Ақша несие саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 21:42, курсовая работа

Описание работы

Менің бұл курстық жұмысты жазудағы негізгі мақсатым мен міндеттерімді келесідей топтастыруыма болады:
• Ақша-несие саясаты туралы жалпы түсінік қалыптастыру
• Ақша-несие саясатының негізгі құралдарын қарастыру
• Экономиканы реттеудегі ақша-несие саясатының рөлін анықтау
• Ақша нарығындағы операцияларды талдау
• Қазақстандағы ұлттық ақша-несие саясатының қазіргі жағдайына талдау жасау және даму деңгейін бағалау

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................................3
1 ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДЕГІ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.........................................................................................5
1.1. Ақша-несие саясатының экономикалық мәні және негізгі құралдары..............................................................................................................5
1.2. Ақша нарығындағы операциялар.............................................................11
2. ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДЕГІ ЖҮРГІЗЕТІН САЯСАТТАРЫ МЕН ҚОЛДАНАТЫН ШАРАЛАРЫ.........................................15
2.1. Ұлттық банктің ақша- несие саясатының экономиканы реттеудегі маңызы мен құралдары ......................................................................................15
2.2 Ұлттық банктің инфляцияны реттейтін ақша- несие саясатының маңызы, қызмет ету механизмі және динамикасы..........................................23
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................35
ҚОСЫМША..............................................................................................................36

Работа содержит 1 файл

Ақша несие саясаты курсовой.doc

— 889.50 Кб (Скачать)

Мұндағы  R – пайыз мөлшерлемесі.

                      M – ақша жиыны.

1 сурет- Салыстырмалы түрде                2 сурет- Салыстырмалы түрде

қарағанда қатаң ақша саясаты                     қарағанда икемді ақша саясаты [1, 217-219б.]

Түсініктеме: [1, 217-219б.] мәліметтер бойынша автор құрастырған.

       

Монетарлық саясат өте күрделі табыстау механизмінен тұрады. Жалпы саясаттың тиімділігі әр бөліктің сапалы жұмысына тәуелді. Ақша-несие саясатының төрт түрлі табыстау механизмін қарастыруға болады:

1)                Орталық банк саясатының салдарынан нақты ақша ұсынысының (M/P)s мәнінің өзгеруі;

2)                Ақша нарығындағы пайыз мөлшерлемесінің өзгеруі;

3)                Пайыз мөлшерлемесінің динамикасына байланысты жиынтық шығындардың (әсіресе инвестициялық шығындардың) реакциясы;

4)                Жиынтық сұраныстың өзгеруіне байланысты өнім көлемінің өзгерісі.

Ақша ұсынысының өзгерісі мен жиынтық ұсыныс реакциясының арасында тағы екі аралық баспалдақ жатыр, осы жағдайлар соңғы нәтижеге көп ықпал етеді.

              Нарықтық пайыз мөлшерлемесінің өзгерісі экономикалық агенттердің қоржын активтерінің құрылымының өзгеруіне байланысты болады, ал бұл өзгерістер Орталық банктің ақша саясатын кеңейтуінің салдары. мұндай саясаттың салдары ретінде активтің басқа түрлерін сатып алу, несиенің арзандауы, нәтижесінде пайыз мөлшерлемесінің төмендеуі байқалады.

              Ақша нарығының реакциясы Ld қисығының тікшелеу болуынан ақшаға сұраныстың сипатына, түріне тәуелді болады.

              Ақшаға сұраныс пайыз мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты сезімтал болса, онда ақша жиынының өсуіне, пайыз мөлшерлемесінің болымсыз өзгеруі әсер етеді. Және керісінше, ақшаға сұраныс пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне әлсіз әсер етсе, онда ақша ұсынысының өсуі пайыз мөлшерлемесінің едәуір төмендеуіне алып келеді. [1, 220б.]

 

 

3 сурет- Ақша сұранысының       4 сурет-Ақша сұранысының пайыз мөлшерлемесі өзгеруіне сезімтал әсері           мөлшерлемесі өзгеруіне әлсіз әсері                                                      

[1, 220б.]

