Қазақстан Республикасындағы ЖЕРГІЛІКТІ бюджет үдерісінің негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 03:30, дипломная работа

Описание работы

Қоғамның қай тұрғысында болмасын экономиканы басқару мемлекетке қашанда оңай болған емес. Қазіргі ғылымы мен техникасы, ақпараты мен пікір алмасу үрдісі қарқынды дамып келе жатқан қоғамда басқаруды тізгіндеп орталықта бұрынғысынща ұстап отыру мүмкін еместігі күн санап дәлелденіп келеді. Осыған орай жергілікті мемлекеттік басқару өкілеттік кеңейту мақсатында жергілікті басқарудың бюджеттік мүмкіндіктерін көтеру мәселелері ерекше маңызды. Бұл мәселе жергілікті бюджетті басқарудың тиімділігін арттыруды талап етеді [1].

Содержание

КІРІСПЕ

1 Қазақстан Республикасындағы ЖЕРГІЛІКТІ бюджет үдерісінің негіздері…………………………………………………..5
1.1 Бюджет жүйесін басқарудың теориялық негіздері……………….....5
1.2 Жергілікті бюджетті жоспарлау мен басқарудың моделі……………17
1.3 Жергілікті бюджетті басқару тиімділігін арттыру жолдары……………………………………………………………………24

2 Салықтық бақылауды ұйымдастыруды жетілдіру жолдары………………………………………………………………..39
2.1 Салық салу және жергілікті салықты жоспарлау негіздері……………………………………………………………………39
2.2 Салықтық бақылауды ұйымдастырудың қазіргі кезеңдегі жағдайына талдау жасау………………………………………………………………47
2.3 Салықтық бақылаудың тиімділігін арттыруды жетілдіру жолдары……………………………………………………………………51

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………60

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………………..62

ҚОСЫМША…………………………………………………………………….64

Работа содержит 1 файл

Асылбек Диплом оконч.docx

— 163.05 Кб (Скачать)

Сыртқы  істер министрлігі – 3,1 млрд.теңге, оның ішінде 006 «Өкілетті шығындар» бюджеттік бағдарламасы бойынша -3,0 млрд.теңге, іс-шаралардың мерзімін ауыстыруға байланысты РББӘ тәуелсіз себептермен;

Ауыл  шаруашылығы министрлігі –3,0 млрд.теңге, оның ішінде, 024 «2009 жылдың астық өнімін экспорттағанда көлік шығындарының бағасын арзандату» бюджеттік бағдарламасы бойынша – 1,0 млрд.теңге, («Көлік тасымалдау қызметі орталығы» АҚ) төлем құжаттарын азайтылған сомаға ұсынған себебі салдарынан, 027«Арал теңізінің солжақ бөлігін сақтап қалу және Сырдарья өзенінің жағалауын реттеу» – 0,3 млрд.теңге, бюджеттік бағдарламаның әкімшісінің нәтижесіз басқару себебінен, 031«Гидротехникалық нысаналарды реттеу» - 0,6 млрд.теңге, «ШҚО Үржар ауданы Қаракөл өзеніндегі су қоймасы имараттарын қайта жаңғырту» (1-кезекте) объект бойынша сметалық құнын арттыра отырып Хоргос өзенінде «Достық» гидроторапты бірлесіп салуы туралы Қазақстан және Қытай Халық Республикалары арасындағы келісімге қол қоюдың ұзақ мерзімге созылуына байланысты, 041 «Нұра мен Есіл өзендерінің бассейндерін қоршаған ортамен басқару» бюджеттік бағдарламалары бойынша - 0,4 млрд.теңге, жұмыс кестесінен мердігерлердің кеш қалуына байланысты);

Денсаулық сақтау министрлігі – 2,9 млрд.теңге, оның ішінде:                   016 «Денсаулық сақтау объектілерін салу және реконструкциялау» – 1,7 млрд.теңге, оның ішінде 0,5 млрд.теңгесі – Астана қаласының кардиохирургиялық орталығына құрал-жабдықтарды жеткізуді кешіктіруге байланысты орындалған жұмыстардың актілерін тапсырмау себебінен, 0,5 млрд.теңгесі – Павлодар қаласының кардиохирургиялық орталығын салу бойынша жобаның өзгеруімен Мемлекеттік сараптаманың қорытындысын кешіктіруге байланысты, 0,2 млрд.теңге – ҒЗИ жедел жәрдем көмегін салуда Мемлекеттік комиссияның ескертулерін  мердігерлердің түземеу себебінен, 029 «Денсаулық сақтау жүйесін реформалау» бағдарламалары бойынша - 0,6 млрд.теңге, Дүниежүзілік банкте төлемдерді өткізу рәсімдерінің ұзақ мерзімде өтуіне байланысты;

