Ақша несие саясаты

Автор: e*****************@mail.ru, 28 Ноября 2011 в 14:48, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы таяу болашақта әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 мемлекеттің қатарынан орын алуды мақсат етіп отырғаны белгілі. Ал осы межеге жету едәуір дәрежеде ақша-несие саясатының тұрақтылығына байланысты.
Еліміздегі ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган ретінде Қазақстан Ұлттық банкісінің алдына Елбасымыз өз жолдауында келесі міндеттерді қояды:

Содержание

КІРІСПЕ …………………………………………………………………………..5
1 АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ..................7
1.1 Ақша-несие саясатының мәні және стратегиялық мақсаты .....................7
1.2 Ақша-несие саясатының құралдары мен әдістері....................................10
1.3 Ұлттық Банктің ақша-несие саясатының негізгі бағыттары...................14
2 ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫН ТАЛДАУ
2.2 Мемлекеттің ақша-несие саясатын жүргізуді талдау...............................37
2.3 Ақша-несие саясатын құралдары мен операцияларын талдау................44
3 МЕМЛЕКЕТТІҢ ЭКОНОМИКАСЫН РЕТТЕУДЕГІ АҚША-НЕСИЕ
САЯСАТЫНЫҢ ПЕРСПЕКТИВТІ БАҒЫТТАРЫ ........................................49
3.1 ҚР Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының негізгі даму бағыттары.......................................................................................................….. 49 3.2 2007-2009 жылдарға арналған Қазақстанның ақша-несие саясатының даму стратегиясы........................................……………………………………..58
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................70
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................…..................73

Работа содержит 1 файл

АҚША-НЕСИЕ САЯСАТ.doc

— 260.00 Кб (Скачать)

МАЗМҰНЫ 

КІРІСПЕ …………………………………………………………………………..5

1 АҚША-НЕСИЕ  САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ..................7

   1.1 Ақша-несие саясатының мәні  және стратегиялық мақсаты .....................7

   1.2 Ақша-несие саясатының құралдары  мен әдістері....................................10

    1.3 Ұлттық Банктің ақша-несие саясатының  негізгі бағыттары...................14 

2 ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫН ТАЛДАУ

   2.2 Мемлекеттің ақша-несие саясатын жүргізуді талдау...............................37

   2.3 Ақша-несие саясатын құралдары мен операцияларын талдау................44 

3 МЕМЛЕКЕТТІҢ ЭКОНОМИКАСЫН РЕТТЕУДЕГІ АҚША-НЕСИЕ

   САЯСАТЫНЫҢ ПЕРСПЕКТИВТІ БАҒЫТТАРЫ  ........................................49

   3.1 ҚР Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының негізгі даму бағыттары.......................................................................................................….. 49                                                                     3.2 2007-2009 жылдарға арналған Қазақстанның ақша-несие саясатының даму стратегиясы........................................……………………………………..58 

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................70

ҚОЛДАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................…..................73   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

КІРІСПЕ 

    Қазақстан  Республикасы  таяу  болашақта  әлемдегі  бәсекеге  барынша  қабілетті  50  мемлекеттің  қатарынан  орын  алуды  мақсат  етіп  отырғаны  белгілі.  Ал осы  межеге  жету  едәуір  дәрежеде  ақша-несие  саясатының  тұрақтылығына  байланысты.

    Еліміздегі  ақша-несие  саясатын  анықтайтын  және  жүзеге  асыратын  орган  ретінде  Қазақстан  Ұлттық банкісінің алдына Елбасымыз өз  жолдауында  келесі  міндеттерді  қояды:

  • инфляция  қарқынының  бәсеңдету  және  инфляцияның  өсуінің  теріс  салдарларын  азайту  үшін  нақты  айырбас  бағамының  тиісті  икемділігін  қолдауға  және  сонымен  бірге  экономикалық  өсуді  ынталандыру;
  • ең  төменгі  резервтік  талаптарды  есептеу  әдістемесін  жетілдіру.

