Ақша несие саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 21:42, курсовая работа

Описание работы

Менің бұл курстық жұмысты жазудағы негізгі мақсатым мен міндеттерімді келесідей топтастыруыма болады:
• Ақша-несие саясаты туралы жалпы түсінік қалыптастыру
• Ақша-несие саясатының негізгі құралдарын қарастыру
• Экономиканы реттеудегі ақша-несие саясатының рөлін анықтау
• Ақша нарығындағы операцияларды талдау
• Қазақстандағы ұлттық ақша-несие саясатының қазіргі жағдайына талдау жасау және даму деңгейін бағалау

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................................3
1 ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДЕГІ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.........................................................................................5
1.1. Ақша-несие саясатының экономикалық мәні және негізгі құралдары..............................................................................................................5
1.2. Ақша нарығындағы операциялар.............................................................11
2. ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДЕГІ ЖҮРГІЗЕТІН САЯСАТТАРЫ МЕН ҚОЛДАНАТЫН ШАРАЛАРЫ.........................................15
2.1. Ұлттық банктің ақша- несие саясатының экономиканы реттеудегі маңызы мен құралдары ......................................................................................15
2.2 Ұлттық банктің инфляцияны реттейтін ақша- несие саясатының маңызы, қызмет ету механизмі және динамикасы..........................................23
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................35
ҚОСЫМША..............................................................................................................36

Работа содержит 1 файл

Ақша несие саясаты курсовой.doc

— 889.50 Кб (Скачать)


25

 

                                                                      ЖОСПАР

 

КІРІСПЕ......................................................................................................................3

 

 

1 ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДЕГІ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ 

ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.........................................................................................5

 

1.1.       Ақша-несие саясатының экономикалық мәні және негізгі құралдары..............................................................................................................5

 

1.2.       Ақша нарығындағы операциялар.............................................................11

 

 

2.      ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДЕГІ ЖҮРГІЗЕТІН САЯСАТТАРЫ МЕН ҚОЛДАНАТЫН ШАРАЛАРЫ.........................................15

 

2.1.     Ұлттық банктің ақша- несие саясатының экономиканы реттеудегі маңызы мен құралдары ......................................................................................15

 

2.2 Ұлттық банктің инфляцияны реттейтін ақша- несие саясатының маңызы, қызмет ету механизмі және динамикасы..........................................23

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................34

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................35

 

 

ҚОСЫМША..............................................................................................................36

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

              Экономиканың дамуы барысындағы әр түрлі пікірталасты мәселелерді шешу макроэкономика ғылымы арқылы жүзеге асырылып отыратыны белгілі. Экономиканың жедел дамуы, өндірілетін өнімнің өсуі, инфляция мен жұмыссыздық кезіндегі төлемнің балансы, айырбас курсы сияқты мәселелердің бәрі осы макроэкономика ғылымындағы зерттелетін жағдайлар. Ал осы экономикалық циклдерді басқару макроэкономикалық саясат – бюджет-салық, қазыналық, ақша-несие, монетарлық саясаттың жүргізілуімен іске асырылып, осы арқылы мемлекет ішкі және сыртқы макроэкономикалық тұрақтылықты орнатып, оны ұстап тұруға жұмыстанады. Осыған байланысты әр мемлекет өз экономикасының оңды дамуы барысында макроэкономикалық саясаттың белгілі бір қатесіз, дұрыс таңдап алынған бағытын басшылыққа ала отырып жүргізуді өзекті мәселелердің бірі ретінде санайды.

              Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін нарықтық экономика аумағында жинақталған ақша-несие саясатының, банк қызметінің даму тәжірибесін дұрыс қолдана білу керек. Ақша-несие саясатының шетелдік банктік технологиялары мен әдістерін көзсіз көшіре беру ең алдымен экономикалық жағдайлардың салыстыруға келмейтіндігімен мүмкін болмай отыр.

              Қазақстанның ақша-несие саясатының дамуы әрине ұлттық валютамыз – теңгенің қолданысқа енгізілуімен тікелей байланысты. Қазақстан Республикасының Президенті 1995 жылдың 15 ақпанында Қазақстанда банк жүйесін реформалау бағдарламасының Қаулысын бекітті. Ол реформа ақша-несиелік реттеудің әдістері мен құралдарын дамытты. Міне, осы кезден бастап елімізде теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету, инфляцияны төмендету, айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгерту, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеу мақсатында ақша-несие саясаты жүргізілуде.

              Алдымен ақша-несие саясатының не екенін түсіндіре кетсек, ақша-несие саясаты – бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Қазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады.

