Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін көрсететін факторларды талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2011 в 18:12, курсовая работа

Описание работы

Мемлекеттің бәсекелестік қабілеті елдің халықаралық аренадағы рөлі мен беделінің артуынан, мемлекеттің өз азаматтарының өзекті проблемаларын шешу қабілеттілігінен, мемлекет ұсынатын қызметтер сапасының артуынан көрінеді. Жүргізіліп жатқан экономикалық реформаның әлеуметтік бағытталуын күшейтіп, жаңа әлеуметтік саясат қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет. Біз үш принципті элементке: азаматтық қоғам институттарын дамытуға, орталықсыздандыруға, тұрақты саяси-партиялық жүйе құруға ден қоюға тиіспіз. Тұрақтылықты, демократияны және азаматтардың құқықтарын қорғауды нығайту жөнінде қадамдар жасау қажет.

Содержание

Кіріспе

1. Байзақ ауданы әкімдігінің қызметіне жалпы сипаттама

1.1. Байзақ аудан әкімиятының басқару, ұйымдастыру құрылымы

1.2. Байзақ ауданы әкімдігінің “экономика және бюджетті жоспарлау” бөлімінің сипаттамасы, бөлімінің жұмыс ережесі

1.3. Байзақ ауданы Әкімі аппаратының жұмыс ережесі, жұмыс жоспарын әзірлеу

1.4. Байзақ аудан әкімияты аппаратының басқару, ұйымдастыру құрылымы


2. Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін көрсететін факторларды талдау

2.1. Байзақ ауданының әлеуметтік -экономикалық жағдайын талдау және географиялық-демографиялық жағдайына жалпы мінездеме

2.2. Аудандағы қызмет етуші экономика салаларының қазіргі жағдайын талдау

2.3. Байзақ ауданының ауыл шаруашылығын талдау және ауыл шаруашылығын дамытуды қаржылық қолдауды талдау

2.4. Факторлардың ауданның әлеуметтiк-экономикалық даму деңгейiне әсерін зерттеу


3. Байзақ ауданының салық комитетінің жалпы сипаттамасы, ережелері

3.1. Байзақ ауданының негізгі міндеттері мен құқықтары

а) Мемлекеттік органның мүлкі мен мемлекттік органнның қызметін ұйымдастыру

в) Салық комитетінің басқарудың ұйымдастыру құрылымы

3.2. Байзақ ауданының жалпы жағдайын және аудан бойынша бюджеттің орындалуын ретроспективалық талдау

а) Байзақ ауданы бойынша бюджет кірістерінің көлемін және құрылымын талдау

в) Байзақ ауданы бойынша бюджет шығыстарының көлемін және құрылымын талдау


4. Аудан әкімшілігігі аппаратының қызметін арттыруға, экономикалық жағдайын көтеруге, салық түсімдерін арттыруға байланысты ұсынылатын шаралар

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

ГРЭ.doc

— 569.00 Кб (Скачать)

2. Ауданның әлеуметтік-экономикалық  даму деңгейін  көрсететін факторларды  талдау

2.1. Байзақ ауданының әлеуметтік -экономикалық жағдайын талдау және географиялық-демографиялық жағдайына жалпы мінездеме

      Байзақ  ауданы (бұрынғы Свердлов) 1938 жылы 14 ақпан құрылған, Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен 1995 жылдың 25 желтоқсанында “Байзақ” ауданы болып қайта құрылды.

      Жер көлемі 4,5 мың кв.метр. аудан орталығынан Тараз қаласына дейін 15 шақырым.

      Келесі  кестеде ауданның негізгі әлеуметтік –экономикалық дамуын көрсетеміз.

Кесте 1

      Ауданның  негізгі әлеуметтік –экономикалық даму көрсеткіштері

Көрсеткіштер  Өлш.бірл 2002 ж. 2003 ж. 2004 ж. Өзгеру

қарқыны

2004ж/2003ж

1 Жалпы өнім көлемі,

 Оның  ішінде;

  • Ауылшаруашылық өнімі;
  • өнеркәсіп өнімі;
  • көліктен түсімдер.
 
млн. тг
 
2566,1

2473,1

79,7

13,3

 
2916,8

2788,8

113,0

15

 
3335,2

3217,2

115,4

2,6

 
114,3

115,4

102,1

17,3

2
Орташа  айлық жалақы
Тг 7860 9589 12525 130,6
3 Жұмыссыздық деңгейі % 5,3 6,9 3,7 53,6
4 Ең төменгі  өмір сүру минимумы тг 1545 3250 3552 109,3
5 Жеке тауар  айналымы млн. тг 82,6 66,2 68,2 103,0
6 Өнеркәсіп кәсіпорындарының саны бірл 38 36 36 100,0
 

      Кестеден көріп отырғанымыздай, жалпы өнім көлемі есепті 2004 жылы 14,3 % -ға артып 3335,2 млн. теңгені құрап отыр. Жалпы өнім көлемінің негізгі бөлігін ауыл шаруашылығы құрап отыр.