    Ақша-несие  саясатының мақсаты - елдегі  қаржы  нарығының  тұрақтылығын  сақтауға,  сақтандыру  нарығының,  бағалы  қағаздар  нарығының  әрі  қарай  дамуына  және  банк  жүйесінің  нығая  түсуіне,  экономикалық  нақты  секторды  банктердің  несиелеуінің  әрі  қарай өсіру үшін  жағдай  жасауға,  сондай-ақ  жинақтаушы  зейнетақы қорларының  жетілдірілуіне  мүмкіндік туғызады және ұлттық валюта тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.

    Ақша-несие  реттеудің негізгі объектісі  – жалпы төлемқабілетті сұраныстың әртүрлі компонеттерінің өзгеру динамикасына әсер ететін, экономикадағы  жалпы ақшалай және ақшалай емес ақша массасы болып табылады.

    Өз  мәніндегі  ақша-несие  саясатын  жүргізу  ғана  Ұлттық  банкке  және  оның  жүргізіп  отырған ақша-несие саясатына деген нарық қатысушыларының және  жалпы халықтың  сенімін қамтамасыз  ететін  болады.

      Дипломдық жұмыстың мақсаты ақша-несие саясатының теориялық аспектіде толық ашу, Ұлттық Банктің ақша-несие саясатын және ҚР екінші денгейдегі банктің қазіргі жағдайын талдау, мемлекеттің экономикасын реттеудегі ақша-несие саясатының перспективті бағыттарын көрсету.

    Қойылған  мақсаттарға жету үшін төмендегі  міндеттерді орындау қажет:

       - ақша-несие саясатының мәнін және стратегиялық мақсатын қарастыру;

       - ақша-несие саясатының құралдары  мен әдістерін көрсету;

        - Ұлттық Банктің ақша-несие саясатының  негізгі бағыттарын ашу;

       - ақша-несие саясатын құралдары мен операцияларын талдау;

       - ҚР Ұлттық Банкінің ақша-несие  саясатының негізгі бағыттарын  ашу; 

        - 2007-2009 жылдарға арналған Қазақстанның  ақша-несие саясатының даму стратегиясын  баға беру.

    Дипломдық жұмысты жазудың әдістемелік  негізі ретінде оқулықтар, отандық және шетел экономист-ғалымдардың ғылыми жұмыстары. 

    1 АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

   1.1 Ақша-несие саясатының  мәні және стратегиялық  мақсаты 

   Ақша-несие  саясаты – бұл  айналыстағы  ақша  жиынын,  несие  көлемін,  сыйақы  мөлшерлемесін  өзгертуге,  жалпы банк  жүйесінің қызметін  реттеуге  бағытталған шаралар жиынтығы.  Ақша-несие саясатының  саясатының  макроэкономикалық деңгейдегі  субъектісі – Ұлттық  банк  болып табылады.  Ал  ақша-несие саясатының  Ұлттық  банк  тарапынан реттеу  объектілеріне  экономикадағы  қолма-қол  және  қолма-қол  ақшасыз  жиынтығы  жатады. [1] 

    Нарық  жағдайында  банк  жүйесі  екі  деңгейде  болады:  Орталық  банк  (эмиссиялық)  және  коммерциялық  (депозиттік)  банк.  Коммерциялық  банктердің  негізгі  функциясы  несие  беру  және  салымдарды  өсіру.  Осындай  шаруалардың  нәтижесінде  коммерциялық  банктер  ақша  ұсынысын  кеңейтеді.  Банк  жүйесі  құнды  қағаздарды  алып-сатумен  айналысады.

