Қазақстан Республикасындағы ЖЕРГІЛІКТІ бюджет үдерісінің негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 03:30, дипломная работа

Описание работы

Қоғамның қай тұрғысында болмасын экономиканы басқару мемлекетке қашанда оңай болған емес. Қазіргі ғылымы мен техникасы, ақпараты мен пікір алмасу үрдісі қарқынды дамып келе жатқан қоғамда басқаруды тізгіндеп орталықта бұрынғысынща ұстап отыру мүмкін еместігі күн санап дәлелденіп келеді. Осыған орай жергілікті мемлекеттік басқару өкілеттік кеңейту мақсатында жергілікті басқарудың бюджеттік мүмкіндіктерін көтеру мәселелері ерекше маңызды. Бұл мәселе жергілікті бюджетті басқарудың тиімділігін арттыруды талап етеді [1].

Содержание

КІРІСПЕ

1 Қазақстан Республикасындағы ЖЕРГІЛІКТІ бюджет үдерісінің негіздері…………………………………………………..5
1.1 Бюджет жүйесін басқарудың теориялық негіздері……………….....5
1.2 Жергілікті бюджетті жоспарлау мен басқарудың моделі……………17
1.3 Жергілікті бюджетті басқару тиімділігін арттыру жолдары……………………………………………………………………24

2 Салықтық бақылауды ұйымдастыруды жетілдіру жолдары………………………………………………………………..39
2.1 Салық салу және жергілікті салықты жоспарлау негіздері……………………………………………………………………39
2.2 Салықтық бақылауды ұйымдастырудың қазіргі кезеңдегі жағдайына талдау жасау………………………………………………………………47
2.3 Салықтық бақылаудың тиімділігін арттыруды жетілдіру жолдары……………………………………………………………………51

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………60

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………………..62

ҚОСЫМША…………………………………………………………………….64

Работа содержит 1 файл

Асылбек Диплом оконч.docx

— 163.05 Кб (Скачать)

Ұлттық қордың қаржыларын пайдалану мемлекеттік қаржыларды реттеудің құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады. Шикізат ресурстарына қолайсыз конъюнктура пайда болған кездерде мемлекеттік шығындарды қаржыландыруды көздейтін Ұлттық қордың тұрақтандырушылық функциясы 2008 жылы алғаш рет қолданылды. 2008-2009 жылдары Ұлттық қордан мақсатты трансферттер тарту ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін және іскерлік белсенділікті арттырып, еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету арқылы жұмыссыздықтың өсіп кетуіне жол бермеу үшін, сол сияқты, дағдарыс кезеңіндегі тұрақты дамуға жағдайлар жасау үшін жүзеге асырылды.

2010 жылдан бастап Ұлттық  қордан қордың жыл соңындағы  активтерінің оның алдындағы  жоспарлау жылымен алғандағы  1/3 бөлігінен аспайтын көлемде  тек кепілдендірілген трансферттер  ғана тартылатын болады. Соның  нәтижесінде Ұлттық қорды қорландыру  саясаты одан әрі жалғастырылып, 2012 жылдың соңына таман ол 31 миллиард АҚШ долларына жетпек.

Стратегиялық мақсаттарға  жетуге және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым міндеттерін жүзеге асыруға бағдар ұстанған біртұтас әрі  тиімді мемлекеттік жоспарлау жүйесінің  болуын да антициклдік фискальдық саясат шаралары ретінде қарастыру қажет. Осы мақсаттар үшін жаңа Бюджет кодексі  қабылданып, оны жүзеге асыру жөнінен  “Қазақстан Республикасында мемлекеттік  жоспарлау жүйесі туралы” Жарлық шықты.

Нәтижелерге бағдарланған әрі  жоспарлау кезеңі ұзартылған бюджеттеуді  енгізу стратегиялық сипатқа ие және ол экономиканың сапалы да тепе-тең  жағдайда өсуіне бағыт ұстайды. Ал ол бюджет саясатын икемді жүзеге асыруға  жол ашады. Қазіргі таңда Үкімет бюджеттік реттеу арқылы ел азаматтарының  әлеуметтік жағынан қорғалмаған  топтарына қолдау көрсету, жұмыссыздықты  төмендету және шаруашылық қызметтің  белсенділігін арттыру жөнінен  шаралар қабылдауда. Қазақстанды  таяу бесжылдықта жедел индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасы да экономиканы  әртараптандыру мақсатын көздейді.

