Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін көрсететін факторларды талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2011 в 18:12, курсовая работа

Описание работы

Мемлекеттің бәсекелестік қабілеті елдің халықаралық аренадағы рөлі мен беделінің артуынан, мемлекеттің өз азаматтарының өзекті проблемаларын шешу қабілеттілігінен, мемлекет ұсынатын қызметтер сапасының артуынан көрінеді. Жүргізіліп жатқан экономикалық реформаның әлеуметтік бағытталуын күшейтіп, жаңа әлеуметтік саясат қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет. Біз үш принципті элементке: азаматтық қоғам институттарын дамытуға, орталықсыздандыруға, тұрақты саяси-партиялық жүйе құруға ден қоюға тиіспіз. Тұрақтылықты, демократияны және азаматтардың құқықтарын қорғауды нығайту жөнінде қадамдар жасау қажет.

Содержание

Кіріспе

1. Байзақ ауданы әкімдігінің қызметіне жалпы сипаттама

1.1. Байзақ аудан әкімиятының басқару, ұйымдастыру құрылымы

1.2. Байзақ ауданы әкімдігінің “экономика және бюджетті жоспарлау” бөлімінің сипаттамасы, бөлімінің жұмыс ережесі

1.3. Байзақ ауданы Әкімі аппаратының жұмыс ережесі, жұмыс жоспарын әзірлеу

1.4. Байзақ аудан әкімияты аппаратының басқару, ұйымдастыру құрылымы


2. Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін көрсететін факторларды талдау

2.1. Байзақ ауданының әлеуметтік -экономикалық жағдайын талдау және географиялық-демографиялық жағдайына жалпы мінездеме

2.2. Аудандағы қызмет етуші экономика салаларының қазіргі жағдайын талдау

2.3. Байзақ ауданының ауыл шаруашылығын талдау және ауыл шаруашылығын дамытуды қаржылық қолдауды талдау

2.4. Факторлардың ауданның әлеуметтiк-экономикалық даму деңгейiне әсерін зерттеу


3. Байзақ ауданының салық комитетінің жалпы сипаттамасы, ережелері

3.1. Байзақ ауданының негізгі міндеттері мен құқықтары

а) Мемлекеттік органның мүлкі мен мемлекттік органнның қызметін ұйымдастыру

в) Салық комитетінің басқарудың ұйымдастыру құрылымы

3.2. Байзақ ауданының жалпы жағдайын және аудан бойынша бюджеттің орындалуын ретроспективалық талдау

а) Байзақ ауданы бойынша бюджет кірістерінің көлемін және құрылымын талдау

в) Байзақ ауданы бойынша бюджет шығыстарының көлемін және құрылымын талдау


4. Аудан әкімшілігігі аппаратының қызметін арттыруға, экономикалық жағдайын көтеруге, салық түсімдерін арттыруға байланысты ұсынылатын шаралар

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

ГРЭ.doc

— 569.00 Кб (Скачать)
 

      Есепті  жылы өткен жылмен салыстырғанда  барлық ауыл шаруашылық дақылдарының жалпы егістік алқаптарының ауданы 9372 гектарға өскен.  Дәндіктерді  егіс көлемі 34051 гектарды құрады, ол өткен жылғы көрсеткіштен  37, 2 % жоғары. Дәндік дақылдардың ішінен арпа көбірек егілген.Бұл дақылдың егіс көлемі 7570 гектарды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 70 % артық. Дәндіктерден кейін үлкен егіс көлемін жемістік дақылдар алып отыр, яғни, олардың егістік көлемі 2004 жылы 3100 гектарды құрады. Барлық дақылдар ішінен ең төменгі егістік көлемі картоп және жүзімдіктерге келіп отыр.

      Өсімдік шаруашылығын дамытуды сипаттайтын  негізгі көрсеткіштердің бірі болып  әрбір гектардан алынатын өнімділік саналады. Байзақ ауданындағы дақылдар өнімділігінің көрсеткіштер өзгерісін келесі кестеде қарастырамыз.

