Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2012 в 22:15, дипломная работа
Диплом жұмысының мақсаты: Интеграция мен инновациялық қызметті теориялық тұрғыдан қарастыру және соның негізінде Қазақстан Республикасының жаһандану жағдайындағы интеграциялық қызметінің ғылыми-тәжірибелік кепілдемелерді анықтау.
Диплом жұмысының негізгі міндеттері:
-экономикалық интеграция мәні мен даму алғышартын ұарастыру;
-интеграциялық дамудағы әлемдік және отандық тәжірибені салыстыру;
-әлемдік елдердің сауда экономикалық одаққа кіріуінің экономикалық салдарын талдау;
-әлемдік интеграциялық бірігу процесін қарастыру;
-посткеңестік елдердегі интеграциялық процестерді талдау;
-әлемдік интеграциялық қатынастар жүйесіндегі Қазақстан Республикасының орнын анықтау;
Тәуелсіз
Мемлекеттер Достастығының
Экономикалық кеңістікті құруға бағытталған Қазақстан Республикасының стратегиялық бағыты 1993 жылы мамырда өткен Мәскеулік самиттің барысында өзінің шынайы көрінісін тапты. Қатысушы мемлекеттер бір ауыздан экономикалық одақты құруды қолдап, ТМД мүшелерінің шешімді түрде терең интеграция жолымен жүретіндігі, осы мемлекеттің ортақ экономикалық кеңістікте тауарлардың, қызметтердің, капиталдардың, еңбек күштерінің (ресурстарың) еркін жүріп-тұруы үшін ортақ нарық, ал экономикалық одақ құруға дайын екендігі жарияланған Декларацияға қол қойылды. ТМД елдерінің басшылары Экономикалық одақ жолында Кедендік одақ құруды, одан әрі кедендік тарифтерден біртіндеп босату, қандай да болмасын тарифтік емес кедергілерді алып тастауды бастапқы міндет етіп қойды.
Бүкіл әлемдік қауымдастық туралы айтқанда, біз қазіргі әлемде барлық мемлекеттік, қаржылық-экономикалық және саяси институттар өзара байланысты екендігін ескеруіміз қажет. Жер бетінде іс жүзінде сыртқы әлемнен оқшауланған мемлекет жоқ. Басқаша айтқанда, қазіргі уақыттық доминанты даму, ынтымақтастық және интеграция болып отыр. Көптеген аймақтық және етникалық қақтығыстарға қарамастын, әлемдік қауымдастық еркінен тыс тұрақтылыққа, тыныштыққа және бірлікке тартылуда. Мемлекеттің өз мүдделерін білдіретін бір ғана жер-БҰҰ. Тек осы ұйымдардың трибунасын ғана барлық елдер, үлкен де, кіші де, орташа да әлемдік дамудың өзекті мәселесі туралы өз пікірлерін жеткізе алады. Мемлекеттің экономикалық және әскери күші қаншалықты көп болса да, бүгінгі күні басты рольді мемлекетаралық топтар мен бірлестіктер, трансұлттық коорпорациялар және үкіметтік емес ұйымдар атқаруда. Мұның бәрі хабарларды жинау және тарату ісінде мемлекеттік монополияны жойған компьютерлік өркениеттің дамуымен тығыз байланысты. Қазіргі кездегі ақпараттық құралдар мемлекетті сыртқы әлемнің зертеуіне алып келді.
Қазақстан тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін тәуелсіз халықаралық құқық субъектісі ретінде алған мүмкіндіктерін толықтай пайдалануға бар күш жігерін жұмсай бастады. Мемлекетіміздің сыртқы саясаттық шараларды дайындауға кірісті, соның ішінде біріншіден «жақын шетелге» байланысты яғни, ТМД қатысушы мемлекеттерге басты назар Ресей аударған болатын.
