Қазақстан Республикасындағы ЖЕРГІЛІКТІ бюджет үдерісінің негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 03:30, дипломная работа

Описание работы

Қоғамның қай тұрғысында болмасын экономиканы басқару мемлекетке қашанда оңай болған емес. Қазіргі ғылымы мен техникасы, ақпараты мен пікір алмасу үрдісі қарқынды дамып келе жатқан қоғамда басқаруды тізгіндеп орталықта бұрынғысынща ұстап отыру мүмкін еместігі күн санап дәлелденіп келеді. Осыған орай жергілікті мемлекеттік басқару өкілеттік кеңейту мақсатында жергілікті басқарудың бюджеттік мүмкіндіктерін көтеру мәселелері ерекше маңызды. Бұл мәселе жергілікті бюджетті басқарудың тиімділігін арттыруды талап етеді [1].

Содержание

КІРІСПЕ

1 Қазақстан Республикасындағы ЖЕРГІЛІКТІ бюджет үдерісінің негіздері…………………………………………………..5
1.1 Бюджет жүйесін басқарудың теориялық негіздері……………….....5
1.2 Жергілікті бюджетті жоспарлау мен басқарудың моделі……………17
1.3 Жергілікті бюджетті басқару тиімділігін арттыру жолдары……………………………………………………………………24

2 Салықтық бақылауды ұйымдастыруды жетілдіру жолдары………………………………………………………………..39
2.1 Салық салу және жергілікті салықты жоспарлау негіздері……………………………………………………………………39
2.2 Салықтық бақылауды ұйымдастырудың қазіргі кезеңдегі жағдайына талдау жасау………………………………………………………………47
2.3 Салықтық бақылаудың тиімділігін арттыруды жетілдіру жолдары……………………………………………………………………51

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………60

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………………..62

ҚОСЫМША…………………………………………………………………….64

Работа содержит 1 файл

Асылбек Диплом оконч.docx

— 163.05 Кб (Скачать)

Республикалық бюджет – бұл Бюджет кодексінде белгіленген салық және басқа  да түсімдер есебінен қалыптастырылатын  орталықтандырылған ақшалай қор. Республикалық  бюджет орталық мемлекеттік органдардың, олардың бағынысындағы мемлекеттік  мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз ету және мемлекеттік  саясаттың жалпы республикалық  бағыттарын іске асыру үшін арналған. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық  бюджет Қазақстан Республикасының  заңымен бекітіледі. Қазақстандағы  қаржы жылы күнтізбелік жылға  сәйкес келеді, яғни 1 қаңтарда басталады  және 31 желтоқсанда аяқталады.

Облыстық  бюджет, республикалық маңызы бар  қаланың, астананың бюджеті де Бюджет кодексінде белгіленген салық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын  орталықтандырылған ақшалай қорды  білдіреді. Ол облыстық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың, республикалық  маңызы бар қаланың, астананың, олардың  бағынысындағы мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз ету және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі мемлекеттік саясатты іске асыру үшін арналады. Тиісті қаржы  жылына арналған облыстық бюджет, республикалық  маңызы бар қаланың, астананың бюджеті  облыстың, республикалық маңызы бар  қаланың, астананың мәслихатының шешімімен  бекітіледі.

Ерекше  жағдайларда төтенше мемелекеттік бюджет әрекет етеді – Қазақстан  Республикасында төтенше немесе әскери жағдай болған кезде республикалық  және жергілікті бюджеттердің негізінде  құрылатын төтенше мемлекеттік  бюджет енгізіледі. Төтенше мемлекеттік  бюджетті енгізу және оны тоқтату  үшін негіздеме Қазақстан Республикасы Президентінің республиканың бүкіл  аумағында төтенше немесе әскери жағдай енгізу немесе оның күшін жою  туралы Жарлығы болып табылады.

Төтенше мемлекеттік бюджеттің әрекет етуі кезінде республикалық бюджет туралы заңның және мәслихаттардың жергілікті бюджеттің барлық деңгейлеріндегі  бюджеттер туралы шешімінің қолданысы  тоқтатыла тұрады. Төтенше мемлекеттік  бюджеттің қабылдануы туралы Республика Парламенті жедел хабардар етіледі.

