Қазақстан Республикасындағы ЖЕРГІЛІКТІ бюджет үдерісінің негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 03:30, дипломная работа

Описание работы

Қоғамның қай тұрғысында болмасын экономиканы басқару мемлекетке қашанда оңай болған емес. Қазіргі ғылымы мен техникасы, ақпараты мен пікір алмасу үрдісі қарқынды дамып келе жатқан қоғамда басқаруды тізгіндеп орталықта бұрынғысынща ұстап отыру мүмкін еместігі күн санап дәлелденіп келеді. Осыған орай жергілікті мемлекеттік басқару өкілеттік кеңейту мақсатында жергілікті басқарудың бюджеттік мүмкіндіктерін көтеру мәселелері ерекше маңызды. Бұл мәселе жергілікті бюджетті басқарудың тиімділігін арттыруды талап етеді [1].

Содержание

КІРІСПЕ

1 Қазақстан Республикасындағы ЖЕРГІЛІКТІ бюджет үдерісінің негіздері…………………………………………………..5
1.1 Бюджет жүйесін басқарудың теориялық негіздері……………….....5
1.2 Жергілікті бюджетті жоспарлау мен басқарудың моделі……………17
1.3 Жергілікті бюджетті басқару тиімділігін арттыру жолдары……………………………………………………………………24

2 Салықтық бақылауды ұйымдастыруды жетілдіру жолдары………………………………………………………………..39
2.1 Салық салу және жергілікті салықты жоспарлау негіздері……………………………………………………………………39
2.2 Салықтық бақылауды ұйымдастырудың қазіргі кезеңдегі жағдайына талдау жасау………………………………………………………………47
2.3 Салықтық бақылаудың тиімділігін арттыруды жетілдіру жолдары……………………………………………………………………51

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………60

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………………..62

ҚОСЫМША…………………………………………………………………….64

Работа содержит 1 файл

Асылбек Диплом оконч.docx

— 163.05 Кб (Скачать)

Сонымен, аймақ  экономикасын басқару аймақтық ерекшеліктерді ескере отыры,жалпымемлекеттік мүдделерді жүзеге асырудың негізгі буыны болып  табылады.Аймақтар дамуын басқарудың ұтымды жүйесін қалыптастыру және оны  жүзеге асырудың механизмдерін жасақтау түптеп келгенде тұрақты экономикалық өсудің кепілі бола алады деп қорытынды  жасауға болады.

      Республиканың бюджет жүйесін  реформалаудың бірқатар оңды  ілгерілеулеріне қарамастан шешімін табуы тиіс проблемалар әлі де жеткілікті.Осындай проблемалардың бірі-салықтық табыстарды аумақтар бойынша және әр түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында бөлу механизмі.

       Әлемдік тәжірибеде бюджеттер  арасындағы салықтарды бөлу мәселелерін  шешуде келесідей әдістер мәлім:

      - салықтарды сәйкес деңгейлер бойынша бекіту:федералды,аймақтық және жергілікті (федеративті мемлекеттерде) немесе орталық және жергілікті (унитарлы мемлекеттерде).Сонымен қатар салықтарды енгізу құқығы басқарудың әрбір деңгейіне беріледі;

     - салықтардың үлестік бөлінуі;

     - салық салу базасын бірігіп пайдалану (салықтарға үстемелер немесе қосымша салықтар);

     - салық салуға құрықтардың болуы.

     Бекіту әдісі жалпымемлекеттік  реттеуші салықтар мен табыстардың  әсер ету механизмін көздейді.

Олар жергілікті бюджеттердің табыстары мен шығыстарын теңестіру мақсатында сәйкес бюджетке белгіленген тәртіппен бекітілген нормативтер бойынша салықтар немесе басқа да төлемдерден пайыздық аударымдар түрінде түседі.Реттеу облыстарға,қалаларға,аудндарға  жалпымемлекеттік табыстар бөлігін  жекелеген негізде беру есебінен қамтамасыз етіледі.Бұл табыстар көлемі алдағы тұрған шығындарға қарай жасалатынын  білдіреді.

     Бюджет жүйесіндегі табыстарды  бөлу ең алдымен, тұрақты немесе  ұзақ мерзімді негізде әр түрлі   деңгейдегі бюджеттерге табыстардың  белгіленген түрлерін беіту, екіншіден,бюджеттік  реттеу тәртібінде жүзеге асырылады.