Осы орайда 2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасының  әлеуметтік бағдар ұстанатынын атап өту орынды. Бюджет шығындарының жартысынан астамы әлеуметтік салаға және бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақыларына бағытталған. Алдағы жылдың басынан  бастап зейнетақыларды, бала күтіміндегі  әйелдерге берілетін және өзге де мемлекеттік жәрдемақыларды өсіру  ойластырылып отыр.

Сонымен бірге, алдағы бюджетте азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысында агроөнеркәсіп кешенін дамытуға да айтарлықтай қаржы бөлінбекші. Осы айтылғандардың бәрі әлемдік қаржы дағдарысының тигізген кері әсерлеріне қарамастан Үкіметтің қиыншылықтардан қысылмай шығу жолында елеулі жұмыстар атқарып отырғанын көрсетеді [27].

Мемлекеттік басқарудың орталықсыздандырудың түпкі мақсаты экономика мен  қоғамның дамуын көздейтін әлем тәжірибесінен  белгілі. Біздің елімізде облыстық деңгейдегі билік орындары орынсыз өсіп, аудандық және селолық деңгейдегі билік орындары кусарып бара жатыр. Ал керсінше, дамыған  унитарлы мемлекеттердің ең күшті буындары болып қала, село мен аудан болып  табылады. Бүгінде қоғамда экономикалық қатынастарды орталықсыздандыру мемлекеттің жалпы экономикалық саясатын жүзеге асыруда аймақтардың дербестігі мен рөлін арттырып отыр.

Нарықтық қатынастардың  қалыптасу жағдайында жергілікті органдар қызметінің аясы кеңейе түсуде, олар әлеуметтік-экономикалық, экологиялық, демографиялық сипаттағы проблемаларды шешуге едәір дербестікке ие бола бастады.

Жергілікті бюджеттің  рөлі, оның құрылымы мен бағыты бүтіндей билік пен басқарудың жергілікті органдарына жүктелген функциялардың сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік- аумақтық құрлысымен және оның саяси экономикалық бағыттылығымен анықталады.

Жалпы жергілікті бюджеттің  жай-күйі әрқашанда, біріншіден, елдің  жалпы экономикалық жағдайына, екіншіден, тиісті аумақтардың экономикалық әлеуетіне, үшіншіден, билік пен басқарудың жергілікті органдарының құқығы мен міндеттерін белгілі бір дәрежеде реттеп отыратын мемлекеттік заңдардың деңгейіне, төртіншіден, биліктің жергілікті органдары құзырының дәрежесіне байланысты болады.Басқарудың жергілікті органдарына мемлекеттің әлеуметтік бағдарламаларын жүзеге асыру жөніндегі маңызды міндеттер жүктелінген. Халыққа қызмет көрсету жөніндегі шараларды қаржыландыру негізінен жергілікті қаржы ресурстары есебінен жүзеге асырылады. Әлеуметтік–тұрмыстық  инфрақұрылымның салалары халыққа қызметтер көрсетуді бюджет қаражатынан қалыптасатын қорлар есебінен көрсетеді. Бұл тиісінше жергілікті қаржының рөлі мен маңызын арттырып отыр. Оның қызметінің тиімділігі бірқатар жағдайларға – жергілікті қаржының бүкіл теориялық астарларын анық етіп шешіп алуға, елдің бюджет құрылысының жалпы мемлекеттік құрылысқа нақты сәйкестігіне байланысты болып келеді.

 

1.2 Жергілікті бюджетті жоспарлау мен басқарудың моделі

Қазіргі кезеңде негізгі  шаруашылық қызметтің аймақтарда жүзеге асырылатындығын ескерсек, оларға әлеуметтік-экономикалық мәселелерді өздігінен шешуге лайықты  қаржылық дербестіктің берілуі маңызды  болып табылады. Осымен байланысты бүгінгі таңда мемлекеттік басқару  деңгейлері арасындағы өкілеттіліктерді ажырату, бюджетаралық қатынастарды реттеу мәселелері еліміздің аймақтарының экономикалық өсуіне мүмкіндік беретін  негізгі шарттар ретінде қарастырылуда.

