Шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіру және дамыту жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 21:40, реферат

Описание работы

Қазiргi кезеңде Қазақстан Республикасында банк аясы серпiндi түрде дамып келе жатқан экономикалық секторлардың бiрi. Бұрын қатал түрде реттелетiн коммерциялық банктер, бүгiн дербес және үлкен банкаралық бәсеке жағдайында халықаралық деңгейде жұмыс iстеп жатыр.

Содержание

Кіріспе............................................................................................................

1.тарау. Өтпелі кезең жағдайында шағын және орта бизнесті дамытудың объективті қажеттілігі......................................................
1.1 Шағын және орта бизнес түсінігі........................................
1.2 Қазақстан экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі...............................................................................................
1.3 Шағын және орта бизнесті дамытудағы нарықтық экономикалы елдердің тәжірибесі....................................................................................
2. тарау. ҚР шағын және орта бизнесті несиелендіру және даму тенденциялары..............................................................................................
2.1.ҚР – дағы шағын және орта бизнестің жағдайы.............
2.2. «Сұлтан» ЖШС – тің қазіргі жағдайы (сандық талдау)............................................................................................
2.3. БТА Банкінің шағын және орта бизнесті несиелеуіне талдау.
3.тарау. ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіру және дамыту проблемалары................................................................................
3.1. «Сұлтан» ЖШС мысалдағы дағдарысқа қарсы басқару...........................................................................................
3.2. ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіру және дамыту проблемалары мен оларды шешу жолдары............................
Қорытынды....................................................................................
Қолданылған әдебиеттер.............................................................
Қосымша........................................................................................

Работа содержит 1 файл

шагын жане орта бизнес.doc

— 1.17 Мб (Скачать)

«Даму-Өндіріс» төртінші траншының аясында бөлінген қаражат төменде көрсетілген экономика секторларымен айналысатын ШОБ субъектілеріне бағытталды.

  • — Өнеркәсіп – 48%;
  • — Ауыл шаруашылығы – 2%;
  • — Сауда – 32%;
  • — Құрылыс – 8%;
  • — Басқа да қызметтер – 10%.

Сонымен қатар «Даму-Аймақ» бағдарламасы бойынша 6,7 млрд теңге қаражат игерілді.

Қазіргі уақытта БТА Банкі «Даму-Аймақ-2»  мемлекеттік және жергілікті атқарушы мүшелерінің бағдарламаларына қатысуды жоспарлап отыр.

Республиканың агроөнеркәсіп кешенінің субъектілерін  қаржыландыру

БТА Банкі негізгі және айналымдағы қаражатты толықтыруға байланысты Қазақстан Республикасының ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу бойынша кәсіпорындарды жабдықтау лизингі мен Ауыл шаруашылығы министрлігінің бюджеттік бағдарламасына қатысты. Мемлекеттік комиссиялық мәжілістің шешімі бойынша аталмыш бағдарламаға бөлінген жалпы мемлекеттік қаражаттан Қазақстанның 12 аймағынан – 476 жоба, 478,1 млн. теңге немесе 9,6% қаржыландыру құқығын алды.

«Бизнестің  жол картасы-2020» бағдарламасына қатысу

БТА Банкі  аймақтық кәсіпкерліктің «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті. Бағдарлама Қазақстан секторларындағы экономиканың артықшылық жобаларын жүзеге асыратын кәсіпкерлерге бағытталған. Бағдарлама маңыздылығы Банкке кепілді қамтамасыз етудің есебінен негізгі борыштың 50% сома көлеміне дейін мемлекеттік кепілдер мен кредиттерді сыйақыландыру ставкаларының бөлігін қаражаттандыру арқылы жасалады. Бағдарлама бойынша пайыздық ставка 12-14% құрайды. Бағдарлама жаңа бизнес-бастаманы қолдау (1 бағыт), кәсіпкерлік секторды қалыпқа келтіру (2 бағыт), экспорттық-болжамдық өндірісті қолдау (3 бағыт) сияқты үш бағыт бойынша жүзеге асады. Қаржыландыру көлемі бойынша бірінші бағыт - 7%, екінші бағыт - 5%, үшінші бағыт - 8%-ды құрайды. Қазір аталмыш бағдарлама аясында Банк клиенттердің өтінішін қабылдап жатыр.

Байқау  гранттарының жүйесі

2007 жылдан  бастап БТА Банкі Әлемдік Банкпен  бірлесе отырып жүзеге асатын  Ауыл шаруашылығы министрлігінің  «байқау гранттарының жүйесі»  атты бағдарламаға қатысады. 2009 жыл бойынша БТА Банкі арқылы қаржыланған грант сомасы 1,7 млрд теңгені құрады.

Ипотекалық  займдарды қайта қаржыландыру

БТА тобы ипотекалық кредиттерді қайта қаржыландыруда 10 300 қарызгермен келісімшартты қайта  жасау кезінде 37 млрд теңгеден аса  сома игерді.

