Дағдарыс түсінігі, типтері және экономикалық дағдарыс мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2011 в 12:25, курсовая работа

Описание работы

Бүгінгі таңдағы ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда. Сол себепті қалыптасқан қүрылымды мүлдем жаңартып, әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуға жол ашатын де-мократиялық қоғам күруға сай экономиканы нарықтық қатынастарға көшіру міндеті түр. Осы негізінде әлеуметтік, рухани және тағы басқа күрделі мәселелерді шешу - бүгінгі күннің басты талабы. Сөйтіп бүл мәселелерді дәйекті түрде жүзеге асыру бүкіл қоғам мүшелерінің жаңаша көзқарасына, нақты іс - қимылына және олардың экономикалық біліміне тікелей байланысты. Экономикалық тәрбие - қоғамды дамытудың пәрменді күші.

Содержание

КІРІСПЕ............................................................................................................................3

1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ДАҒДАРЫСТЫҢ ПАЙДА БОЛУ ТАБИҒАТЫ

1.1 Дағдарыс түсінігі, типтері және экономикалық дағдарыс мәні........................7

1.2 Бейдағдарыстық басқаруды ұйымдастыруды концептуальды тұрғыдан қарастыру.................................................................................................................. 20

1.3 Бейдағдарыстық менеджмент: басқару құралдары мен әдістері......................27

2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БЕЙДАҒДАРЫСТЫҚ БАСҚАРУ ШАРАЛАРЫ

2.1 Дағдарыс жағдайьндағы мемлекеттік реттеудің аналитикалық негіздері........................................................................................................................34
Бейдағдарыстық басқарудағы мемлекеттің рөлі..............................................39

2.3 Дағдарыс жағдайындағы мемлекеттік реттеудің түрлері..................................43

3 КӘСІПОРЫН ДАМУЫНДАҒЫ ДАҒДАРЫСТАР

3.1 Кәсіпорындағы дағдарыстың пайда болуы.........................................................52

3.2 "Тас-Құм" АҚ сипаттама және қаржылық-экономикалық жағдайын талдау..........................................................................................................................58
Бейдағдарыстық бақылау тиімділігі.................................................................74


ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................................84

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................88

Работа содержит 1 файл

НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ДАҒДАРЫСТЫҢ ПАЙДА БОЛУ ТАБИҒАТЫ.doc

— 641.50 Кб (Скачать)

         Егер дағдарысты осындай жағдайда түсінетін болсақ, онда дағдарыс қаупі әрқашан болатындығы  және оны алдын ала көре білу және болжау керектігі айқын.

         Дағдарыс түсінігінде, тек себептері ғана үлкен мәнде  емес, сонымен қатар оның әр-түрлі  салдары: үйымның жаңаруы немесе қирауы, жандануы немесе жаңа дағдарыстың пайда болуы. Дағдарыстан шығу, әрқашан позитивті жағдайларға байланысты емес. Жаңа дағдарыс кезеңіне өту, одан сайын терең және ұзаққа созылуын жоққа шығармауымыз керек. Дағдарыс жағдайларын ұзақ мерзімге тоқтатып қою мүмкіндігі бар. Ол белгілі   бір   саяси себептермен түсіндіріледі. Негізгі дағдарыс салдары тығыз екі    факторға   байланысты:   

2-сурет, – Дағдарыстың себептері  

оның   себептері   және   дағдарыстың    даму процестерінің басқару мүмкіндігі.

         Дағдарыс салдары  тез өзгерістерге немесе жұмсақ үзақ және жүйелі шығу. Және үйым дамуындағы дағдарыстан кейінгі өзгеріс, үзақ мерзімді және қысқа мерзімді, сапалы және сандық, қайта қалпына келу немесе келмеу [6].

         Дағдарыстың әр түрлі  салдары тек оның мінезімен ғана анықталмайды, сонымен қатар дағдарысқа қарсы басқарумен де, ол дағдарысты жүмсартып немесе оны өршітуі  мүмкін. Бүл қатынастарды басқару  мүмкіндігі мақсатқа, кәсіпқойлыққа, басқару  өнеріне, мотивация мінезіне, себеп-салдарын түсіну, жауапкершілікке байланысты (3-сурет).

