Ақша несие саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 21:42, курсовая работа

Описание работы

Менің бұл курстық жұмысты жазудағы негізгі мақсатым мен міндеттерімді келесідей топтастыруыма болады:
• Ақша-несие саясаты туралы жалпы түсінік қалыптастыру
• Ақша-несие саясатының негізгі құралдарын қарастыру
• Экономиканы реттеудегі ақша-несие саясатының рөлін анықтау
• Ақша нарығындағы операцияларды талдау
• Қазақстандағы ұлттық ақша-несие саясатының қазіргі жағдайына талдау жасау және даму деңгейін бағалау

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................................3
1 ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДЕГІ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.........................................................................................5
1.1. Ақша-несие саясатының экономикалық мәні және негізгі құралдары..............................................................................................................5
1.2. Ақша нарығындағы операциялар.............................................................11
2. ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДЕГІ ЖҮРГІЗЕТІН САЯСАТТАРЫ МЕН ҚОЛДАНАТЫН ШАРАЛАРЫ.........................................15
2.1. Ұлттық банктің ақша- несие саясатының экономиканы реттеудегі маңызы мен құралдары ......................................................................................15
2.2 Ұлттық банктің инфляцияны реттейтін ақша- несие саясатының маңызы, қызмет ету механизмі және динамикасы..........................................23
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................35
ҚОСЫМША..............................................................................................................36

Работа содержит 1 файл

Ақша несие саясаты курсовой.doc

— 889.50 Кб (Скачать)

Резервтік талаптар. Ақша нарығындағы тепе-теңдiктi қамтамасыз етуде, банктерге берiлетiн несие көлемiн реттеуде және олардың мiндеттемелерi бойынша төлемсiздiктi төмендетуде, сол сияқты банктiң салым иелерi мен акционерлерiнiң мүдделерiн қорғау мақсатында Ұлттық банк ең төменгi резервтiк талаптар механизмiн қолданады.

Резервтiк талаптар, ашық нарықтағы операциялар және пайыз саясатымен қатар коммерциялық банктердi жанама ақшалай-несиелiк реттеудiң негiзгi құралдарының бiрiне жатады. Қазақстан банк жүйесiнiң бүгiнгi даму жағдайында резервтiк коммерциялық банктердiң депозиттерiн сақтандыру қызметiн, екiншi жағынан, экономикадағы ақшалай мультипликация үрдiсiн реттеу қызметтерiн атқарады.

Ақша-несие саясатының бұл құралы 1993 жылы 1 қаңтарда енгiзiлген “ҚР коммерциялық, кооперативтiк және жеке банктердiң қызметiн реттеу туралы” нұсқауға сәйкес, мiндеттi резерв нормативi 18-20% мөлшерiнде бекiтiлген болатын. Қазiргi уақытта ол төмендеп, 10,5%-ды құрайды. Банктер резервтерiнiң артық болуы яғни Ұлттық банктегi корреспонденттiк шоттардағы қаражаттардың өсуiне байланысты резервтiк талаптар шамасын төмендетiп қана қоймай, сол сияқты резервтеудiң баламалы тәртiбiне өтуге, яғни бұл банктердiң нормативтерiн орындау барысында корреспонденттiк шотттағы қаражаттар сомасын ең төменгi резервтер мөлшерiнен төмен болмауын сақтап отыруға тиiстiгiн бiлдiредi. 

Ұлттық банк екiншi деңгейдегi банктер үшiн, олардың нормативтердi орындауына байланысты ең төменгi резервтiк талаптарды орындау барысында банктерге келесiдей екi тәсiлдi қолданады:

1)     мiндеттi резервтеу;

2)     резервтеудiң баламалы тәртiбi.

Орталық банк неғұрлым мiндеттi резервтердiң нормасын жоғары тағайындаған сайын, коммерциялық банктердiң операцияларды жүзеге асыруға пайдаланатын қаражаты аз болады.  Резерв нормасының өсуi ( rr ) банк және ақша экспансия мультипликаторын( MS=1/rrD) төмендетiп, ақша жиынының азаюына алып келедi.(rrReнесие беруM және rrReнесие беруМ). Сонымен Орталық банк мiндеттi резервтер нормасын өзгерте отырып , ақша ұсынысының динамикасына әсер етедi. [8,145б.]