Көлік және коммуникация министрлігі – 2,8 млрд.теңге,                       002 «Республикалық деңгейде автомобиль жолдарының дамуы» – 2,5 млрд.теңге Халықаралық қаржы институттарында төлемдерді өткізу рәсімдерінің ұзақ мерзімде өтуіне байланысты, 105 «Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалар мен концессиялық жобалардың технико-экономикалық негіздеуін сараптау және әзірлеу» бюджеттік бағдарламалары бойынша – 0,1 млрд.теңге, мемлекеттік сатып алу бойынша бәсекелестік ортаның болмауы себебінен;

  Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері   агенттігі - 1,7 млрд.теңге, 011 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуға және (немесе) сатып алуға берілетін нысаналы даму трансферттері» бюджеттік бағдарламасы бойынша-1,7 млрд.теңге, Астана қаласы әкімдігінің тұрғын үйді сатып алудың кассалық шығындарын кешіктіріп қалпына келтіргендігіне байланысты (15.12.2010ж.);

Президенттің  Іс Басқармасы - 1,3 млрд.теңге, оның ішінде: 001 «Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа  да лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету» - 0,7 млрд.теңге,  РББӘ байланысты емес себептермен -  лауазымды  бос қызмет орындары, еңбек ақысы  сақталмайтын демалыстар, мемлекеттік  сатып алу нәтижесі бойынша үнемдеу, 008  «Қазақстан Республикасы Президенттің Іс Басқармасы объектілерінің құрылысы және реконструкциясы» бюджеттік бағдарламалары бойынша - 0,5 млрд.теңге,  объектілердің  құрылыс жұмыстарын орындаған актілерін, жоспарланған жұмыстардың орындалмауынан, шарттардың  ұзақ мерзімде бекітілуінен,  конкурстық рәсімдердің ұзақ мерзімде өткізілуі;

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі  – 1,2 млрд.теңге,  негізгі себептер болып құрылымдық мемлекеттік органдардың  қайта тіркелу куәліктерін кеш  алуына байланысты  бюджеттік бағдарламаларды  іске асыру туралы нормативтік құқықтық актілердің уақытында қабылданбауы болып табылады;

Төтенше жағдайлар министрлігі – 1,2 млрд.теңге, орындалған жұмыстардың актілерін, шот-фактуралардың уақытында ұсынылмауы және конкурстық рәсімдердің мерзімінде өтпеуі, сондай-ақ бюджеттік бағдарламаларды  іске асыру туралы нормативтік құқықтық актілердің уақытында қабылданбауы себептерінен.

Республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің  атқарылуы туралы

2011 жылғы  1 қаңтардағы жағдай бойынша облыстардың,  Астана және Алматы қалаларының  жергілікті атқарушы органдарына  республикалық бюджеттен 804,2 млрд. теңге сомасында нысаналы трансферттер  бөлінді. 

Облыстардың, Астана және Алматы қалалары жергілікті атқарушы органдарының деректері бойынша  республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерден 2011 жылғы 1 қаңтарға өңірлер 779,0 млрд. теңге немесе 96,9% игерді. 25,1 млрд. теңге игерілмей қалды, оның ішінде Алматы қаласы бойынша – 4,5 млрд. теңге, Астана қаласы бойынша – 3,7 млрд. теңге, Ақмола облысы бойынша – 3,2 млрд. теңге, Жамбыл облысы бойынша – 1,8 млрд. теңге, Павлодар облысы бойынша – 1,5 млрд. теңге, Қызылорда облысы бойынша  – 1,5 млрд. теңге, Оңтүстік Қазақстан  облысы – 1,4 млрд. теңге.

Нысаналы  трансферттерді игеру шеңберінде Жол  картасы іс-шараларына республикалық  бюджеттен бөлінген қаражатты пайдалану  да жүзеге асырылды [34].

Есепті  кезеңге Өңірлік жұмыспен қамту  және кадрларды қайта даярлау  стратегиясын (Жол картасы) іске асыруға  республикалық бюджеттен жергілікті атқарушы органдарға 99,8 млрд. теңге  бөлінді, оның ішінде 99,5млрд. теңгені  немесе 99,7% өңірлер игерді.

Сондай-ақ, республикалық бюджеттен алынған  нысаналы трансферттерді игеру шеңберінде «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын  іске асыру да жүзеге асырылды.