     

3-сурет, - Дағдарыстың мүмкін болатын салдары  

      Тәжірбие  көрсеткендей, дағдарыс, себеп - салдарымен де мінезімен де бірдей емес. Дағдарыстарды тармақтап жіктеу қажеттілігі, қүралдарды дифференциациалап және оларды басқару әдістеріне байланысты. Егер дағдарыс     типологиясы  және  дағдарыс  мінезі  белгілі   болса,   онда  оның өткірлігін   төмендету   уақытын   қысқарту   және   ауыртпалықсыз   өтуімен камтамасыз ету мүмкіндігі туады (Қосымша 1) [7].

         Дағдарыстың ортақ  және локальды түрлері бар. Ортақ  барлық әлеуметтік-экономикалық жүйені қамтиды, локальды - тек оның бір бөлігін қамтиды. Бүл дағдарыстарды бөлудің масштабты корінісі. Нақты дағдарыс жағдайларын талдау кезінде әлеуметтік-экономикалық жүйенің шекарасын, оның құрылымын және қызмет ету ортасын ескеру керек.

         Дағдарыс мәселелеріне қарай макро және микро деп  бөлуге болады. Макродағдарыс едәуір үлкен көлемдегі және масштабты  мәселелерге тән. Микродағдарыс тек жекелей мәселені немесе топтық мәселені қамтиды /8/.

        Экономикалық дағдарыс тобынан қаржы дағдарысын бөлек  алып қарауға болады. Ол фирмадағы  қаржы жүйесі жағдайын немесе қаржылық мүмкіндігінің қайшылықтарын сипаттайды. Бұл экономикалық процестердегі дағдарыстың ақшалай көрінісі.

        Әлеуметтік дағдарыс әр түрлі әлеуметтік топтардың қақтығысы  немесе қайшылықтардың оршуінен туьшдайды: жұмыскерлер мен жұмысберушілер, кәсіподақтар мен кәсіпкерлер, әр түрлі мамандықтағы жүмысшылар, персонал және менеджерлер және т.б. Көбінесе әлеуметтік дағдарыс, экономикалық дағдарысты толықтырушы немесе жалғастырушы болып табылады, кей жағдайда өздері де туындайды, мысалы басқару стилінде, еңбек талаптарымен келіспеген жағдайда, экологиялық мәселелер қатынасында, патриоттық сезімде.

         Дағдарыс құбылыстарының пайда болу мәні мен себептеріне, әр түрлі теориялық мектеп өкілдерінің көзқарастарын талдай отырып, әр түрлі түсініктерді шығаруға болады – таза субъективтіден, яғни сүраныс пен үсыныстың психологиялық концепциясының өзгеруімен, өндірушілер мен тұтынушылардың пессимистік немесе оптимистік көңіл-күйде болуынан, қатаң, барлық экономикалық дағдарыстардың ішінен ең бірішні себеп-ка-питалистік өндіріс жүйесіндегі таптық келіспес қайшылықтар мүддесіне дейін. Жеке тәуелсіз зерттеушілердің теориялық жағьшан айырмашылығы, өздерін ешқандай экономикалшық мектепке қатысы жоқтығын айта отырып, кең ауқымды ғылыми позицияның барын айтуда.

        Енді, экономикалык дағдарыстардың заңдылықтарын, мәнін  және пайда болу себептерін теориялық түрғыдан қарастырсақ:

        Бірінші себеп, яғни экономикалық дағдарыстардың пайда  болуы, өндіріс пен түтыну арасындағы үзілу немесе ажырау болып табылады. Натуралды шаруашылық шеңберінде өндіріс пен тұтыну арасында тікелей байланыс болды да, экономикалық дағдарыстардың пайда болуына мүмкіндік болмады. Олардың пайда болуы мен кең етек жаюына, тауар өндірісі мен айналысының дамуы себеп болды. Еңбек бөлінісі, маманданудың және кооперацияның дамуы, өндіріс пен тұтыну арасындағы үзілісті едәуір алшақтатты. Бірақ та жәй тауар өндірісінде дагдарыс ықтималдығының қажеттілігі бол-мады. Онда тауарлар негізінен жергілікті нарықтарда сатылып, оларды өткізу қиындығы локальды мінезде болып, қоғамдагы өткізу процестерінің бұзылуы байқалмады.

