Бағалы қағаздар эмиссиясының тәртібі, эмиссия проспектісі

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 18:48, реферат

Описание работы

Қазіргі заман талабына сай экономикалық өзгерістерге байланысты қандай да болмасын саладағы мамандықтар үшін нарықтық экономика негіздері туралы білімділікті жете меңгерудің маңызы өте зор. Сондықтан, білім берудегі мемлекеттік стандартқа сәйкес «Экономикалық теория негіздері» курсын оқыту барлық мамандықтарда жүргізіледі.

Работа содержит 1 файл

УМК по ОЭТ.doc

— 1.30 Мб (Скачать)

 

Несиелік қатынастары құнда қағаздар нарығы арқылы жүзеге асады. Құнды қағаздар нарығында келісім объектісі ретінде құнды қағаз болып саналады. Құнды қағаз нарығының пайда болуының басты себебі – кәсіпкерлік қызметте қаржы ресурстарының жетіспеуіне орай кәсіпкерлікпен айналыспайтын басқа адамдар тобынан қаражат тарту. Қазіргі кездегі негізгі құнды қағаздар түрлері: акция, облигация, вексель, сертификат.

Акция – бұл иеленушіге акционерлік қоғам пайдасынан дивилент түрінде пайданың бір бөлігін алуға, оны басқаруға қатысуға және оны таратқаннан кейін қалған мүліктің бөлігін иемденуге құқық беретін қағаз. Ол мерзімсіз, яғни оны айналысқа  шығарған акционерлік қоғам жойылғанша болады. Акциялар жай және пұрсатты деп бөлінеді.

Жай (қарапайым) акция пұрсатты акциядан келесі белгілері бойынша ажыратылады:

-         акционерлер жиналысында дауыс беруге құқық береді;

-         дивидент көлемі акционерлік қоғамның пайдасына байланысты болады (белгілі % көлемінде);

-         олар бойынша дивидент тек пұрсатты акцияларға дивидент төленгеннен кейін жүргізіледі.

Пұрсатты акция иеленушіге дауыс бермейді, олар бойынша дивидент көлемі алдын ала белгіленеді.

Келесі құнды қағаз түрі облигация. Облигация – иеленуші мен эмитент арасындағы қарыз қатынасын көрсететін құнды қағаз. Облигацияларды мемлекет, акционерлік қоғам, жеке кәсіпорындар шығара алады. Оның акциядан ең басты ерекшелігі – ол эмитенттің қарыз міндеттемесін көрсетеді. Оны төлеу міндеті эмитент мүлкімен қамтылған. облигация белгілі бір мерзімге (1 жылға дейін), орта және ұзақ мерзімді болады.

Облигациялардың бірнеше түрі бар. Көп жағдайда облигацияларға тұрақты процент түрінде табыс төленеді, оны купон деп атайды. Купондық емес облигацияны дисконттық облигация деп аталады.

Вексель – бұл оны иеленушіге көрсетілген соманы вексель берушіден төлеуін талап етуге құқық беретін құнды қағаз міндеттемесі ең алдымен, вексель несие құрамы, оны сонымен бірге есеп айырысу құралы ретінде пайдалануға болады. Коммерциялық вексель дегеніміз - өнім сатып алушы сатушымен есеп айырысу үшін ақша қаражаты жоқ болса, онда сатып алушы белгілі мерзім ішінде көрсетілген соманы төлейтіні туралы міндеттеме вексель жазып береді. Яғни сатып алушыны несиелеу деген сөз, соған байланысты вексель сомасында несие үшін процентте қосылады. Вексельдің қарапайым түрі – вексель берушінің вексель ұстаушыға көрсетілген соманы белгіленген мерзімде міндетті түрде төлеуі туралы құжат.

Ауыспалы вексель (тратта) – вексель берушінің көрсетілген соманы белгілі мерзім мен орында төлеушіге вексель ұстаушыға төлеуі туралы берген ұсынысы.

Банк сертификаты – бұл банкке ақша салғанын және инвесторға қағаздың номиналды құнымен проценталуына мүмкіндік беретін құнды қағаз.  Жинақ және депозиттік сертификат заңды тұлғаларға жинақ сертификаты жеке тұлғаларға арналған.

