Қазақстан Республикасындағы ЖЕРГІЛІКТІ бюджет үдерісінің негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 03:30, дипломная работа

Описание работы

Қоғамның қай тұрғысында болмасын экономиканы басқару мемлекетке қашанда оңай болған емес. Қазіргі ғылымы мен техникасы, ақпараты мен пікір алмасу үрдісі қарқынды дамып келе жатқан қоғамда басқаруды тізгіндеп орталықта бұрынғысынща ұстап отыру мүмкін еместігі күн санап дәлелденіп келеді. Осыған орай жергілікті мемлекеттік басқару өкілеттік кеңейту мақсатында жергілікті басқарудың бюджеттік мүмкіндіктерін көтеру мәселелері ерекше маңызды. Бұл мәселе жергілікті бюджетті басқарудың тиімділігін арттыруды талап етеді [1].

Содержание

КІРІСПЕ

1 Қазақстан Республикасындағы ЖЕРГІЛІКТІ бюджет үдерісінің негіздері…………………………………………………..5
1.1 Бюджет жүйесін басқарудың теориялық негіздері……………….....5
1.2 Жергілікті бюджетті жоспарлау мен басқарудың моделі……………17
1.3 Жергілікті бюджетті басқару тиімділігін арттыру жолдары……………………………………………………………………24

2 Салықтық бақылауды ұйымдастыруды жетілдіру жолдары………………………………………………………………..39
2.1 Салық салу және жергілікті салықты жоспарлау негіздері……………………………………………………………………39
2.2 Салықтық бақылауды ұйымдастырудың қазіргі кезеңдегі жағдайына талдау жасау………………………………………………………………47
2.3 Салықтық бақылаудың тиімділігін арттыруды жетілдіру жолдары……………………………………………………………………51

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………60

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………………..62

ҚОСЫМША…………………………………………………………………….64

Работа содержит 1 файл

Асылбек Диплом оконч.docx

— 163.05 Кб (Скачать)

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

 

1 Қазақстан Республикасындағы ЖЕРГІЛІКТІ бюджет үдерісінің негіздері…………………………………………………..5

1.1 Бюджет жүйесін басқарудың теориялық негіздері……………….....5

1.2 Жергілікті бюджетті жоспарлау мен басқарудың моделі……………17

1.3 Жергілікті  бюджетті басқару тиімділігін  арттыру жолдары……………………………………………………………………24

 

2 Салықтық бақылауды ұйымдастыруды  жетілдіру жолдары………………………………………………………………..39

2.1 Салық  салу және жергілікті салықты  жоспарлау негіздері……………………………………………………………………39

2.2 Салықтық  бақылауды ұйымдастырудың қазіргі  кезеңдегі жағдайына талдау жасау………………………………………………………………47

2.3 Салықтық бақылаудың тиімділігін арттыруды жетілдіру жолдары……………………………………………………………………51

 

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………60

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………………..62

 

ҚОСЫМША…………………………………………………………………….64

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Қоғамның қай тұрғысында болмасын экономиканы басқару мемлекетке қашанда оңай болған емес. Қазіргі ғылымы мен техникасы, ақпараты мен пікір алмасу үрдісі қарқынды дамып келе жатқан қоғамда басқаруды тізгіндеп  орталықта бұрынғысынща ұстап отыру мүмкін еместігі күн санап дәлелденіп келеді. Осыған орай жергілікті мемлекеттік басқару өкілеттік кеңейту мақсатында жергілікті басқарудың бюджеттік мүмкіндіктерін көтеру мәселелері ерекше маңызды. Бұл мәселе жергілікті бюджетті басқарудың тиімділігін арттыруды талап етеді [1].

Зерттелімге қойылған талап өзектілігі мен тақырыпта  анықтаудың өзі қоғамымыздағы келесі мәселлерге жол табу: жергілік және мемлекеттік даму бағдарламасының  қаржымен қамтамасыз етуді молайтудағы  әлеуметтілік – экономиканың қарқынды дамуына мүмкіндік туғызу, жергілікті бюджет мүмкіншілігін арттырудағы  олардың өз кірістері мен шығыстарын теңестіруді қамтамасыз ету мүмкіншілігін  өсіру, жергілікті бюджеттің трасферттік  қаржылану мүмкіншіліктеріндегі бей-берекеттілікті жою, салық салу мен салық төлеуден жалтару сыбайластық жемқорлыққа  жол бермеу жолындағы бақылауды  күшейту, салық бақылаушының қызметін тиімді ұйымдастырудың теориялық мәселелерін  енгізу және салықтық түсім жоспарының жоғарылауының жетілдірілуі, салықтық бақылау жүргізудің әдістемелігін  жетілдірудегі салық қызметкерлерінің қызметіндегі құзыретін жоғарылату, салық заңдылық актілерінің жүзеге асыруды тұрақты түрде бақылау  жүргізуді орындау, салықтық бақылауды  ұйымдастыруды жетілдіре түсу және оны басқару саясатына арнайы ғылыми негіздеме жасау арқылы пәндік статус әперу.