Жергілікті  атқарушы органдардың 2010 жылға «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерді игеруі туралы ақпарат 2–кестеде көрсетілген.

 

Кесте 2 - «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде трансферттерді игеруі [35].

 

Атауы

Жоспар

РБ-дан бөлінді

ЖАО төлеген міндеттемелер

Атқармау

сомасы

Жиыны:

13,8

13,8

6,6

-7,2

Оның ішінде:

       

Оңтүстік Қазақстан облысы

2,1

2,1

1,1

-1,0

Алматы қаласы

1,2

1,2

0,2

-1,0

Жамбыл облысы

0,9

0,9

0,1

-0,8

Шығыс Қазақстан облысы

1,2

1,2

0,5

-0,7

Қарағанды облысы

1,2

1,2

0,6

-0,6

Ақмола облысы

0,6

0,6

0,1

-0,5

Павлодар облысы

0,7

0,7

0,2

-0,5

Қостанай облысы

0,8

0,8

0,3

-0,5

Батыс қазақстан облысы

0,5

0,5

0,1

-0,4

Қызылорда облысы

0,6

0,6

0,3

-0,3

Астана қаласы

0,6

0,6

0,3

-0,3

Маңғыстау облысы

0,4

0,4

0,1

-0,3

Солтүстік Қазақстан облысы

0,6

0,6

0,3

-0,3

Алматы облысы

1,5

1,5

1,5

0,0

Ақтөбе облысы

0,6

0,6

0,6

0,0

Атырау облысы

0,3

0,3

0,3

0,0

Ескертпе: http://www.almaty.kz/page.php/kchikanaev/kchikanaev/Рабочий%20стол/

upload/images/page.php?page_id=1561&lang=3&article_id=7905 сайтынан алынды


 

Осылайша, 2010 жылға өңірлерге «Бизнестің жол  картасы - 2020» бағдарламасын іске асыруға 13,8 млрд. теңге бөлінді, жергілікті атқарушы органдар оның 6,6 млрд. теңгесін немесе 47,9%-ын игерді. 7,2 млрд. теңге  игерілмей қалды.

Осы ретте 2010 жыл бағдарлама үшін пилоттық болып  табылатындығын атап өту қажет.

Өңірлерде оны іске асыру екі бағыт бойынша  жүзеге асырылды:

республикалық бюджеттен жеке кәсіпкерлікті қолдауға 9,0 млрд. теңге бөлінді, өңірлер оның 3,5 млрд.теңгесін немесе 39,1%-ын игерді. Жобаларды келісудің ұзақ өткiзілуіне  және кәсiпкерлердің келiсу үшiн қажеттi құжаттар пакетiнiң толық берілмеуіне  байланысты 5,5 млрд.теңге игерілмей  қалды;

индустриялық  инфрақұрылымды дамытуға 4,8 млрд. теңге  бөлінді, жергілікті атқарушы органдар оның 3,1 мың теңгесін немесе 64,6%-ын игерді. Екiншi деңгейдегі банктерде жобаларды  ұзақ келісудің себебінен 1,7 млрд. теңге  игерілмей қалды (A-қосымшасы).

Талдау  көрсеткендей, елде бюджеттік үдерісті кезеңмен жетілдіру жүріп жатқандығын көруге болады. Оның негізінде бюджеттің жекелеген түрлерінің арасында шығыстар мен кірістерді бөлу, бюджетті құрастыруда орталық және жергілікті билік органдарының өкілеті негізінде бюджеттік құқық нормаларын реттеу жүріп жатыр. Мемлекеттік билік органдары мен жергілікті басқару органдарының бюджет жобаларын және бюджеттен тыс мемлекеттік қорлардың құралуы мен қарастырылуы, бюджет пен бюджеттен тыс мемлекеттік қорларды бекіту мен орындалуы, оның орындалуын бақылау қызметтері ретінде бюджеттік үдеріс қалыптасты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Салықтық бақылауды ұйымдастыруды  жетілдіру жолдары

 

2.1 Салық салу және жергілікті салықты жоспарлау негіздері

Фискальдық (салық-бюджет) саясат – бұл үкіметтің  халықтың жұмыспен қамтылуын және инфляцияға бақылау жасауды қамтамасыз етуге  бағытталған салық салу, мемлекеттік  шығыстар, мемлекеттік бюджет саласындағы  саясаты. Басқа сөздермен айтқанда,  салық-бюджет саясаты – бұл мемлекеттік  бюджеттің және салық жүйесінің  көмегімен экономиканы тұрақтандыруға бағытталған  саясат.