Елдің мемлекеттік  құрылысында аумақтық құрылымдардың  болуы оларда тіршілік ету қызметін қамтамасыз ету үшін оларға белгілі  бір өкілеттіктер мен қаржы ресурстарының  көлемін беру қажеттілігін негіздейді. Осыған байланысты қаржылық жүйенің  құрылымында жергілікті бюджеттер  ерекше буын ретінде бөлінеді.

Жергілікті  бюджет тиісті мәслихаттың шешімімен  бекітілетін,  түсімдердің және жергілікті атқарушы орган өзіне жүктелген  функцияларды жүзеге асыру үшін айқындайтын  жергілікті бюджеттік бағдарламаларды  қаржыландыруға арналған бюджеттің  тапшылығын (профицитті пайдалану) қаржыландырудың  есебінен қалыптастырылатын әкімшілік  аумақтық бірліктің ақшалай қорын  білдіреді.

Жергілікті  бюджеттердің рөлі, олардың құрамы мен құрылымы жергілікті мемлекеттік  органдарға жүктелген функциялар мен  міндеттердің мазмұнымен және сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және саяси-экономикалық бағыттылығымен толықтай айқындалады.

Жергілікті  бюджеттердің жай-күйі әр түрлі факторларға  тәуелді болады. Оларға мыналар жатады:

- елдің  жалпы экономикалық жағдайы;

- тиісті  аумақтың экономикалық әлеуеті;

- жергілікті  билік және басқару органдарының  құқықтары мен міндеттерін реттейтін  мемлекеттік заңнаманың деңгейі;

- жергілікті  билік және басқару органдарының  өздеріне берілген құқықтарды  іске асырудағы құзыреттілік  дәрежесі.

Жергілікті  бюджеттер тұрақтылығының басты  шарты нақты қаржы кезеңі мен  нақты аумақтың шеңберінде жергілікті мемлекеттік органдардың келіп  түсетін кірістер мен жүзеге асырылатын қажетті шығыстардың арасындағы тиісті тепе-теңдікті қамтамасыз ете  білу шеберлігі болып табылады.

Қазақстан Республикасында жергілікті бюджеттер (әкімшілік-аумақтық бірліктердің бюджеттері) облыстық бюджеттермен, республикалық  маңызы бар қаланың және астананың  бюджеттерімен және аудандық бюджеттермен ұсынылған.

Облыстың  бюджеті олардың арасындағы өзара  өтемелі операцияларды ескерместен  облыстық, қалалық және аудандық бюджеттердің жиынтығы болып табылады.

Қазіргі кезде Қазақстандағы жергілікті бюджеттер мемлекеттік бюджет қаражатының  жалпы көлемінің кірістер бойынша  шамамен 30%-ын және шығыстар бойынша  – шамамен 48%-ын алады.

Жергілікті  бюджеттерді қалыптастырудың олардың  өз бетімен жұмыс істеуінің үш деңгейі бойынша өз ерекшеліктері  бар: облыстық бюджет деңгейінде, республикалық  маңызы бар қала мен астананың  бюджеті деңгейінде және аудан бюджеті  деңгейінде. Жергілікті бюджеттердің кірістері республикалық бюджеттің  кірістері сияқты салықтық және салықтық емес түсімдерден қалыптастырылады. Бұл ретте жергілікті бюджетке түсетін  салық түсімдері Бюджет және Салық  кодекстерінің регламенттеуші ережелеріне  сәйкес республикалық бюджетке түсетін  салық түсімдері түрлерінен ерекшеленеді.

Жергілікті  бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер коммуналдық меншіктен; облыстық бюджеттен  қаржыландырылатын мемлекеттік  мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатуынан түскен түсімдерден; облыстық бюджеттен қаржыландырылатын  мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алу өткізуден  ақша түсімдерінен; облыстық бюджеттен  қаржыландырылатын мемлекеттік  мекемелер салатын айыппұлдардан, өсімақылардан, санкциялардан, алымдардан түсетін кірістерді; облыстық бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдерді білдіреді.

Мыналар:

- аудандардың  (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерінен облыстық бюджетке  трансферттер;

- республикалық  бюджеттен трансферттер жергілікті  бюджетке трансферт түсімдері  болып табылады.

Республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетіне  республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен берілген кредиттерді  өтеуден, республикалық маңызы бар  қаланың, астананың коммуналдық  меншігінде тұрған мемлекеттің қаржы  активтерін сатудан, республикалық  маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының қарыздарынан түскен түсімдер есептеледі.

