Қазақстан Республикасының жаһандану жағдайындағы интеграциялық қызметі

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2012 в 22:15, дипломная работа

Описание работы

Диплом жұмысының мақсаты: Интеграция мен инновациялық қызметті теориялық тұрғыдан қарастыру және соның негізінде Қазақстан Республикасының жаһандану жағдайындағы интеграциялық қызметінің ғылыми-тәжірибелік кепілдемелерді анықтау.
Диплом жұмысының негізгі міндеттері:
-экономикалық интеграция мәні мен даму алғышартын ұарастыру;
-интеграциялық дамудағы әлемдік және отандық тәжірибені салыстыру;
-әлемдік елдердің сауда экономикалық одаққа кіріуінің экономикалық салдарын талдау;
-әлемдік интеграциялық бірігу процесін қарастыру;
-посткеңестік елдердегі интеграциялық процестерді талдау;
-әлемдік интеграциялық қатынастар жүйесіндегі Қазақстан Республикасының орнын анықтау;

Работа содержит 1 файл

Бегалиева Жазира.doc

— 375.50 Кб (Скачать)

      

    1.3 Экономикалық интеграция  объективті уақыт  талабы. Елдердің сауда экономикалық одаққа кіріуінің экономикалық салдары.  
 

    Бүгінгі таңда интеграция әлемдік дамудың  күннен-күнге күшейіп келе жатқан тенденциясы байқалуда. Барлық елдер  әлемдік шаруашылыққа интеграцияланса, аймақтарда тығыз саяси ықпалдастыққа бастайтын ондаған экономикалық одақтар мен қауымдастықтар құрылып жатыр.

    Қазақстан Республикасының ортақ экономикалық кеңістік жасау жөніндегі стратегиялық бағыты 1993 жылғы мамыр айында Мәскеуде болған саммитте іске асудың нақты  жолына түсті. Достыққа қатысушы он бір елдің басшылары Экономикалық одақ құруды бір ауыздан қолдап, бәрі де ол туралы Декларацияға қол қойды. Осы Декларацияда ТМД-ға мүше елдер тауар, қызмет, капитал, еңбек ресурстары еркін айналатын ортақ рынок құрып, терең интеграциялану арқылы Экономикалық одаққа кезең-кезеңмен өтеніндігі туралы мәлімдеме жасаған. Соның ішінде осы одаққа өтудің ең алғашқы қадамы ретінде Кедендік одақ құрып, оның тарифтерінен ТМД елдерін босату жайлы айтылған еді. Сонымен бірге шаруашылықты рыноктық әдіске бейімдеп, экономикалық реформалар мен әлеуметтік саясатты жүргізу де  ортақ мәмілелер қажет. Мемлекет басшылары  Экономикалық одақты құру жөнінде келісім-шартқа қол қойылды. Бірақ интеграциялану процесі өте баяу жүргізілді, ТМД-ның басқару институттары тиімді жұмыс істей алмады.

    Елбасының Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық  прцестерді дамытуда, ТМД, ЕурАзЭҚ, Орталық  Азия қауымдастығы және Шанхай  ынтымақтастық  ұйымы секілді халықаралық қауымдастықты  құруда, Біріңғай экономикалықкеңістікті жүзеге асыру жұмыстарында атқарған рөлі мен белсенді қызметі өзімізге де, әлемдік саясаткерлерге де кеңінен мәлім. ХХІ ғасыр – иетеграция ғасыры. Сондықтан қазір аса ірі мемлекеттер де жаһандану жағдайында басқалардан оқшау өмір сүру мүмкін емес екенін түсінеді.

    Арғы  ұлы бабаларымыздың аңсаған арманы – түбі бір, геосаяси мақсатыда бір, ортақ елдердің бірлесуі. Оны қазіргі жағдай талап етіп отырғанын жан-жақты терең түсініп, жаһандану жағдайында «голландтық сырқаттың» қатерінен сақтанып, алпауыт елдерге миниралды шикізатты жеткізуші ғана болмай, халықаралық еңбек бөлінісінен өз орнымызды алуда бірлескен іс-қимылдар жасауымыз қажет.

    Мемлекет  басшысы айтқанындай, «Біздің алдымызда  таңдау тұр: әлемдік экономиканың мәңгілік шикізаттық шылауы болып қалу,келесі бір империяның келуін күту немесе Орталық Азия өңірінің барынша интеграциялануына қарай қадам жасау».