Қазақстанда құнды қағаз нарығының алғашқы элементтері 1991 жылы калыптасты. Сол жылы Қазақстан Республикасында құнды қағаздармен жасалатын операцияларға реттейтін заң қабылданды. Құнды қағаздар нарығының инфрақұрылымын дамытуға әсер ететін «Құнды қағаздар туралы», «Қазақстан Республикасында зейнет ақымен қамтамасыз ету туралы», «Инвестициялық қорлар туралы» заңдар қабылданды.

 

 

Негізгі түсініктер мен терминдер

Акция

Ақша массасы

Банк

Вексель

Инвестициялық банк

Ипотекалық банк

Коммерциялық банк

Құнды қағаз

Мультипликатор

Несие

Несиелік жүйе

Облигация

Эмиссия

Эмиссиялық банк

 

Бақылау сұрақтары

 

1.      Ақшаның түсінігі мен қызметтері.

2.      Ақша жүйесі.

3.      Несие түсінігі.

4.      Несие жүйесі.

5.      Қазақстан республикасының банктік жүйесі.

6.      Қазақстанның ақша несие саясаты.

7.      Айналымдағы ақша санын есептеу.

8.      Ақша айналымының жылдамдығы.

9.      «Арзан ақша саясаты».

10. «Қымбат ақша саясаты».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

16 тақырып. Мемлекеттің қаржы жүйесі.

 

1.      Қаржы жүйесінің мәні.

2.      Мемлекеттік бюджет.

3.      Салық жүйесі.

4.      Мемлекеттің әлеуметтік саясаты.

 

Қаржы – бұл ақша қаражаттарын бөлу және пайдалануға байланысты қатынастардың жүйесі. Ол экономиканың дамуы мен ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етуге бағытталған.

Мемлекеттің қаржысы ақша қаражатынан тұрады. Ол қаражат тұрғындарды әлеуметтік қамтамасыз етуге, заңдылық пен қоғамдық шаруашылықты басқаруға жұмсалады.

Мемлекеттік қаржы құрамына:

-         мемлекеттік бюджет,

-         банктік және мемлекеттік несие,

-         экономиканы тұрақтандыру қоры,

-         зейнеткерлік, тұрғындарды жұмыспен қамту қоры,

-         әлеуметтік және медициналық сақтандыру қоры,

-         валюталық қор,

-         мемлекеттік қоғамдық ұйымдардың қаржысы,

-         мемлекеттік салалық министрлік пен ведомстваның қорлары енеді.

Шаруашылық жүйесіндегі қаржыны (мемлекттік және мемлекеттік емес) – заңды тұлғалардың арасындағы (компания, концерн, холдинг, акционерлік қоғам, ассоциация, трест, бірлестіктердің), заңды тұлғалар мен мемлекет, заңды тұлғалар мен физикалық тұлғалардың арасындағы ақшалай қаржы қатынастары.

Кәсіпорынның қаржысын (мемлекеттік және мемлекеттік емес) – меншіктегі және қарыз қаржылар, ғылым мен техника қорының ақшалай қаражаты, әлеуметтік-мәдени даму мен материалдық ынталандыру қоры, амортизациялық қор, резервті және сақтандыру қоры енеді.

Тұрғындардың қаржысы – шаруашылық, еңбек қызметтерінің (жалақы, акция дивиденті, банк салымының пайызы, жер рентасы, т.б.) негізінде, банкте сақталған қаржылардың, зейнеткерлік қордағы ақшалай қаражаты құрайды.

Мемлекеттік қаржылар барлық қаржы жүйесінің басты бөлігін құрады, ал мемлекет қаржыларының жетекші буыны мемлекеттің бюджеті болып табылады. 

Сонымен, қаржы – қоғамдағы ақша құралдарының қорларын қалыптастыру мен пайдаланудағы жалпы экономикалық қатынастардың жиынтығы. Мұндай қатынастар негізгі субъектілер арасында қалыптасады:

-       мемлекет және оның институттары,

-       компаниялар, кәсіпорындар,

-       үй шаруашылығы.

Қаржы шаруашылығы экономика мен қоғамдағы мемлекет рөлінің басым екендігін көрсетеді, яғни қоғамдық құқықтық институттардыңқаржы ағыстарын қамтиды.