Банк  секторындағы ипотекалық займдарды  қайта қаржыландыру үшін мемлекеттен  бөлінген 120 млрд. теңге сомасынан  БТА-ның үлесі – 37 млрд. теңге  немесе 31 пайызды құрады. Алматы, Астана, Ақтөбе, Қарағанды, Атырау және Шығыс  Қазақстан облыстарының қарызгерлері көп белсенділік танытты.

Астана  және Алматы қаласы бойынша құрылыс  бастамаларын аяқтауды қаржыландыру

Бағдарлама  аясында банк шотына төменде аталынған  жобалар бойынша 20,4 млрд теңге қаражат  бөлінді:

  • — «Гранд Астана» ТК, Астана қ. – 13 538 млн теңге;
  • — «Сәтті» ТК, «Отандастар» ТК, Астана қ. – 1 677 млн теңге;
  • — «Тау Самалы» ТК, Алматы қ. – 4 573 млн теңге.

Қазіргі уақытта 20,4 млрд теңге сома мөлшерінен 19,8 млрд теңге қамтылыды.

Өңдеуші өнеркәсіп саласында кәсіпкерлік  субъектілерін қаржыландыру

ҚР мемлекеттік  «Даму-Өндіріс» өндіруші өнеркәсіп  саласында кәсіпкер субъектілерін  кредиттеу бағдарламасының аясында 2009 жылдың қазаны мен 2010 жылдың мамыры аралығында корпоративті бизнес кәсіпорындарын қаржыландыруда 1,6 млрд. теңге жұмсалды.

Ержан Тәтішев қоры

«Ержан  Тәтішев қоры»  Қоғамдық қоры 2005 жылдың 10 ақпанында «БТА Банкі» АҚ топ-менеджерлерінің  ықыласымен тіркелген  болатын.

Қор қоғамдық, мемлекеттік емес, табыс таппайтын  ұйым болып табылады. Қордың мақсаты  – дарынды әрі талапты жастарға әлемдік және қазақстандық академиялық білім ордаларында грант пен стипендияға білім алуларына жағдай жасайды, сонымен қатар, білім беру бағдарламаларын жетілдіру мен енгізу, қаржы-экономикалық және басқа да экономикалық жобаларды жүзеге асыру, коммерцилық емес ұйымдарға қаржылай техникалық көмек көрсету, халық арасындағы көмек қажет ететін, аз қамтамасыз етілетін топтарға көмектесу. Қордың барлық ауқымды шаралары Қазақстан аумағы мен басқа елдерде қордың стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін анықтайтын Қамқоршы кеңесі арқылы жүзеге асады.

 

Шағын және орта кәсіпке

  • Қаржыландыру
  • Электронды төлемдер жүйесі
  • Шоттармен операциялар
  • Төлем карталары
  • Жалақы жобалары
  • Депозиттік операциялар
  • Қаржы лизингі
  • Банк кепілдіктері
  • Коллекторлық компанияларға
  • Эскроу-шот
  • Тарифтер мен мөлшерлемелер

ШОБ өкілдеріне

Банк  барлық салалардың және экономика саласының  кәсіпорындарын ынтымақтастыққа шақырады және кез келген мақсаттарға арналған несиелер ұсынады:

  • — Капитал айналымын толықтыру
  • — Шикізат пен материалдарды сатып алу
  • — Сауда операциялары
  • — Құрал-жабдықтарды жеткізу, жылжымайтын мүлікті сатып алу және басқа да күрделі қаржы жұмсалымы
  • — Инвестициялық несиелер

Клиенттердің  тәуекелдіктерін азайту үшін және шығындарын оңтайландыру үшін БТА Банкі қаржы  құралдарының бірнеше түрлерін ұсынады:

  • — несиелер мен несие желілері
  • — овердрафтар
  • — аккредитивтер
  • — кепілдіктер
  • — вексельдер
  • — облигациялар
  • — факторинг

Орташа  және ұзақмерзімді қаржыландыруды ұйымдастыру  барысында жетекші халықаралық  қаржы институттарының мемлекеттік  несие бағдарламалары пайдаланылады.

«БТА  Банкі» АҚ –ында сіздің жобаларыңыз  бен бизнес-жобаларыңызды жүзеге асыруға қажетті құрал-жабдықтардың барлығы бар.

Қаржыландыру

  • Несиелендіру
  • Коммерциялық жылжымайтын мүлікке
  • Сауданы қаржыландыру
  • Вексель операциялары
  • Операциялық Овердрафт
  • Факторинг
  • Қалай алуға болады
  • Құжаттар
  • ХҚИ-ның қаржысы есебінен қаржыландыру

"БТА  Банкі" АҚ қызметінің басты  бағыттарының бірі заңды тұлғаларды  қаржыландыру (несиелендіру) болып табылады. Біз өз қаражаттарымызбен, сондай-ақ шетелдік несие желілерін тартумен қысқа мерзімді қаржыландыруды, орта және ұзақ мерзімді қаржыландыруды жүзеге асырамыз.

Қандай  да бір жобаны уақтылы қаржыландыру оның іске асуына себеп болады, ал егер қаражат қарастырылмаған жағдайда тамаша жобалар тек қағаз бетінде ғана қалып қояды.