Шоғырландырылған  бюджет – республикалық бюджетті, облыстардың,  республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін  және олардың арасындағы өзара өтелетін операцияларды ескерместен, Қазақстан  Республикасының Ұлттық қорына  жіберілетін түсімдерді біріктіретін мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай  қоры. Шоғырландырылған бюджетті заңнамалық билік органдары бекітпейді және талдамалық мақсаттарда пайдаланылады.

Шоғырландырылған  бюджеттің құрылымы мынадай бөлімдерден  тұрады:

– республикалық бюджет;

– облыстың,  республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері;

– Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына  жіберілетін бюджетке түсімдер мен олардың Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына  аударымдары.

Бюджетті басқару –  бұл бюджет қатынастарының бүкіл  жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне жетуді және осының негізінде тиісті бюджет саясатын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік шаралардың жиынтығы.

1) Бюджет қатынастары – мемлекетпен,  халық, мекемелер,кәсіпорындар арасында  пайда болатын қаржы қатынастары  деген ұстанымды ұстайтын болсақ, онда бір жағынан мемлекет  кәсіпорындар, мекеме мен халық  қаражаттарын ала отырып, мемлекет  бұл қаражаттарды өз иелігіне  жұмылдырады және өзінің мемлекеттік  қызметін орындауға жұмсайды, сондай-ақ  коммерциялық және коммерциялық  емес салаларға, халыққа әсер  етуге және тұтастай экономиканы  реттеу қызметіне пайдаланады.  Әсер ету нысандары әр түрлі  болуы мүмкін: кәсіпорындарды қаржыландыру  және қаражаттандыру; мемлекеттік  инвестицияларды іске асыру; өнеркәсіптің  қорғаныс салаларының айырбасталымын  қаржыландыру арқылы экономиканың  құрылымдық қайта құруына әсер  ету. Мұнда кіріс немесе шығыс  баптарын ұлғайту немесе азайту  қатынасы саяси кеудемсоқтыққа  байланысты елдің халықпен айлаөшарғы  жасау қаупі туындайды. Осыған  орай, бюджет саясатының қалыптасуы, оның іске асуының бағытталуы барлық кезде тек экономикалық даму үрдістерімен ғана байланысты емес, сондай-ақ саяси кеудемсоқтықты көрсетеді. Егер бюджет саясатының бағытталуы экономиканың дамуы заңдылықтарының анықталуы негізінде емес, ал ол көпшілік дауыс пен көптеген түзетулер нәтижесінде анықталады, онда мұндай бюджет саясаты тұрақты болмай, үнемі өзгерту үстінде болады, яғни тек экономикалық саланың қайта қалыптасуы нәтижесінде ғана емес, сондай–ақ биліктің осы немесе өзге саласының жағжаяттық пайымдауынан. Макроэкономикалық реттеудің маңызды құралы болып бюджет саясаты табылады, ол салық салу мен мемлекеттік шығындарды өзгерту арқылы іскерлік белсенділік деңгейіне мемлекеттің әсерін көрсетеді.

2) Бюджет саясаты ұдайы өндірістік  кезең аяқталуының нәтижесінде  жинақталған, қаржы ресурстарын  жұмылдыру бойынша мемлекеттің  қаржы саясатының экономикалық  мазмұнын анағұрлым толық көрсетеді,  олардың мемлекет дамуының әлеуметтік-экономикалық  басымдылықтарының пайдаланылуы  және бөлінуі.

Қаржы ағындарының қозғалысына  реттеудің бастапқы принципі жиынтық  тұтынудың өсуіне бағытталған ұдайы  өндіріс үдерісінің барлық қатысушыларының мүдделерін ымыраға жеткізуден тұрады. Бюджет- бюджет саясатының негізгі құралы ретінде мемлекеттің қаржы жүйесінің барлық буындарын біріктіреді. Үлкен қаржы ағындарымен басқарудың қажеттілігі осыменен шартталған яғни бұған қоса экономиканы реформалауға арналған шетел несиелері мен инвестициялары елдің төлем балансын өзгерту мен жалпы қоғамдық өнімнің қозғалысына бюджет саясатының белсенді әсері де шартталған. Бюджет саясаты бюджеттің белгілі бір механизмін әзірлеу, қарастыру, бекіту, орындау, бақылау, бюджеттің орындалуы туралы есептің қызмет етуінің әр түрлі бюджет деңгейінің өзара байланысына негізделген. Егер, дамыған елдерде ортақ валютаөқаржылық жүйені жасау бөлігінде қуатты және қаржы саласында орталықтан бағытталған беталыстар айқын түрде көрініс табады. Ал, бұрынғы кеңес үкіметі аумағында қаржы жүйесінің жергілікті деңгейлерін өзін-өзі қаржыландыру, жеке аймақтар мен жергілікті көздерінің мәні мен рөлін күшейту және егеменділіктің қалыптасуының қажеттілігі жандандырылады.