Экономикаға ықпал ету мақсатында үкіметтің немесе орталық банктің тарапынан банктік мөлшерлемелердің немесе ақша массасын бақылаудың қолданылуы. Ақша-несие саясатының мақсаты өндірістің өсуінің қалаулы деңгейіне немесе қалаулы өсу қарқынына, бағалар деңгейіне, валюта бағамына немесе төлем балансының ахуалына жету болып табылады. Ақша-несие саясатының әдістері орталық банк алатын пайыздық мөлшерлемені белгілеу, ақша массасының қозғалысын бақылау үшін бағалы қағаздарды сату мен сатып алу және банктер мен басқа қаржы институттарына арналған міндетті сақтық қаражатының нормаларын өзгерту болып табылады. Орталық банк коммерциялық банктердің пайыздық мөлшерлемелеріне ашық нарықтағы операциялардың нәтижесінде ықпал ете алады – солардың көмегімен банктерде Орталық банктің өзінің меншікті несиелік мөлшерлемесі бойынша қарызға алуға деген ынта пайда болады, сондай-ақ ол Орталық банктің ең кіші несиелік мөлшерлемесінің өзгерістері туралы хабарламалардың әсерінің арқасында ықпал ете алады – нарықтар оларды үкіметтің болжамдары мен мақсаттары туралы мәлімдемелер ретінде қарастырады. Несиелердің шығындарына және оларға қол жеткізу мүмкіндігіне әсер ете отырып, ақша-несие саясаты сол арқылы нақты экономикаға ықпал етеді де, сол арқылы инфляцияға, капиталдың халықаралық қозғалысына және, демек, валюта бағамына ықпал етеді. Орталық банктің және үкіметтің монетарлық және басқа да экономикалық мәселелер бойынша ресми мәлімдемелері ақша-несие саясатының нақты іс-шараларын күшейту үшін тиімді болуы мүмкін, бірақ олардың орнына жүре алмайды.

         Бүгінгі таңда Қазақстан экономикасы, соның ішінде ақша-несие және қаржы шаруашылығы құрылымдық өзгерістердің қиындықтарын бастан өткізуде. Атап айтқанда, ақша-несие жүйесі реформалануда, ауыр инфляция жағдайында ақша-несие қатынастарының мүлде жаңа, бізге бейтаныс түрі пайда болды, қаржы-несие институттарының, екі буынды банк жүйесінің, нарықтық экономикаға тиісті және әр алуан меншіктің жаңа түрлерінің пайда болуы, мемлекеттік банк құрылымының әкімшіл-әміршіл және жоғары монополияландырылған түрінің пайда алуда коммерциялық табысқа бағытталған кредит мекемесінің жүйесінде жеке және ұжым меншігіне негізделген икемді, динамикалық түрге көшуі жүріп жатыр.

              Қазақстан Республикасында халықтың әлеуметтік-ауқаттылығын қалыптастыру үшін Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» стратегиялық жоспары «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты тақырыппен жасалды және 7 маңызды көрсеткіштер қатарында дұрыс экономикалық саясатты жүзеге асыру маңыздылығын атап көрсеткен.

Менің бұл курстық жұмысты жазудағы негізгі мақсатым мен міндеттерімді келесідей топтастыруыма болады:

            Ақша-несие саясаты туралы жалпы түсінік қалыптастыру

            Ақша-несие саясатының негізгі құралдарын қарастыру

            Экономиканы реттеудегі ақша-несие саясатының рөлін анықтау

            Ақша нарығындағы операцияларды талдау

            Қазақстандағы ұлттық ақша-несие саясатының қазіргі жағдайына талдау жасау және даму деңгейін бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДЕГІ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

1.1 Ақша-несие саясатының экономикалық мәні мен негізгі құралдары

 

              Нарық жағдайында банк жүйесі екі деңгейде болады: Орталық банк (эмиссиялық) және коммерциялық (депозиттік) банк. Коммерциялық банктердің негізгі функциясы несие беру және салымдарды өсіру. Осындай шаралардың нәтижесінде коммерциялық банктер ақша ұсынысын кеңейтеді. Банк жүйесі құнды қағаздарды алып-сатумен айналысады.

              Орталық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады, мемлекеттің алтын резервтерін сақтайды, коммерциялық банктердің міндетті резервтері банктер арасындағы шот айыру ретінде пайдаланылады. Орталық банк халықаралық қаржы нарығында сатушы және сатып алушы қызметін орындайды және шет мемлекеттердің және банктердің істерін үйлестіреді. Барлық мемлекеттерде орталық банк ақша-несие саясатын қалыптастырады және жүзеге асырады, коммерциялық банктердің іс-әрекетін қадағалайды және ұйымдастырады. Орталық банк пен коммерциялық банк операцияларының және банктен тыс секторлардың шешімдері нәтижесінде экономикадағы ақша ұсынысының өзгеруіне ықпалын тигізеді.

              Орталық банк ақша ұсынысын ақша базасына және мультипликаторға әсер ету арқылы қадағалайды. Ақша ұсынысының нақты көлемі коммерциялық банк операцияларының нәтижесінде несиені қабылдау және беру арқылы құрылады.

              Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкі ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлемқабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.

              Ақша-несие саясаты – бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі – Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектілеріне экономикадағы қолма-кол және қолма-қолсыз ақша массасының жиынтығы жатады.

