Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін көрсететін факторларды талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2011 в 18:12, курсовая работа

Описание работы

Мемлекеттің бәсекелестік қабілеті елдің халықаралық аренадағы рөлі мен беделінің артуынан, мемлекеттің өз азаматтарының өзекті проблемаларын шешу қабілеттілігінен, мемлекет ұсынатын қызметтер сапасының артуынан көрінеді. Жүргізіліп жатқан экономикалық реформаның әлеуметтік бағытталуын күшейтіп, жаңа әлеуметтік саясат қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет. Біз үш принципті элементке: азаматтық қоғам институттарын дамытуға, орталықсыздандыруға, тұрақты саяси-партиялық жүйе құруға ден қоюға тиіспіз. Тұрақтылықты, демократияны және азаматтардың құқықтарын қорғауды нығайту жөнінде қадамдар жасау қажет.

Содержание

Кіріспе

1. Байзақ ауданы әкімдігінің қызметіне жалпы сипаттама

1.1. Байзақ аудан әкімиятының басқару, ұйымдастыру құрылымы

1.2. Байзақ ауданы әкімдігінің “экономика және бюджетті жоспарлау” бөлімінің сипаттамасы, бөлімінің жұмыс ережесі

1.3. Байзақ ауданы Әкімі аппаратының жұмыс ережесі, жұмыс жоспарын әзірлеу

1.4. Байзақ аудан әкімияты аппаратының басқару, ұйымдастыру құрылымы


2. Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін көрсететін факторларды талдау

2.1. Байзақ ауданының әлеуметтік -экономикалық жағдайын талдау және географиялық-демографиялық жағдайына жалпы мінездеме

2.2. Аудандағы қызмет етуші экономика салаларының қазіргі жағдайын талдау

2.3. Байзақ ауданының ауыл шаруашылығын талдау және ауыл шаруашылығын дамытуды қаржылық қолдауды талдау

2.4. Факторлардың ауданның әлеуметтiк-экономикалық даму деңгейiне әсерін зерттеу


3. Байзақ ауданының салық комитетінің жалпы сипаттамасы, ережелері

3.1. Байзақ ауданының негізгі міндеттері мен құқықтары

а) Мемлекеттік органның мүлкі мен мемлекттік органнның қызметін ұйымдастыру

в) Салық комитетінің басқарудың ұйымдастыру құрылымы

3.2. Байзақ ауданының жалпы жағдайын және аудан бойынша бюджеттің орындалуын ретроспективалық талдау

а) Байзақ ауданы бойынша бюджет кірістерінің көлемін және құрылымын талдау

в) Байзақ ауданы бойынша бюджет шығыстарының көлемін және құрылымын талдау


4. Аудан әкімшілігігі аппаратының қызметін арттыруға, экономикалық жағдайын көтеруге, салық түсімдерін арттыруға байланысты ұсынылатын шаралар

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

ГРЭ.doc

— 569.00 Кб (Скачать)
 

      Кестедегі мәліметтерден көріп отырғанымыздай ауданымыз бойынша бюджет түсімдерінің жалпы көлемі өткен 2004 жылы 111,9 пайызға жоғарыласа есепті 2005 жылыда бұл көрсеткіш 110,1 пайызға жоғарылап 1271704 мың теңгеге жетіп отыр. Жалпы бюджет көлемінің есепті жылы 69,4 пайызын алынған ресми трансферттер құраса, 16,3 пайызын салықтық және салықтық емес кірістер ал қалған 14,3 пайызды несиелерді қайтару құрап отыр. Кестеден көріп отырғанымыздай бюджеттік кірістер салық түсімдері, салықтық емес түсімдер, жерді және материалдық активтерді сатудан құралып отыр. Жекелей тоқталатын болсақ салық түсімдері есепті жылы 96,3 пайызға төмендеп 193394 мың теңгеге жетіп отыр. Ал салыққа жатпайтын түсімдер керісінше 7 еседен артып 5877 мың теңгеге көтеріліп отыр. Сол сияқты жерді және материалдық емес активтерді сату бойыншада есепті жылы  12 есеге жуық жоғарылап 8340 мың теңгеге жетіп отыр. Жоғарыда атап кеткеніміздей жалпы кірістердің 69,4 пайызын құрап отырған алынған ресми трасферттер 2004 жылы 113,1 пайызға артса, есепті 2005 жылы керісінше 97,6 пайызға төмендеп 882768 мың теңгеге жетіп отыр. Сол сияқты несиелерді қайтаруда 4есеге жуық жоғарылап 181325 мың теңгеге жеткен.