     Бекітілген табыстар бюджеттердің  табыс бөлігінің негізін қамтамасыз  етеді.Мұнан басқа,бекіту негізінде  бюджеттер арасында барлық табыстарды  бөлу оларды жүзеге асыру бірқатар  объективті жағдайларға байланысты  мақсатқа лайықсыз болып табылады:әр  түрлі табыс көздері бойынша  түсімдердің теңсіздігі;аймақтардың  экономикалық дамуындағы айырмашылықтар  және т.б. Мұндай бекіту бюджет жүйесіндегі табыстар мен шығыстар арасындағы орынсыз теңсіздіктің күшеюіне әкелер еді.

 

Кесте 1 - Бюджет жүйесінің барлық деңгейлерінің шығыс өкілетінің табыс көздеріне сәйкес келуін қамтамасыз етудің иерархиялық контуры

 

Иерархиялық деңгейлері

Табыстар көбейткіші   -Lx

 Келіспеушілік көрсеткіші-R

 Шығыс өкілетінің көрсеткіші -Fx

IV

Lx4

R4

Fx4

III

Lx3

R3

Fx3

II

Lx2

R2

Fx2

 

∑Lx

 

∑Fx


Ескертпе: [33] әдебиетінен алыынды.

 

Бюджет жүйесінің құрылымы мен деңгейлері мемлекеттік құрылымына сәйкес келеді және елдің Ата Заңымен  анықталып,Қазаұстан Републикасының «Бюджеттік жүйе туралы» Заңында  баяндалған.Осыдан туындай отырып,біз  иерархияның төрт деңгейін  қабылдаймыз: 1-жергілікті озін-өзі басқару, 2-аудан (қала), 3-облыстар және Астана мен Алматы қалалары, 4-республика. Бірінші деңгей ата Заңның 89-бабына сәйкес салыстырмалы дербестікке ие болғандықтан, мұнда үш бюджеттік деңгей қарастырылады (3-кесте).

Теориялық тұрғыдан мемлекеттік  бюджеттің жалпы тепе-теңдігінің шарты сақталуы керек:

 

∑ Lx = ∑ Fx

 

 

Алайда тәжірибеде бюджеттің  тапшылығымен көп кездесеміз:

 

∑ Lx < ∑ Fx

 

 

Мемлекеттік бюджетті тиімді басқару үшін бюджеттің құрылымдық тік және көлденең тепе-теңдігі маңызды  болып табылады. Мұнда біз тік тепе-теңдікті көптеу талдаймыз (3- сурет).

 

деңгей

Lx

R

Fx

2

150

0

150

3

50

0

50

4

20

0

20

 

220

   

деңгей

Lx

R

Fx

2

150

+25

165

3

50

-20

50

4

20

-5

5

 

220

 

220




 

 

а) мүлтіксіз                ә) тік теңсіздік

 

 

Сурет 3. Бюджеттің тік тепе-теңдігінің деңгейінің матрицасы [33].

 

Тік теңсіздік  нәтижесінде субвенция түріндегі  ресми трансферттерге қажеттілік туындайды. Бюджеттің құрылымдық тепе-теңдігінің қамтамасыз ету үшін 1 шарттың ғана орындалуы емес, яғни кірістік және шығыстық бөліктердің тепе-теңдігі, сонымен бірге {fх} көбейткіші түріндегі шығыстық өкілеттің {lх} көбейткіші түріндегі табыстық көздердің құрылымына сәйкес келуі керек:

 

{fх}  € {lх}

 

Жоғарыда  көрсетілген бюджет құрылымының  сандық талдауынан кейін қазіргі  күні елдің бюджеттік жоспарлануы  мемлекеттік бюджеттің кірістік және шығыстық бөліктерінің жалпы тепе-теңдігін қамсыздандыруда тәжірибесі бар екендігі шығады. Алайда тік тепе-теңдік пен 4 үлгінің шарты сақталуы үшін құрылымдық тепе-теңдікті қамсыздандыру мәселесін шешу қажет. Ол тек шығыстық өкілетті шектеу арқылы және республикалық пен жергілікті бюджеттер арасында салық көздерін анық болу арқылы бюджетті орталықсыздандыру мәселесәмен ғана байланысты емес, сонымен бірге салықтық база мен бюджеттің басқа да кірістерінің дамуымен байланысты. Мемлекеттің әлеуметтік салаға шығыстарының 60 пайызына дейіні өзін-өзі қамсыздандыру деңгейінің төмендігіне қарамастан, жергілікті бюджеттер арқылы қаржыландырылатыны белгілі. Өз кезегінде бюджеттік өзін-өзі қаржыландыру саясаты өңірлер мен жергілікті құрылымдардың экономикалық дамуының алғышарты болады. Бұл саясатты іс жүзінде асыру үшін «Бюджеттік жүйе туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мемлекеттік бюджеттің шығыстарын а) ағымдық бюджеттік бағдарламаларға  және ә) дамудың бюджеттік бағдарламаларына қарастырады. Осы заңның 2 бабына сәйкес алдыңғы қаржылық жылға және мемлекеттік бюджеттің болжамдық көрсеткіштерін ұзақмерзімді жоспарлауды өңдеудің негізіне Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспары, аумақтардың дамуының экономикалық және әлеуметті бағдарламалары алынады. Бұл заңдық нормативтер мемлекеттік бюджетті тиімді пайдалануды артыру жолындағы үлкен жетістігі болып табылады.