Республикада бюджет жүйесінің  дамуы аймақтық деңгейдің тұтас  шаруашылық кешенінің тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету мақсатында қаржы жүйесінің ортақ шеңберіндегі қаржы буындарының жергілікті және орталық өзара әсерінің тиімді нұсқасын іздеу жолында. Бюджет экономикаға  бюджет механизмі арқылы әсер етеді. Экономикаға тұтастай әсер ету құралы ретінде бюджеттің бөлу және бақылау  қызметі осыдан көрінеді. Осыған байланысты бюджет саясаты қолда бар қаржы  ресурстары мен сұраныстарын қанағаттандыру кірістер мен шығыстар бойынша бюджет шешімерін таңдау және қаржы жүйесін  бағалауды қарастырады. Басқаша  айтқанда, бюджет саясатын бюджет үдерісін ұйымдастыру жағынан алғанда, бюджет заңдылығын бұзғаны үшін жауапкершілік  есебінен бюджеттің барлық деңгейінің орындалуына бақылау, бекіту, қарастыру  және құрастыру тәртібі ретінде  қарастырылуы мүмкін.

3) Бюджет жүйесінің қызметі етуі  қағидалар негізінде қамтамасыз  етіледі:

  • барлық бюджеттің біртұтастығы, толықтылығы, нақтылығы, жариялылығы және дербестігі;
  • мемлекеттік қаржы статистикасының біртұтас нысаны, ортақ бюджеттік сыныпталу, біртұтас қаржылық базаның бар болуы; 
    бюджетте барлық түсімдердің толық көрінуі және түсімдердің қайта бөлінуі арқылы бюджеттің икемді өзара іс-қимыл;
  • мемлекеттің ақша несие саясатының өзара іс-қимылы және ақша жүйесінің біртұтастығы.

Жергілікті билік органдарының шығыстық өкілдігімен байланысты бюджет шығыстарын ең аз жасау принциптерімен, аумақтар дамуының әлеуметтік-экономикалық шығыстарының бюджетіне, теңгеріміділікке байланысты, олардың бюджет шығыстарын ұлғайту қызығушылығында жергілікті бюджет табыстарының саралануы жүреді. Қазақстан Республикасы аймағының жеке бюджеті бұл – елдің бюджет жүйесінің дербес буыны, яғни жергілікті бюджет.

4) Қазақстанда жергілікті бюджеттер  бағалы қағаздар нарығына шықпастан  бұрын ең алдымен бірқатар  ұйымдастырушы – қаржылық шараларды  іске асыр қажет. Ұсыныстар  орталық жіне жергілікті басқару  органдарының әрекеттеріне тікелей  қатысты және ұсынытарды жергілікті  бюджетті нығайту үшін жүргізу  қажет, оны жүргізгенне соң  жергілікті алыс- берістерді тиімді  дамыту төмендегілерге негіделеді:

  • үкіметтік деңгейде қаржы саласын орталықсыздандыруға бағытталған заңдарды қабылдау керек. Бұл жергілікті әкімшіліктерге өзінің табыстарын, оның ішнде жергілікті қарыздарды ұлғайту үшін әр түрлі құралдарды пайдалануға рұқсат етеді;
  • жергілікті басқару органдары есептілік және өзінің жұмысының айқындылығын қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерді сақтауы тиіс. Халықпен теріс қарым-қатынас, бюджеттің айқындылығының жоқ болуы ішінара шығындалуға және күдікті мақсаттардың болуына алып келеді;
  • жергілікті басқару органдарының несиені өтеу қабілетінің рейтингін тәуелсіз сараптауды барлауды алдын-ала жүргізу қажет.