      Келесі  кезекте салық түсімдерін салық  комитетінен алынған мәлеметтер негізінде салық түрлеріне байланысты талдап көрсетпекпін.  

Кесте 7.

Аудандық  бюджеттің салықтық түсімдерінің көрсеткіштері (мың.тг)

  

        Көрсеткіштер

                      Жылдар       Өзгеру қарқыны 
2003 2004 2005 2004ж/

2003ж

2005ж/

2004ж

1 2 3 4 5 6
Кірістер, барлығы: 199064 202200 207611 101,6 102,7
1. Салық  түсімдері 191109 200660 193394 104,9 96,3
Оның  ішінде;          
- табыс салығы 33025 36149 26414 109,4 73,1
- әлеуметтік салық 113868 97836 79078 85,9 80,8
- мүлікке салынатын салықтар 32014 55107 73336 172,1 133,1
- тауарларға  жұмыстарға және қызиеттер көрсетуге  салынатын ішкі салықтар  7525 8692 12983 115,5 149,3
- мемлекеттік  баж 4677 2876 1583 61,5 55,0
 

     Кестедегі мәліметтерге сүйенсек аудандағы салық  түсімдері табыс салығы, әлеуметтік салық, мүлікке салынатын салық, қызмет көрсетуге салынатын ішкі салықтар және мемлекеттік баж салығынан  құралып отыр. Салық түсімдерінің ішінде тек қызмет көрсетуге салынатын ішікі салық 149,3 пайызға өсіп 12983 мың теңгеге және мүлікке салынатын салық 133,1 пайызға өсіп 73336 мың теңгеге көтерілген. Ал қалған салықтың басқа түрлері бойынша атап айтсақ табыс салығы 73,1 пайызға төмендеп 26414 мың теңгеге жетксен, әлеуметтік салық 80,8 пайызға төмендеп 79078 мың теңгеге жеткен, мемлекеттік баж салығ мүлдем 55,0 пайызға төмендеп 1583 мың теңгеге жетіп отыр. Осы айтарлық тай көлемдегі салық түрлерінің төмендеуі жалпы салықтық түсімдердің төмендеуіне әкеліп отырған фактор.

     Жалпы кірістер кестеден көріп отырғанымыздай жоғарылағанымен (102,7 %) соның ішіндегі салық түсімдері бойынша кестеден көріп отырғанымыздай, әрбір бюджет түсімі бізде межеден аса алмай  отырғанын байқай аламыз. Мұндағы көрсеткіштер аудандағы салық инспекциясының жұмысының тиімсіз және жүйелі түрде емес орындалып жатқандығын көрсетеді.

     Сонымен қатар, кірістердің жоспарланған межеден  артық болуын Қазақстан Республикасында  қабылданып іске асып жатқан реформалардың  дұрыс жүргізіліп жатқандығының белгісі. Республикамыздың барлық аймақтарында мемлекетпен белгіленген жеңілдіктер мен басқада қолдаулардың арқасында жалғыз мен зерттеу жүргізіп отырған Байзақ ауданында ғана емес барлық жерлерде жақсаруда.

     Жоғарыда  атап кеткеніміздей жалпы кірістер үш түрден болып отыр соның екіншісі салықтық емес түсімдер көрсеткішін келесі кестеден көре аласыздар. Жоғарыда атап кеткеніміздей талдауға қажетті материалдар аудандық салық комитетінен алынған. 
 

Кесте 8.