Түсініктеме: [1, 220б.] мәліметтері бойынша автор құрастырған.

 

Келесі қадам, пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне байланысты жиынтық сұранысты түзету болады. Әдетте пайыз мөлшерлемесінің динамикасына инвестициялық шығындар әсер етеді деп есептеледі. Егерде ақша нарығында пайыз мөлшерлемесінің едәуір өзгерісі болды деп жорамалдасақ, онда пайыз мөлшерлемесінің динамикасына инвестициялық сұраныстың сезімталдығы байқалады. Басқа жағдайлар тұрақты болса, онда осы шарттан жиынтық табыстың мультипликаторлық мәнінің кеңейуі пайда болады.

              Табыстау механизмі қадамдарының бұзылуына байланысты ақша саясатының төмендеуі немесе мүлдем нәтижесіз болуы мүмкін.

              Мысалы, ақша нарығында пайыз мөлшерлемесінің болымсыз өзгерісі немесе пайыз мөлшерлемесінежиынтық сұраныс реакциясының болмауы, өнім көлемі мен ақша жиынының арасындағы байланысты үзеді. Мұндай құбылыс нарықтық экономикаға көшіп жатқан мемлекеттерде байқалады. Ақша саясатын жүргізуде табыстау механизмінің сапалы жұмысынан басқа да қиындықтар кездеседі. Орталық банктің пайыз мөлшерлемесін өзгертуі экономикаға әр уақытта дұрыс әсер ете бермейді, сондықтан да Орталық банк пайыз мөлшерлемесін бір тұрақты деңгейде ұстап тұру арқылы инвестицияны тұрақтандырады, демек мультипликатор арқылы өнім көлеміне әсер етеді. Егер экономикада өрлеу болса және жалпы ұлттық өнім өссе, онда ақшаға трансакциондық сұраныс өседі. Нақты ЖҰӨ ақшаға сұраныстың бір параметрі:

(M/P)D=kY-h*R. Ақша ұсынысының тұрақты жағдайында пайыз мөлшерлемесі өседі, демек ақша ұсынысын бұрынғы қалыпты жағдайда ұстау үшін Орталық банк ақша ұсынысын өсіруі қажет. Мұндай жағдай ЖҰӨ өсуін қосымша ынталандырады және инфляцияның пайда болуына әкеледі.

              Экономикадағы құлдырау және ақшаға сұраныстың азаюы жағдайында Орталық банк пайыз мөлшерлемесінің төмендеуін болдырмау үшін ақша ұсынысын азайтуы қажет. Бірақ мұндай жағдай жиынтық сұранысты төмендетіп, экономикадағы құлдырауды шиеленістіре түседі. [1, 221-222б.]

              Ақша-несие саясатының жанама әсерлерін де ескерген жөн. Орталық банк ақша ұсынысын өсіру қажет деп есептесе, онда ол құнды қағаздар нарығынан облигация сатып алу арқылы ақша базасын кеңейте алады. Бірақ ақша ұсынысының өсуімен қатар пайыз мөлшерлемесі төмендей бастайды. Бұл жағдай екі коэффициентке әсер етуі мүмкін (cr және rr). Халық депозиттегі қаржыларының бір бөлігін нақты ақшаға айналдыра алады, онда C/D=cr өседі, банктер артық резервтерін өсіреді, ол R/D=rr мәнін өсіреді.

              Мұндай шаралардан кейін ақша мультипликаторы төмендейді, бұл жағдай ақша жиынын кеңейту тенденциясының төмендеуіне әсер етеді.

              Ақша-несие саясаты көлемді сыртқы кешеуілдеуге ие бола алады (шешім қабылданғаннан бастап, нәтижеге дейін), өйткені экономикадағы инвестициялық белсенділік өзгерісіне байланысты пайыз мөлшерлемесі тербелістері ЖҰӨ көлеміне әсер етеді, мұндай құбылыстар ұзаққа созылады.