2009 жылғы 1-тоқсанда болған ең төменгі резервтік талаптар нормативтерінің төмендеуі банктердің артық резервтердің елеулі көлемін қалыптастыруына əкелді. 2009 жылғы сəуір-маусымда орташа есеппен резервтік активтер резервтеудің қажетті көлемінен 3,6 есе асып түсті. [9, 6б.]

 

 

9 сурет – Ең төменгі резервтік талаптар нормативінің орындалуы [16]

 

Ашық нарығындағы операциялар – Ұлттық банктiң айналыстағы ақша жиынының көлемiн реттеу мақсатында екiншi реттегi нарықта мемлекеттiң бағалы қағаздарын сату және сатып алумен байланысты операцияларын бiлдiредi.

Бұл бiршама ақша жиынын,  коммерциялық банктердiң өтiмдiлiгi және несиелiк жұмыстарды реттеудiң ыңғайлы әдiстерiнiң бiрi болып табылады. Оның негiзгi мәнi ақша эмиссиясын тоқтату арқылы банктердiң несиенi эмиссиялауын шектеудi бiлдiредi.

Ұлттық банк рыноктағы бағалы қағаздарды сату арқылы оны сатып алушылардың резервтiк шоттарынан тиiстi соманы ұстап қалады. Сөйтiп, банктерге несие берудi және ақша шығаруды ынталандыру мақсатында Ұлттық банк бағалы қағаздарды сатып алады да,  тиiстi соманы банктердiң резервтiк шотына қайта аударады.[8,135б.]

Орталық банк ақша нарығы операцияларын мұқтаждық пайда болуына немесе ақша-несие эмиссиясы көлемiнiң кеңеюiне байланысты жүйесiз жүргiзедi.Ұлттық банк бұл құралды пайдалана отырып, ақша массасын реттей алады:Егер ол МҚО сатып алсаReCuMBM. График түрінде көрсетсек: [8,147б.]

 

P              LRAS

              SRAS

                 В

P   ------------●       

            А                     AD2

P1 ---- ●       

              AD1             

 

            Y1     Y*              Y

10 сурет – Ынталандырушы саясат  [8,147б.]

 

Ұлттық банк МҚО сатсаReCuMBM:

  P        LRAS

 

                          В              SRAS

P1----------------● 

          А

P2---------●              AD1

              AD2

 

          Y*     Y1               Y

11 сурет – Тежеуші  саясаты [8, 148б.]

 

  2009  жылғы 2-тоқсанда  банктердің  тарапынан Ұлттық  Банктің  қысқа  мерзімді ноталарына  сұраныс  өсті.  Алайда  Ұлттық  Банк  бұл  сұранысты  толық  көлемде қанағаттандырған  жоқ.  Бұл  Ұлттық  Банктің  қысқа  мерзімді  мемлекеттік  бағалы қағаздар  нарығына  қатысушыларды  Қаржы  министрлігінің  қазынашылық міндеттемелеріне  қайта  бағыттау  бойынша  бастамасымен  байланысты.  Осыған қарамастан,  Қаржы  министрлігі  Ұлттық  Банктің  бастамасын  қолдаған  жоқ,  осыған байланысты  Қаржы  министрлігінің  орта-  жəне  ұзақ  мерзімді  облигациялары  басым болып қалды. Нəтижесінде, 2009 жылғы сəуір-маусымда қысқа мерзімді ноталар 2009 жылғы 1-тоқсанмен  салыстырғанда 350 млрд.  теңге  сомаға 14,9%-ға  көп  шығарылды,  бұл мемлекеттік  бағалы  қағаздардың  осы  түрлеріне  нарыққа  қатысушылардың  жалпы сұранысының 25,5%-ын құрады. Ноталар 28 күн айналу мерзімдерімен  шығарылды. Орналастырылатын ноталар бойынша орташа  алынған  кірістілік 2009 жылғы 1-тоқсандағы 6,06%-дан 2009 жылғы 2-тоқсанда 5,24%-ға дейін төмендеді. Осы көрсеткіштерді график түрінде көрсетсем: [9 ,7б.]

 

12 сурет –Қысқа мерзімді ноталарды орналастыру көлемі және олар бойынша кірістілік [16]

 

2009  жылғы  маусымның  аяғында  айналыстағы  қысқа  мерзімді  ноталардың көлемі 145,0 млрд.  теңгені құрады,  бұл 2009 жылғы наурыздың  аяғындағы  көлемнен 24,2% -ға аз жəне 2008 жылғы маусымының аяғындағы көлемнен 55,1% аз болды, яғни диаграмма түрінде көрсетсек: [10,5б.]