        Капиталистікке дейінгі  өндіріс әдісінде, материалдық игіліктер жеткіліксіз өндірілді. Капитализм кезінде ғана бірінші рет артық өндіріс туындады. Неліктен бүлай болды? Экономиканың дамуы, өндірістің қоғамдық мінезде екендігін, ал иемдену формасы еңбек нәтижесі негізінде жекеменшіктің сақталуьша әкелді. Бұл қоғамдық мінездегі өндіріс пен иемденудің меншік формасы арасындағы шиеленістің өршуіне әкелді. Мұндай шиеленістердің әр елде әр түрлі тарихи кезеңдерде болуы, өзіндік спецификаны көрсетеді, ол   дағдарыстар мінезіне де едәуір әсер етеді. Экономикалық дағдарыстың мәні, тауарды артық өндірудің төлемқабілетті сұраныс жиынтығы қатынасындағы, үдайы өндіріс жағдайындағы қоғамдық капитал процесінің бұзылуынан, фирмалардың жаппай тоқырауынан, жұмыссыздықтың өсуі және басқада әлеуметтік-экономикалық күйзелісте көрініс табады [9]. Экономикалық циклдарды оқу кезінде, артық өндіріс дамуындағы, өндірістің қүлдырауы және көтерілуін сипаттайтын заңдылықтар көрініс табады. Бүл мәселені К.Маркс терең және тыңғылықты зерттеген. Ол дағдарыс себептерінің стихия және анархиялық өндіріс кезінде болмай қоймайтындығын дәлелдеп ашқан [5]. Белгілі экономист В. Леоңтьевтің айтуынша: «Іскерлік цикл теориясы Маркстік саясиэкономия алдында айқын қарыздар» [10].

        Цикл   кезеңінің    кезекті   қысқарулары,    қәзіргі әлемдегі ҒГП әсерінен, негізгі капиталдьң жаңару мерзімінің жылдамдығымен байланысты.

        Неоклассикалық және либеральды мектеп өкілдері, экономикалық дағдарыстарды капитализм табиғатьшен  байланыстырмай басқа да себептерін үсынды. Олардың көбінің ойынша дағдарыс себептері артық өндірісті туғызатын халықтың жеткіліксіз түтынуы. Жеткіліксіз түтыну теориясының жалғастырушы өкілі, сол жақ кейнсиандық жетекшісі Джоан Робинсон болды [11]. Дағдарыс дәрісі ретінде түтынуды ынталандыру болып есептелді. Бірақ түтынудың жетіспеупгілігінің (төлем қабілеттіліктің) туындауы, дағдарыс себебінен гөрі оның салдары болды. Маркстік позицияға жақынырақ эко-номистердің есептеуінше, дағдарыс себептері үйлеспеушіліктен, немесе «теңсіздіктен». Теңсіздік теориясы, саяси, демографиялық, табиғи сыртқы жағдайдан туындаған басқа да кең тараған дағдарыс көзқарастарымен үйлеседі. Нарықтық бостандықты жақтаушы және мемлекеттің араласуына қарсылас Ф. Фон Хайектің ойынша артық өндіріс дағдарысының пайда бо-луы мемлекеттің артық қаржыландыруынан (арзан несиелер, сүранысты ынталандыру) туындайды [12].

