Бағалы қағаздар эмиссиясының тәртібі, эмиссия проспектісі

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 18:48, реферат

Описание работы

Қазіргі заман талабына сай экономикалық өзгерістерге байланысты қандай да болмасын саладағы мамандықтар үшін нарықтық экономика негіздері туралы білімділікті жете меңгерудің маңызы өте зор. Сондықтан, білім берудегі мемлекеттік стандартқа сәйкес «Экономикалық теория негіздері» курсын оқыту барлық мамандықтарда жүргізіледі.

Работа содержит 1 файл

УМК по ОЭТ.doc

— 1.30 Мб (Скачать)

 

Жуглярдың циклдердің ұзақтығы 7 – 12 жыл, осы циклдің басқаша аттары бизнес-цикл, өнеркәсіптік цикл, орташа цикл. Бірінші өнеркәсіптік цикл 1825 жылы Англияда болды. Осы кезде машиналық өндіріс металлургияда, машина жасауда және басқа жетекші салаларда билік жүргізуге кіріскен болатын. 1847 – 1848 жылдардағы дағдарыс АҚШ—та басталған, соңынан бірнеше Еуропалық елдерге тараған. осы дағдарысты мән жағынан қарағанда өнеркәсіптік цикл деп атауға болады.

Китчин тауарлық запастар қозғалысындағы қаржы шоттары мен сату бағасын таладу негізінде, өзінің назарын, ұзындығы 2-ден 4 жылға дейін болатын, қыска толқындарды зерттеуге аударған.

1946 ж. С. Кузнец «Ұлттық табыс» деген еңбегінде мынадай қорытындыға келді: ұлттық табыстың, тұтынушылық шығындардың, өндірістік жабдықтарға сол сияқты ғимараттарға, құрылыстарға жасалған жалпы инвестициялардың көрсеткіштері өзара байланысты жиырма жылдық ауытқулардың бар екенін айқындайды және құрылыста осы аутқулардың амплитудасысалыстырмалы ең үлкен болады. 1955 жылы Кузнецтің еңбегіне баға беріліп, Кондратьевтің «ұзын толқындарынан» өзгеше құрылыстық циклді Кунецтік цикл деп аталсын деген шешімге кабылданды.

Ұзын толқындар теорисына орыс ғалымы Н.Д.Кондратьевтің үлесі зор. Өзінің еңбектерінде дамыған елдердегі 1770 – 1926 жж. тауарлық бағаларының индексінің, проценттің мөлшерлемелерінің, рентаның, жалақының, өнімнің маңызды түрлерінің динамикасын зертеген. Кондратьев циклдың басталуын өндіріске жаңа технологияның жаппай енгізілуімен, әлемдік шаруашылыққа жаңа елдерді тартумен, алтын өндіру көлемінің өзгерістерімен байланыстырады. Осымен бірге өрлеудің жалпы көрінісі былай сипатталады: техникалық жаңартпалардың еңгізілуі инвестициялық процестің кеңеюімен қатар жүріп отырады, бұл өз кезегімен бағаның өсуіне ат салысатын, өндірісті және сұранысты ынталандырады. Осы кезеңде жұмыссыздық төмендейді, жалақы және еңбек өнімділігі өседі. Кондратьев ауыл шаруашылыққа ерекше назар аударған, себебі ол бұны ұзақ мерзімдік құлдыраудың басты себебі деп есептеді. Бірінші – үлкен циклдің өрлеуін Кондратьев Англиядағы  өнеркәсіптік төнкеріспен байланыстырады, екіншіні – темір жол көлігінің дамуымен, үшіншіні – электр қуатының, телефонның радионың енгізілуімен, төртіншіні – автомобиль өндірісімен.

Құрылым жағынан аграрлық және басқа да салалық дағдарыстар болады. Аграрлық дағдарыстар табиғи жағдайлармен байланысты болуы мүмкін және ұзақ мерзімді болады.

Экономикалық теорияда мағызды сұрақтардың бірі ол экономикалық өсу. Экономикалық өсу дегеніміз ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа  жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды.

Экономикалық өсудің  негізгі мақсаттары – халықтың әл-ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Экономикалық өсудің негізгі мақсаты материалдық әл-ауқаттың жоғарлауы болып табылады, осының құрамына кіретіндер:

      Орта есеппен бір адамға келетін ұлттық табыстың өсуі. бұл мақсатқа жетуді ұлттық табыстың жан басына шаққанда келетін өсу шапшандығы көрсетеді.

      Бос уақыттың көбеюі. Бұл елдің нақты жалпы ұлттық өнім немесе ұлттық табыс көрсеткіштерінде орын алмаған. Сондықтан, осы мақсатқа жету дәрежесін бағалағанда, байқалып отырған мерзімде жұмыс аптасы мен жұмыс жылы қысқарғанына, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек әрекеттерінің жалпы ұзақтығына назар аудары керек.

