Қазақстан Республикасының жаһандану жағдайындағы интеграциялық қызметі

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2012 в 22:15, дипломная работа

Описание работы

Диплом жұмысының мақсаты: Интеграция мен инновациялық қызметті теориялық тұрғыдан қарастыру және соның негізінде Қазақстан Республикасының жаһандану жағдайындағы интеграциялық қызметінің ғылыми-тәжірибелік кепілдемелерді анықтау.
Диплом жұмысының негізгі міндеттері:
-экономикалық интеграция мәні мен даму алғышартын ұарастыру;
-интеграциялық дамудағы әлемдік және отандық тәжірибені салыстыру;
-әлемдік елдердің сауда экономикалық одаққа кіріуінің экономикалық салдарын талдау;
-әлемдік интеграциялық бірігу процесін қарастыру;
-посткеңестік елдердегі интеграциялық процестерді талдау;
-әлемдік интеграциялық қатынастар жүйесіндегі Қазақстан Республикасының орнын анықтау;

Работа содержит 1 файл

Бегалиева Жазира.doc

— 375.50 Кб (Скачать)

    Бүгінгі таңда интеграция әлемдік дамудың  күннен-күнге күшейіп келе жатқан тенденциясы байқалуда. Барлық елдер  әлемдік шаруашылыққа интеграцияланса, аймақтарда тығыз саяси ықпалдастыққа  бастайтын экономикалық қоғамдастықтар құрылып жатыр.

    Елбасының Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық  процестерді дамытуда, ТМД, ЕурАзЭҚ, Орталық Азия қауымдастығын және Шанхай ынтымақтастық ұйымы секілді  халықаралық қауымдастықтарды құруда, Біріңғай экономикалық кеңістікті жүзеге асыру жұмыстарында атқарған рөлі мен белсенді қызметі бәрімізге мәлім. ХХІ ғасыр – интеграция ғасыры. Сондықтанда қазір аса ірі мемлекеттер де жаһандану жағдайында басқалардан оқшау өмір сүру мүмкін емес.

    Осы заманғы әлем жаһандану кезеңін  – адамзаттың біртұтас ақпарат пен коммуникациялар кеңістігінде жан-жақты бірігу, бүкіл планетаның біртұтас экономикалық рынокқа айналу дәуірін бастан кешуде. Яғни жаһандық қоғам әлдеқайда ашық бола түсуде: капиталдың, қаржылардың, адамдардың «шекарасыз әлем» тұжырымдамасының негізіне айналды.

    Қазіргі дүние адамзатты толғандырған мәселелердің бір арнада тоғысуынан ғана жаһанданып отырған жоқ. Оның басты себебі адамзат  атаулының ортақ мәселелерінің  жаһандық деңгейге көтерілуінде. Жаһандану  жағдайында барша адамзат қауымын  алаңдатып отырған лаңкестік, экстремизм және нашақорлық сияқты дүние жүзіне ортақ проблемаларды барлық мемлекеттер өзара күш біріктіріп, бірлесе күрескен кезде ғана жоятын болады. Сонымен қатар бай мемлекеттер кедей елдерге көмектесуі керек. Өйткені көптеген проблемалардың түп-тамыры осы кедейшілік пен теңсіздікте.

    Қазақстан сан алуан ұлттар, діндер мен өркениеттер  тоғысында тұрған ел. Сондықтан біз  үшін ел тыныштығы, халықтар татулығы мен өңірдегі қауіпсіздік ауадай қажет.

    Қазақстанның  қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ел ішіндегі реформаларға қолайлы жағдай туғызу мақсатында Үкіметтің алдында осы мемлекеттермен арадағы негізгі шарттар мен келісімдерді бұлжытпай жүзеге асыру міндеті тұр.