        Дағдарыстың психологиялық  теориясы да бар. Й. Шумпетердің ойынша, инвестициялық қатынастарды қалыптастырушы әрбір фазаға тән өзіндік пси-хологиялық суреттемесі бар [13]. Дағдарыс жағдайындағы дүрбелең мен ала-ауыздық капитал салымының түрып қалуына әкеледі. «Ауыспалы жағдай» инвестициялық циклдың бір қалыптылығын қамтамасыз етеді. Экономикалық ғылым, қазіргі уақытта экономикалық цикл мен дағдарыстар себебін түсіндіретін бір қатар теорияларды қалыптастырды. Мысалға, П. Самуэльсон өзінің «Экономикс» кітабында циклдьлық пен дағдарыстар теориясының бірқатар белгілерін көрсеткен, олар төмендегідей:

  • ақша теориясы, яғни банк несиесінің кең етек алу циклы (Хоутри және басқалар);
  • жаңашалық теориясы, яғни өндірістегі негізгі жаңашальгқ еңгізу циклы (Шумпетер, Хансен);
  • психологиялық теория, яғни пессимистік және оптимистік көзқарастағы толқынын қамту циклы (Пигу, Бэджгот және басқалар);

- жеткіліксіз тұтыну теориясы, табыстың көп бөлігін, бай және сақ адамдар- 
ды инвестрленгенмен салыстырғандағы цикл себептерін қарастырады. (Гопсон, Фостер, Кэтчингс және басқалар);

  • мөлшерден тыс инвестициялау теориясы, жақтастардың айтуынша, рецессия себебі болып жеткіліксізден гөрі, мөлшерден тыс инвестициялау болып табы-лады. (Хайек, Мизис және басқалар);
  • *сүн дағы теориясы - ауа райы - өнімділік (Джевонс, Мур) [14].

        Циклдлық пен оның себептері көзқарастарын бағалау  кезінде, уақыт жағдайында олардың  түрлерінің өзгеруі, әлеуметтік-экономиканың да шын мәнінде өзгеруін ескерген жөн. Осыған орай, Ресей экономистерінің эконо-микалық циклдер көзқарасын өзгертуге бағытталган үш этапы назар аударуға лайықты.

        Дағдарыс және жұмыссыздық проблемаларын шешудің бірден-бір құралы ретінде Кейнс тиімді сүраныс жиынтығын ынталандыру мақсатында экономикаға мемлекеттің араласу идеясын ұсыныды [15]. Циклдық факторын зерттеудегі еңбегінің бірі мултипликатор теориясының жасалуы және кейіннен бұл теорияны циклдық себептерін талдау кезінде кеңінен қолданыс тапты. 

      Классикалық қоғамдық ұдайы өндіріс циклы төрт фазадан тұрады [16].

        

4-сурет, – Экономикалық цикл 

        4-суретте экономикалық  цикл көрсетілген. а, в және  с нүктелері орналасқан толқын  тектес қисық өндіріс көлемінің  өрлеу және құлдырау кезіндегі  динамикасын сипаттайды.

        Бірінші фаза – дағдарыс (құлдырау). Бүл кезде өндіріс көлемі және іскерлік белсенділік қысқарады, бағарың түсуі байқалады, тауардың қалуы, жүмыссыздар саны және тоқырау саны күрт өседі. Бүл жағдайда экономи-каның дағдарыстардың жекелей салаларға жағымсыз әсер дәрежесінің айыр-машылығын айта кеткен жөн. Күнделікті қолданыстағы заттарды жеткізуші са-лаларда өндіріс көлемі салыстырмалы масштабта аз қысқарады. Бүл уақытта тұтынушыларда бүндай жағымсыз экономикалық жағдайда құрал жабдықпен тұрмыстық техниканы сатып алуды мүлдем тоқтатып жақсы күндерді күтедІ. Сәйкесінше металлургия, ауыр машина жасау салаларында, тоңазытқыш, ав-томобиль және тағы басқа өндірістің төмендеуі, жеңіл және тамақ өндірісіне қарағанда көбірек болады. Экономиканың монополияланған және монополи-яланбаған секторындағы іс әрекеттің де айырмашылықтары бар. Егер де жоғары монополияланған салаларда дағдарыс кезеңінде өндіріс көлемінің күрт қысқаруы кезінде баға төмендейді, ал капиталдың аз шоғырланған са-лаларында өнім көлемі аздап төмендегенде баға да түседі. Қарапайым түсіндіргенде, монополия өзінің экономикалық билігіне сүйеніп, дағдарысты аз шығынмен өткізеді.