Артықшылықтары

  • Қаржыландыруларды төмендету. Банк кешендік несиелендірудің әртүрлі сұлбаларын пайдалана отырып, клиенттердің пайыздық шығындарын тиімді жұмсауға ықпал етеді.
  • — Пайыздық мөлшерлемелерді төмендету мүмкіндігі. Несие операциялары бойынша мөлшерлемелер рыноктық конъюнктурадағы өзгерістерге сәйкес белгіленеді және түзетіледі, сондай-ақ мөлшерлемелер банк пен клиенттер арасындағы ынтымақтастықтың ұлғаюына қарай төмендетілуі мүмкін.
  • — Несиелік өтініштер жедел түрде қаралады. Банк қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін барлық мүмкіндіктерді қарастырады, осының нәтижесінде жобаны сараптау жұмыстары тез арада жүзеге асырылады.
  • — Біздің банктің қызмет түрлерін Республиканың барлық облыс орталықтарында пайдалануға болады. Банктің бүкіл Қазақстан бойынша тармақталған аймақтық филиалдары мен есеп-айырысу кассалық бөлімдері (ЕКБ), сондай-ақ шет елдерде де бірқатар өкілдіктері бар.

Несиелендіру

"БТА  Банкі" АҚ еліміздегі шағын және орта кәсіп субъектілері үшін негізгі қаржыны сатып алуға және инвестициялық мақсаттарды сатып алу үшін несиелендіру мерзімін 10 жылға ұзартты.  
Қазақстанның шағын және орта кәсібіне ұзақ мерзімді несие беру несиенің төлеу шартын айтарлықтай жеңілдетеді. Негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлем сомасын азайтады. Бұл Қазақстанның 2015 жылға арналған индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік маңызды бағдарламаларының бірін орындау болып табылатын инвестициялық және инновациялық жобалардың басым бөлігін қаржыландыруға мүмкіндік береді.

Бизнес-өнімдер:

"Бизнес-Леди" несиесі 
Әрекет ететін бизнесі бар немесе бастапқы бизнесі бар кәсіпкер ханымдар үшін бизнесті дамытуға, сондай-ақ лизингке құрал-жабдықтар алуға арналған несиелендіру.

"Болашақтың  жолдары" несиесі 
Егер сіздің компанияңыздың қызметі автожолдар құрылысы, жөндеу жұмыстары және жинақтау жұмыстарымен байланысты болса, «Болашақтың жолдары» несиесі қаржы мәселесін шешудің ең сенімді тәсілі.

"Сауда  " несиесі 
Сауда саласы үшін арнайы әзірленген (теңгемен, $, € қаржыландыру, несие желісі, басқа банктермен салыстырғанда төмен % мөлшерлемелер) қолайлы да тиімді несие.

Овердрафт 
Төлем құжаттарын шоттағы қалдық ақшадан тыс клиенттің ағымдағы шотынан төлеу арқылы белгіленген лимит аясында айналым қаражатының уақытша жеткіліксіздігінің орнын толтыру

ШОБ-ке арналған несиелер мен  несие желілері 
Кәсіпкерлерді жедел сызба бойынша қаржыландыру

Халықаралық қаржы институттарының  қаржысы есебінен қаржыландыру 
Халықаралық қаржы институттарының желісі аясында жеңілдікті шарттармен қаржыландыру.

Коммерциялық  жылжымайтын мүлікке 

Коммерциялық  жылжымайтын мүліктің түрлері:

  • — Кеңселік жылжымайтын мүлік (әкімшілік ғимараттар, бизнес орталықтарындағы кеңселер және т.б.);
  • — Сауда ғимараттары (дүкендер, кафелер, мейрамханалар, асханалар, түнгі клубтар, дәріханалар, сұлулық салондары, моншалар, спорт залдары және т.б.);
  • — Өндірістік жылжымайтын мүлік (өндірістік үй-жай, нысандар, қоймалар және т.б. )

Несие кімдерге беріледі:

Төмендегі талаптарға жауап беретін заңды  тұлғалар мен жеке тұлғаларға:

  • — қаржылық жағдайы тұрақты;
  • — несие тарихы оң (қолда болғанда).

Сонымен қатар бастапқы бизнесі барларға

Несиенің  артықшылығы:

  • Бастапқы бизнесті несиелендіру мүмкіндігі
  • — Салынып жатқан нысандармен қоса, сатып алынатын жылжымайтын мүлік кепілдікке қойылады
  • — Сыйақының тиімді мөлшерлемесі
  • — Сатушылармен есеп айырысу тәуекелдіктерінің азаюы
  • — Негізгі борыш пен сыйақыны төлеу кезінде жеңілдік мерзімін ұсыну мүмкіндігі
  • — Несие сомасы 195 млн. теңгеден кем болса, бастапқы жарна ретінде қосымша қамсыздандыру қабылдануы мүмкін.
  • — несие коммерциялық жылжымайтын мүлікті сатып алуға берілетін кезде қосымша қамсыздандырусыз оны жөндеуге және қайта құруға несие ұсынылуы мүмкін

Информация о работе Шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіру және дамыту жолдары