      Ұлттық табыстың халықтың әр топтараның арасында бөлінуін жақсарту.

      Шығарылған тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартып, түрлерін көбейту.

 

Экономикалық өсудің өлшеу  тәсілдерін екі топқа бөлуге болады:

1.      Нақты жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) өсуі. Бұл әдіс экономикалық мүмкіншілігінің молаю шапшандығын бағалау үшін қолданылады.

2.      Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) бір адамға  шаққандағы өсуі. Халықтың әл-ауқатының дамуын талдағанда, немесе елдер мен аймақтардағы тұрмыс дәрежесін салыстырғанда қолданылады.

 

Қоғамдық өндірістің типіне байланысты, өнімнің өсу шапшандығы мен өндіріс факторлары көлемі өзгерістерінің арасындағы сәйкестік әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан экономикалық өсу де бірнеше типке  бөлінеді.

 

 

 

 

 

 

 

1.      Интенсивті типі - техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі. Тиімді экономика экономикалық өсудің интенсивті типін қолдануға тырысады. Экономикалық өсудің интенсивтік факторлары:

      қолданылатын ресурстар сапасының өсуі (жұмыс күшінің сапасын өсіру және заттық капиталдың сапасын жақсарту);

      ресурстарды пайдалану әдістерін жақсарту (технологияны жетілдіру, өндірісті және өткізуді ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру).

2.      Экстенсивті типі – қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы  ұлттық өнімінің өсуі. Экономикалық өсудің экстенсивтік факторлары:

      жұмыс күшінің санының өсуі;

      капиталдың көлемі өсуі.

3.      Аралас типі -  факторлардың өсуімен қатар техникамен технологияның  жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі.

 

Экономикалық теорияда экономикалық өсудің сапасы деген ұғым әлеуметтік бағытталуының күшеюімен байланыстырылады, оның сипаттайтын келесі көрсеткіштер:

1.      халықтың материалдық әл-ауқатының жақсаруы;

2.      адамның бос уақытының көбеюі;

3.      әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму дәрежесінің жоғарылауы;

4.      адам капиталына инвестицияны өсіру;

5.      адамдардың еңбек және өмір жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

6.      жұмыссыздар мен жұмысқа қабілеті жоқтарды әлеуметтік қорғау;

7.      еңбек нарығында ұсыныс көлемінің өсуі жағдайында жұмыспен толық қамтуды қолдау.

Экономикалық өсудің факторлары дегеніміз өндірістің нақты көлемін және  оның  тиімділігі мен сапасын арттыратын құбылыстар ықпалына  мен процестер. Тигізетін ықпалына қарай экономикалық өсудің факторлары жанама және тікелей  факторларға бөлінеді.

Тікелей факторларға экономикалық өсудің физикалық мүмкіндігін белгілейтіндер жатады. Тікелейді бес негізге факторлар құрайды, олар жиынтық өндіріс пен ұсыныстың динамикасын тікелей белгілейді.

Жанама факторлар экономикалық өсудің физикалық мүмкіндіктерді ақиқатқа айналдыратын факторлар жатады.

Жанама факторлар құрамына жататындар:

      Сұраныс факторлары өсіп келе жатқан өндіріс көлемінің өткізу мүмкіндігін белгілейді: мемлекеттік шығындардың өсуі, жаңа нарықтар игеру нәтижесінде немесе әлемдік нарықта ел өнімінің бәсекелес қабілетінің өсуі нәтижесінде экспорттың кеңеюі.

      Ұсыныс факторлары нарықтың монополиялану дәрежесінің төмендеуі, пайдаға салынатын салықтардың салықтың азаюы және т.б.

      Бөлу факторлары.

 

Экономикалық өсудің факторлары:

 

Тікелей  факторлар:

Жанама  факторлар:

-Еңбек ресурстарының саны мен сапасының өсуі.

-  Негізгі капитал көлемінің өсуі және сапалық құрамының жақсаруы.

-  Өндірісті  ұйымдастырумен қатар технологияның  жетілдірілуі.

-  Пайдаланатын табиғи ресурстардың саны мен сапалылығының артуы.

-  Қоғамдағы кәсіпкерлік  қабілетінің өсуі.

-         Сұраныс факторлары – тұтыну, инвестициялық, мемлекеттік шығындардың өсуі.

-         Ұсыныс факторлары – бәсекенің дамуы, ресурстардың бағасының  төмендеуі, несие алу  мүмкіншілігінің өсуі.

-         Бөлу факторлары – қоғамдағы барлық ресурстарды тиімді пайдалану.