Салық-бюджет саясаты қаржы саясатының өзектік  бөлігі және мемлекеттің экономикалық саясатының құрамдас бөлігі болып табылады. Салық салу мен мемлекеттік шығыстар саласындағы үкіметтің шаралары экономикалық өсуге, кірістерді бөлу мен  кедейшілік деңгейіне аса зор  ықпал етуі мүмкін, соның салдарынан олар, әдетте, экономикалық және саяси  пікірталастардың  ортасында болады.

Салықтар  – бұл заңның негізінде қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін  заңды және жеке тұлғалардан мемлекет алатын бюджетке міндетті төлемдер. Салықтар кіріс алатын заңды және жеке тұлғалардың  мемлекеттің қаржы ресурстарын  қалыптастыруға қатысу міндеттерін  білдіреді.

Салықтар  – мемлекеттік бюджет кірістерінің негізгі көзі. Сондықтан бюджеттің  кіріс бөлігінің мөлшері елеулі шамада екі шамаға - өз кезегінде  төлем қабілеті бар экономикалық агенттердің санымен, мөлшерімен және жұмыс істеуінің тиімділігімен  айқындалатын салық ауыртпалығы  мен салық базасының шамасына тәуелді болады.

Қазақстанда салықтар республикалық және жергілікті болып бөлінеді. Айталық, мысалы, мұнай  секторын ұйымдастырудан түсетін түсімдерді қоспағанда, корпоративтік табыс  салығы; қосымша құнға салынатын  салық және т.б. республикалық бюджетке, жеке табыс салығы, әлеуметтік салық  және басқалары – жергілікті бюджетке түсетін салық түсімдері болып  табылады.

Салық саясатын мемлекет салықтық реттеу саласындағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырады. Мемлекет салықтарды, олардың ставкалары мен жеңілдіктерді  белгілейді, жаңа төлемдер енгізеді, ескілерінің  күшін жояды. Салық саясаты мемлекеттің  әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды  іске асыруы мақсатында мемлекеттік  бюджетке ақшалай қаражаттың түсуін қамтамасыз етеді.

Нарықтық  қатынастары дамыған елдерде  салықтар экономика мен әлеуметтік хал-аһуалын тұрақты дамытудағы реттеушілік қасиеттері бюджеттік  қатынастар мүмкіншілігіне тікелей  басқару әдістері ретінде қолданады. Салықтардың жәрдемімен мемлекет қоғамдық қасиеттілік пен ресурстар арасындағы, оларды қанағаттандырудағы салыстырмалы тепе-теңдікке қол жеткізіледі. Салықтардың  арқасында экология жағынан зиянды өндірістердің кеңейуіне айыппұлдар мен шектеулер енгізе отырып, табиғи байлықты тиімді пайдалануын қамтамасыз етеді. Салықтар мемлекеттің әртүрлі даму бағдарламасының даму мүмкіншілігіндегі қаржылық қамтамасыз ету және азаматтардың табыстарының деңгейін теңестіру мүмкіншілігіне ие болады.

Салық ауыртпалығын жеңілдетуді жүргізу әртүрлі  меншіктегі экономиканың өсу мүмкіндігін  туғызу болса, көлеңкелі экономиканың қысқарып, болашақтағы экономиканың өсімі негізде бюджеттік кірістердегі салық түсімдерін молайту.

Демократиялық мемлекеттің негізгі белгілерінің бірі болып қоғамда өркениетті салықтық қатынастар мен халықтың барлық топтарының  салықтың мәдениетінің бар болып  саналатындығы баршаға мәлім. Сол  себептен, өкілетті және атқарушы органдар салықтық саясатты жүргізуші және кепілі мен бас идеологы ретінде қатысушылардың барлық топтардың мүдделерін үнемі  есеп аалып отыруы керек. Қабылданған  салықтық құқықтық заңдардың іске асыру  бойынша кәсіби білім мен салық  мәдениет белгісінің төмен болуынан деп айтуға болады. Нәтижеде біз  заңдар толық іске асырылмайтын, ал экономика көлеңкелі бизнеске ұшырап отырмыз. Көлеңкелі экономиканың көлемі ұлғайған сайын салық есебінің кемуінде бюджет көздері қысқарылуда. Әсіресе  жергілікті бюджет жетістіксіздігіне  трансферттік жабу бюджет көздерін молайту  емес керісінше тұтынушы психологиясын  туғызуда.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы ЖЕРГІЛІКТІ бюджет үдерісінің негіздері