Ақша несие саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 13:27, курсовая работа

Описание работы

Ақша және несие теориясы бір орталықтан жоспарлау жүйесінен – нарықтық қатынастарға өту кезеңіндегі ақша айналымы және несиелеуді ұйымдастыру тәжірибелерімен тығыз байланысты. Ақша және несиенің өзіндік ерекше белгілерін, олардың қоғам мен экономиканы қайта құрудағы ролі мен қызметін, сондай-ақ басқа да экономикалық категориялармен өзара әрекетін атнып білудің өзі қаржы-несие мекемелерінің ақша-несие саясаттарының ғылыми негізін анықтайды.

Содержание

КІРІСПЕ.........................................................................................................1
I. АҚША САЯСАТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
1.1. Ақша саясаты туралы түсінік, оның даму кезеңдері.............................4
1.2. Ақша жүйесі, оның элементтері және типтері......................................8
II. НЕСИЕ САЯСАТЫ ЖӘНЕ НЕСИЕ МЕХАНИЗМІ
2.1. Несие саясаты, оның элементтері..........................................................12
2.2. Несие механизмінің мазмұны.................................................................19
2.3. Несиелеуді ұйымдастыру принциптері.................................................20
2.4. Несиелеу әдістері.....................................................................................22
III. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫ
3.1. ҚР-ның ақша-несие саясатының қалыптасу негізі, мақсаты мен тапсырмалары......................................................................................................24
3.2. ҚР-да ақша-несие жүйесінің қызметі мен оны жетілдірудегі Ұлттық Банкінің ролі........................................................................................................27
3.3. Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша – несие саясаты…………………..30
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................36

ҚОЛДАНЫЛҒАНӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................39

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі.docx

— 75.29 Кб (Скачать)

 

      ЖОСПАР

      КІРІСПЕ.........................................................................................................1

 I.  АҚША САЯСАТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ

     1.1. Ақша саясаты туралы түсінік, оның даму кезеңдері.............................4

    1.2. Ақша жүйесі, оның элементтері және типтері......................................8

II.  НЕСИЕ САЯСАТЫ ЖӘНЕ НЕСИЕ МЕХАНИЗМІ

    2.1. Несие саясаты, оның элементтері..........................................................12

    2.2. Несие механизмінің мазмұны.................................................................19

    2.3. Несиелеуді ұйымдастыру принциптері.................................................20

    2.4. Несиелеу әдістері.....................................................................................22

III. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫ

     3.1. ҚР-ның ақша-несие саясатының қалыптасу негізі, мақсаты мен тапсырмалары......................................................................................................24

     3.2. ҚР-да ақша-несие жүйесінің қызметі мен оны жетілдірудегі Ұлттық Банкінің ролі........................................................................................................27

     3.3. Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша – несие саясаты…………………..30

ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................36

 

ҚОЛДАНЫЛҒАНӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................39

    

    

 

     

 

КІРІСПЕ

     Ақша–несие  сясаты ақша, несие және банктердің  атқаратын қызметтеріне байланысты  туындайтын ақша қатынастардың ерекше жүйесін зерттейді.

     Курстық жұмыста  ақша-несие саясатының ерекшеліктері  және келесідей сұрақтар қарастырылған:

    ақша саясат  туралы түсінік, оның даму кезеңдері;

    ақша жүйесі, оның  элементтері және негізгі типтері;

    несие саясаты,  оның эелементтері;

    несие механизмінің  дамуы;

    несиелеуді ұйымдастыру  принциптері;

    несиелеу әдістері;

    ҚР-ның ақша-несие саясатының қалыптасу негізі, мақсаты мен тапсырмалары;

    ҚР-да ақша–несие  жүйесінің қызметі мен оны  жетілдірудегі Ұлттық Банкінің ролі.

     Ақша  және  несие теориясы бір орталықтан  жоспарлау жүйесінен – нарықтық  қатынастарға өту кезеңіндегі  ақша айналымы және несиелеуді  ұйымдастыру тәжірибелерімен тығыз  байланысты. Ақша және несиенің  өзіндік ерекше белгілерін, олардың  қоғам мен экономиканы қайта  құрудағы ролі мен қызметін, сондай-ақ  басқа да экономикалық категориялармен  өзара әрекетін атнып білудің  өзі қаржы-несие мекемелерінің  ақша-несие саясаттарының ғылыми негізін анықтайды.