Н.Ә.Назарбаев
«Тәуелсіз газет» баспасөзіне берген
сұхбатында: «ТМД елдері үшін интегрция
ынтымақтастық тек қана экономикалық
пайдалар ғана емес, керек десеңіз
қажетті рухани-психологиялық
Достастықтың
басты мақсаты-саяси, экономикалық
және әлеуметтік мәселелерді бірігіп
шешу мақсатында, өзара тиімді жағдйлрда
бұрынғы Кеңестік республикалардың
интеграциясын
Макро және микро деңгейде қалыптасқан экономикалық байланыстар экономика, ортақ экономикалық кеңістік ашықтығының мәндік мазмұнын нақтылау негізінде Қазақстан мен Достастықтың реинтеграциясының шешілмеген экономикалық мәселелерін анықтау, негізгі реинтеграциялық принциптерді дәлелдеу, қауымдастықтағы елдердің тиімді жақындасуы мен олардың экономикалық саясатының бірлестігіне байлнысты ұсыныстар жасау қажет. Дүниежүзілік нақтылы экономика ғылымның бүтіндей жүйесі қалыптасты. Олар халық шаруашылығының түрлі салаларын зерттейді, мұнда саяси экономика, салалық экономика ғылымдары үшін жалпы теориялық әдістемелік негіз болады. Экономикалық халық шаруашылығының қазіргі кезде өндіргіш күштерімен өндірістік қатнастары жоғары дәрежеге жеткен, шаруашылық жүйесінің артықшылығы мен мүмкіндігі толлық айқындалған іс жүзінде шешіліп жатқан жағдай деп айта алмаймыз. Экономикалық қуаттылықтың ірге тасы ауыр индустрияның өркендуімен, өндірістік техниканың қайта жарақтануымен, ғылым мен оқу-ағартуға аса мол қаржы жұсалумен қатар тұтыну заттарын өндіру қарқынын, қызмет көсету сферасын өркендету қамтамасыз етіледі. Халық өмірінің материалдық жене мәдени дәрежесін едәуір артыруғ байланысты міндеттерді шешу үшін қажеті күштер мен қаржылар шоғырландырылады. Экономиканың қазіргі дәрежесі қоғамдық өндірістің тиіділігін барынша арттыру қажеттілігін және өріс алып отырған ғылыми-техникалық жетістіктерді іске асыруды талап етеді.
Экономикалық
өркендеу қарқынымен жетілдіру процесі
экономика интеграциясын кеңінен дамыту
процесімен қатар өрбіп отырады, көптеген
шаруашылық міндеттер осы процесті ескере
отырып шешіледі.
2.2
Посткеңестік интеграциялық
процестер: маңыздылығы
және тиімділігі
Қазіргі кездегі халықаралық қатнастар мемлекеттің сыртқы саясатына өз ізін қалдыратын дамудың басты тенденцияларының қатарымен сипатталынады.
Қазіргі
адамзаттың өмірі үшін шаруашылық байланыстардың
болуы және қарқынды дамуы, тауар
мен қызметтің әлемдік
ХХ ғасырдың 80 – жылдарының соңындағы басты дүниежүзілік оқиға – Кеңес Одағының ыдырауы. Жаңа тәуелсіз мемлекеттер алдында қоғамдық өмірді қайта құру, көп жылдар бойы қалыптасқан экономикалық және гуманитарлық қатнастарды сақтай отырып, ұлттық мемлекеттілікті қалыптастыру мен нығайту мәселелері пайда болды. Посткеңестік кеңістіктегі мемлекеттер бұрынғы Одақтан әміршілік-бюрократиялық басқарудың әкімшілік органдарын, жоспарлы-бұйрықты және шығынды экономиканы мұраға алды, бірақ олар саясат және сыртқы экономикалық іс-әрекеттің ескі принциптері мен әдістерін қабылдамады. Енді өзара және үшінші мемлекеттермен қатнаста заман ағымына сай жаңа нормалар мен ережелер қажет болды.
Бұрынғы Одақ мемлекеттері ұйымдық-құқықтық вакуумге түсіп қалды, себебі ескі нормалар мен механизмдер жойылып кетті, ал 2-ші таблица жаңалары әлі қалыптастырылмады. Оларды қайта құру, бұрынғы бауырлас республикалар арасында пайда болған қарама-қайшылықты шеше отырып, өздерін әлемдік қауымдастықтың өркениетті, егеменді субъектісі ретінде көрсету қажет болды.
Интеграциялық процесті дамытуға бағытталған шаралар және оны іс жүзіне асыру нәтижесі
Шаралар | Күтілетін нәтижелер |
1. тарифтік және тарифтік емес шектеулерді |
|
2. Біртұтас кедендік
территория құру: ортақ кедендік
тарифті қолдану, кедендік |
|
3. Тауарлардың ортақ нарығын қалыптастыру |
|
4. Өзара толықтырушы өндірісті дамыту |
|
5. Еңбек нарығын дамыту |
|
6. Капиталдың еркін қозғалысы |
|
7. Қызметтер нарығын дамыту |
|
8. Ортақ аграрлық нарық |
|
9. Ортақ бағдарлама мен жобаларды іске асыру |
|
Сондықтан 90-шы жылдар жаңа тәуелсіз мемлекеттердің қалыптасу кезеңі болды. Бірақ бұл онжылдық бір-біріне қарама-қайшы екі қоғамдық тарихи процестермен сипатталынды.