    Елбасы  осының соңғысын ұсынады. өйткені бұдан  былайғы интеграциялануымыз – біздің өңіріміздің тұрақтылығына, ілгері дамуына, экономикалық және әскери-саяси  тәуелсіздікке апаратын жол.

    Қазір ТМД  рыногында мұнай, газ, көмір, металл және кен қазбалары ең үлкен  сұранымға ие. Орталық Азия өңірі  осы өнімдерді де әлемнің көптеген елдеріне үлкен мөлшерде сатады. Халықтың саны мен жер аумағы былайша сипатталады. Бұл өңірде 57,01 млн. адам (оның ішінде Өзбекстанда 25,1 млн., Қазақстан 15 млн., Тәжікстанда 6,77 млн., Қырғызстанда 5,12 млн., Түркіменстанда 5,02 млн., адам) тұрады. осы жөнінен әлемде 24-ші орын алады. Ал жер аумағы 4008 мың шаршы километр ( оның ішінде Қазақстанда 2725 мың, Өзбекстанда 449 мың, Тәжікстанда 143 мың, Қырғызстанда 200 мың, Түркіменстанда 491 мың шаршы километр).

    Орталық Азия әлемде энергетикалық ресурстарға  аса бай, өзін-өзі толық қамтамасыз ете алатын, лидерлік позицияға ие өңір болып саналады. Әсіресе, Қазақстанның жерасты қазынасы мен жерүсті байлығы ұшан-теңіз. Айталық болжам бойынша, Қазақстанда 15 млрд. тонна мұнай, 3 триллион текше метр газ, 35,8 млрд. тонна көмір, 622000 тонна уран бар. Жыл сайын қуаты 40,2 млрд. киловатт-сағат болатын су-энергетикалық ресурсы бар. Түркіменстанда 11 млрд. тонна мұнай, 2 триллион 860 текше газ қоры, Өзбекстанда 81 млн. тонна мұнай, 1 триллион текше метр газ, 4 млрд. тонна көмір, 93000 тонна уран бар. Қырғызстан мен Тәжікстанда негізінен су-энергетикалық ресурстарына арқа сүйейді.

    Жалпы санағанда Орталық Азия өңірі  мұнай қоры бойынша әлемде 3-ші, ал газ өндіруде 4-ші, уран кенінің байлығы  жөнінен 2-ші орындамыз. Түрлі-түсті, қара және сирек металдар қорының мөлшері  орасан, әлемде 1-ші орынға ие. Алтын  өндіруде 9-шы орынға шықты. Егістік жер көлемі (Қазақстанда 19,4 млн. га) дүние жүзі бойынша алғашқы ондық санатына жатады. Ауылшаруашылығы өнімдерінен өзін-өзі толық қамти алатындай мүмкіндігі жеткілікті.

    Жаһандық  экономикада біздің минералды шикізат  көздеріміз ғана тартымды. Инвестицияның басым бөлігі – 30 млрд. доллар осы салаға жұмсалады. Шетелік компаниялар қазіргі заманға сай қайта өңдеу кәсіпорынын сала қойған жоқ. Міне, осы жағдай елімізде индустриялық-инновациялық саясатты жедел жүргізуді қажет етеді.

    Қазақстан мен Қытай мемлекеттері арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатнастар белсенді жүргізіліп келеді, алдағы жылдары олар бізден 20 млн. тонна мұнай, 8-10 млрд. текше метр табиғи газ, 2-3 млн. тонна темір рудасын, 1-3 млн. тонна көмір сатып алады. Қытай мен Орталық  Азияның басқа да мемлекеттері арасында осындай келіссөздер жүргізілуде. Тұрақты даму экономикасы күндердің күнінде шикізат тапшылығын туғызып, импортты ұлғайтатын болады. Мәңгілік таусылмайтын ештеңе жоқ. Жерасты және жерүсті байлығының қоры азаяды. Орталық Азия мемлекеттерінің экономикалық мүдделестігін үнемі  қорғап, берік ұстаным жасаушы Қазақстан жағы көрші туыс елдерінің іргесі мықты болуын қалайды.

    Осы заманғы әлем: жаһандану үрдістер кезеңін – адамзаттық біртұтас ақпарат  және крммуникациялар кеңістігінде жан-жақты бірігу, бүкіл планетаның біртұтас экономикалық рынокқа айналуы дәуірін бастан кешуде.