      Байзақ  ауданындағы жұмыссыздық деңгейі 2004 жылы 3,7% құрап, ол 2003 жылмен салыстырғанда 3,2 % төмен болып отыр.  Бұл ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсарғандығын көрсетеді. Сондай-ақ бөлшек тауар айналым көлемі 3% жоғарылап, 68,2 млн. теңгені құрады. Өндірістік кәсіпорындар саны 2004 жылы 38 бірлікті құрады,  ол соңғы екі жылдарда 36 бірлікке дейін төмендеген.

      Әлеуметтік-экономикалық дамуды сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің бірі болып ауданның демографиялық жағдайының көрсеткіштері табылады. Ауданның демографиялық жағдайын келесі көрсеткіштермен сипатталады.

Кесте 3

Ауданның  демографиялық жағдайы  туралы мәліметтер

Жас шамасы Барлығы Оның  ішінде адамдар
саны % ерлер әйелдер
саны % саны %
Барлығы 68656 100 34457 100 34199 100
0-4 7220 10,5 3705 10,8 3515 10,2
5-9 8092 11,7 4107 11,9 3985 11,6
10-14 8396 12,4 4253 12,5 4143 12,4
15 1530 2,2 782 2,3 748 2,2
16-19 5190 7,5 2720 7,9 2470 7,3
20-49 28472 41,5 14713 42,7 13759 40,2
50-59 4100 5,9 1930 5,7 2170 6,3
60-64 2003 2,9 933 2,3 1070 3,1
65-69 1131 1,7 500 1,6 631 1,8
70-тен  жоғары 2522 3,7 814 2,3 1708 4,9
 

    Жоғарыдағы  кестеден көріп отырғанымыздай,аудан  халқының үлкен санын 20-дан 49 жасқа дейінгі адамдар, немесе аудан тұрғындарының барлық санының 41,5 % құрайды. Ал аудан тұрғындарының ең аз санын 65-69 жастағы адамдар, немесе тұрғындардың барлық санының 1,7 % құрайды.

        Еңбекке жарамды азаматтар 35062 адам саналған, олар аудан тұрғындарының барлық санының 51,1 % құрайды. Одан басқа да еңбекке жарамдылардан жасы үлкен азаматтар 8160 адамды,  және еңбекке қабілеттілік жасына жетпегендер 25210 адамды құрайды. Аудан бойынша жұмыссыздардың жалпы саны  12231 адам, ол еңбекке қабілетті азаматтардың  34,8 % құрап отыр.

      Жұмыссыздар мәртебесіне 01.01.2004 жылғы мәліметтері  бойынша 812 адам ие.  Ауданның экономикалық қызметтің барлық түрлерінде жұмыспен қамтылған адамдар саны 10443 адам,еңбекке  қабілетті тұрғындар санының  29,7 % құрайды. Экономикалық жағдай қаржылық тұрақсыздықтармен, қарыздық төлемсіздермен, өндірістердің кезеңдік тоқтап қалуларымен, ауыл шаруашылық құрылғыларының өндірістік-қаржылық қызметтерінің нашарлауымен сипатталды. 

      Жұмыссыздық мәселесінің күшеюінің негізгі  факторы болып ауданның ішкі еңбек нарығының, кәсіпорындар мен ұйымдардың тоқырау жағдайы табылады.  Сондықтан жұмыссыздарды жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға жұмысқа орналастыру қиын мәселе болып отыр, олардың жұмыс күшіне деген қажеттіліктері жылдан жылға төмендеп келеді.

      Облыс әкімінің 12.10.1999 жылы шыққан “Әлеуметтік  көмек көлемін бекіту туралы”  шешімін және ҚР Өкіметінің 22.07.1999 жылы шыққан “Әлеуметтік көмек көрсету  ережесі” атты Қаулысын басшылыққа ала  отырып, ауданда жағдайы төмен  жанұяларды анықтау жөнінде жұмыстар жүргізілді. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде есепті көрсеткіштерден төмен 3581 жанұя, оның ішінде  219 зейнеткерлер, 574 мүгедектер бар екені анықталды.

      Жағдайы төмен отбасыларына 2003 жылы 1090 мың  теңге және балаларға жәрдем ақы  444400 мың теңге көлемінде бөлінді. Әлеуметтік қорғаудан тыс қалғандарға материалды көмек көрсету үшін “Парасат” қоғамдық қоры жұмыс істейді. Осы қордың арқасында өткен жылы 87 отбасы 146,8 мың теңге көлемінде материалды көмек алды. 

     Байзақ  ауданының географиялық және демографиялық  жағдайына жалпы мінездеме

      Байзақ  ауданы (бұрынғы Свердлов) 1938 жылы 14 ақпан құрылған, Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен 1995 жылдың 25 желтоқсанында “Байзақ” ауданы болып қайта құрылды.

      Жер көлемі 4,5 мың кв.метр. аудан орталығынан Тараз қаласына дейін 15 шақырым.

      Әлеуметтік  дамуды сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің  бірі болып ауданның демографиялық  жағдайының көрсеткіштері табылады. Ауданның демографиялық жағдайын келесі көрсеткіштермен сипатталады.

Кесте 1.