    «Осы  заманғы қауіп-қатерлер мен қыр  көрсетулерге қарсы бара-бар Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іске асыру» басымдығы бойынша кәсіби армия құру, діни экстремизмге қарсы іс-қимылға, сондай-ақ халықаралық терроризмге, есірткі саудасына және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған саясат жүргізуді көздейтін жаңа әскери доктрина негізінде мемлекеттілікті, ұлттық егемендікті және елдің тұтастығын нығайту мәселелерін шешуге айырықша назар аударылуда. 

    Біздің  ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігіне  оны әлемдік экономикаға интеграцияланған жағдайда да қол жеткізе аламыз. Сондықтан да Қазақстанның Бүкіәлемдік Сауда Ұйымына кіруін жеделдету аса маңызды міндет болып табылады. Біздің капиталымыздың шетелге қозғалысын, оның сыртқы рыноктарды игеруін қолдап, көтермелеуіміз қажет. Бұл – жаһандық бәсекелестіктің элементі, сондай-ақ әлемдік экономика жайында аса маңыздылығының болуы.

    Қазақстан бүгінгі таңда жоғары экономикалық даму қарқынына жетіп отыр.

    «Қазақстанның мүдделерін, өңірлік және әлемдік  даму серпінін ескеретін теңдестірілген және жауапты сыртқы саяси бағытты  одан әрі іске асыру»басымдығы шеңберінде Ресеймен стратегиялық әріптестік қатнастарды дамыту, Қытаймен, АҚШ-пен, Европалық Одақпен, Орталық Азия мемлекеттерімен, мұсылман әлемі елдерімен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту және дамыту жөніндегі жұмыстар алдағы уақытта жүргізілетін болады.

    Мемлекет  басшысы ағымдағы жылғы 30 наурызда «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі  Даму стратегиясын одан әрі іске асыру  жөніндедегі шаралар туралы»  Жарлыққа қол қойды. Аталған жарлықпен  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспары бекітілді.

    Ел  Президенті белгілеген «Әлемдік экономикаға  ойдағыдай кіру – елдің экономикалық дамуының сапалық серпілісінің негізі»  басымдығына сәйкес халықаралық  маңызды «серпін» жобаларды іске асыруға, жоғары технологиялық  индустрияны  дамытуға, әлемдік нарықтарда бәсекеге қабілетті болатын тауарлар мен қызметтерді өндіруге бағытталған белсенді шараларды қабылдау жоспарланған. Бұл үшін Индустриялық-инновациялық дамудың 2-кезеңін іске асыру жөніндегі жұмыс жандандырылатын болады. Қазақстанның БСҰ-ға кіруі, экспорттық-импорттық кредиттеуді, академиялық орталықтарды дамыту, қазіргі заманғы көлік-коммуникация инфрақұрылымын қалыптастыру, Алматы қаласын өңірлік қаржы және іскерлік орталығы ретінде дамыту жөніндегі жұмыс жалғасуда.

    БСҰ-ға кірудің мейлінше тиімді жоспарларын таңдауда Қазақстанның әлемдік рынокқа интеграциялануын ешбір кедергісіз жүзеге асырылуға тиіс. Құқықтық база, әлемдік сауданы ұйымдастырушылық шаралары, БСҰ-ның қағидаларына сәйкес болуы қажет. Бірақ бір жағынан, әділетті бәсеке, сауда либеризациясы, жалпы тиімділік, алдын-ала болжай алу мүмкіндіктері сияқты режимге сай келуі тиіс.

    Мемлекет  басшысының халыққа арнаған биылғы Жолдауында өңірдегі мемлекеттің одағын құру туралы бастама жария етілді. Жолдаудың «Өңірдегі жағдай туралы»  тармағында Орталық Азиядағы жағдай алаңдатушылығын туғызды. «Ұлы державалардың осы өңірде экономикалық басымдылыққа ие болу жолындағы бәсекелестігінде байқап отырмыз» деген сөйлемнің астарында көп мәселе жатыр.