Бүгінгі күннің ең негізгі талабы "Көлеңкелі  экономика мен сыбайластық жемқорлықпен" күрес жүргізу барысындағы қоғамдық даму заңдылықтарын орындау. Ол үшін әрқашанда бақылау жүйесіндегі  тексеру, талдау әдістерін кеңінен  қолдана біліп оны тек құқықтық негізде жүргізе білу қажеттілігі  туындап отыр.

Экономиканың  дамуындағы жалпы ішкі өнім үлесіндегі қосымша құн өскен сайын бюджет көздері толықтанып, халықтық әлеуметтік және рухани шығындарын қанағаттандыра түсіру үшін нарықтық қатынастардың  құқықтығы күшейе түсуіндегі барлық бағыттарды бақылау жүргізу әділеттіліктің негізгі даму бағыты. Сайып келгенде, зерттелінген мәселенің ғылыми және іс-тәжірибелік маңызы зор бастамалардың  бірі екенін айта аламыз.

Әлемдегі  көптеген экономист ғалымдардың  еңбектерінде салық тақырыбы, оның маңыздылығы, қоғамның дамуындағы рөлі, экономикадағы алатын орыны кең  және терең зерттелген. Сонымен бірге  тәжірибеде теориялық жағынан қамтылған  және Батыс елдердің үлкен тәжірибесіне негіз болған ғылыми зерттеулер жарияланып жүр. Ғалымдар мен практиктердің  жұмыстарында қаржылық бақылау тақырыбы кеңінен қамтылғанымен салықтық бақылау туралы өте аз зерттелген. Тіптен салықтың бақылау функциясы деген түсініктің өзі кейіннен шыққан түсінік. Өкінішке орай салықтық бақылау мәселелері, оның еліміздің салық жүйесіндегі орны мен маңызы, тәжірибе жүзінде қолданылуы Қазақстан Республикасында қазірше жеткілікті қамтылмаған.

Осы жоғары келтірілген мәселелер зерттелетін  тақырыптың таңдалуына, мақсатына және қарастырылатын мәселелер шеңберіне  негіз болып отыр.

Диплом жұмысының мақсаты салықтық бақылауды ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік ережесін анықтап, салықтық бақылаудың экономикалық категория ретінде мазмұнын, мақсатын және мүдделі міндеттерін ашу үшін әдебиет көздерін зерттеу және мәліметтер мен деректерді, заңнамаларды елеу негізінде, оның қызметінің теориялық сипатын беру, салықтық бақылауды ұйымдастыруды жетілдіруге, тиімділігін арттырудың жолдарына әдістемелік және іс тәжірибелік ұсыныстарын жасау.

Қазіргі кезде Қазақстанда  жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік  басқару саласындағы қайта құрулар  қоғамның қазіргі заманғы қажеттіліктеріне жауап беретін тиімді және бәсекеге қабілетті мемлекет құруға бағытталады.

Мемлекеттік басқарудың жаңа тәсілі мемлекеттік құрылымдардың  жеке меншік компаниялар өздерінің  нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қолданатын технологиялар  мен рәсімдерді пайдалануына негізделеді.

Осы парадигманың шеңберінде мемлекеттік ұйымдар тұтынушыларға  қызметтер көрсететін құрылымдар ретінде  қарастырылады. Демек, олардың жұмысының  тиімділігі ұсынылатын қызметтердің сапасын  көтеру, олардың спектрін кеңейту  және онымен байланысты шығындарды азайту арқылы қамтамасыз етіледі.

Аз шығындармен көбірек  сапалы қызметтер көрсету қабілеті де мемлекеттік ұйымдардың жұмысын  бағалауға нарықтық тәсілдің негізінде  жатады. Бұл ретте бақылау жүйесі қателік жібергендерді жазалауға емес, ең алдымен проблемаларды шешу жолдарын іздестіруге бағдарланады.