     Ақша  ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір  шарт және өнім болып табылады. Тауар  — бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат) оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер (еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе коғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның коғамға қажеті шамалы. Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну кұнның алу кұралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша.

     Ақша-несие   саясаты мемлекетті реттеу саясатының  бір бағыты болып табылады. Соның ішінде төлем балансын іске асырудағы маңыздылығын баса айтып өткен жөн. Ақша-несие саясаты – нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Ақша – несие саясаты Қазақстан Республикасында ҚР Ұлттық Банкімен елдің банктік пайыздыі ставкаларын, валюта курсын, төлем қабілеттілігін анықтау жолымен іске асады. Сонымен қатар ақша массасы көлемінің кеңеюіне немесе оның қысқаруына бағытталуы мүмкін.(3)

     Төлем айналымы  және оның біздің елдегі қалыптасуы  мен жұмыс жасау қарқыны ақша-несие  саясатының негізгі мақсатының  бірі, мұнымен қоса инфляциялық тежелуді қамтамасыз ету және қаржы нарығының тұрақтылығын қадағалау қызметтері де жүктеледі. Айырбас бағамының икемділігін сақтап тұру өз алдына үлен жауаптылық. Бұл мақсаттарды бір мезгілде шешу қиындық тудырады. Себебі экономикалық өсу үшін несиелік экспансия, ал инфляцияны тежеу үшін, керісінше, несиелік рестрикция, яғни ақша массасының жалпы шектеулілігі қажет. Сондықтан да ақша-несие саясаты тұрақты бюджет, төлем балансы және салық саясатымен байланысты келеді.

     Ақша-несие   саясаты бүгінгі таңда несиелеуге  болатын экономика секторын дұрыс   таңдай білу, сондай-ақ несие беру, төлем  балансы сұрақтарын  шешу банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа факторлар мен қарыз алушының таңдаудағы біліктілігіне негізделеді.

     Қазақстан  Республикасының Ұлттық банкі  өзі жүргізетін операциялар бойынша  ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін,  сол сияқты басқа да мүдделендіру мөлшерін белгілейді. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді. ҚҰБ мүдделеңдіру мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік ақша-несие саясаты жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделендіру мөлшерлемесіне әрекет ету үшін пайдаланады.

     Қазақстан  Республикасының Ұлттық банкі  пайыз саясатының басты мақсаты  — айналыстағы теңге деңгейін  көтере отырып, несиеге деген  сұранысты азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесі, шын мәнісінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде шығынның көлемін құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгілі бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол жеткізуге тиіс.

     Мемлекеттің ақша – несие саясатында пайыздық саясатының қажеттілігінің мәні, мазмұны ашылды. Ақша-несие саясаты — бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы болып табылады. Сонымен қатар, ақша – несие саясатының субъектілері анықталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I. АҚША САЯСАТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ

1.1. Ақша саясат туралы түсінік, оның даму кезеңдері

     Әрбір мемлекеттің өзіне тән ұлттық ақша саясаты болады.

     Ақша  саясаты  – ол тарихи қалыптасқан және  мемлекеттің ұлттық заңдарымен  бекітілген біртұтас ақша айналымы. Алғашқы ақша саясаты 16-17 ғғ. Капиталистік өндіріс әдісі қалыптаса бастағанда пайда болды. Бірақ оның кейбір жекелеген элементтері одан да бұрын айналымда жүре бастаған. Капиталистік өндірістің және тауар – ақша айналысының қарқынды дамуы ақша саясатына өзгеріс енгізді.(4)

     Ақша  саясатының  типі: ақша – ерекше тауар   ретінде жүруіндегі яғни жалпыға ортақ эквивалент болуына немесе ақша – құн өлшемі қызметін атқаруына байланысты қалыптасады. Сондықтан әлем тарихында ақша саясатының төмендегідей элементтері кездеседі:

– металл ақша айналысы, бұл  жерде ақша тауары, яғни толық құнды  ақша айналыста жүреді және ол ақшаның барлық қызметтерін орындайды. Ал несие ақшалары металға айырбасталады.