Каржы негізінде төрт қызмет атқарады:

  1. Бөлу – мемлекет ұлттық табыстың едәуір бөлігін қоғамдық шаруашылыққа, әлеуметтік мәдени шараларға, мемлекетті басқаруға, қорғанысты дамытуға бағыттайды.
  2. Реттеу – мемлекет экономиканы реттеуді салық салу, несие саясаты, әртүрлі экономикалық жеңілдіктер  мен дотация беру кезінде жүзеге асырады.
  3. Ынталандыру – кәсіпорынның экономикалық дамуы әртүрлі қаржылық ынталандырумен жүзеге асады.
  4. Бақылау – бөлінген қаражаттардың мақсатты пайдаланылуын жүйелі түрде тексеру арқылы жүзеге асады.

Мемлекеттік қаржылар жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орын алады. Мемлекеттік бюджет елдің әлеуметтік-экономикалық қажеттіктерін және мемлекеттік құрылысын қамтамасыз ететін күрделі механизм. Қазақстан республикасында бюджет екі деңгейлі: жалпы мемлекеттік және жергілікті бюджет. Мемлекеттік бюджет – мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары. Мемлекеттік бюджет жалпы қоғамдық қажеттерді өтеу мақсатымен мемлекеттік аппарат пен қорғаныс күштерін қаржыландыруға және әлеуметтік-экономикалық қызметтерді атқару үшін қаражат. Ол мемлекеттің шығыны мен табыстарының балансы. Бюджеттен мемлекеттік кірістер мен шығындарының құрылымын көруге болады. Бюджеттің шығындар бөлімі жұмсалатын қаржының бағыттары мен мақсатырымен көрсетеді. Бюджет шығындары келесі баптардан тұрады: әлеуметтік жәрдемдер; білім, деңсаулық сақтау, мемлекеттік басқару, қорғаныс шығындары; қарулану мен сыртқы экономикалық қызмет шығындары,  халық шаруашылығы, мемлекеттік қарыз төлемі, құқық қорғау органын басқару мен оған басқа да қажетті шығындары.

Мемлекеттік бюджеттің төлемдері:

-         ассигнованиялар - кәсіпорындар мен мекемелерге міндеттерін атқаруға берілген ақша қаражаттары,

-         субсидиялар – мемлекеттің ақшалай көмегінің бір түрі,

-         сувенция – мемлекеттің белгілі бір мақсаттың орындалуына бағытталған ақша қаражаты,

-         дотоция – зиянды шығындарды жабуға арналған төлемдер.

Экономист Пигу мемлекеттік шығындарды екі топқа бөлген:

-         Трансформациялық шығындар – тауар мен қызметтерге, яғни мемлекеттің қаржы шығыны басқа игіліктерге айналады. Оларға мемлекеттік инвестициялар, бюджеттік жалақы, мемлекеттің тауар мен қызметтерді сатып алуы жатады. 

-         Трансферттік шығындар – қайтарылмайтын, яғни тікелей мақсатқа жұмсалатын субсидиялар, үй шаруашылығына көмек ақшалар, әлеуметтік қорғау шығындары.

Бюджеттің кіріс бөлімі жинайтын салықтардан, мемлекеттік қарыздардан, салықтық емес түсімдер (мемлекеттік меншіктен табыстар),  бюджет тыс қорларға түсімдерден құралады. Бюджет тыс қорлар нақтылы әлеуметтік-экономикалық қажеттектерді қанағаттандыру үшін жасалады. Оларға медициналық, әлеуметтік қамсыздандыру, жол құрылысы, қоршаған ортаны сақтау сияқты шығындар жатады.

Бюджеттің кірістері мен шығындары тепе-тең болғаны жөн, дегенмен көп жағдайда шығындар көлемі бюджетке түсетін кірістерден асып кетеді. Осы жағдайда бюджеттік тапшылық пайда болады. Бюджеттік  тапшылықтың себептері көп:

-         қоғамдық өндірістің құлдырауы;

-         ақша эмиссиясы;

-         мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік қызметтерінің өсуі;

-         тиімсіз әлеуметтік бағдарламаларды қабылдау;

-         әскери шығындарының өсуі;

-         шаруашылық конъюнктурасын өзгеруі;

-         көленкелі экономиканың дамуы.

Бюджеттік тапшылықты жабу үшін табыс бөлігін толтыру немесе шығын бөлігін қысқартқан жөн. Бюджет тапшылығын қысқарту үшін мемлекет мынадай шаралар қолданады:

-         мемлекеттік несие;

-         салық салу жүйесін қатайтады;

-         мемлекетті басқару шығындарын қысқартады.