Кесте 9

Ауыл  шаруашылық дақылдарының өнімділік көрсеткіштері (ц / га)

Дақылдар аттары 2002 ж. 2003 ж. 2004 ж. Өзгеру қарқыны, % 2004ж./ 2003ж
1 Дәнді дақылдар өнімділігі, о.ш:
  • бидай;
  • арпа;
  • жүгері
14

11,3

11,2

46

14,9

11,6

9,1

47

20,1

18,7

15,7

47

134,9

161,2

172,5

100,0

2 Қант қызылша 200 150 200 133,3
3 Жемістер 148 150 162 108,0
4 Майлы дақылдар 4,9 3,8 8,4 221,0
 

     Бұл кестеден көріп отырғанымыздай, Байзақ ауданында  2004 жылы өсімдік шаруашылығында үлкен табыстарға қол жеткізілді.  Барлық дақылдардың өнімділігі өткен жылмен салыстырғанда айтулы жоғарылаған. Өнімділіктің ең үлкен өсуіне май дақылдарын жинау кезінде жетті.   Егер  2003 жылы  майлар гектарынан  3,8 центнержиналса, онда 2004 жылы жинау 8,4 центнерге өскен. Дәнді дақылдар өнімділігі  34,2 % жоғарлап, және орта есеппен әрбір гектардан 20,1 центнер жиналды. Ауыл шаруашылық дақылдарының ішінен тек жүгерінің өнімділігі өзгеріссіз қалды. Осыған орай, талдаудан көріп отырғанымыздай,  өсімдік шаруашылығындағы өндіріс көлемінің ұлғаюы, негізгі ауыл шаруашылық дақылдары өнімділігінің және олардың егістік алқаптарының көлемінің жоғарлауына әсер етті. Осыдан мынадай тұжырым жасауға болады,  Байзақ ауданында өсімдік шаруашылығы соңғы жылдары жақсы қарқынмен дамып келеді.  

     Байзақ ауданының  ауыл шаруашылығын дамытуды қаржылық қолдауды талдау

      Инвестиция  барлық қажетті құралдарды қамтамасыз етуге, ауыл шаруашылығы өнімін дайындауды қамтамасыз етуге өз септігін тигізеді.

      Соңғы жалдары облысымызда ауылшаруышылығын дамытуға байланысты облысымызда ауыл шаруашылығына орташа есеппен 955,5 млн.теңге  кредиттік ресурстар бөлінген, бұл  дегеніміз облыстағы  барлық шаруашылық субьектілерге бөлінген кредиттік ресуртардың 36 %. Отандық инвесторлармен 5 агроқұрылым басшылыққа алынып, олардың дамуы үшін  107,2 млн. теңге бөлінді. Облысымыз бойынша әлі де мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығына инвесторлар қызығушылығы өте төмен күйінде қалуда, себебі бізге белгілі болғандай айнамыл сферасына қарағанда, оларда капиталдың айналуы үшін көп уақытты талап етеді. Ауыл шаруашылығындағы  және өнеркәсіптегі аралас салаларда шағын және орта бизнесті қалыптастыру шетел инвесторлары үшін басымды сфералар болып табылады, олардың бірі ретінде Азия Даму Банкін алуға болады, олар беретін қарыз (займ)   ақшалар облыстың ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне қаржылық қолдау болып табылады.

       

      Нарық жағдайында агроөнеркәсіп кешені сала аралық бәсекелестікте толық мәнді  теңдей қатысуға мүмкіндік бермейтін, маңызды орынды алып отыр.  Ауыл шаруашылығы  табиғи факторларға тәуелді және өндірістің маусымдық, циклдік сипаты анық көрінеді, өнеркәсіпке қарағанда технологиялық жағынан артта қалған сала болып отыр. Оған салынған капиталдар қайтарымы аз, ауыл шаруашылық өндірісінің деңгейі еліміздің азық-түлік қауіпсіздігінің жағдайына тікелей әсер етеді.

      Тауар өндірушілердің айналым қаржыларының үлкен сомасы болуы тиіс, олардың  жеке өз қаржылары есебінен, оның үстінен  қарыз(займ) қаржылар есебінен. Өндірістің аграрлық сферасының табиғи құбылыстардан тәуелді болуына қарай, астық жиналмай қалған жағдайға натуралды, ақшалай сақтандыру және резервтік қорлар құру қажеттігі туындайды. 

      Ауыл  шаруашылығы сферасына мемлекеттің  араласуы өте үлкен ақша қаражаттарын талап етеді, олар өздерін көп рет қайтарады: олар тек ауыл шаруашылығы табыстарын жоғарылатып қана қоймайды, сондай-ақ сақтау, қайта өңдеу, тасмалдау, сауда шынжырында қосымша пайдалар әкеледі.