– несие ақшалары және қағаз ақша айналысы. Бұл жерде атына сай, айналыстан толық құнды ақша, яғни алтын біржолата ығыстырылып, айналыста тек ақша белгілері жүреді.

     Әрбір мемлекетте жалпыға ортақ құн эквиваленті ретінде қабылданған металға байланысты металл ақша жүйесі: биметаллизм және монометаллизм болып бөлінеді.

     Алғашқы капитал  жинау кезінде биметаллизм   ақша жүйесі пайда болып, одан  әрі  дамыды. Онда ақша айналысын толық құнды ақшалар қамтамасыз етті.

     Биметаллизм  – ол мемлекет заңды түрде  жалпыға  ортақ эквивалент  ролін алтын мен күміске бекіткен  ақша жүйесі. Алтын және күміс  монеталар кең көлемде соғылып,  еркін айналысқа түсті, биметаллизмнің үш түрі болды:

– параллельді валюта жүйесі, алтын және күміс монеталар арасындағы қатынас металдың нарықтық бағасына сәйкес стихиялы түрде бекітілді;

– қосарлы валюта жүйесі, бұл қатынасты мемлекет анықтады;

– «ақсақ» валюта жүйесі, күміс монеталар алтын белгісі болып қалыптасты.

     Ақша  ретінде  екі металдың қолданылуы жалпыға  ортақ эквивалент табиғатына  қарама–қайшы болды. Алтын мен күміс арасындағы шекті қатынасты белгілеуде қиындықтар туды. Қосарлы ақша жүйесін мемлекетаралық реттеу нәтижесіз болды. Күмістің құнсыздануы нәтижесінде алтын монеталар айналыстан қазынаға кете бастады.

     Монометаллизм  – жалпыға эквивалент ролін  бір ғана металл (не алтын, не күміс) атқаратын ақша жүйесі. Алтын монометтализмі алғаш рет Ұлыбританияда 1816 ж., Германияда – 1871-1873 жж., Францияда – 1876-1878жж., Ресей мен Жапонияда 1897 ж., АҚШ-та – 1900 ж. белгіленді. Күміс монометаллизм Ресейде 1834-1852 жж., Үндістанда 1852-1893 жж., Нидерландфыда 1847-1875 жж. қолданылды.

     Құн белгілерін  алтынға айырбастау сипатына байланысты алтын монометаллизмі үш түрге бөлінді:

– алтын монета стандарты, оған алтын монетасының айналысы, алтынның ақша қызметін атқаруы, құн белгілерінің еркін алтын монеталарға өсу құны бойынша айырбасталуы және т.б. тән.

– алтын құйма стандарты  – Ұлыбритания мен Францияда  енгізілді. Мұнд банкноталар заңмен бекітілген сомманы (Ұлыбританияда–1700 фунт стерлинг, Францияда 215 франктың құны 12 кг. массасындағы стандарт құймасының бағасына сәйкес келеді) ұсынған жағдайда алтын құймаларына айырбасталды.

– алтын девиз стандарты  – Германияда, Австралияда, Данияда, Норвегияда және басқа елдерде бекітілген. Бұл банкноталардың алтынға, шетел валютасына (девизіне) айырбасталатынын білдіреді. Сөйтіп, бұл стандарт бір елдің валюталы басқа елдің валютасына тәуелділігін көрсетті.

     1929-1933 жж. дүниежүзілік  экономикалық дағдарыстың  нәтижесінде  алтын монометаллизмнің  барлық  формалары жойылды. Алтынға айырбасталмайтын несиелік ақшалардың жүйесі бекітілді. Банкнотаның алтынмен қамтамасыз етілуі және оны алтынға айырбастау капиталистік елдердің барлығында тоқтатылды. Сөйтіп, 1972 ж. шетел орталық банктері үшін АҚШ долларын алтынға айырбастау да тоқталды. Ақша эмиссиясын қамтамасыз етуінің негізі мемлекеттің бағалы қағаздары болды.