Аудандық  бюджеттің салыққа  жатпайтын түсімдерінің көрсеткіштері (мың.тг)

  

        Көрсеткіштер

                      Жылдар       Өзгеру қарқыны 
2003 2004 2005 2004ж/

2003ж

2005ж/

2004ж

1 2 3 4 5 6
Кірістер, барлығы: 199064 202200 207611 101,6 102,7
1. Салыққа  жатпайтын түсімдер 1644 837 5877 76,1 702,5
Оның  ішінде;          
- кәсіпкерлік  қызмет пен меншіктен түсетін  кірістер  
 
30
 
 
96
 
 
3530
 
 
320,0
 
 
3677,1
- айыппұлдар  мен санкциялар бойынша түсетін  түсімдер  
 
1463
 
 
630
 
 
1852
 
 
43,1
 
 
293,9
- салыққа  жатпайтын өзгеде түсімдер  
151
 
111
 
495
 
73,5
 
445,9
 

     Кестедегі мәліметтерге қарайтын болсақ  кірістердің  ішіндегі салықтық емес түсімдер бойынша  алдағы талдаған салықтық түсімдерге қарағанда мүлдем басқаша көрінс. Демек мұндағы көрсеткіштер жоғарылаған, жоғарылағандада 7 есеге дейін жоғарылап есепті 2005 жылы 5877 мың теңгеге өсіп отыр. Ауданымыз бойынша салыққа жатпайтын түсімдердің негізін құрап отырған кәсіпкерлік қызмет пен меншіктен түсетін кірістер, айып пұлдар мен санкциялар және салыққа жатпайтын өзгеде түсімдер. Мәліметтерге қарайтын болсақ 2005 жылы көріп отырғанымыздай салыққа жатпайтын түсімдердің кемі екі еседен артық көтерілген, атап айтсақ айып пұлдар мен санкциялар 3 есеге жуық, салыққа жатпайтын өзгеде түсімдер 4,5 есе және кәсіпкерлік қызметпен пен меншіктен түсетін кірістер 36 есе өскен.

     Бюджет  құрылымы өзіміз білетіндей кіріс және шығыс көздерінен тұрады. Келесі бөлімшедегі  талдауда аудандық бюджеттің шығыс  көздерін талдамақпын. Талдау да қолданылған  мәліметтер аудандық салық инспексиясынан алынған. 

в) Байзақ ауданы бойынша бюджет шығыстарының көлемін және құрылымын талдау

        «Салықтық  потенциал»  термині  аймақтық   салық   салынатын  ресурстар санының максималды мүмкіндіктерін  түсіндіреді. Салық потенциалының    мінездемесі   болып    аймақтық   салық  базасын   суреттейтін экономикалық кірістер сияқты былайша айтқандағы салық жүйесі көмегімен есептелінетін қатысты бюджет кірістерінің көрсеткіштері де табылады.

      Бюджеттік,   салықтық  түсімдердің  қалыптасуының   потенциалы   үкімет   органдарының   салықтық   саясатына  тәуелді.   Бұл  көрсеткіш жекелеген   аймақтардың   бюджеттік    жағдайын   талдауға   және   де  жоғарғы деңгейлі  бюджеттерден  қаралатын қаржылық қолдаудың  көлемін анықтауға анығырақ мәліметтер ұсынады. Көрсеткіштіабсолютті түрде қолдануға болады, сондай-ақ, аймақтық салық потенциалының басқа да деңгейлерге қатынасын білдіретін салық потенциалы  индексі түрінде де қолдануға болады.

      Бюджеттің тиімді пайдаланылуы тек түсімдер жағын  арттыру емес сонымен қатар, шығыстар жағының оптималды жүйеде болуын білдіреді. 
 
 

      Бюджет  шығыстарының құрылымы

         

Сызба 2. 

      Келтірілген сызбадан көріп отырғанымыздай аудандық бюджеттіңең үлкен үлесі білім  беру саласында (77%), қалған (23 %) үлесі  мемлекеттік қызметтер (9%), коммуналды шаруашылық (5%), әлеуметтік қамсыздандыру (4%) және басқада аударымдардың арасында бөлінісіп отыр.

      Келесі  кезекте мен аудандық бюджеттің  шығыс бөлігінің негізгі көорсеткіштерін  талдап көрсетпекпін. Мәліметтер жоғарыда атап кеткеніміздей аудандық статистикалық  мәліметтерден алынған.  
 

Кесте 9.