        Екінші - депрессия (стагнация). Бұл фаза (үзақтылығы - жарты жылдан үш айға дейін) шаруашылық өмірдегі жаңа жағдайлар мен сүранымдарға бейімделу, жаңа тепе-теңдік алу фазасы. Бұл фазадағы тән қасиеттер сенімсіздік, ретсіз іс-әрекеттер. Кәсіпкерлердің конъюктураға деген сенімділігі еңбекпен қалпына келеді, шаруашылық жағдайдағы баға түрақтылығына қарамастан, олар бизнеске едәуір көлемде қаржы салуды байыппен қарап, тәуекелділікке бармайды. Бүл фаза көп жағдайда пайыз нормасының түсуімен сипатталады [17].

         Үшінші - жандану. Бұл қалыпқа келу фазасы. Капиталсалымдары баста-лып, баға өсіп, өндіріс және пайыздық мөлшер өседі. Жандану ең алдымен өндіріс қүралдарын жеткізуші салаларды қамтиды. Басқалардың жетістіктерінен жаңа өндірістер қүралады. Былайша айтқанда, жандану дағдарыс алдындағы макроэкономикалық көрсеткіштер деңгейіне жетумен аяқталады. Бүдан кейін жаңа, жоғары көтерулер басталады [18].

         Төртінші – көтерілу (бум). Бұл жаңа тауарлар және жаңа өндірістердің пайда болуы, капитал салымдарының едәуір өсуі, акциялар курсы және басқада бағалы қағаздар пайыздық мөлшерінің өсуі, баға және еңбек ақының өсуі сияқты бірқатар жаңа енгізулердің арқасынада экономикалық дамуды жылдамдататын фаза. Және дәл осы уақытта банктің баланс қуаты дамып, тауар қоры молаяды. Экономиканың ілгері дамуын жаңа деңгейге шығарған көтерілу кезекті жаңа дағдарысқа база дайындайды.

  

5-сурет, – Экономикалық цикл сатылары 

         Жаңа кезекті дағдарыстың  алғашқы «серпілісі» (себебі) жиынтық сұраныстың қысқаруы болып табылады. Қайтадан өндіріс төмендейді, табы-стың   азаюы,   шығындар   мен   сүраныс   қысқарады.    Алғашқы   жиынтық сұраныстың қысқаруын тудыратын факторлар әрқилы болуы мүмкін: тозған құралдарды ауыстыру, жекелей өнімдерге сұраныс түседі, салық және не-сие пайыздары өседі, ақша айналым заңдарының бұзылуы, әртүрлі саяси жағдайлардың туындауы, көрінбеген жағдайлар және тағы басқалар. Бұның бәрі қалыптасқан нарық теңдігін бұзып, кезекті экономикалық дағдарысқа серпін беруі мүмкін. Ұдайы өндіріс циклдылыгы мен дәстүрлі фазалардың жиі бұзылу себептерінің көптігін ескере отырып, әртүрлі бағыттағы ғалымдар циклдылықтың төмендегідей әртүрлігін үсынады: 

1-кесте, – Циклдылық түрлері мен ерекшеліктері

Циклдар типі Циклдар мерзімі Негізгі ерекшеліктері
1.Китчин              циклы 2-4 ж. Қор мөлшері→ инфляцияның, жұмысбастылықтың, ЖҰӨ-нің ауытқуы, тауарлық цикл
2.Жугляр  циклы 7-12 ж. Инвестициялық цикл→ инфляцияның, жұмысбастылықтың,  ЖҰӨ-нің ауытқуы
3. Кузнец  циклы 16-25 ж. Табыс→ иммиграция→  үй құрылысы→жиынтық сұраныс→ табыс
4.Кондратьев  циклы 40-60 ж. Техникалық  прогресс, құрылымдық өзгерістер
5.Форрестор  циклы 200 ж. Энергия және материалдар
6.Тоффлер  циклы 1000-2000ж. Өркениеттің дамуы

Информация о работе Дағдарыс түсінігі, типтері және экономикалық дағдарыс мәні