    Жаһандық  қоғам әлдеқайда ашық бола түсуде: капиталдың, қаржылардың, адамдардың, «шекараларсыз әлем» тұжырымдамасының негіне айналды.

    Бірінші кезекте, бұл тауарлардың елдер мен экономика секторлары арасындағы қозғалысы. Сауда-саттықты өрістету экономикасының дамуы мен өсуі үшін стратегиялық тұрғыда дамуы қажет. Ашық экономикалар протекционистік саясатты жүзеге асыратын мемлекеттің алдында өз артықшылығын дәлелдеді. Соңғы жиырма жылда әлемдік сауда-саттық ІЖӨ-ге қарағанда жедел өстті. Егер 70-жылдары халықаралық сауда-саттық көлем әлемдік ІЖӨ көлемнің 30%-ын ғана құраса, біздің ғасырда ол қазірдің өзінде 60% құрады.

    Жаһандану жолындағы екінші қадам – капиталдардың еркін қозғалысы.

    Мысалы, соңғы жиырма жылда дамушы елдерге  тікелей шетелдік инвестициялардың ағыны жүз есе өсті. Бүгінде  Қытай ғана жыл сайын 60 млрд. доллар тікелей шетелдік инвестицияларды  тартады, қалған Азия елдері – 172 млрд. доллар, Латын Америка елдері – жылына 72 млрд. доллар тартады.

    Үшіншіден, адамдардың кедергісіз қозғалысы. Бүгінде  әлемде елеулі көші-қон өзгерістері  жүріп жатыр, Батыс Елдеріне, әсіресе  Европалық Одаққа, АҚШ-қа, Канадаға мигранттар ағыны күшейді. Қазақстанда  басқа елдерден келген 500 мыңға жуық мигранттар жұмыс істейді.

    Төртіншіден, жаһандану факторларының бірі халықаралық  валюта рыноктарындағы валюталық операциялардың серпінді дамуы болып табылады. Әлемдік  валюта жүйесі үш ревалюцияны: реттеудің  алынып тасталуын, интернационалдануды және инновацияны бір мезгілде бастан кешті.

    Нәтижесінде шетелдік рыноктар туралы мәліметтердің  сапасы жақсарды және оларды алудың жеделділігі  артты, «жерді айналу және тәулік бойы»  қаржы операциялары жүргізіледі, жаңа қаржы құралдары пайда болды.

    Бесіншіден, ақпараттық, интеллектуалдық өнім мен идеялардың еркін қозғалысы жаһандану факторларының бірі және сонымен бірге салдары болып табылады.

    Интернеттің, электронды почтаның, өзіндік құны жағынан төмен халықаралық телефон  қызметтерінің, ұялы телефон мен электрондық конференциялардың таралуына қарай дүние әлдеқайда өзара байланысты бола түсті. Осымен бір мезгілде спутниктік телевизия және электронды баспасөз нағыз жаһандық төртінші өлшемді туғызды.

    Сонымен қатар жаһандану осы заманғы  әлемге лаңкестік, есірткі саудасы, ақпараттық соғыстар, эпидемиялар, экологиялық аппаттар да шекараны білмей және бұл адамзат үшін жаһандық сынақтарға айналды. Әлемнің бірде бір мемлекеті осы аталған сынақтарға қарсы тұруға қабілетті емес.

    Әлемдегі  әлеуметтік-экрномикалық дамудың әркелкілігі күшейді. Жаһанданудың оң тиімділігін әзірге әлемнің ең дамыған мемлекетінің аз тобы ғана сезінді.

    Экономикасы жоғары дамыған елдер дамуы төмен  бәсекелестерін ығыстыруда. Демек, қатал  бәсекенің өсуі бүгінде барынша  маңызды әлемдік үрдіс болып табылады. Жоғарғы аталғандарды Нобель сыйлығының лауреаты Джозеф Стиглцтің мынандай сөздерімен түйіндеуге болады: «жаһандануды жақтаушылар жаһандану болмай қоймайды деп, оның игіліктерін жарнамалап бағуда; қарсыластары оның келеңсіз салдарын егжей-текжейінде айшықты суреттеп, оны тоқтатуды талап етеді. Ал мен жаһанданудың адам өмірін, соның ішінде дамушы елдер де, жақсарту жөнінде зор әлеуетті бар және кейбір тұрғыда бұл қазірдің өзінде жүріп жатыр – мәселен, білімнің жаһандануы денсаулық сақтауды жетілдіруге және адам өмірін ұзартуға жеткізді деп санаймын».           