   Орталық  банк  ұлттық  валютаны  айналымға  шығарады,  мемлекеттің  алтын  резервтерін  сақтайды,  коммерциялық  банктердің  міндетті  резервтерін  сақтайды,  коммерциялық  банктердің  міндетті  резервтері  банктері  арасындағы  шот  айыру  ретінде  пайдаланылады.  Орталық  банк   халықаралық  ақша  нарығында  сатушы  және  сатып  алушы  қызметін  орындайды  және  шет  мемлекеттердің  және  банктерінің  істерін  үйлестіреді.  Барлық  мемлекеттерде  орталық  банк  ақша-несие  саясатын  қалыптастырады  және  жүзеге  асырады,  коммерциялық  банктерінің  іс-әрекетін  қадағалайды және  ұйымдастырады.  Орталық банк  пен коммерциялық  банк  операцияларының және   банктен тыс секторлардың  шешімдері нәтижесінде экономикадағы ақша  ұсынысының  өзгеруіне ықпалын тигезеді.

     Орталық  банк  ақша  ұсынысын  ақша  базасына  және  мультипликаторға  әсер  ету  арқылы  қадағалайды.  Ақша  ұсынысының  нақты  көлемін  коммерциялық  банк  операцияларының  нәтижесінде  несиені  қабылдау  және  беру  арқылы  құрылады.

   Қазақстан  Ұлттық  банкі  мемлекеттік  ақша-несие  саясатын  анықтайтын  және  жүзеге  асыратын  орган  болып  табылады.  Қазақстан  Ұлттық  банкі  ақша-несие  саясатының  басты  мақсаты:  ұлттық  валютаның  тұрақтылығын,  яғни  оның  төлемқабілеттілігі  мен  басқа  шетел  валюталарына  қатысты  тұрақтылығын  қамтамасыз  етуді  көздейді. 

    Ақырғы  мақсат:

    - экономикалық  өсу;

    - толық  жұмысбастылық;

    - бағаны  тұрақтандыру;

    - төлем  балансын  тұрақтандыру.

    Аралық  мақсат:

    - ақша жиыны;

    - пайыз  мөлшерлемесі;

    - айырбас  курсы. [1] 

   Ұлттық  банк  ақша-несие  саясатының  мақсаттарын  жүзеге  асырады:

   1. Ақша  жиынын  белгілі  бір   деңгейде  ұстап  тұру  (қатаң   монетарлық  саясаты).

   2. Немесе  пайыз  мөлшерлемесін   ұстап тұру  (икемді  монетарлық  саясат).

   Шаруашылық  жағдаятына  байланысты  ақша-несие  саясатының  екі  типі  болады:

   1. Рекстрикциялық  ақша-несие  саясаты.

   2. Экспанциялық  ақша-несие  саясаты.

   Рестрициялық  ақша-несие  саясатыекінші  деңгейлі  банктердің  несиелік  операциялар  көлемін  шектеуге  және  қатаң  шарт  белгілеуге,  сондай-ақ  сыйақы  мөлшерлемесінің  деңгейін  арттыруға  бағытталған  шаралар  жиынтығы.

    Экспанциялық  ақша-несие  саясатынесие  беру  көлемін  кеңейтумен,  айналымдағы  ақша  жиынының  өсуіне  бақылаудың  әлсіздігімен  және  сыйақы  мөлшерлемесінің  төмендеуіне  байланысты  сипатталады.  Соңғы жылдардағы  ақша-несие саясатының  басты көздеген  бағыты:  инфляцияны  төмендету және  теңгенің  тұрақтылығын  қамтамасыз  ету.

    Ақша-несие  саясатының  стратегиялық  мақсаттары болып - ақша-несие саясаты саласында  инфляциялық үрдістерді реттеу тиімділігін, бағамдық саясаттың икемділігін арттыру, валюталық реттеуді сатылап ырықтандыру міндеттері алға қойылмақшы.

    Валюталық  реттеудің  мақсаты – тұрақты  экономикалық  өсуге  қол  жеткізу  және  экономикалық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету жөніндегі мемелекет саясатына жәрдемдесу. Валюталық ретеудің  міндеттері  мынадай:

    1. Республикада  валюталық  құндылықтардың  айналысының  тәртібін  белгілеу.

    2. Қазақстанның  дүниежүзілік  экономикаға   одан  әрі  кіруі  үшін  жағдайлар  жасау.

    3.Валюталық   операциялар  мен  капитал   легі  жөнідегі  ақпараттық  базаны  қамтамасыз  ету.

