Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 18:48, реферат
Қазіргі заман талабына сай экономикалық өзгерістерге байланысты қандай да болмасын саладағы мамандықтар үшін нарықтық экономика негіздері туралы білімділікті жете меңгерудің маңызы өте зор. Сондықтан, білім берудегі мемлекеттік стандартқа сәйкес «Экономикалық теория негіздері» курсын оқыту барлық мамандықтарда жүргізіледі.
17-кесте
Сыртқы сауда саясатының салыстырмалы сипаттамасы.
| Протекционизм | Фритредерство |
Мағынасы: | Шетел өнімдерін ішкі нарыққа кіргізуді ұлттық өндірісті қорғау үшін шектеу. | Ешбір кедергілерсіз мемлекеттер арасында тауарлар мен қызмет-тердің еркін жүруі. |
Артықшылықтары: | Төлем балансын теңдес-тіреді, демпингтен қор-ғайды. Жаңа салаларды қорғайды, өндіріс көле-мінің өсуін ынталан-дырады. | Бәсекені ынталандырады, монополияны шектейді, өндіріс тиімділігі өседі, бағалар төмендейді. Тауарларды таңдау мүмкіндігі еді, мемлекет арасында жақындасу, бірігу процесі өседі. |
Кемшіліктері: | Өндіріс тиімділігі төмендейді, бағалар өседі, тауарды таңдау мүмкіндігі болмайды, экспорт мүмкіншілігі азаяды. | Ұлттық экономиканы шетелдің теріс әсерінен қорғау мүмкіндігі болмайды (демпинг, сапасыз тауарлар және т.б.). |
Мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыстарын сипаттауға төлем балансы қолданылады. Төлем балансы дегеніміз белгілі бір кезендік статистикалық есеп беру және келесі құбылыстарды көрсетеді:
- белгілі бір елдің басқа елдер арасындағы тауарлық, қызметтік, табыстық операциялар;
- меншіктегі өзгерістер және сол елдің қаржылық талаптар мен міндеттемелеріндегі өзгерістер;
- бір жақты аудармалар.
Төлем балансына сыртқы саудадан, тасымал құралдары төлемінен, шетелге капитал шығарудан, шетел туризмінен және валюталық несиелік операциялардан және т.б. түскен табыстар кіргізіледі. Дәл осындай баптар төлем балансының шығын бөлімінде көрсетіледі. Төлем балансының көрсеткіштері сол елдің белгілі бір кездегі экономикалық жағдайы туралы мәлімет береді. Егер төлем балансында теріс сальдо болса, онда сол ел дүниежүзілік нарықта сенімсіздікке ұшырайды, мұның өзі ұлттық валютаның басқа елдердің ұлттық валютасымен салыстырғанда, төмендеуіне әкеліп соғады.
Халықаралық несие – бұл қайтарымдылық, жеделдік, процент төлеу шарты бойынша валюталық және тауар ресурстарының берілуі, яғни мемлекеттердің бір - біріне ақша немесе тауар ресурстарын қарызға беруі. Бұл жағдайда қарыз беруші мен қарыз алушы рөлінде жеке фирмалар, компаниялар, мемлекеттің үкіметі, аймақ, облыс, қала әкімшіліктері мен халықаралық мекемелер болады. Халықаралық несие әр түрлі формада болады:
- байланысқан несие несиелік келісімде бекітілген қатаң түрдегі мақсатты сипаты болады (коммерциялық, инвестициялық несиелер);
- қаржылық несиелер қарыз алушының кез келген мақсатына сәйкес беріледі.
Әлемдік басты несие–қаржылық орталықтарға жататындар: Халықаралық валюталық қор (ХВҚ)
- ол Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) мекемесі болып саналады;
- халықаралық ірі қаржы несие мекемесіне Дүниежүзілік банк жатады. Оған бір-бірімен байланысқан 4 халықаралық қаржы институттары енеді. Олар: Халықаралық даму және реконструкциялау банкі (ХДРБ), Халық аралық даму ассоциялары, халықаралық қаржы корпорациясы;
- Қарыз беруші елдердің «Париж клубы»
- Қарыз беруші банктердің «Лондон клубы» және т.б.
Халықаралық жұмысшы күші нарығы жұмыс күшінің сырттан келуімен (эмиграция) және кетуімен (иммиграция) қалыптасады, яғни ұлттық шаруашылықтар арасындағы жалдамалы еңбектің ауысуы (миграция) Оның пайда болуы өмір сүру деңгейінің төмендегі мен даму қарқыны төмен елдерде тұрғындардың салыстырмалы елдердің дәрежесінің жоғары болуымен түсіндіріледі. Сол себептен қосымша жұмыс күшін қажет ететін интенсивті дамыған елдерге ауысып отырады.