              Шаруашылық конъюктурасының жағдайына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады:

1)     рестрикциялық ақша-несие саясаты

2)     экспанциялық ақша-несие саясаты.

Рестрикциялық ақша-несие саясаты – екінші дәрежелі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.

Экспанциялық ақша-несие саясаты – несие беру көлемін кеңейтумен, айналыстағы ақша массасының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуімен байланысты сипатталады. [1, 214-216б.]

Ақша саясатының құралдарын төмендегідей топтастыруға болады.

Ақырғы мақсат:

              а) экономиканың өсуі

              ә) толық жұмысбастылық

              б) бағаны тұрақтандыру

              в) төлем балансын тұрақтандыру

Аралық мақсат:

              а) ақша жиыны

              б) пайыз мөлшерлемесі

              в) айырбас курсы

Құралдары:

              а) несие берудің лимиті, пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу

              ә) міндетті резервтер нормасының өзгеруі

              б) есептеу мөлшерлемесінің өзгерісі

              в) ашық нарықтағы операциялар

              Тікелей және жанама құралдарының арасында айырмашылықтар бар. Жанама құралдарды тиімді пайдалану ақша нарығының дамуымен тығыз байланысты. Нарықтық экономикада әсіресе алғашқы өзгерістер кезеңінде тікелей және жанама құралдар пайдаланылады, соңғылары алғашқыларын ығыстырады.

              Соңғы мақсаттар жалпы экономикалық саясаттың, сонымен қатар қазыналық, валюталық, сыртқы сауда, құрылымдық және басқа да саясаттарды ескере отырып, ақша-несие саясаты жоғарыда аталған саясаттардың бір бағыты ретінде қарастырылады.

              Аралық мақсаттар нарықтық жағдайда тікелей орталық банктің жанама құралдары арқылы жүзеге асырылады.

              Бұл мақсаттарға жетуде Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргізеді. Нысанаға алатын ақша базасы келесі ақша-несие саясатының негізгі құралдарының көмегімен реттеледі:

-         қайта қаржыландыру мөлшерлемесі, ресми мүдделендіру мөлшерлемесі деңгейін белгілеу;

-   Қазақстан Ұлттық Банкінде жинақталатын ең төменгі міндетті резервтер нормасын белгілеу, оның ішінде сырттан тартылған қаражаттарды мерзіміне, көлеміне және түрлеріне байланысты жіктеу;

-         мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сату бойынша ақша нарығындағы операцияларды жүргізу;

-   банктерге және үкіметке несие беру;

-         валюталық нарықтағы басқыншылық;

-   кейбір жағдайларда несиелік операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулер енгізу;

-   ресми есепке алу (дисконттық) мөлшерлемесі.

Орталық банк жоғарыда аталған құралдары арқылы ақша-несие саясатының мақсаттарын жүзеге асырады: 1) ақша жиынын белгілі бір деңгейде ұстап тұру (қатаң монетарлық саясат); 2) пайыз мөлшерлемесін ұстап тұру (икемді монетарлық саясат).

              Ақша саясатының варианттары ақша нарығының графигінде әр түрлі бейнеленеді. Қатаң саясат ақша жиынын ақшаның ұсыныс қисығының вертикалды жағдайына сәйкес келетін деңгейінде орналастырады. Ал икемді монетарлық саясатта ақшаның ұсыныс қисығы горизонталды түрде болады.

              Ақша-несие саясатының вариантын таңдау көп жағдайда ақшаға сұраныспен байланыста болады. Мысалы, егерде ақшаға сұраныстың өсуі инфляциялық үрдістермен байланысты болса, онда ақша жиынын қалыпты ұстау үшін қатаң саясатты пайдаланған жөн, бұл жағдайда ақша ұсынысын вертикалды түрде бейнелейді.

              Егерде ақша айналымының күтпеген, кездейсоқ өзгерісі нақты айнымалылардың динамикасын сақтап қалса, онда пайыз мөлшерлемесін қалыпты деңгейде ұстап тұратын саясат пайдаланылады. Бұл жағдайда ақша ұсынысы горизонталды болады. Ls қисығының бұрыштық көлбеуіне байланысты ақшаға сұраныстың өзгерісі немесе ақша жиынына (1-сурет), пайыз мөлшерлемесіне (2-сурет) әсер етеді. Орталық банк бір мезгілде ақша жиыны мен пайыз мөлшерлемесін тіркей алмайды. Мысалы, ақшаға сұраныс өскен кезде тұрақты пайыз мөлшерлемесін ұстап тұру үшін банк ақша ұсынысын кеңейтеді, оны сұраныстың өсуіне байланысты пайыз мөлшерлемесін өте тез өсірмеу үшін жасайды (Бұл құбылыс Ld қисығын оңға қозғалтады, тепе-теңдік нүктеде өзгереді). [1, 217-219б.]

Информация о работе Ақша несие саясаты