              Ақша-несие саясатының қазіргі кезеңдегі тиімділігі Орталық банктің саясатына деген сенімділікпен тығыз байланысты.

              Егерде Орталық банк тұрақты айналым курсын ұстап тұруды көздесе, онда дербес, тәуелсіз ішкі ақша саясаты болуы мүмкін емес, өйткені айнымалы курсты ұстау мақсатындағы әрекеттер, валюталық резервтердің көбеюі және азаюы экономикадағы ақша жиынының өзгеруіне әкеледі. (Мысалы валюта сатып алғанда экономикада ақша ұсынысы өседі.) Салық-бюджет және ақша саясаттарын бір-біріне сәйкес келтіру белгілі қиындықтарды тудырады. Егер мемлекет экономиканы мемлекеттік шығындарды көбейту арқылы ынталандырса, онда мұндай іс-әрекеттердің нәтижесі ақша саясатымен байланысты болады.

              Қазыналық саясаттың нәтижесінде бюджетте тапшылық болса, онда мұндай жағдайда тиімді, тұрақты монетарлық саясат болмайды. [1, 224-225б.]

1-есеп. Коммерциялық банктің резерв сомасы 230 млн. теңге, ал депозиттер көлемі 800 млн. теңге. Депозиттегі міндетті резерв нормасы 25%. Банк өзінің барлық артық резервіне несие беретін болса, ақша ұсынысы қалай өзгеруі мүмкін?

Шешуі:

20%-дық резервтеу нормасында міндетті резервтер Rr=800x0,25=200 млн. теңге;

Бұдан шығатын артық резервтер мынаған тең:

Re=230-200=30

Егер олардың барлығы несие беруге жұмсалса, онда қосымша ақша ұсынысы келесідей болады:

М=30*(1/0,25)=120 млн. тенге

Бұл жағдайда біз тек банктің мультипликаторды (1/rr) ғана қолдана аламыз. Себебі бізде ақша базасы және қолма-қол ақшаның депозиттерге қатынасы туралы мәліметтер жоқ. Алынған сома ақша ұсынысының ең жоғарғы шегі қаншаға артуы мүмкін екенін көрсетеді.

Жауабы: 120 млн. теңге.  [1,226-227б.]

Мемлекеттің ақша-несие саясатының негізі болып ұлттық экономика жағдайына ақшаның және ақша-несие саясатының әсер ету процесін зерттейтін ақша теориясы табылады. Сондықтан  ақша-несие саясаты экономиканы жанама реттеудің маңызды нысандарының бірі. Саясат экономикадағы ақшаның рөлі және олардың экономикалық өсу, жұмыспен қамту, төлем балансы және т.б. макроэкономикалық көрсеткіштерге әсері туралы белгілі ғалым-экономистердің көзқарастарына негізделеді.

Макроэкономикалық дамуда ақшаның рөлі туралы үш теориялық тәсіл бар:

Неоклассикалық мектеп өкілдерінің көзқарастары бойынша рыноктық экономика өзін-өзі реттеуші, дамытушы механизм болғандықтан, экономикалық процестерге мемлекеттің араласу қажеттілігін терістеді, ал ақша ЖҰӨ, табыс, инвестиция, баға және т.б. көрсеткіштерді тек қана номиналдық сипаттау үшін ғана қажет деп есептелді. Олардың динамакасы мен нақты деңгейіне ақша ықпал ете алмайды, өйткені ұлттық өндірістің нақты көлемі экономикадағы өндірістік ресурстарға тәуелді. Ақша санының өзгерісі экономикадағы тек ішкі баға деңгейіне ғана әсер ете алады. Бұл ұстаным И.Фишердің ақша теориясында ерекше орын алады, ол ақшаның номиналды санының ұйлесімді өзгерісі бағаның абсолютті деңгейі үйлесімді өзгерісін туындататынын дәлелдеді. Бұл байланыс И.Фишердің айырбас теңдеуі арқылы бейнеленеді: МxV=PxQ; M- айналыстағы ақша саны; V- ақша айналысының жылдамдығы; P- тауарлар мен қызметтердің орташа бағасы; Q- жыл ішіндегі ұлттық экономикада өндірілген тауарлар мен қызметтердің саны. Сондықтан, неоклассиктер ақша саясаты тиімсіз, ең алдымен теңгерілген мемлекеттік бюджет пен төлем балансын қамтамасыз ету қажет деп қорытындылайды. [2,84-86б.]