      Кез келген елдің сауда-экономикалық одаққа бірігуі ол елдің экономикалық қызметтің  параметрлеріне белгілі бір әсерін тигізеді. Мемлекеттік интеграциялық  топқа кіру салдары екі негізгі  бағыт бойынша жүргізіледі:

    • Статистикалық талдау;
    • Динамикалық талдау.

     Осы талдаулардың әрқайсысын толығырақ  қарастырайық.

     Статистикалық талдау шеңберінде сауда-экономикалық одаққа кіру салдарының екі варианттын атап көрсетуге болады:

      • Ағымды туындатушы эффект;
      • Ағымды ығыстырушы эффект.

      Ағымды  туындатушы эффект дегеніміз елдің интеграциялық топқа бірігуі салдарынан оның сұранысы мен ұсынысының – жоғары шығындары көбірек өндірушіден жоғары шығындары азырақ өндірушіге ауысуы. Бұл жерде тек қана өндіріс шығындары қарастырылады. Мысалы, тасымалдау шығындары мен трансакциялық шығындар нолге теңестірілген.

      Ағымды  ығыстырушы эффект дегеніміз сауда-экономикалық одаққа кіру нәтижесінде сұраныс пен тұтынудың өте төмен шығындары бар, одақтан тыс орналасқан өндірушілерден өте жоғары шығындары бар, бірақ одақ мүшесі болып табылатын өндірушіге қарай ауысуы немесе ығысуы.

      Екінші  вариант мынандай жағдайларда туындауы ықтимал, егер: одаққа мүше емес үшінші елдерге қатысты импорттық салықтар өте жоғары болса.

      Бұл жағдайларда олардың қатысушы елден шығарылатын импорт бағасы аутсайдер-елден шығарылатын импорт бағасынан төмен болады, өйткені аутсайдер-ел осы тауар өндірісінде алдыңғы қатарлы орынды алып отыр.

      Статистикалық талдаудың бір маңызды кемшілігі  бар. Оның мәні мынада, яғни сұраныс пен ұсыныс қисықтары – экспорттық операциялардың сипаты мен бағытының өзгеруіне байланысты өзгермейді. Шынайы өмірде, егер ел сауда-экономикалық одақтың белгілі бір түріне ену жөнінде шешім қабылданса, онда сұраныс пен ұсыныс қисықтары міндетті түрде өзгеруі тиіс. Басқаша айтқанда, одаққа кіру өте үлкен мәнге ие. Бұл әсер ұлттық экономика үшін жағымды да, жағымсыз да болуы мүмкін.

      Осы альтернативалық варианттардың  әрқайсысын қарастырайық.

      Одаққа  енудің төмендегідей артықшылықтары бар:

    1. Нарық көлемінің ұлғаюы отандық фирмаларға өндіріс масштабын ұлғайтудан сәйкес эффект алуға мүмкіндік береді. Бұл фактор кішігірім елдер үшін өте маңызды болып табылады., өйткені осы елдер нарық көлемін ұлғайтуда мүдделі болып келеді.
    2. Халықаралық сауданың және сыртқы экономикалық қызметтің басқа да күрделі формаларының кеңейтілуі одаққа қатысушы елдердің өндірістік және өндірістік емес құрылымының (автомобиль және темір жолдары, қаржылық қызметтер және т.б.) жақсартуына жағдай жасайды.
    3. Белгілі бір жағдайларда одақтың қызмет ету шығындары өте жоғары болуы мүмкін.

      Сауда-экономикалық одаққа енудің төмендегідей негізгі  кемшіліктері, яғни кері салдары бар:

    • жағдайлардың белгілі бір ағымында елден ресурстар ағылып кетуі мүмкін;
    • егер интеграцияға қатысушы елдердің жекелеген фирмалары арасындағы өте тығыз интеграциялық байланыстардың қалыптасуына ықпал етсе, онда нәтижесінде олигополиялық келісім өте кең түрде тартылуы мүмкін. Бұл келісім сәйкес өнім бағасының көтерілуіне әкеліп соғуы мүмкін;

 кей  жағдайда өте үлкен компанияларды  құрумен байланысты өндіріс масштабын кеңейтуден болатын шығындар эффектісі болуы мүмкін, яғни шектен тыс бюрократизация және басқа да факторлар әсерінен олар тиімсіз болып қалады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Қазақстан Республикасының жаһандану жағдайындағы интеграциялық қызметі