Ауданның  демографиялық жағдайы  туралы мәліметтер

Жас шамасы Барлығы Оның  ішінде адамдар
саны % ерлер әйелдер
саны % саны %
Барлығы 68656 100 34457 100 34199 100
0-4 7220 10,5 3705 10,8 3515 10,2
5-9 8092 11,7 4107 11,9 3985 11,6
10-14 8396 12,4 4253 12,5 4143 12,4
15 1530 2,2 782 2,3 748 2,2
16-19 5190 7,5 2720 7,9 2470 7,3
20-49 28472 41,5 14713 42,7 13759 40,2
50-59 4100 5,9 1930 5,7 2170 6,3
60-64 2003 2,9 933 2,3 1070 3,1
65-69 1131 1,7 500 1,6 631 1,8
70-тен  жоғары 2522 3,7 814 2,3 1708 4,9
 

    Жоғарыдағы  кестеден көріп отырғанымыздай,аудан  халқының үлкен санын 20-дан 49 жасқа  дейінгі адамдар, немесе аудан тұрғындарының  барлық санының 41,5 % құрайды. Ал аудан  тұрғындарының ең аз санын 65-69 жастағы  адамдар, немесе тұрғындардың барлық санының 1,7 % құрайды.

        Еңбекке жарамды азаматтар 35062 адам саналған, олар аудан тұрғындарының  барлық санының 51,1 % құрайды. Одан  басқа да еңбекке жарамдылардан  жасы үлкен азаматтар 8160 адамды,  және еңбекке қабілеттілік жасына  жетпегендер 25210 адамды құрайды. Аудан бойынша жұмыссыздардың жалпы саны  12231 адам, ол еңбекке қабілетті азаматтардың  34,8 % құрап отыр.

      Жұмыссыздар мәртебесіне 01.01.2004 жылғы мәліметтері  бойынша 812 адам ие.  Ауданның экономикалық қызметтің барлық түрлерінде жұмыспен қамтылған адамдар саны 10443 адам,еңбекке қабілетті тұрғындар санының  29,7 % құрайды. Экономикалық жағдай қаржылық тұрақсыздықтармен, қарыздық төлемсіздермен, өндірістердің кезеңдік тоқтап қалуларымен, ауыл шаруашылық құрылғыларының өндірістік-қаржылық қызметтерінің нашарлауымен сипатталды. 

      Жұмыссыздық мәселесінің күшеюінің негізгі  факторы болып ауданның ішкі еңбек  нарығының, кәсіпорындар мен ұйымдардың тоқырау жағдайы табылады.  Сондықтан  жұмыссыздарды жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға жұмысқа орналастыру қиын мәселе болып отыр, олардың жұмыс күшіне деген қажеттіліктері жылдан жылға төмендеп келеді.

      Облыс әкімінің 12.10.2008жылы шыққан “Әлеуметтік  көмек көлемін бекіту туралы”  шешімін және ҚР Өкіметінің 22.07.2008 жылы шыққан “Әлеуметтік көмек көрсету ережесі” атты Қаулысын басшылыққа ала отырып, ауданда жағдайы төмен жанұяларды анықтау жөнінде жұмыстар жүргізілді. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде есепті көрсеткіштерден төмен 3581 жанұя, оның ішінде  219 зейнеткерлер, 574 мүгедектер бар екені анықталды.

      Жағдайы төмен отбасыларына 2009 жылы 1090 мың  теңге және балаларға жәрдем ақы  444400 мың теңге көлемінде бөлінді. Әлеуметтік қорғаудан тыс қалғандарға  материалды көмек көрсету үшін “Парасат”  қоғамдық қоры жұмыс істейді. Осы  қордың арқасында өткен жылы 87 отбасы 146,8 мың теңге көлемінде материалды көмек алды. 
 

2.2. Аудандағы қызмет  етуші экономика  салаларының қазіргі  жағдайын талдау 

    Ауданның  және жалпы әлеуметтік –экономикалық  даму деңгейін көрсететін факторлар жоғарыдағы теориялық бөлімде атап өткеніміздей бір –бірімен өте тығыз байланыста. Экономикалық жағдайдың жақсаруы, атап айтсақ экономикалық көрсеткіштердің (өнім көлемі, бюджет түсімі, жалпы табыс көлемі, тауар айналымы тағы басқалары) өсуі өз кезегінде әлеуметтік мәселелердің шешімі болыпта табыла алады.  Әсер етуші факторлары бойынша жеке-жеке ашып көсететін болсақ, біріншіден өнім көлемінің артуы қосымша өндіріс қорларын ашуға деген мүмкіншілік, қосымша өндіріс ошақтарының ашылуы әлеуметтік саладағы негізгі проблемалардың бірі жұмыссыздықтың реттілік шешімі. Екіншіден жалпы табыс көлемінің өсуі, бюджеттің табыс бөлігінің артуы осы бюджеттің шығыстары арқылы қамтылатын әлеуметтік салаға бөлінетін қаржыларды арттыру мүмкіншілігі. Үшіншіден тауар айналымдарының артуы халықты азық түлікпен қамтамасыз ету мүмкіншіліктерінің жоғарылауын көрсетеді.

Информация о работе Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін көрсететін факторларды талдау