Жергілікті бюджет бұл  өте серпінді санат, сондықтан аймақтық саясатты мемлекеттің экономикалық өміріне әсер ететін әр түрлі факторлардың есебімен жүзеге асыру қажет. Жеке аймақтардың  экономикалық дамуы деңгейінің әркелкі  болуы және олардың әр түрді тұрпаттары бойынша сараланымы жергілікті бюджет қаражаттарының қалыптасуы мен жұмсалуына әсер етеді.

Жергілікті  бюджет тиісті мәслихаттың шешімімен  бекітілетін,  түсімдердің және жергілікті атқарушы орган өзіне жүктелген  функцияларды жүзеге асыру үшін айқындайтын  жергілікті бюджеттік бағдарламаларды  қаржыландыруға арналған бюджеттің  тапшылығын (профицитті пайдалану) қаржыландырудың  есебінен қалыптастырылатын әкімшілік  аумақтық бірліктің ақшалай қорын  білдіреді.

Жергілікті  бюджеттердің рөлі, олардың құрамы мен құрылымы жергілікті мемлекеттік  органдарға жүктелген функциялар мен  міндеттердің мазмұнымен және сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және саяси-экономикалық бағыттылығымен толықтай айқындалады.

Жергілікті  бюджеттердің жай-күйі әр түрлі факторларға  тәуелді болады. Оларға мыналар жатады:

- елдің  жалпы экономикалық жағдайы;

- тиісті  аумақтың экономикалық әлеуеті;

- жергілікті  билік және басқару органдарының  өздеріне берілген құқықтарды  іске асырудағы құзыреттілік  дәрежесі.

Басқарудың барлық деңгейлерінің  өз бюджеттері бар және олар өздерінің  өкілеттіктері шеңберінде қызмет етеді (1-сурет).

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 


 


 

 

 

 

 

Ескертпе – Lх - табыс көздері; Fх - мемлекеттік шығыстар; Tр - ресми трансферттер [34].

 

Сурет 1. Мемлекеттік қаржының құрылымы мен қызметтері

Жергілікті  бюджеттер тұрақтылығының басты  шарты нақты қаржы кезеңі мен  нақты аумақтың шеңберінде жергілікті мемлекеттік органдардың келіп  түсетін кірістер мен жүзеге асырылатын қажетті шығыстардың арасындағы тиісті тепе-теңдікті қамтамасыз ете  білу шеберлігі болып табылады.

Қазақстан Республикасында жергілікті бюджеттер (әкімшілік-аумақтық бірліктердің бюджеттері) облыстық бюджеттермен, республикалық  маңызы бар қаланың және астананың  бюджеттерімен және аудандық бюджеттермен ұсынылған.

Облыстың  бюджеті олардың арасындағы өзара  өтемелі операцияларды ескерместен  облыстық, қалалық және аудандық бюджеттердің жиынтығы болып табылады.

Қазіргі кезде Қазақстандағы жергілікті бюджеттер мемлекеттік бюджет қаражатының  жалпы көлемінің кірістер бойынша  шамамен 30%-ын және шығыстар бойынша  – шамамен 48%-ын алады.

Қазақстан Республикасының  унитарлы мемлекет болғандықтан, көптеген басқару функциялары орталықтан басқарылады. Оларды біртіндеп төменгі  жергілікті басқару органдарына беру процесі соңғы 5-6 жыл көлемінде жүргізілуде. Жергілікті бюджеттің табыс көздерін нығайту үшін оларға берілетін өкілеттілік те тұрақты әрі қалыпты үрдіске еніп келеді.

Бірнеше жылдар бойы орын алған  жағдай мемлекеттің қаржылық дамуы  үшін экономикалық дамуын жоспарлаудың көмекші бөлігі ретінде мемлекет шығындарын басқару түсінігін енгізуге ықпал етті.

2010-2012 жылдарға арналған  республикалық бюджеттің параметрлері  өткен жылы қабылданған және  құлдырау сатысын еңсере отырып әрі осы сатыдан экономиканың тұрақтануы мен көтерілу сатысына шығу жөніндегі бірқатар бюджеттік-салықтық саясатты қарастыратын Салық және Бюджет кодекстерінің негізінде қалыптастырылды. Мәселен, салық заңнамаларына енгізілген өзгерістер экономиканы әртараптандыруға және экономикалық өсуді ынталандыруға қолдау жасауға бағытталған.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы ЖЕРГІЛІКТІ бюджет үдерісінің негіздері