      Байзақ  ауданындағы ауыл шаруашылық өндірушілерін қаржылық қолдау жағдайын талдау үшін, аудандағы барлық агро құрылғыларды қаржылық жағдайын бағалау қажет.  Қаржылық жағдай қаржалық нәтижелермен, кредиторлық және дебиторлық қарыздар деңгейімен сипатталады.

      Кестеден (Кесте 6) көріп отырғанымыздай, есепті жылы Байзақ ауданындағы агро құрылғылар 131078 мың теңгеге өнім өткізді. Өткізілген өнімнің өзіндік құны 122380 мың теңге, соның есебінен  8698 мың  теңгеге пайда алынды. Ауыл шаруашылығының қарастырылып отырған 16 кәсіпорынның  9 пайда алды,ал қалған 7 кәсіпорын жалпы сомасы 8186 мың теңгеге зиян шекті. Өте жақсы қаржылық табыстарға келесі агро құрылғылар қол жеткізді : «Көктал және К» ЖШС, «Әулие – Ата құсы» ЖШС,  «Достық»ЖШС және  «Победа» ЖШС.  Және осы кезде төмендегі шаруашылықтар зиян шегіп отыр: «Нұрбаев» ӨК, «Шахан» ЖШС, «Байзақ» ЖШС және  «Жетібай и МТС» ЖШС.

      Кәсіпорынның  тұрақсыз қаржылық жағдайына кредиторлық  қарыздардың үлкен көлемі әсер етеді.  Есепті жылы  кредиторлық қарыздардың  сомасы  228317 мың теңгені құрады. Сондай-ақ кестеден Байзақ ауданының барлық агро құрылғылардың кредиторлық қарыздары бар.  Бұл кәсіпорындарда қарыздарды жабуға жеке қаржыларының жетпейтіндігін көрсетеді.

        Байзақ ауданындағы көптеген  агро құрылғылар есепті жылы  айналым қаржыларының жеткіліксіздігі,  төлей алмау мәселесімен кездеседі. Соның нәтижесінде олардың көбісі    өткен жылмен салыстырғанда үлкен шығынға ұшырады. 
 
 

 

Кесте 6.

Байзақ  ауданындағы   агроқұрылғылардың  қаржылық жағдайы  2009 жыл (мың. Теңге)
 
Шаруашылықтар аттары өнімді өткізуден  түскен түсім Өткізілген  өнімнің өзіндік құны Қаржылық нәтижесі,  (+;-) Кредиторлық қарыздары 
1
«Жамбылский»ӨК
11035 11136 -127 10809
2 «Байзақ»ӨК 22429 24192 -1763 19004
3 «Ынтымақ»ӨК 10960 10938 +22 16916
4 «Шахан» ЖШС 4963 6671 -1708 13890
5 «Достық ж/е Ш» ЖШС 4229 3468 +761 1057
6  «А-Ата астық» ЖШС 2082 1892 +190 5385
7 «Ә-Ата құсы» ЖШС 3693 4511 +653 4020
8 «Победа» ЖШС 2916 2541 +375 5508
9  «Нұрбаев»ӨК 4793 7023 -2250 21141
10 «Агросервис» ЖШС 2720 2494 +226 56665
11 «Жетібай МТС» ЖШС 12731 14455 -1724 27528
12  «Ақжол-7»  ЖШС 11224 11018 +206 10289
13 «Жаңасаз» ЖШС 7497 7758 -261 9294
14  «Көктал және К» ЖШС 15756 82 +15674 1634
15 «Үлгілі-2000» ЖШС 1147 945 +202 2091
16 «Түймекент» ӨК 12903 13256 -353 23086
Барлығы 131078 122380 +8698 228317

 

      Байзақ  ауданының агроқұрылғылардың кредиторлық  қарыздарын келесі кестеден көруге болады.

Кесте 7.

         Кредиторлық қарыздар жағдайы

 
 
 
Шаруашылықтар аттары
Креди

торлық  қарыздар

Оның  ішінде
Ссуда лар Кейігінге қалд

Салық.