Дүниежүзілік шаруашылықтың интернациалануының тереңдеуі жағдайында капитал экспортының мәні өсуде. Капиталдың миграциясы – бұл белгілі бір ұлттың айналымында жүрген капитал бөлігін басқа елдің экономикасына тауар немесе ақша формасында енгізу процесі. Оның басты себебі: бір елде капитал мөлшерінің салыстырмалы түрде көр болуы, яғни оның шектен тыс көп жинақталуы. Капитал миграциясының түрлері көп:
Қарыз капиталы сақтаудағы ақшадан, несиеден түсетін процент көлемінде табыс әкеледі. Кәсіпкерлік капиталды шетке шығару – басқа елдердің территориясында өзінің өндірісін салу үшін қаржы жұмсау. Кәсіпкерлік капитал екі түрге бөлінеді:
- Тікелей инвестиция - өнеркәсіп, сауда т.б. салаларға бағытталған.
Портфельдік инвестиция – шетелдік облигация, акция мен басқа да құнды қағаздарға бағытталған.
Трансұлттық корпорациялар (ТҰҚ) қазіргі кездегі дүниежүзілік байланыстардың негізгі субъектілері, яғни елдердің компаниялары, акционерлік қоғамдардың бірігуі.
Әлемдік экономикада елдер арасындағы төлем мен есеп айырысу операциялары валюталық қатынастар арқылы жүргізіледі. Осындай валюталық қатынастар халықаралық валюта жүйесін құрайды. Валюта жүйесіне бірлескен валюта қорлары, халықаралық есеп айырысуда жүретін активтер, валюталық поритет пен оларды өзара келістіру жағдайлары, валюта мен алтынның әлемдік нарығы т.б. кіреді.
Ақша сыртқы экономикалық байланыстарға қатысқанда валюта түрінде қолданылады.
Валютаның түрлері: ұлттық, шетелдік валюталық бірлік (теңге, доллар, евро). Валюта айналымына байланысты:
- конверсияланатын, яғни еркін айналатын валюталар;
- жартылай конверсияланатын, яғни валюталық шектеулері бар елдердің валюталары;
- конверсияланбайтын, яғни елдер арасындағы айырбасқа тыйым салынатын валюталар болып бөлінеді.
Валюталық курс – бір елдің ақша бірлігінің басқа елдердің ақша бірліктеріне бейнеленген бағасы. Валюта қатынастары тарихында үш валюта жүйесі белгілі.
1. Алтын стандарты негізінде 1879-1934 жылға дейін: ақша бірлігінде алтын үлесінің болуы, алтын қоры мен ішкі ақша ұсынысының тең болуы, осының нәтижесінде мемлекет валюталық курсты қатал шектеуде ұстап отырады.
2. Бреттон Вуд жүйесі 1944-1971 ж. ақша айналымына алтын девиза енгізілді, яғни мұндай өлшеуіш алтынның орнына алтыны аз елдердің кейбір ұлттық немесе бірлескен валюталардың жүруіне жол берілді. (алтын-доллор стандарты)
3. 1971 жылдан бастап дүниежүзілік ақша міндетін алтын емес, ұлттық валюта мен біріккен валюта атқара бастады да бұл жүйе - еркін өзгеріп отыратын валюталық курс жүйесі деп аталды, яғни валюталық курс мемлекет әсерін тигізіп отыратын сұраныс пен ұсынысқа қарай өзгеріп отырады.
Валюталық курсты реттеу үшін 4 негізгі тәсіл қолданылады:
1. Валюталық интервенция валюталық нарыққа мемлекеттің араласуы. Валюталық сұраныспен ұсынысты қажетті бағытқа өзгерту үшін мемлекет осы валютаның қажетті санын сатады немесе сатып алады.
2. Валюталық бақылау жүргізу, яғни егер елде шетелдік валютаның көлемі кемісе, оған сұраныс өссе, оның өсуін баяулату үшін валютаның легін ішкі нарықта қайта бөлуге кіріседі.
3. Сыртқы сауданы бақылау арқылы валюталық сұраныс пен ұсынысқа жанама түрде мемлекет ықпалын жүргізеді.
4. Ішкі макроэкономикалық реттеудің әртүрлі шаралары бойынша валютаның айырбас пропорциясына мемлекет әсерін тигізеді.
Халықаралық экономикалық интеграция
Соңғы уақытта әлемдік шаруашылықта күрделі өзгерістер байқалады. Олардың ішінде ең маңыздысы – ұлттық шаруашылықтың жақындасуы мен өзара тығыз байланысуы негізінде мемлекетаралық экономикалық бірлестіктердің құрылуы. Елдің мұндай жақындасуы мен бірлесуін экономикалық интеграция деп атайды.
