Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2012 в 22:15, дипломная работа
Диплом жұмысының мақсаты: Интеграция мен инновациялық қызметті теориялық тұрғыдан қарастыру және соның негізінде Қазақстан Республикасының жаһандану жағдайындағы интеграциялық қызметінің ғылыми-тәжірибелік кепілдемелерді анықтау.
Диплом жұмысының негізгі міндеттері:
-экономикалық интеграция мәні мен даму алғышартын ұарастыру;
-интеграциялық дамудағы әлемдік және отандық тәжірибені салыстыру;
-әлемдік елдердің сауда экономикалық одаққа кіріуінің экономикалық салдарын талдау;
-әлемдік интеграциялық бірігу процесін қарастыру;
-посткеңестік елдердегі интеграциялық процестерді талдау;
-әлемдік интеграциялық қатынастар жүйесіндегі Қазақстан Республикасының орнын анықтау;
Интеграция процесінің алғашқы қадамдарының бірі – қатысушы елдердің кедендік шекаралардан өту кезінде жүк пен қол жүгін кедендік тексеруден өткізу шартын алып тастауы, бірақ қару-жарақ, наркотиктік, психотроптық заттар және де валюталық, мәдени құндылықтардың өткізіп жатқандығына толық негіз бар болса, онда олар міндетті түрде кедендік тексеруден өтуі тиіс.
Қатысушы елдер басшыларының шешімімен осы кездесуде Мемлекетаралық Кеңес және тұрақты негіздегі жұмысшы органы – Мемлекетаралық Атқарушы коммитет (МАК), премьер-министерлер, сыртқы-істер министрлерінің және қатысушы елдер қорғанысының Кеңестері құрылды, сонымен бірге ынтымақтастық пен дамудың Орталық позициялық банкін құру жөніндегі шешімдер қабылданды.
Қазіргі таңда Біртұтас экономикалық кеңістікте қатысушы елдер импортты алмастыру саясатын мақсатты түрде жүргізуде. Ол импорт құрылымын рационализациялауға, республика өнеркәсіптерін өздерінің экономикасының ішкі қажеттіліктеріне қарай өзгертуге және сол арқылы бұрынғы шаруашылық байланыстар арасындағы алшақтықты жоюға мүмкіндік береді.
Орталық Азияның экономикалық интеграцияны аймақтағы экономикалық және әлеуметтік проблемалар кешенін шешуге арналған кең мүмкіндіктерді ұсынады және де оның тарихи, гоеграфиялық, мәдени және әлеуметтік-экономикалық ортақтылықпен айқындалған жарқын болашақ бар екенін атап өтуге болады.
Орталық Азиядағы интеграциядан төмендегідей артықшылықтар күтіледі:
Алматыда Әзербайжан, Армения, Беларус, Қазақстан, Қырғызстан, Молдава, Ресей, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан және Украина басшлары Кеңестер Одағының келмеске кеткенін айқындамаған және жаңа мемлекеттерді біріктірген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрылғанын әлемге жария ететін құжаттарға қол қойылды.
«Независимая газета» -да берген сұхбатында Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев: «ТМД елдері үшін интеграция, ынтымақтастық экономикалық қажеттілік қана емес, бұл керек десеңіз жаңа рухани-психологиялық тұрақтылық, ертеңгі күнге деген сезім,»-деп баға берген болатын.
Өркениетті мемлекеттердің экономикалық және саяси интеграцияға ұмтылуы бүгінгі таңдағы объективті заңды құблыс. Мемлекеттің жақындасуы дүниежүзілік дамудың жаңа дәрежесін айқындап, сондай-ақ қоғамдық өмірдің басқа да салаларында жаңа сапалық өзгерістерге қол жеткізіп отыр. Олардың қатарына біріншіден, дүниежүзілік дамуда бейбітшілік принциптері үстем болып, интеграция саяси қақтығыстарды шешудің бейбіт механизмдерін жетілдіре түсуде.
Достастық елдері өз мүмкіндіктері мен мүдделеріне сәйкес интеграцияланудың басқада формаларын қарастыра бастағаны белгілі.