    «Біздің алдымызда таңдау тұр» делініп, соның  мүмкін болатын нұсқаулары айтылады: әлемдік экономикада келесі бір империяның келуін күту немесе Орталық Азия өңірінің барынша интеграциялануына қадам жасау. Бұл тұрғыда Орталық Азия экономикалық қауымдастығын, тағыда басқа бірлестіктерді айтуға болады.

    Өңір  елдерінің интеграциялық ықпалдау мүмкіндігі өте кең. Әрбір ел өңір аралық ынтымақтастықтан көп пайда көретіні сөзсіз. Содықтан Орталық Азия мемлекеттерінің одағын құру туралы бастама дер кезінде жасалғандығын атап көрсетуі қажет. Өңірдің барлық жетекші елдерінде жан-жақты интеграция үшін алғы-шарттар толық қамтамасыз етілген.

    Достастық елдері өз мүмкіндіктері мен мүдделеріне  сәйкес интеграцияланудың басқа  да формаларын қарастыра бастағаны  белгілі. Елбасының идеясы негізінде  дүниеге келген Евразиялық экономикалық қауымдастық осының озық үлгісіне айналып келеді. Қазіргі күні бұл қауымдастық аясында кеден одағын құру, одақ тарифтерін белгілеу, бірте-бірте ортақ валютаға көшу мәселелері қарастырылу үстінде.

    Бүкіл әлем бойынша интеграциялық үрдістер терең сипат алып отырған қазіргі жағдайда ТМД секілді көптеген елдерді қамтитын құрылымның болғаны дұрыс. Бүгінде поскеңестік кеңістікте әрқилы интеграциялық бірлестіктер – ТМД,ЕврАзЭҚ, ШЫҰ дамып келеді.

    Мен өз дипломдық жұмысымды қорытындылай келе, жарқын бейнесі ұлттық теңгемізде бейнеленген, Отырардан шыққан ұлы бабамыз, философ Әбу Насыр Әл-Фараби өзінің «Ізгілікті қала тұрғындарының игілікті ұсыныстары туралы» әйгілі трактатында: «Ізглікті халықтың арасында өзара татулық пен келісім орнығуы үшін тәртіп пен береке-бірлік қажет. Сонда жер бетінде шапағат нұры шашылып, адамдар бір-біріне бақытқа жету жолында көмек қолын созатын болады», деген екен.

    Мемлекет  пайда болғаннан бастап өзінің тәуелсіздігін  сақтау және сырттан агрессияға жол  бермеу арқылы ұлттық қауіпсіздігін  қамтамасыз етеді. Халықаралық қатнастарда өзара тәуелділік пен өзара әсер етудің нығаю кезінде немесе жаһандану жағдайында мемлекетаралық байланыстардың бір-біріне тәуелділігінің өсуі аймақтық және халықаралық қауіпсіздік мәселесін бірінші орынға қояды.

    Қазіргі заманда әлемде халықаралық қарым-қатнастардың барлық жүйесі, сондай-ақ мемлекетаралық байланыстарға және мемлекет ішіндегі құрылымдарға қатысты халықаралық принциптер мен сапа жағынан өзгерістерді бастан кешуде. Халықаралық өмірдің басты мақсаты – бейбітшілікті нығайту және жалпыға бірдей қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады. Оған жетудің бірден-бір жолы – ол ел тыныштығы, халықтар татулығы мен өңірдегі қауіпсіздікті нығайту. 
 
 

 
 

    ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
 

    НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Президентің Қазақстан халқына Жолдауы.  «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін». Астана, 2004 жылғы 19 наурыз.  
  2. Президентің Қазақстан халқына Жолдауы. «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында». «Атамұра» баспасы, 2005.
  3. Актуальние проблемы внешни политики Казахстана, стр.11. М.: Русский Раритет, 1998.
  4. Энциклопедический словарь. / под.ред.Г.В.Осипова – М.: ИСПИ РАН, 1995-940 стр.
  5. Русско-казахской толковый словарь по современной экономике. / К.Ж.Оразалин, М.М.Жантасов – А.: 2001-103 стр.
  6. Барановский В.Я. Политическая интеграция в Заподная Европе: некоторые аспекты теории и практики. М.: Наука, 1998- 266 стр.
  7. Абдулпаттаев С. «Қазақстанның Еуропа елдерімен қатнасы»./Ақиқат, №10, 2001- 15 бет.
  8. Мамыров Н.Қ., Мадиярова Д.М., Қалдыбаева А.Е. Халықаралық                  экономикалық қатнастар. – Алматы.: 1998-144 бет.
  9. Қазақстан Республикасы мен оның өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуының статистикалық көрсеткіші. /№4, 2006 – 48 бет.
  10. Токаев К.К. Внешняя политика Казахстана в условиях глобализации. – А.:2000.
  11. Елемесов Р.Е. Халықаралық экономикалық қатнастар. /А.:2002 – 287 бет.
  12. Қазақстан Республикасының Конститутциясының ІІІ бөлім 40 бап.
  13. Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы                  
  14. «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауы.    
  15. «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 30 наурыздағы №80 Жарлығына түсініктеме //Егемен Қазақстан 2006 – 1сәуір
 
 

    ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР 

  1. Аубакирова  Ж.Я. Экономические основы интеграции в условиях глобализации. – А.: 2004.
  2. Алшанов Р. Қазақстан - өңір көшбасшысы /әңгіме М.Төлепберген//Егемен Қазақстан 8 сәуір, 2005.
  3. Аубакиров Я.А., Тулегенова М.С., Сидеренко Е.Н., «О проблемах и перспективах национальной экономики в условиях глобального развития» //Аль-Пари №4, 2005.
  4. Ахметғалиев Б. Евразиялық үлгідегі жемісті интеграция және осы процесті Дамытудағы Қазақстанның рөлі.//Егемен Қазақстан 18 сәуір, 2004.
  5. Әубакіров Я.Ә. Экономикалық теория. – А.:1998.
  6. Интеграционная и институтциональные тенденции в экономике РК. //Қаржы-қаражат №5, 2005.
  7. «Жаңа заманға бастайтын ғаламдану» //Егемен Қазақстан 22 сәуір, 2005.
  8. Интеграция Казахстана в мировую экономику: проблеми и перспективы.                Отв. Ред. М.Б. Кенжегузин. – Алматы.: Институт экономики МОиНРК,1999.
  9. Киреев А. Международная экономика. В 2-х частиях. – М.: Международные отношения, 2000.
  10. Проблемы интеграции государств Центральной Азии в условиях глобализации. //Аль-Пари № 4-5, 2002.
  11. Проблемы политической интеграции Содружества Независимых Государств. // Саясат №5, 2005.
  12. Эканомикалық теория. Әубакіров Я.Ә., Нәрібаев К., Есқалиев М.
  13. Экономическая интеграция стран Центральной Азии в современных условиях. // Саясат №12, 2004.
  14. Экономические аспекты глобализации. //Аль-Пари 1(41) 2005.
 

    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
 

  1. Мамыров Н.Қ., Мадиярова Д.М., Қалдыбаева А.Е. «Халықаралық экономикалық қатынастар», Алматы, «Экономика»баспасы,1998 жыл.
 
  1. Құланбай  Ә. «Интеграция – дамудың қозғаушы күші», «Егемен Қазақстан» газеті, 2006 жыл-16 тамыз.
 
  1. Джолдасбекова Г. «Қазақстанның әлемдік сауда  жүйесіне интеграциялану жағдайлары» - ҚазЭУ хабаршысы, 2006ж.-№5.
 
  1. Р.Е. Елемесов «Халықаралық экономикалық қатынастар», Алматы, «Қазақ университеті» баспасы, 2002ж.
 
  1. Сахариев  С.С., Сахариева А.С. «Әлем экономикасы» (оқулық) 1-бөлім, Алматы, «Дәнекер»баспасы, 2003ж.

Информация о работе Қазақстан Республикасының жаһандану жағдайындағы интеграциялық қызметі