 

Ескертпе: http://www.minfin.kz/index.php?uin=1296449429&lang=kaz сайтынан алынды

 

Сурет 4. 2010 жылғы бақылау іс-шараларының қорытындылары бойынша қабылданған шаралар

 

2010 жылғы  республикалық бюджеттің кірістері  106,2 % - ға орындалды, жоспардағы 3 413,8 млрд.теңгенің орнына түсімдер 3 626,2 млрд.теңгені құрады немесе 212,4 млрд.теңгеге артық.  

Республикалық бюджетке 2010 жылдың қорытындысы бойынша  салықтық түсімдер жоспардағы 1 886,9 млрд. теңгенің орнына, 2 083,6  млрд.теңгені немесе 110,4 %-ды құрады. Салықтық емес түсімдер бойынша жоспар 119,6  %-ға, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша 90,0 %-ға, трансферттердің түсімдері  бойынша 100,5 %-ға орындалды. 

Корпоративтік табыс салығы бойынша 2010 жылғы жоспардағы 847, 9 млрд.теңгенің орнына бюджетке 837,2 млрд.теңге түсті, атқарылу 98,7%-ды құрады. Атқарылмау негізінен банк секторы бойынша банктер тартатын инвестициялар мен сыйақылар төлеу көлемдерінің азаюына байланысты түсімдердің төмендеуі есебінен болды. Бұдан басқа, жекелеген салық төлеушілер 2010 жылға арналған аванстық төлемдердің азаюына есеп айырысуларды ұсынған. Алайда өткен жылмен салыстырғанда корпоративтік табыс салығының түсімі 30%-ға немесе 193,6 млрд.теңгеге ұлғайды, бұл еліміз экономикасының 2010 жылдағы дамуының оң көрсеткіші болып табылады.

Ішкі  өндіріс тауарларына салынатын  ҚҚС бойынша атқарылу 34,8 % құрады, немесе жоспардағы 179,0 млрд.теңге соманың орнына бюджетке 241,4 млрд.теңге түсті. Артығымен орындалу ҚҚС қайтару қарқынының баяулауымен түсіндіріледі.

Импортталатын тауарларға салынатын ҚҚС бойынша  жоспардағы  411, 4 млрд. теңгенің орнына түсім 435,9 млрд.теңгені құрады немесе 105,9%-ға атқарылды.

Халықаралық саудаға және сыртқы операцияларға  салынатын салықтар бойынша жоспарланған 288, 9 млрд.теңгенің орнына іс жүзінде 373,8 млрд.теңге түсті немесе жоспардың 129,4 % атқарылды. Кеден статистикасының жедел деректері бойынша импорт көлемі  бекітілген бюджетке қабылданған есеп айырысулардағы 4,7%-ды емес 7,7%-ды құрады.

Сонымен қатар, жоспардың түгел орындалмауы  импортталатын тауарларға салынатын  акциздер бойынша жоспардағы 20,6 млрд.теңгенің орнына іс жүзінде 13, 6 млрд.теңге түсті немесе 66,2 %-ға атқарылды. Жоспардың орындалмауының себебі жекелеген акцизделетін тауарлар (сыра, автомобильдер) бойынша импорт көлемінің төмендеуі болып табылады.

Салықтық  емес түсімдер бойынша есептік кезеңге  жоспардағы 59, 7 млрд.теңгенің орнына іс жүзінде 71, 4 млрд.теңге немесе 119,6 % түсті.

Жоспарлы  көрсеткіштердің негізгі асыра  орындалуы мынадай түсімдер есебінен түсіндіріледі:

8,8 млрд.теңге сомасындағы жоспарланбайтын айыппұлдар;

3,5 млрд. теңге сомасында жоспарланбаған дивидендтер. 

Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер жылдық жоспар кезінде 26,4 млрд. теңгенің орнына 23,7 млрд.теңге түсті. Жоспар төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен елдерге гуманитарлық көмек көрсетуге байланысты мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды сатудан түсетін түсімдер бойынша және материалдық құндылықтарды шығару бойынша бірқатар шарттарды бұзумен байланысты орындалмады.

Трансферттердің түсімдері жоспардағы 1 440, 8 млрд.теңге кезінде 1 447,5 млрд. теңгені немесе 100,5 %-ды құрады. Нысаналы емес бағытта пайдаланылған және пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді қайтару сомасының түсімдері есебінен 6, 6 млрд.теңгеге артқан. 

2010 жылғы республикалық  бюджеттің шығыстары (қарыздарды  өтеуді есепке алмағанда) 4 284,0 млрд.теңгені құрады немесе 4 321,4 млрд.теңге сомасында есепті кезеңге арналған жоспардың 99,1%-ын құрады.

Республикалық бюджет бойынша  игерілмеген сома 37,5 млрд. теңгені  құрады немес өткен жылмен салыстырғанда 22,6 млрд. теңгеге кеміді.

Бюджеттік қаражаттардың  игерілмеуінің  факторлары, ол –  объективтік себептер бойынша – 14,1 млрд.теңге, оның ішінде 1,8 млрд.теңге - мемлекеттік сатып  алу нәтижесі бойынша үнемдеу және 6,6 млрд.теңге  үлестірілетін бюджеттік бағдарламалар  бойынша шешімдермен үлестірілмеген қаражат қалдықтары: 3,6 млрд.теңге  – Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві бойынша, 3,0 млрд.теңге –  өкілдік шығындар бойынша.

Субъективтік себептер бойынша 23,3 млрд.теңге игерілмеген, оның ішінде: 0,6 млрд.теңге - мемлекеттік сатып  алу бойынша бәсекелестік ортаның  болмауынан (маркетингтік талдаудың  болмауы) конкурстардың өтпеуі; 12,8 млрд.теңге - конкурстық рәсімдердің мерзімінде өтпеуі, олардың өткізу мерзімін ауыстыру, жеткізушілермен шарттың талаптарын бұзуы, орындалған жұмыстардың актілерін, шот-фактуралардың уақытында ұсынылмауы; 0,2 млрд.теңге - бюджеттік қаражаттардың  қажеттілігін талап етпеу, құн көрсеткіштерінің қымбаттауы, жылдық жоспарлардың ай сайынғы  бөлуінің қателігі; 9,8 млрд.теңге - бюджеттік  бағдарламаларды іске асыру туралы нормативтік құқықтық актілердің уақытында  қабылданбауы және басқа себептер.

2010 жылдың республикалық  бюджетін атқару кезеңінде ең  көп игерілмеуге жол бергендер:

Қаржы министрлігі - 9,3 млрд.теңге, оның ішінде 10 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві» -3,0 млрд.теңге, резервтен қаражат бөлу туралы Үкіметтің шешімінің болмауы, 026 «Кедендік бақылау объектілерін кедендік инфрақұрылым салу» бюджеттік  бағдарламалары бойынша - 2,0 млрд.теңге, орындалмаған міндеттемелер бөлігінде 2011 жылға ауыстыру ұсынылады;

Ұлттық  қауіпсіздік комитеті - 4,7 млрд.теңге, оның ішінде  001 «Ұлттық қауіпсіздікті  қамтамасыз ету» - 2,1 млрд.теңге, 002 «Ұлттық  қауіпсіздік жүйесінің даму бағдарламасы»  бюджеттік бағдарламалары бойынша - 2,6 млрд.теңге, орындалған жұмыстардың  актілерін, шот-фактуралардың уақытында  ұсынылмауы және конкурстық рәсімдердің  мерзімінде өтпеуі, сондай-ақ,  бюджеттік  бағдарламаларды іске асыру туралы нормативтік құқықтық актілердің уақытында  қабылданбауы;

Білім және ғылым министрлігі – 3,4 млрд.теңге  игерілмеген, оның ішінде 005«Білім және ғылым объектілерін салу және реконструкциялау»  бюджеттік бағдарламасы бойынша - 2,1 млрд.теңге, төлемдердің негізділігін растайтын  құжаттардың болмауынан;

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы ЖЕРГІЛІКТІ бюджет үдерісінің негіздері