
Бұйрықтың құрамында есеп саясатының есеп беру жылына қабылданған барлық пункттерінің мазмұны толық ашылып жазылады. Сонымен қатар әр пунктке тоқтала келіп қаңдай нормативтіқ құжат бойынша немесе қандай заң негізінде есеп саясатының дайындалғандығы көрсетіледі. Қазақстан Республикасының заңдарымен қатар есеп саясатын дайындауда ұйымның ішкі құжаттары негізге алынған болса (лауазымды тұлғалар туралы, ішкі ережелер, бұйрықтар мен өкімдер тағы да басқа) міндетті түрде ол туралы түсініктеме берілуі қажет.
Мемлекеттік мекеме есеп саясатына енгізілген өзгертулер осы ұйымның басқару құжаттарымен, яғни бұйрық, өкім немесе қаулыларымен рәсімделуі қажет. Ұйымның қабылдап бекіткен есеп саясаты сол кәсіпорынның қызмет атқаруыңда қолданылады.
Ұйымдардың түсініктеме жазуларында жыл бойы орындалған жұмыстар бойынша жасалынған қаржылық талдаудың мәтінімен қатар бухгалтерлік қорытынды есеп туралы шығарылған шешім және таза табысты бөлу тәртібі жазылады. Сонымен қатар осы түсініктеме жазуда кәсіпорынның келесі жылға қабылдаған есеп саясаты (егер оған, яғни есеп беру жылына өзгерістер енгізілген болса) жазылады.
3.2 Еңбекақы төлеу бойынша
есеп айырысудың құжаттық
рәсімделуі және бухгалтерлік
есебі
Қызметкер алғаш компанияға жұмысқа кірген кезде, компания басшысының атына жұмысқа қабылдау туралы өтініш жазады. Өтініші қабылданғаннан кейін, жұмысқа қабылданғандығы жөнінде компания тарапынан бұйрық шығады. Жұмыс беруші жұмысқа қабылданушы тұлғамен келісім шартқа отырады. Келісім шартта жұмысшыға тағайындалған еңбекақы мөлшері , келісім шарт мерзімі және т.б. шарттар көрсетіледі. Компания қызметкерлерге, жұмысшыларға айдың соңында еңбекақы есептеген кезде, бірінші кезекте жұмыс уақытын пайдалану табелін толтырады. Осы табельдегі күндерді қою арқылы еңбекақыны есептеу ведомосы жасалынады. Еңбекақы есептеу ведомосында есептелінген жалақыдан ұсталынған міндетті зейнетақы жарналарының сомасы, жеке табыс салығының сомалары және қолына алынуға тиісті сомалар көрсетіледі. Еңбекақыдан ұсталынған салықтар сомасы төлем тапсырмалары құжаттары негізінде бюджетке және бюджеттен тыс мекемелерге аударылады. Қызметкерлер мен жұмысшыларға кассадан айлықтарын төлеу төлем водомосы арқылы іске асырылады. Жалпы, еңбекақы есебін жүргізген кезде мынадай жағдайларды ескерген жөн: Егер компания өндіріспен айналысатын болса, онда өндірістік жұмысшыларға еңбекақы басқаша есептеледі, ондағы жұмысшыларға есептелген еңбекақы сомалары, есептелінген әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар сомалары өндірілген өнімнің өзіндік құнына жіберіледі. Міне, осыларды кестеде көрсетейік: кесте 7
Компанияда
әкімшілік басқару
Мекемеде орташа еңбекақыны есептеу былай жүргізіледі. Мысалы, мекемеде жұмыс істейтін есепші 2010 жылдың қаңтар айының 8-нен 11-не дейін уақытша еңбекке жарамсыз болды. Оны есептеу үшін төмендегідей мәліметтер бар: кесте 8
бес күндік жұмыс аптасы; есепті кезеңде, яғни 2009 жылдың сәуір айының 5-нен 10-на дейін есепші уақытша еңбекке жарамсыз болды және 2009 жылдың желтоқсан айының 3-нен 20-на дейін еңбекақы сақталынбайтын демалыста болған;
Еңбекке
жарамсыз болған уақыттағы кезеңдегі
жұмыс күнінің саны – 4 жұмыс күн.
Кесте 7
Өндірістік
жұмысшыларға есептелген еңбекақы
№ | Операциялар | Дебет | Кредит | Сомалар |
1 | Өндірістегі жұмысшыларға жалақы есептелінді | 8112 | 3350 | 120 000 |
2 | Есептелінген жалақыдан міндетті зейнетақы жарнасы ұсталынды | 3350 | 3220 | 12 000 |
3 | Есептелінген жалақыдан жеке табыс салығы ұсталынды | 3350 | 3120 | 9 305 |
4 | Жұмысшыға кассадан жалақы төленді | 3350 | 1011 | 98 695 |
5 | Әлеуметтік салық есептелінді | 8113 | 3150 | 6 480 |
6 | Әлеуметтік аударымдар есептелінді | 8113 | 3210 | 5 400 |
7 | 8112,8113 шоттарының жабылуы | 8110 | 8112,8113 | 131 880 |
8 | Негізгі өндірістен дайын өнім алынды | 1320 | 8110 | 131 880 |
9 | Әлеуметтік салық бюджетке аударылды | 3150 | 1040 | 6 480 |
10 | Әлеуметтік аударымдар мемлекеттік сақтандыру қорына аударылды | 3210 | 1040 | 5 400 |
11 | Міндетті зейнетақы жарнасы зейнетақы төлеудің мемлекеттік орталығына аударылды | 3220 | 1040 | 12 000 |
12 | Жеке табыс салығы бюджетке аударылды | 3120 | 1040 | 9 305 |
Кесте 8
Әкімшілік
қызметкерлерге есептелген еңбекақы
№ | Операциялар | Дебет | Кредит | Сомалар |
1 | Өндірістегі жұмысшыларға жалақы есептелінді | 7211 | 3350 | 100 000 |
2 | Есептелінген жалақыдан міндетті зейнетақы жарнасы ұсталынды | 3350 | 3220 | 10 000 |
3 | Есептелінген жалақыдан жеке табыс салығы ұсталынды | 3350 | 3120 | 7 505 |
4 | Қызметкерлерге кассадан жалақы төленді | 3350 | 1011 | 82 495 |
5 | Әлеуметтік салық есептелінді | 7211 | 3150 | 5 400 |
6 | Әлеуметтік аударымдар есептелінді | 7211 | 3210 | 4 500 |
7 | Әлеуметтік салық бюджетке аударылды | 3150 | 1040 | 5 400 |
8 | Әлеуметтік аударымдар мемлекеттік сақтандыру қорына аударылды | 3210 | 1040 | 4 500 |
9 | Міндетті зейнетақы жарнасы зейнетақы төлеудің мемлекеттік орталығына аударылды | 3220 | 1040 | 10 000 |
10 | Жеке табыс салығы бюджетке аударылды | 3120 | 1040 | 7 505 |
11 | 7211 шотының жабылуы | 5510 | 7211 | 109 900 |