Бюджеттің табыс пен шығын айырмашылығын жабу үшін мемлекет қиылыстырылған вариантына көшеді. Яғни мемлекет Ұлттық банк несие қорының, тұрғындардың Халықтық банктегі салымының, сақтандыру қоғамдары қорының белгіленген бөлігін алып отырады. Осы сомалар мемлекеттің ішкі қарызын құрайды.

Бюджет тапшылығы мен мемлекеттік қарыз тығыз байланысты. Мемлекеттік қарыз – белгілі уақыт мерзімінде өткен жылдардағы жиналған бюджет тапшылығының сомасы. Мемлекеттік қарыздар қысқамерзімдік, ортамерзімдік, ұзақмерзімдік болып бөлінеді.

Мемлекеттік сыртқы қарыз – бұл шетел мемлекеттеріне, мекемелеріне, азаматтарына төленетін қарыз. Қарыздың бұл түрі ел үшін ең ауыр, себебі оны төлуе үшін мемлекет құнды қағаздарды беруге немесе белгілі қызмет көрсетуге мәжбүр болады.

Мемлекеттік ішкі қарыз – бұл осы мемлекеттің халқына төленетін қарыз, табыстардың алдымен елдің ішінде қайта бөлінуін талап етеді.

Нарықты экономиканы реттеудің ең тиімді нысаны салықтар болып табылады. Салық –  заңмен белгіленген тәртіп пен шарттарға сәйкес жеке және заңды тұлғалардың бюджетке төлейтін міндетті төлемдері. Салық салу табысты реттеу мен мемлекеттің қаржыларын толықтыру тәсілі. Мемлекетте түсетін салықтардың және басқа да төлемдердің жиынтығы және олардың құрылуының формалары мен әдістерінің жиынтығы салық жүйесі деп аталады.

Салық жүйесінің элементтері:

  1. Салық субъектісі – заң бойынша салық төлеу міндетті адам. Бірақ, салықтың ауыртпашылығы бағалар механизмі арқылы басқа тұлғаға жіктелуі мүмкін, сондықтан арнайы салық төлеу қызметін атқарушы тұлға белгіленеді.
  2. Салық объектісі – салықтың есебі неге жүргізіледі (жалақы, пайда, құнды қағаздар, жылжымайтын мүлік).
  3. Салықтың көзі – салық неден төленеді.
  4. Салық ставкасы – салық салыну бірлігіне келетін салықтың көлемі.
  5. Салық жеңілдіктері.

Салық қызметтері:

-         Фискальды (тіркелген) немесе жұмылдыру қызметі. Салық түсімі арқылы алынатын қаражаттар мемлекеттің саяси-шаруашылық қызметін атқарудың қаржы негізі болып табылады.

-         Бөлу қызметі. Салық механизм арқылы мемлекеттік бюджетке жалпы ұлттық өнімнің көп бөлігі жұмылдыруда болады. Салық арқылы мемлекет әскери, әлеуметтік бағдармаларды қаржыландырады. Салық мемлекетке қаржыны әртүрлі топтардың арасында территория, облыс, аудандар бойынша барынша біркелкі бөлуге мүмкіндік береді.

-         Реттеуші қызметі, мемлекет салықтың көмегімен тұтыну және қорлану арасындағы пропорцияны реттейді. Салықтар дағдарыстық құбылыстарды жоюға, нарық конъюнктурасына әсер етуге, экономиканы тұрақтандыруға пайдаланады.

-         Ынталандыру қызметі, мемлекет өндіріс пен техникалық прогресті дамыту үшін әртүрлі ынталандыру шараларын жүзеге асырады.

-         Бақылап-есептеу қызметі, мұнда кәсіпорын мен тұрғындар топтарының, қаржы қоры көлемінің табысын есептеуді жүзеге асырады.

Салық жүйесінің принциптері:

1.      Салық барлық  игіліктерге  пропорциональды түрде қоғам мүддесіне сай болуы.

2.      Салық табыс мөлшері мен әл - ауқаттылық деңгейіне тәуелді болуы.

Информация о работе Бағалы қағаздар эмиссиясының тәртібі, эмиссия проспектісі