Еркін экономикалық зона (ЕЭЗ) - кейбір аймақтағы аудандарға экономикалық-әлеуметтік ғылыми техникалық дамуын және сыртқы экономикалық байланыстар ұйымдастыруды өздері шешуге берілген еркіндік. Осы мәселелерді қолайлы, жайлы жағдайлармен қамтамасыз ету үшін арнайы кеден және сауда тәртібі, тауарлар, еңбек ресурстары, капитал мен пайданың ауысуы, салық жеңілдіктері, инвестицияны қолдау шаралары қолданылады.
ЕЭЗ-ның негізгі мақсаттары:
1. Осы аймақты дамыту.
2. Әлемдік тәжірибе алу.
3. Сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту.
4. Экономикалық, ғылыми-техникалық жаңалықтар енгізу.
Мақсаттың нақты түріне байланысты ЕЭЗ-ның әртүрлі түрлері болуы мүмкін:
- еркін кедендік зона;
- еркін сауда зонасы;
- өндіріс экспорты зонасы;
- ғылыми-техникалық зона (технопарк, технополис т.б.)
- ашық аудандар мен қалалар.
Ғаламдық проблемалар дегеніміз - жер шарындағы көкейкесті мәселелер ауқымын қамту болып табылады. Оған жататындар: дүниежүзілік өзара соғысты болдырмау, қоршаған ортаны қорғау, дамушы елдердің экономикалық артта қалуын жою, энергетикалық, ішкі заттық, азық-түлік және демографиялық проблемалар; дүниежүзілік мұхит байлығы мен бейбіт жағдайда космосты игеру, ауруларды жою және т.б.
Ғаламдық проблемалардың ерекшелігі сол - оның барлығы адам тағдырына қатысты және оны шешуді тоқтату өркениеттілікті күйретумен бірдей немесе жердегі өндіріс қызметі мен өмір жағдайын төмендету болып табылмақ.
Өркениеттіліктің болу негізі әртүрлі процестердің әсеріне ұшырап отырады :
- милитаризация мен қару-жарақтану;
- қоршаған ортаның төзімсіз ластануы;
- қауіпті аурулардың тарауы мен өсуі: СПИД, рак, нашақорлық т.б.
- дамушы елдердегі демографиялық процестердің асқыну салдарынан тақыр кедейлену, жұмыссыздық, сауатсыздықтың пайда болуы;
- ұлттық мәдениеттің жойылуы;
- дүниежүзілік мұхитты бақылаусыз қанау.
Ғаламдық проблемаларды тек қана барлық мемлекет пен халықтардың саяси-экономикалық, ғылыми-техникалық күштерінің бірігуі нәтижесінде шешуге болады. Барлық халықтар адамзатты ядролық соғыс зардабынан құтқару, экологиялық катастрофаны болдырмау, дамушы елдер халықтары кедейленуін барынша бетін қайтаруға мүдделі. Осы қызметтердің нәтижесінде ғана халықтардың өмір сүріп кетуіне жағдай жасап, өркениеттің дамуына сатылап көшуге болады.
Қазақстанның дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциялау бағыттары.
Еліміздің дүниежүзілік интеграциялық процестерге қатысып, көпжақты ынтымақтастықты қалыптастыруға мүдделілігі орнығып келеді.
Ең алдымен Қазақстанның 1992 жылы 2 - наурызында БҰҰ-ға (Біріккен Ұлттар Ұйымы) 164-ші ұлттық мүшесі болып қабылданғанын айтуға болады. Біздің республика - БҰҰ-ның саяси мәселелері жөнінде (әсіресе,ядролық кауіпсіздік мәселелері) белсенді мүшелерінің бірі өнеркәсібі дамыған елдер мен (АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея т.б.) халықаралық экономикалық қатынастарды дамыту жүзеге асуда. Осындай игі істер АСЕАН елдерімен, әсіресе – Индонезия, Малайзия, Сингапурмен жасалуда. Ынтымақтастық Таяу және Орта Шығыс елдерімен дамуда. Оларға: Түркия, Иран, Сауд Аравиясы жатады. Ресей, Өзбек, Қырғыз елдерімен экономикалық қатынастар басым бағыттар ұстауда. Еуропа экономикалық одақ елдерімен Қазақстанның экономикалық қатынаста болуы үлкен стратегиялық мүдделілікті байқатады.
Информация о работе Бағалы қағаздар эмиссиясының тәртібі, эмиссия проспектісі