Мыналардың:

- облыстың;

- республикалық  маңызы бар қаланың;

- астананың,

- ауданның (қаланың),

- қаладағы  ауданның,

- аудандық  маңызы бар қаланың,

- кенттің,  ауылдың (селоның),

- ауылдық  (селолық) округтің бюджеттік  бағдарламалары жергілікті болып  табылады.

Облыстық  бюджеттің шығыстары облыстық деңгейдегі билік органдарының функцияларына  сәйкес шығыстардың бағыттары бойынша  жүзеге асырылады.

Облыстық  деңгейдегі жергілікті өкілдік және атқарушы органдардың жұмыс істеуіне; облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын стратегиялық жоспарлауға; облыстың деңгейінде бюджеттік жоспарлауға; облыстық бюджеттің  орындалуын ұйымдастыруға; облыстық коммуналдық  меншікті басқаруға  жұмсалатын шығындар жалпы сипаттағы мемлекеттік  қызметтерді қамтамасыз ететін шығыстарға жатады.

Қазақстан Республикасы бюджетінің кірістері  әр түрлі құрауыштардан қалыптастырылады, олардың ішінде салықтық және салықтық емес түсімдер, трансферттер, негізгі  капиталды сатудан түскен түсімдер және т.б. Бұл құрауыштар бюджеттің  құрылымына арналған  бөлімде неғұрлым егжей-тегжейлі қарастырылады. Барынша  елеулі үлесті, әрине, салықтық құрауыш  енгізеді.

Салықтар – бұл заңды және жеке тұлғалардың бюджетке төлейтін міндетті төлемдері. Салық салу – мемлекетпен бірге дүниеге келген аса ежелгі экономикалық тетіктердің бірі. Өзінің әскері жоқ мемлекеттер бар, бірақ салықсыз мемлекет жоқ. Салықтар туралы мәселе  қоғамның барлық жіктерінің мүдделерін қозғайды және сондықтан да тоқталмайтын пікірталастардың нысанасы болып табылады. Даулар салық салудың жалпы деңгейі туралы, салықтардың әр түрінің қатынастары туралы, оларды жинау тәсілдері туралы жүреді. Қорытындысында салықтар жүйесі қоғамның, сондай-ақ тұтастай алғанда, елдің және оның жекелеген өңірлерінің арасындағы бітімгершілік болып табылады.

Осыған орай Алматы қаласының бюджетінің қалыптасуы мен оның орындалуын таңдауды жөн санаймыз. Облыстың бюджеті – араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, облыстық бюджетті, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерін біріктіретін, талдамалы ақпарат негізінде пайданалатын және бекітуге жатпайтын бюджет.

Алматы қаласы бюджет түсімдерін болжау аймақтын орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму жоспары және алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзімді фискалдық саясат негізінде жүзеге асырылады.

Алматы қаласы бюджет құрылымы келесі бөлімдерден құралады:

I.Түсімдер.

1.Кірістер.

2.Алынған ресми трансферттер.

3.Бұрын бюджеттен берілген несиелердің өтелімі.

II.Шығыстар мен несиелендіру:

1.Шығыстар.

2.Несиелендіру.

III. Бюджеттің дефициті, профициті.

IV.Бюджеттің дефицитін несиелендіру.

1.Түсімдер.

2.Өтелімдер.

3.Бюджет қаражатының бос қалдықтарының қозғаласы.

Облыс бюджетінің шығындар бөлігі төмендегідей бөлімдерден тұрады:

  • жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер;
  • қорғаныс;
  • қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік;
  • білім беру;
  • денсаулық сақтау;
  • әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек;
  • тұрғын үй коммуналдық шаруашылық;
  • мәдениет,спорт,туризм және ақпараттық кеңістік;
  • ауыл шаруашылығы;
  • көлік және байланыс;
  • басқа да шығындар.

Басқарудың  аудандық звеносы негізгі әкімшілік-территориялық бірлік бола алады. Өйткені онда қала аудандарының өзін өзі басқару органдары бірігеді. Қала аудандарының біріккен әкімшілік ауданы бірнеше негізгі қызметтерді атқарады. Көптеген елдерде жергілікті басқару звеносы заңмен анықталады, бірақ ол шектеулі болу керек.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы ЖЕРГІЛІКТІ бюджет үдерісінің негіздері