Ағымды салық

тар

Еңбек ақы Тауар мен қызмет к
1
«Жамбылский»ӨК
10809 158 4435 1499 767 3950
2  «Байзақ» ӨК 19004 5805 5322 4219 1224 2434
3 «Ынтымақ» ӨК 16916 599 6013 1694 4153 4457
4 «Шахан»ЖШС 13890 - 5614 3911 732 3633
5 «Достық ж/еШ» ЖШС 1057 - - 195 - 862
6  «А-Ата астық» ЖШС 5385 - - 84 58 5243
7 «А-Ата құсы» ЖШС 4020 - - 2845 50 1125
8 «Победа» ЖШС 5508 2727 2045 150 - 586
9  «Нұрбаев»ӨК 21141 3266 8839 4095 1300 3641
10 «Агросервис» ЖШС 56665 - 580 1013 388 54684
11 «Жеібай МТС» ЖШС 27528 5333 11604 4634 2130 3854
12 «Акжол-7» ЖШС 10289 - 5644 3204 1196 245
13 «Жаңасаз» ЖШС 9294 - 3546 2322 1100 2326
14 «Көктал ж/е  К» ЖШС 1634 - - 353 91 1190
15  «Үлгілі-2000»  ЖШС 2091 - - 729 284 1078
16 «Түймекент»ӨК 23086 - 15551 4055 2075 1405
Барлығы: 228317 17888 69193 35002 15521 90713
 

      Кестеден  көріп отырғанымыздай, ауданның барлық шаруашылықтардың кредиторлық қарыздардың  негізгі бөлігі кейінгі қалдырылған  және ағымды салықтар бойынша, сондай-ақ тауарлар мен қызметтерге кеткен қарыздар. 2009 жылы Байзақ ауданының  барлық агроқұрылғыларда  ағымды салықтар  және тауарлар мен қызметтер бойынша болған қарыздары болды.  Қарыздар жалпы сомасы 35002 және 90713 мың  теңгені құрады.  Кейінге қалдырылған салықтар бойынша қарыздар 69193 мың теңгені құрады, оның ішінде  «Түйменент» ӨК 15551 мың теңге көлемінде қарызы бар, ал «Жетібай» МТС ЖШС-11604 мың  теңге. Байзақ ауданының агроқұрылғыларының еңбек ақы бойынша 15521 мың теңгені құрайды. Еңбек ақы бойынша  16 шаруашылықтан  14 шаруашылықтың қарызы бар.

      Байзақ  ауданында ауыл шаруашылығының кәсіпорындарында қаржылық жағдайды талдау көрсеткендей, кәсіпорындардың негізгі бөлігі төлем қабілетсіз болып отыр. Көптеген агроқұрылғыларда қажетті қызметтерді, жұмыскерлердің еңбек ақысын және міндетті төлемдерді төлеуге өз жеке қаржыларыжетпейді. Қалыптасқан жағдайды жақсарту үшін, аудандағы ауыл шаруашылығына қаржылық қолдауды жетілдіру қажет,   демек, қаржыландыру көлемін ұлғайту қажет, басымдықты салаларды дамытуға несиелер беру, сондай-ақ ауыл шаруашылық өнім өндірушілерге бірқатар жеңілдіктер жасау қажет.    

2.4. Факторлардың  ауданның  әлеуметтiк-экономикалық  даму деңгейiне  әсерін зерттеу

      Келесі  кестеде ауданның негізгі әлеуметтік –экономикалық дамуын көрсетеміз.

Кесте 2.

      Ауданның  негізгі әлеуметтік –экономикалық даму көрсеткіштері

Көрсеткіштер  Өлш.бірл 2007 ж. 2008 ж. 2009 ж. Өзгеру

қарқыны

2004ж/2003ж

1 Жалпы өнім көлемі,

 Оның  ішінде;

  • Ауылшаруашылық өнімі;
  • өнеркәсіп өнімі;
  • көліктен түсімдер.
 
млн. тг
 
2566,1

2473,1

79,7

13,3

 
2916,8

2788,8

113,0

15

 
3335,2

3217,2

115,4

2,6

 
114,3

115,4

102,1

17,3

2
Орташа  айлық жалақы
Тг 7860 9589 12525 130,6
3 Жұмыссыздық деңгейі % 5,3 6,9 3,7 53,6
4 Ең төменгі  өмір сүру минимумы тг 1545 3250 3552 109,3
5 Жеке тауар  айналымы млн. тг 82,6 66,2 68,2 103,0
6 Өнеркәсіп кәсіпорындарының саны бірл 38 36 36 100,0

Информация о работе Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін көрсететін факторларды талдау