Бүгінгі
таңда ТМД елдерінің
Достастық елдерінің өзара саудасы. 1 – сурет
2005
жылғы қаңтар-ақпанмен
Әзірбайжан |
Тәжікстан |
Ресей |
Қырғызстан |
Қазақстан |
Беларусь |
Армения |
Молдова |
Украина |
Грузия |
Достастық елдерінің
әлемдік басқа
елдермен экспорттық-импорттық
операциялары.
2006
жылғы қаңтар-ақпанда
Қазақстан
мен ТМД мемлекеттерінің
біріншіден,
дүниежүзілік мемлекеттердің өзара
капитал алмасу, халықаралық сауданың
дамуы және сыртқы экономикалық саясаттың
либерализациялану процесі
екіншіден, соңы жылдары
үшіншіден, жоғары
төртіншіден,
қазіргі кезде дүниежүзілік сауда
рыногындагы бәсекелестіктің
ТМД-ның құрылуы интеграция теориясына жаңа көзқарастарды тудырып отыр. Ол мемлекетаралық қатнастардың объективті экономикалық және саяси жақындасуы. ТМД-дағы интеграциялық процестердің келеңсіз талас тудыратын жақтарын атап кеткен жөн. Мәселен, бұл процеске араласқан мемлекеттер өз тәуелсіздігінің белгілі бір бөлігі-экономикалық дербестіктен айырылады. Екіншіден, әлемдік тәжірибеде ірі мемлекет (мәселен, Ресей) және кішігірім мемлекеттің интеграциялық жақындау тәжірибесі жоқ. Ресей сияқты алып мемлекеттен экономикалық және саяси интеграция Қазақстан үшін тиімсіз деген пікірлер бар. Сондықтанда ТМД-дағы интеграция процесіне саяси ретінде қарауға болмайды.
«ТМД туралы арманды ақиқатқа айландыру үшін табанды түрде күресу керек,» - деп түйіндейді Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Киев кездесуінен кейінгі баспасөз маслихатында.
Ал Қ.Қ .Тоқаевтың пікірінше,
«континенталды интеграция, бұл
дүниежүзілік интеграцияға
Егемендік, аумақтық тұтастық пен шекаралардың мызғымастығы, бір-бірінің ішкі істеріне қол сұхпау прициптері негізінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер мен ынмақтастықты міндеттерінің бірі болып отыр.Бір жағынан қолайы сыртқы орта жасау ұтымды, өзара тиімді экономикалық байланыстарды одан әрі дамыту қажеттігі, екінші жағынан бүкіл дүниежүзінде интеграциялық процестердің күшеюі біздің республикамызбен Достастықтың басқа да елдерінің тарихи ерекшеліктеріне қарай көп жақты ынтымақтастықты ұлғайтуға тікелей мүдделі болып отырғанын көрсетеді.
ТМД-ның 1996-1997 жылдардағы интеграциялық дамуының перспективалық жоспары жүзеге асырыла отырып, кеден, төлем, және валюта одақтарын қалыптастыру жөніндегі жұмыс жасалып келеді, қылмысқа қарсы бірлескен шаралардың мемлекетаралық бағдарламасы қабылданды.»-деп атап көрсетті Н.Назарбаев өзінің 1997 жылғы Қазақстан халқына арнаған жолдауында.
Бүгінгі таңда Евразия басты саяси күрес алаңына айналып отыр. Қазір Азия мен Европаға бөлек саясат ұстануға мүмкін емес. Осы тұрғыдан алып қарағанда Европалық интеграцияның және оның ұжымдық дипломатия стратегиясы ТМД үшін үлкен тәжірибе болатыны сөзсіз. Европалық интеграция валюталық, экономикалық, сауда, әлеуметтік және саяси дамудың жетістігі болып табылады. Сонымен бірге Европада ортақ қауіпсіздік және сыртқы саясат жасауда үлкен тәжірибе жинақталды. Мысалы: Европалық Одақтың сыртқы саясатының негізі 1957 жылғы Рим келісім шарты, 1992 жылғы Маастрих және 1957 жылғы Амстердам шарттарында бекітілді. Европаның Ұжымдық дипломатиясының көрінісі «2000 жылдың күн тәрбі» деп аталатын құжаттар айқындалды. Сонымен бірге Европалық Одақтың сыртқы дүниемен байланысы да ТМД үшін жақсы тәжірибе.Жалпы ұжымдық дипломатия-Европалық интеграсияның жетістігі болып табылады.