Кейнстік тәсіл. 1936 жылы белгілі экономист Дж.М.Кейнстің «Жұмыспен қамту, пайыз және ақшаның жалпы теориясы» атты кітабының жарық көріуімен байланысты жалпы макроэкономикалық саясатқа, оның ішінде ақша саясатына деген көзқарастарда үлкен төңкеріс болды. Дж.Кейнстің пікірінше экономикадағы жиынтық сұранысты өзгерту үшін ақша-несие саясаты бюджет-салық саясатының әдістерін пайдалана отырып, мемлекет экономиканың белсенділігін реттеуі қажет. Мұндағы негізгі теориялық теңдеулер:

Y=C+I+G+Nx; Y-ЖҰӨ-ң номиналды көлемі; C- тұтынушы шығындары; I- фирмалардың инвестициялық шығындары; G- мемлекеттік шығындар; Nx- таза экспорт. Инвестициялық сұранысқа шешуші рөл береді, өйткені мультипликаторлық әсерге байланысты инвестициялардық ауытқуы өндіріс және жұмыспен қамтуды үлкен өзгеріске әкеледі. Ал инвестициялардың деңгейі негізінен пайыз қойылымына тәуелді, оның өсуі инвестиция деңгейін төмендетеді, нәтижеде өндіріс пен жұмыспен қамту көлемі азаяды, ал оның төмендеуі керісінше, өндіріс пен жұмыспен қамту ынталанады. [2, 87-88б.]

Ақшаның монетаристік сандық теориясы. ХХ ғасырдың 60 жылдарының соңында кейнстік теорияның қателіктері айқындала бастады, оның ішінде инфляциялық процестердің қауіптілігін ескермеу, бюджеттік механимнің, мемлекеттік шығыстардың рөліне шамадан тыс көңіл бөлу, тапшылық пен қаржылынудық әсеріне дұрыс баға бермеу. Бұл экономикадағы ақшаның рөлін қайта қарауға және монетаристік теорияға сүенуге ықпал етеді. Экономикалық теорияда монетаристер ретінде белгілі М.Фридмен мен оның ізбасарлары қазіргі ақшаның сандық теориясын дәлелдеді. Бұл теорияның басты пастулаттары болып табылады: рыноктық жүйе өзін-өзі реттеу арқылы автоматты түрде тепе теңдікке жетуге қабілетті. Монетаристердің ойынша ақша массасының өсу қарқынының өзгерісі мен номиналды және нақты ЖҰӨ-ң өсу қарқыны арасында тығыз байланыстар бар. Бұл іскерлік цикл ішіндегі айналыстағы ақша массасының өсу қарқыны азғана кешіге отырып, номиналды ЖҰӨ-ң өсу қарқыны өзгеруін туындатады. Сәйкесінше нақты ЖҰӨ де өзгеріп, жұмыссыздықтық төмендеуіне ұласады.

Қазіргі ақша теориясы кейнсиандық теорияның, монетаризмнің, неоклассикалық «ұсыныс экономикасы» теориясының элементтерін біріктіретін модельге айналды. [2, 90б.]

 

1.2 Ақша нарығындағы операциялар

Ақша нарығындағы операциялар – Ұлттық банктің айналыстағы ақша жиынының көлемін реттеу мақсатында екінші реттегі нарықта мемлекеттің бағалы қағаздарын сату және сатып алумен байланысты операциялар.