 

Қазақстан үшін экономикалық өсудің тиімділігі мен сапасы маңызды мәселе. Ұзақ мерзім бойы еліміздің экономикалық дамуының нәтижесі жалпы қоғамдық өнімнің сан жағынан өсу қарқындылығы арқылы бағаланып отырды. Кәсіпорындардың болуы мен дамуы іс жүзінде олардың өздерінің өнімдерін сатудан түскен табыстар есебінен шығындарын өтеу қабілетімен байланысты болмады. Бұл жағдай кәсіпорындардың іс-әрекеттерінің тиімділігіне тәуелсіз, қаржыландырудың тыс көзі және еңбек пен капиталдың шекті өнімділігімен байланыстырылған табыстарды бөлу жүйесінің болуымен дәлелденеді. Қазақстан республикасының   жүргізіп отырған экономикалық саясатының негізгі мақсаты –  шет  ел инвестициясының  және ішкі  жинақтың жоғары  дейгейіндегі  экономикалық  ашықтығы негізінде экономикалық өсуге жету.

Экономикалық өсуге жету барысында  қойылған міндеттер:

1.      Мемлекеттің  белсенділігімен қатар экономикаға  араласуды шектеу.

2.      Қатал монеторлық фискальдық шектеулер қою.

3.      Шетелге қаржылық инвестиция шығару туралы стратегия   жасау.

4.      Жекеменшікті бекітумен қатар  құқықтық қорғау жасау

5.      Жекешелендіру процессін аяқтау (аграрлық секторда).

6.      Энергетикалық және басқа да табиғи ресурстарды өңдеу

7.      Инвестициялық саясатты жүзеге асыру.

8.      Индустриальдық технология стратегиясын жасау

9.      Өндіріс  диверсификациясын жүрзізу.

10. Өндіріс   салаларының бәсекелік қабілеттілігін дамыту.

 

 

Негізгі  түсініктер мен терминдер

 

Дағдарысқа қарсы саясат

Жандану

Рецессия (дағдарыс)

Стагфляция

Өсу

Тоқырау

Экономикалық өсу

Экономикалық цикл

 

 

Бақылау сұрақтары

 

1.      Экономикалық циклдың дамуы.

2.      Дағдарысқа қарсы саясат шаралары.

3.      Экономикалық дамудың циклдарының  себептері.

4.      Экономикалық  циклдардың типтері.

5.      Экономикалық өсудің типтері.

6.      Экономикалық өсудің мағнасы.

7.      Қазақстан Республикасында  экономикалық өсуге жетудегі міндеттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15 тақырып.  Мемлекеттің  ақша – несие жүйесі.

 

1.      Ақша жүйесі түсінігі мен типтері.

2.      Ақша нарығындағы тепе-теңдік.

3.      Несиенің мәні мен формалары.

4.      Қазақстан Республикасының банктік жүйесі.

 

Жалпы мемлекеттік заңдармен реттелген елдегі ақша айналысын

ұйымдастыру ақша жүйесі болып саналады.

Ақша жүйесінің элементтеріне жататындар:

1.       Ақша бірлігі. Бұл тауар бағасын анықтап өлшеу үшін қолданылады. Қазақстанда – теңге.

2.       Баға масштабы. Бұл мемлекет анықтаған ұлттық қағаз  ақша  данасының металға бағаланған салмақ  мөлшері.

3.       Ақша түрлері. Бұған жататындар: мемлекет шағаратын банкноттар, монеталар, қазыналық билеттер.

4.       Эмиссиялық жүйе – айырбасқа арнап заңды түрде ақша мен құнды  қағаздар шығару тәртібі.

5.       Ақша жүйесінің институттары – ақша айналымын реттеп отыратын мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер.

6.       Валюталық паритет – екі валюта арасындағы шекті қатынасты  білдіреді.

Ақша түрлеріне  байланысты айналыс жүйесі екі типке бөлінеді:

-         металл ақшаның айналыс жүйесі – айналыста алтын және күміс монеталар  жүреді, несие ақшалар металл- ақшаға еркін айырбасталады.

-         несие және қағаз ақшаның айналыс  жүйесі.

Бұл жүйеде айналыстан алтын  шығарылады. Қазіргі кезеңде ақша өз айналысында қолма-қолдан қолма-қолсыз ақшаға  және терісінше өтеді. Ақша массасы дегеніміз халық шаруашылығындағы тауарлар мен қызметтің айналымын қамтамасыз ететін сатып алу мен төлемдердің жиынтығы. Ақша массасының көлемі көптеген факторларға тәуелді, алдымен ақша нарығының көлемі мен конъюнктурасын белгілейтін, ақшаның ұсынысы мен сұранысынан. Ақшаның ұсынысы – бұл осы мезгілде экономикада айналыста жүрген төлем құралдарының жиынтығы. Ақшаға сұраныс – оның айналыс құралы және жинау құралы қызметінен туындайды. Ақша массасының динамикасына көп факторлар әсер етеді. Ақшаның сандық теориясының өкілі американдық экономисі Фишер келесі формуланы ұсынады:

M · V = P · Q

 

мұнда: M – айналыстағы ақшаның саны;

V – ақшаның айналыс жылдамжығы;

Информация о работе Бағалы қағаздар эмиссиясының тәртібі, эмиссия проспектісі