     Алтын айналысынан  айырбасталмайтын несиелік ақшалар жүйесі, ақша бірлігі құндарының қалыптасу механизміне қарай айырбасталды. Несиелік ақшалардың номиналдық құны оның нақты құнынан біршам асап тұрады. Эмиссиялық жүйені реттеу ашық нарықтағы операциялар, міндетті резервтер нормасы, пайыз мөлшерлемесі, ақша-несиенің басқа да әдістері арқылы, қаржы және валюта саясатының көмегімен жүзеге асырылады.

     Айырбасталмайтын  несиелік ақшаларға өту ақша  жүйесінің іргетастық қағидаларының,  яғни ақша айналымының объективтік  қажеттілігінен артық айналысқа  ақша шығаруды шектеу қағидаларының бұзылуына әкеліп соқты.

Шаруашылық  механизмінің құрамдас бөлігі ретіндегі  ақша жүйесі қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі сәйкесіздіктерге жауап қайырады. Кез келген сәйкессіздіктер ақша жүйесінің тұрақсыздығына, ақырында ақшаның құнсыздығына, инфляцияға әкеп тірейді.

     Соңғы жылдары  экономиканы комплексті реформалау  арқасында Қазақстанның қаржы  секторы ТМД елдерінің қаржы  жүйесінің ішіндегі жоғары дамыған  және ашық болып табылады. Қазіргі  кезде қаржы секторын дамыту  концепциясы жүзеге асырылып  келеді.Оның мақсаты әлемдік,  сонымен қатар ЕС стандарттарын  енгізу.Сонымен қатар тәелсіз және тиімді қаржылық қадағалау жүйесі жүзеге асырылуда, ТМД елдерінің арасында жалғыз Орталық Банк жасалған.Оның жұмысы Орталық Банктің классикалық қызметтеріне бағытталған.

Орталық Банктің негізгі  мақсаты баға тұрақтылығын қамтамасыз ету.Оған жету үшін Орталық Банк келесі мәселелерді  шешеді: мемлекеттің ақша-несие саясатын дайындау және жүргізу, валюталық реттеу мен бақылау жасау, төлем жүйесінің жұмысын жасауын қамтамасыз ету, тұрақты қаржы жүйесін қамтамасыз етуге жағдай жасау.

     Орталық Банктің  негізгі мақсатарының ішінде  ақша-несие саясатын халықаралық  стандартарға жақындату қарастырылған,  бұл үшін Орталық Банк нарықтық  пайыз мөлшерлемесін қадағалап  отырады.Ақша-несие саясатының операциялық негізді жетілдіру жұмыстары және ақша-несие саясатының тәсілдері мен құралдарын оптималдау, трансмиссиондық механизм моделін құрастыру және инфляциялық таргеттау принципіне өтуге дайындақты жалғастырады.

     Келер жылдары  экономика қызып кету қаупі , мемлекеттік бюджет шығындарының өсуі ақша-несие саясатының қатандауына  әкелуі мүмкін.

     Ақша-несие   саясатының бсқа негізгі мақсаты капитал қозғалысымен байланысты тәуекелді реттеуді жаңадан қарауы мен 2007ж 1 қаңтарынан бастап валюталық режимнің толық либерализациясына жету болып келеді.

     Валюталық  режимін либерализациясын реттеудің   негізгі мақсаты 2007ж бастап  валюталық операцияларды жүргізуге  шек қою мен ұлттық валютаның  толық конвертациялану принципіне  көшу үшін жағдай жасау.Бұл үшін келесі жұмыстарды жасау қажет. Біріншіден, валюталық операцияларды жүргізу барысында тәуекелді хеджирлау құралдарын қолдану үшін жағдай жасау. Екіншіден, ақша-несие саясатының мақсаттары мен сыртқы шоктарды реттеу үшін шетел валютасына сұраныс пен ұсынысты реттеу құралдарын жақсарту. Үшіншіден, реттеудің халықаралық принцптері мен қаржылық мекемелердің валюталық операцияларын қадағалауды қамтамасыз ету.

Информация о работе Ақша несие саясаты