              Бұл біршама ақша жиынын, коммерциялық банктердің өтімділігі және несиелік жұмыстарды реттеудің ыңғайлы әдістерінің бірі болып табылады. Оның негізгі мәні ақша эмиссиясын тоқтату арқылы банктердің несиені эмиссиялауын шектеуді білдіреді.

              Ұлттық банк нарықта бағалы қағаздарын сату арқылы оны сатып алушылардың резервтік шоттарынан тиісті соманы ұстап қалады. Сөйтіп, керісінше, банктерге несие беруді және ақша шығаруды ынталандыру мақсатында Ұлттық банк бағалы қағаздарды сатып алады да, тиісті соманы банктердің резервтік шотына қайта аударады.

              Осы аталғанның барлығын Орталық банк коммерциялық банктердің несиелік мүмкіндіктерін реттеу мақсатында жүргізеді. Егер Орталық банк алдында сатып алған бағалы қағаздарын қайта сату көлемі жаңа партия көлемінен көп болса, банктердің несие ресурстарының мөлшері шектеледі не керісінше.

              Орталық банк ақша нарығы операцияларын мұқтаждық пайда болуына немесе ақша-несие эмиссия көлемінің кеңеюіне байланысты жүйесіз жүргізеді.

              Коммерциялық банктер Орталық банкке пайыз мөлшерлемесі есептелмейтін салым ретінде ақшаны сақтайды. Бұл депозиттегі ақшаларының белгілі бір бөлігі, мұны міндетті резервтер деп атайды.

  Ақша нарығындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуде, банктерге берілетін несие көлемін реттеуде және олардың міндеттемелері бойынша төлемсіздікті төмендетуде, сол сияқты банктің салым иелері мен акционерлерінің мүдделері қорғау мақсатында Ұлттық банк ең төменгі резервтік талаптар механизмін қолданады.

              Ақша-несие саясатының бұл құралы 1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген «ҚР коммерциялық, кооперативтік және жеке банктердің қызметін реттеу туралы» нұсқауға сәйкес міндетті резерв нормативі 18-20 % мөлшерінде бекітілген болатын. Қазіргі уақытта ол төмендеп, 10,5 %  құрайды. Банктер резервтерінің артық болуы яғни Ұлттық банктегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттардың өсуіне байланысты резервтік талаптар шамасын төмендетіп қана қоймай, сол сияқты резервтеудің баламалы тәртібіне өтуге, яғни бұл банктердің нормативтерін орындау барысында корреспонденттік шоттағы қаражаттар сомасын ең төменгі резервтер мөлшерінен төмен болмауын сақтап отыруға тиістілігін білдіреді.

              Әлемдегі тәжірибеде міндетті резервтердің  өте жоғары деңгейде болуы, банк жүйесінің қаржы делдалы ретіндегі тиімділігін нашарлатып, ал ең төменгі резервтер нормасының артуы несиелік ресурстардың экономикаға құйылуына тосқауыл болатындығын көрсетеді.

              АҚШ пен Германияда міндетті резервтік нормалар біршама жоғары деңгейде бекітілген. АҚШ-та міндетті резервтер банктер санатына, депозиттердің шамасы мен түрлеріне байланысты болып келеді. Міндетті резервтер федералдық резервтік банктердің пайызсыз депозиттік шоттарында сақталады және резервтердің артық мөлшері федералды резервтік банктердің АҚШ ақша нарығында маңызды үрдістерге байланысты операциялардың басты бір көзін құрайды. Заңмен бекітілген резервтер коммерциялық банктердің несиелеу қабілеті әсер ететін федералды резервтік банктік жүйенің басқару кеңесінің басты құралы болып табылады. Резервтердің басты мақсаты банк несиесінің артықшылығынан немесе жеткіліксіздігінен тұрады. Дәл осылай жанама жолмен коммерциялық банктердің несиесіне жасалатын бақылау құралы және экономиканы тұрақтандыру барысында бұл резервтер салым иелерінің мүдделерін қорғау құралы болып табылады.

Информация о работе Ақша несие саясаты