Жаңа мемлекеттік басқару  тұжырымдамасына сәйкес соңғы онжылдықта дамыған елдердің көпшілігінде жүргізілген  бюджеттік реформалардың негізгі  элементтерінің бірі орта мерзімді қаржылық жоспарлау шеңберіндегі нәтижелерге  бағдарланған бюджет жасау моделін  пайдалануға көшу болды [1].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Қазақстан Республикасындағы бюджет үдерісінің негіздері

 

1.1 Жергілікті бюджет жүйесін басқарудың теориялық негіздері

Тиімді осы заманғы  мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік  басқару құрлымын құру мемлекеттің  түйінді міндеттерінің бірі болып  табылады. Бұл мемлекеттік басқарудың жүйелі болуын, әрбір басқару деңгейі  үшін қаржы ресурстарымен нығайтылған  функциялар мен өкілеттіктер нақты  айқындалуға, биліктің барлық деңгейлерімен тиімді жұмыс істеуі үшін ведомство аралық үйлестіруді қамтамасыз етіп, заңнамалық-құқықтық базасы құрылуға тиіс екенін көздейді.

Шикізаттық емес секторға салық ауыртпалықтарын төмендету, қолайлы инвестициялық ахуалдар туғызу экономиканың қазба байлықтар өндіруші секторынан экономикалық қайтарымды, дәлірек айтқанда тиімділікті арттыруды талап етеді. Президент Жолдауында белгіленген бұл бағыт жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу жүйесін түбірінен өзгерту тұрғысында жүзеге асырылды.

Ел дамуының қазіргі кезеніңде  мемлекеттік басқарудың тиімділігін  одан әрі арттыру қажеттілігін негізге  ала отырып, биліктің барлық деңгейлер  арасындағы функцияларды неғұрлым айқын  ажырату, реформалау жүргізу орталығын  жергілікті мемлекеттік басқарудың төменгі деңгейлеріне ауыстыру мәселелерге айналуы керек. Бюджеттік жүйені тереңірек зерттеген көптеген оқымыстылар оның әр түрлі астарларын қарастыра отырып, түрліше түсіндіріледі. Мәселен, классикалық экономикалық теорияның өкілдері бюджеттік жүйе түсінігіне келесідей анықтама береді: «Бюджеттік жүйесі кез-келген мемлекеттің ерекшеліктерін, оның әлеуметтік-экономикалық және мемлекеттік құрылымын көрсететін күрделі механизм. Бұл жүйе кез-келген мемлекетті сипаттайтын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және  басқа  да ерекшеліктердің жиынтығының негізінде құрылады» [5].

Мемлекеттің бюджет жүйесінің  құрылымы, ең біріншіден оның мемлекеттік құрылымына тәуелді. Унитарлы құрылымы бар мемлекеттерде бюджеттік жүйесі екі деңгейлі болып келеді – мемлекеттік және жергілікті (аймақтық) бюджеттер, федеративті мемлекеттік құрылымы бар елдерде (Ресей, АҚШ, Германия, т.б) аралық буындар – штаттар, жерлер және оларға сәйкес «әкімшілік құрылымдарының» бюджеті.

Өз зерттеулерінде В.Н. Радионова  бюджет жүйесін «Экономикалық қатынастар мен заң нормаларына негізделген, өзара заңмен белгіленген арақатынасы  бар мемлекет бюджеттерінің барлық түрлерінің жиынтығы» - деп атап көрсетеді. А.Худяков заңды тұрғыдан бюджет жүйесін – берілген мемлекет аумағында  қызмет ететін,әр түрлі деңгейлі бюджеттердің жиынтығы деп қарастырады. Отандық  оқымыстылардың көзқарастары да осыған келіпсаяды. Атап айтсақ, А.Б. Зейнелгабдиннің  ғылыми зерттеулерінде қарастырылып отырған  түсінікке келесідей анықтама беріледі: «Бюджет жүйесі бюджеттік қатынастар нысандарының жиынтығын, бюджет түрлерін (республикалық және жергілікті бюджет), оны құру, атқарылу, сонымен қатар қаржылық және басқа да басқару органдарының жиынтығын білдіреді. Ал бюджеттік қатынастардың жиынтығы бюджет жүйесінің негізін құрайды. Бюджет жүйесінің қондырмасы бюджет түрлерін басқарудың әр түрлі әдістері мен тәсілдерін қолдану негізінде бюджеттердің құрылуын, қарастырылуын, қарастырылуын, бекітілуін жүзеге асыратын және бюджеттік қатынастар нысанын анықтайтын қаржылық және басқа да басқару органдары болып табылады.