Аудандық  бюджеттің шығыс  бөлігінің негізгі  көрсеткіштері (мың.тг)

  

        Көрсеткіштер

                      Жылдар       Өзгеру қарқыны 
2003 2004 2005 2004ж/

2003ж

2005ж/

2004ж

1 2 3 4 5 6
Шығыстар: 1032110 1154627 1271704 111,9 110,1
1. Шығындар  барлығы 1019110 1119627 1271704 109,8 113,6
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер.  
45946
 
57280
 
108849
 
124,6
 
190,0
Білім беру. 741685 683742 985269 88,56 144,0
Денсаулық сақтау. 112685 193761 16749 171,94 8,64
Әлеуметтік  қамсыздандыру және әлеуметтік көмек. 54813 46763 48907 85,3 104,5
Тұрған  үй –коммуналдық  шаруашылық 7402 10000 61576 135,1 615,7
Мәдениет,спорт, туризм және ақпараттық кеңістік. 18196 30777 27419 169,1 89,1
Ауыл,су,орман,

балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау.

17855 81133 7335 454,3 9,0
Көлік және байланыс. 1800 2000 1880 111,1 94
Өзгелері. 18728 14171 13720 75,6 96,8
2. Несиелер  13000 35000 - 350,0 -
 

      Жоғарыда  атап кеткеніміздей бюджеттің тиімді пайдаланылуы дегеніміздің негізі бюджеттің  тиімді жұмсалуында. Тиімді жұмсалған бюджет халықтың әл –ауқатын және әлеуметтік жағдайын көтеретін бірден бір мәселе. Бюджет –бір жылғы кірістер және шығыстар.

      Кестеден  көріп отырғанымыздай бюджет түсімінің  өсуіне байланысты барлық бюджеттік  қаржыландыруларда айтарлықтай жоғарылаған, әрине төмендегендеріде бар атап айтсақ көлік және байланыс 94 пайыз, мәдениет және спорт 89,1 пайыз, ауыл, су ,орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау 9,0 пайызға. Бұл саланың төмендеуі әрине ауыл шаруашылығын қолдау жылындағы түсінксіз мәселенің бірі, сонымен қатар, денсаулық сақтау саласы, көріп отырғанымыздай бұл салаға бюджет аударымдары өткен 2004 жылмен салыстырғанда 8,6 пайызға дейін төмендеп кеткен. Денсаулық сақтау саласы халыққа тікелей көмек көрсететін болғандықтан бұл салаға бюлінген қаржы деңгейінің өте төмендеуі түсініксіз жәйт. Денсаулық сақтау саласы дегеніміз бірінші кезекте ана мен балалар. Ел –басы президентіміз айтқандай халық санын өсіру маңызды мәселе болып тұрғанда бұл саланың соншалықты бюджет қысқаруына ұшырағаны түсініксіз мәселе.

      Қалған  салалар бойынша көріп отырғанымыздай бюджет аударымдары жоғарылаған, атап айтсақ жалпы сипаттағы мемлекеттік  қызметтер екі есеге жуық, білім  беру саласы 144,0 пайыз, әлеуметтік қамсыздандыру 104,5 пайыз. 

      Сонымен қатар, кірістердің жоспарланған межеден артық болуын Қазақстан Республикасында қабылданып іске асып жатқан реформалардың дұрыс жүргізіліп жатқандығының белгісі. Республикамыздың барлық аймақтарында мемлекетпен белгіленген жеңілдіктер мен басқада қолдаулардың арқасында жалғыз мен зерттеу жүргізіп отырған Байзақ ауданында ғана емес барлық жерлерде жақсаруда. 
 

4.  Аудан әкімшілігігі аппаратының қызметін арттыруға, экономикалық жағдайын көтеруге, салық түсімдерін арттыруға байланысты ұсынылатын шаралар

     Аудан әкімшілігі аппаратының қызметін арттыруға байланысты ұсыныстар ретінде төмендегілерді атап айтуға болады:

  • аппараттың қызметін арттыру мақсатында жедел ақпараттық иновациялық технологияларды енгізу;
  • әкімшіліктің өз веб саитын ашу;
  • аппарат қызметкерлерінің комьтерлік білімін жетілдіру мақсатында курстарды білім алуларын қамтамасыз ету;
  • ақпараттардың жедел өңдеулерінде оперативтілікті арттыру.

Информация о работе Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін көрсететін факторларды талдау