    Қазақстан  Республикада  валюталық  реттеудің  негізгі  органы  Ұлттық  банк  болып  табылады.

    Валюталық  бақылауды  Ұлттық  банк  заңмен  белгіленген  заңдар  шегінде  өзге  де  мемлекеттік  органдар  (валюталық  бақылау  органдары)  және  валюталық  бақылау  агенттері  жүзеге  асырады.

    Валюталық  бақылаудың  мақсаты  экспорттық  түсімнің  толық  және  уақтылы  түсуін,  сондай-ақ  шетел  валютасымен  және  теңгемен  қаражатты  импорт  мақсатына  пайдаланудың  заңдылығы  және  негізділігін  қамтамасыз  ету  болып  табылады.

    Валюталық  бақылаудың  негізгі  бағыттары:

    -жүргізілетін  экспорт-импорт  валюта  операцияларының   заңға  сәйкес  келуін  және  қажет  болған  жағдайда  Ұлттық  банктің  тиісті  лицензиялары  немесе  тіркеу  куәліктерінің  болуын  анықтау;

    - төлемдердің  негізділігін  тексеру;

    - экспорт-импорттық  валюта  операциялары  жөніндегі  есептің  толық   және  дұрыс  болуын  тексеру.

    Инфляциямен  күрес – ақша-несие  саясатының  басты  мақсаты.  Біз  өзіміздің  шетелдік  әріптестеріміздің  бұған  дейінгі  байқап  көрілген  ұсыныстары  мен  кеңестеріне  арқа  сүйей  отырып,  валюта  саясатын  басқарылатын  ырықтандыру  есебімен  инфляция  өсуінің  келеңсіз  салдарын  барынша  төмендету  мақсатында  нақты  айырбас  бағамының  қажетті икемділігінің  қамтамасыз  етуге  тиіспіз.

    Елбасының  Қазақстан  халқына  арнаған  жыл  сайынғы  жолдауында  Ұлттық  банктің  алдына:

    - инфляция  қарқынын  бәсеңдету   және  инфляциялық  өсудің  теріс  салдарын  азайту  үшін  нақты  айырбас  бағамының  тиісті  икемділігін  қолдауға  және  сонымен  бірге  экономикалық  өсуді  ынталандыруға;

    - ең  төменгі  резервтік  талаптарды  есептеу  әдістемесін  жетілдіруге;

    - компаниялардың  жарғылық  капиталындағы  үлесті  шамалы  инвесторлардың,  акционерлердің  және  құрылтайшылардың  құқықтарын  қорғауға  бағытталған  заң  жобасын  әзірлеуге;

    - мемлекеттік  және  жалпы   сыртқы  борышты  басқарудың  тиімді  жүйесін  құруға  бағытталған   міндеттер  қойылды. [3]   

    1.2 Ақша-несие  саясатының  құралдары мен  әдістері 

    Ақша-несие  саясатының  құралдарын  төмендегідей  топтастыруға  болады:

    - несие  берудің  лимиті,  пайыз  мөлшерлемесін  тікелей   реттеу;

    - ең  төменгі  міндетті  резервтер   нормасының  өзгеруі;

    - есептеу  мөлшерлемесінің   өзгерісі;

    - ашық  нарықтағы  операциялар.

    Тікелей несие  берудің  лимиті,  пайыз  мөлшерлемесін  тікелей  реттеу және  жанама ең  төменгі  міндетті  резервтер  нормасының  өзгеруі - есептеу  мөлшерлемесінің  өзгерісі, ашық  нарықтағы операциялар құралдарының  арасында айырмашылықтар  бар.  Жанама  құралдары тиімді  пайдалану ақша  нарығының дамуымен  тығыз байланысты.  Нарықтық  экономикада әсіресе алғашқы өзгерістер  кезеңінде,  тікелей және  жанама  құралдар  пайдаланылады,  соңғылары  алғашқыларын  ығыстырады.

Информация о работе Ақша несие саясаты