Экономикалық сонымен  бірге қаржылық ойдың тұрақты  дамуымен байланысты өзгертулер мен  толықтыруларды енгізуді ескере отырып, В.Д. Мельников өз еңбектерінде «Бюджет  жүйесі – бұл экономикалық және заңды нормаларға негізделген жеке дербес бюджеттердің жиынтығы»  деп  қарастырады. Шетелдік және отандық  ғалымдар ұсынған бюджет жүйесінің экономикалық мәнін ашатын теориялық зерттеулерді саралау негізінде келесідей тұжырым жасауға болады «Кең мағынада бюджет жүйесі экономикалық қатынастарға, мемлекеттік құрылымның сәйкес түріне негізделген, орталықтандырылған және орталықтандырылмаған бюджеттердің жиынтығын білдіреді.Тар мағынада бюджет жүйесі мемлекеттің барлық бюджеттердің жиынтығы ретінде қарастырылады».

Сонымен, бюджеттің сан  қырлы маңызын ескере отырып және осы саладағы белгілі ғалымдардың  зерттеулерін тұжырымдай отырып, өз тарапымыздан аталмыш ұғымға келесідей анықтама береміз: «Бюджет жүйесі  биліктің түрлі деңгейлері бойынша өздерінің  негізгі функциялары мен өкілеттіктерін жүзеге асыруға бағытталған қатынастардың  жиынтығы». Бюджеттік құрылымға  қатысты бюджет жүйесі  ұйымдастырушылық бөлімшілерге немесе деңгейлерге бөлінеді. Мемлекеттік құрылымның екі нысаны белгілі: бірінші, басқарудың екі буынды жүйесімен(орталық және жергілікті буын) қарастырылатын унитарлы мемлекет және басқарудың үш деңгейлі (орталық, федерация мүшелері және жергілікті буындар) жүйесі бар федералды мемлекет. Осыған сәйкес экономикалық қатынастарға және заңды нормаларға негізделген, билік деңгейлерінің барлық бюджеттерін біріктіретін бюджет жүйесі құрылады.

Бюджет жүйесінің жұмыс  істеуі әр  түрлі деңгейдегі бюджеттердің өзара байланысына негізделген  және оларды жасақтау, қарау, бекіту, орындау, бақылау тәртібімен, сондай-ақ, республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуы туралы есеппен қамтамаыз етіледі.

Бюджет – мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз ету үшін арналған оның орталықтандырылған ақшалай қоры.

Бюджеттің экономикалық тұрғыдан арналуы, оның қоғамдық ұдайы өндірудегі орны мен рөлі, сондай-ақ Конституцияда белгіленетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік  құрылымы Қазақстанның бюджеттік құрылысы үшін негіз құрайды [6].

Бюджеттік құрылыс деп экономикалық та, сондай-ақ ұйымдастырушылық-құқықтық та тұрғыдан алғанда, мемлекеттік бюджетті ұйымдастыру  ұғынылады. Бұған мемлекеттік бюджеттің  ішкі бөлімшелерінің құрамы мен құрылымы, оларды пайдалану саласының функционалдық  ара жігінің ажыратылуы, тең бағыныстылық, өзара іс-қимыл, сондай-ақ бюджетті ұйымдастырудың құқықтық және рәсімдік жағы енгізіледі. Басқа сөзбен айтқанда, бюджеттік құрылыс – бұл бюджет жүйесін ұйымдастыру, оны құру қағидаттары.

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі Қазақстан  Республикасы Бюджет кодексінің 4-бабында  айқындалған қағидаттарға негізделеді. Оларға бірлік, толықтық, шынайылық, транспаренттілік, сабақтастық, нәтижелілік, дәйектілік, негізділік, уақтылылық, кассалардың  бірлігі, бюджеттердің дербестігі, тиімділік, жауапкершілік, бюджет қаражатының  атаулылық және нысаналы сипаты сияқты қағидаттар жатады.

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі республикалық  және жергілікті бюджеттер мен Ұлттық қордың, сондай-ақ бюджет үдерісінің жиынтығын  білдіреді.

Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің құрылымы 6-суретте ұсынылған.

 


 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ескертпе: Экономикалық зерттеулер институты «Қазақстанның жаңа бюджеттік саясаты» брошюрасынан алынды.

Сурет 1. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі [4]

Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, болашақ ұрпақтар үшін қаржы қаражатын жинақтау, экономиканың қолайсыз сыртқы факторлардың әсеріне тәуелділігін азайту үшін құрылды.

Мемлекеттік бюджет олардың арасындағы өзара өтеу операцияларын ескермегенде, республикалық және жергілікті бюджеттердің жиынтығын білдіреді.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы ЖЕРГІЛІКТІ бюджет үдерісінің негіздері