Біріншіден, бұл жаңа тәуелсіз мемлекеттердің ұйымдық-құқықтық тәркіленіп, экономикалық қалыптсуы. Ол экономикалық дербестікті қалыптастыру жолында өзіндік қаржы-бюджеттік, валюталық, салықтық, кедендік жүйелердің және де тәуелсіз мемлкетттің басқа да міндетті құрамаларының пайда болуынан басталады. Жаңа мемлекеттердің барлық іс-әрекеті басты мақсатты шешуге – егемендікті орнықтыру мәселесіне бағындырылды.
Екінші процесс – бұл халықаралық нормаларға негізделген өзара жаңа саяси және экономикалық қатнастар қалыптастыру қажеттілігі. Процесс қатаң орталықтандырылған қоғамдық-экономикалық жүйенің біртұтас тоталитарлық мемлекеттің күшті әрі жан-жақты ықпалымен өтті. Бұл ықпалды бұзу және жаңа қатнастардықалыптастыру біршама ұзақ мерзімді қажет етті (шамамен 1994 жылға дейін).
Кейбір саясаткерлер басты мақсатты жаңа туған мемлекеттер интеграциясы деп таныды. Осыған байланысты 1991 жылы Беловеж келісімі нәтижесінде біртұтас мемлекет ыдырап, орнына жаңа 15 мемлекет пайда болды. Оның 12-сі – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құрды.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы 1991 жылдың 8-ші желтоқсанындағы ТМД құру туралы Беловеж Келісімі мен Келісімнің Протоколына және 1991 жылдың 21-ші желтоқсанындағы Алматы декларациясына сәйкес құрылды. Оған ыдыраған Одақтың 12-і мемлекеті кірді: Азербайжан, Армения, Белоруссия, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Түркменстан, Украина, Өзбекстан.
1992 жылы қол қойылған ТМД-ның Жарғысы бірнеше бөлімдерден тұрады: мақсаты мен принциптері, ұжымдық қауіпсіздік және әскери-саяси ынтымақтастық, дау-жанжалдың алдын алу және келіспеушілікті бейбіт жолмен шешу; экономикалық, әлеуметтікжәне құқықтық салаларда бірігіп әрекет ету; Достастық органдары, парламенттарлық ынтымақтастық, қаржы-қаражат мәселелері. Достастықты құру негізінде мына прициптер жатыр: мүше мемлекеттер егеменді, тең, халықаралық құқықтың дербес және тең құқылы субъектілері болып табылады.
Жаңа мемлекетаралық құрылымның мақсаттары:
ТМД-ның негізгі органдары:
ТМД-ның басқа органдары: шетелдер министрлерінің Кеңесі, қорғаныс министрлер Кеңесі, Достастыққа мүше елдердің әскери ынтымақтастығын координациялайтын Штаб, Экономикалық сот, Мемлекетаралық банк, Парламентаралық ассамблея және т.б..
1993
жылыдың 24-ші қыркүйегінде
1994 жылы ТМД елдерінің елбасылары кедендік одақ құруға тағы бір қадам ретінде еркін сауда аймағын құру туралы Келісімге қол қойды. Ол ТМД шеңберінде кедендік және басқа да төлемдерді кезеңді қысқартуды және артынша Мемлекетаралық экономикалық кеңес құруды көздейді.
Бірақ іс жүзінде интеграция тағыда сәтсіз болды. Достастық елдері қол жеткен әлеуметтік-экономикалық нәтижелер қанағаттанарлық болмады. 1995 жылы Грузияда жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) 90-жылғы көлемнің 20%-ға жуығын құрды, Армения, Азербайжан, Қазақстан, Қырғызстан мен Украинада – 40-50% шамасында, Ресей мен Белоруссияда – 60% . Өнеркәсіптік өнім көлемі Грузияда 90-шы жылдардың 17-%-ын, ал Түркмения мен Беларуссияда – 60%-дан астамын құрды. 1990-1995 жылдар аралығында Өзбекстанның жалпы ұлттық өнімі 20%-ға төмендеді, ал өнеркәсіптік өнім көлемі 90-шы жыл деңгейінде сақталды. Қаржыландырудың барлық көздерінен капиталдық инвестициялардың көлемі күрт азайды. ТМД елдерінің халқының өмірлік деңгейі төмендеді.
Ресейдің әлеуметтік-саяси зерттеулер Институтының ғалымдары жасаған талдауы нәтижесінде, негізгі әлеуметтік және экономикалық көрсеткіштерінің нашарлауы, экономикалық дағдарыстан шығуы және интеграциялық процесс бойынша ТМД елдерін 3 топқа бөлуге болады.
Информация о работе Қазақстан Республикасының жаһандану жағдайындағы интеграциялық қызметі