«Ортақ сыртқы саясат» немесе ұжымдық дипломатияға анықтама Маастрих келісімінде толық беріген.Ортақ сыртқы саясат немесе ұжымдық дипломатияның мақсаты:
Осы
мақсаттарды жүзеге асыру үшін Европалық
Одаққа мүше мемлекеттің ортақ сыртқы
саясаты мен ортақ
Маастрих келісім-шартында Европалық Кеңестің қызметіне жоғары баға берілген. Келісім-шартта сонымен бірге ортақ қорғанс саясат туралыда баптар қарастырылған. Европлық Одақ бұл саясатқа Батыс Европалық Одақпен (ЗЕС) бірігіп қимыл жасауды ұсынады. Алайда, ортақ қорғаныс НАТО-ның саясатына қарсы келмеуі керек. Сонымен, Маастрих және Амстердам келісім-шарттарында Европалық интеграция нарық, экономика, қаржы салаларында ғана емес, сондай-ақ ортақ сыртқы саясат, қауісіздік және қорғаныс салаларын қамтитындығын атап көрсетті. Европалық Одақтың ұжымдық дипломатиялық тәжірибесін КСРО ыдырағаннан кейінгі қалыптасқан күрделі геосаяси, геоэкономикалық мәселелерді шешуде қолдану қажеттілігі күн сайын арттып отыр. Кеңестер Одағының ыдырауы жай өзгерістер шеңберінен шығып, халықаралық қатнастардың бұрынғы жүйесін бұзып, күш тепе-теңдігіндегі өзгерістерге алып келді. Бұл өзгерістер ТМД-ды мемлекеттерін қамтып отыр. Бұл өз тарапынан Евразиялық континентегі жаңа геосаяси және геоэкономикалық ахуалды тудыруда. Оның қатарында Орта Азия және Закавказьедегі жас тәуелсіз мемлекеттердің «Кеңестік тербелістерден» шығып, өзара экономикалық және басқада қатнастар орнату тенденциясын айтуға болады.
Интеграция- ТМД-ның өмір сүруінің негізгі қажеттілігі сөзсіз.
Дүниежүзілік дамуда экономикалық саяси жақындасудың үлгілері көптеп кездеседі. ТМД үшін Европалық интеграцияның тарихи тәжірбесін тағыда мысал ретінде көрсеткен. Мысалы: Европа кіндігінде орналасқан Франция мен Германия елдері үш жойқын соғыстарды басынан өткізді. Бұл соғыстар бүкіл Европаны сілкіндірген болатын. Тек екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ғана екі елдің басшылары Голль мен Аденауэрдің көрегендігінің арқасыда ынтымақтастыққа қол жеткізілді. Сөйтіп, 1957 жылғы Рим келісімінде «Ортақ рынок» құрылып, бейбіт дамудың жаңа үлгісі көрсетілді. Сондай-ақ ТМД үшін Азия мемлекеттерімен интеграциялық дамуда мысал бола алады.
Аймақтық интеграцияның пайдасын көріп отырған елдердің қатарына Оңтүстік Азияны жатқызуға болады. Бұл аймақ 60-80 жылдары әртүрлі қақтығыстардың ошағы болғаны белгілі. Бүгінде АСЕАН-ға мүше елдер тұрақты дамудың үлгісін көрсетуде. Міне, осы және тағы басқада мысалдар интеграцияның соның ішінде аймақтық интеграцияның артықшылықтарын дәлелдейді. Сонымен қатар еркін сауда аймағы болмайынша, ТМД мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі өрістей алмайтындығына назар аудартты. Сондықтанда 1994 жылғы сәуірде қабылданған Еркін сауда аймағы жөніндегі келісімді жандандыру қажеттігін атап көрсетті. Ол құжатта ТМД-ның 12 мемлекет басшылары қол қойғанымен, 6 ел ғана яғни, Азербайжан, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Молдава, Тәжікстан ғана бекіткен.
Информация о работе Қазақстан Республикасының жаһандану жағдайындағы интеграциялық қызметі