 

13 сурет – Айналыстағы қысқа мерзімді ноталар [16]

 

Ұлттық банк – коммерциялық банктердi және басқа да қаржылық – несиелiк мекемелердi несиелеу қызметiн атқарады. Шетелде Орталық банктердi “сонғы сатыдағы несие берушi” деп атайды.Бұған байланысты ҰБ қаржылай тұрақты, бірақ уақытша қиындықтарға тап болған коммерциялық банктерге несие береді. Кейбір кезде федералды резервтік жүйе(ФРЖ) ұзақ мерзімді несиелеуді ерекше жағдайларда да жүзеге асырады. Мысалы, ұсақ банктердің ақша құралдарындағы маусымдық қажеттіліктеріне байланысты несиелер береді, сонымен қатар қаржы жағдайы күрделеніп кеткен, әрі өз теңдік балансын ретке келтіруді қажет ететін банктерге берілетін несиелер. Несие бере тұра, ФРЖ коммерциялық банктің резервтерін ұлғайтады және оны ұстап тұру үшін міндетті резервтер керек емес, яғни несие банктің артық резервтерін және оның несие беру қабілеттілігін арттырады. Егер ФРЖ есептік қойылымды төмендетсе, онда банктер ФРЖ-ден қарыз алу арқылы қосымша резервтерді құруға ынталанады. Бұл жағдайда ақша массасы ұлғаюы мүмкін. Керісінше, есептік қойылымның өсуі ақша-несиелік кәсіпорын басқарушыларының ақша ұсынысын шектеуге әкеледі. Бірақ ашық нарықтағы операциялар есептік қойылым саясатынан әлдеқайда тиімдірек болып келеді. [8, 378-379б.]

Инфляциялық таргеттеу тұсындағы ақша-несие саясатының негізгі құралдарының біріне «ашық нарықтағы операция», оның ішінде РЕПО операциясы және вексельдерді қайта есепке алу операциялары жатады. РЕПО операциялары- коммерциялық банктердің ресурстарын ұлғайту мақсатымен банктерден мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алумен қатар оларды белгілі бір мерзімнен кейін алдын ала бекітілген бағамен сату жөніінде орталық банктің өзіне міндеттеме алуы болып табылады.

Айналыстағы ақша массасына ықпал ету мақсатында ҚҰБ айналысқа өзінің қысқа мерзімді ноталарын шығарады. Қысқа мерзімді ноталарда орналастыру ҚҰБ-мен қысқа мерзімді ноталармен операциялар жасау туралы келісімшарт жасаған және нақты ұстаушылар ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқық беретін бағалы қағаздар нарығында, брокерлік және дилерлік қызметті жүргізуге арналған лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының қатысушылары арқылы жүзеге асырылады. ҚҰБ-нің қысқа мерзімді ноталарын орналастыру әдістері 14 суретте берілген. [11,11-12б.]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             

 

 

 

 

 

14 сурет –ҚҰБ-нің қысқа мерзімді ноталарын орналастыру әдісі

Түсініктеме: [11, 11-12б.] мәліметтер бойынша автор құрастырған.

 

              Ақша-несие саясаты салық-бюджет және сыртқы экономикалық саясатпен ылғи да байланыста болады. Егер де Ұлттық банк тұрақты айналым курсын ұстап тұруды көздесе, онда дербес, тәуелсiз iшкi ақша саясаты болуы мүмкiн емес, өйткенi айнымалы курсты ұстау мақсатындағы әрекеттер, валюталық резервтердiң көбеюi және азаюы экономикадағы ақша жиынының өзгеруiне әкеледi. ( Мысалы, валюта сатып алғанда экономикадағы ақша ұсынысы өседi ). Салық-бюджет және ақша саясаттарын бiр-бiрiне сәйкес келтiру белгiлi қиындықтарды тудырады. Егер мемлекет экономиканы мемлекеттiк шығындарды көбейту арқылы ынталандырса, онда мұндай iс-әрекеттердiң нәтижесi ақша саясатымен байланысты болады.[8, 352-353б.]

 

 

2.2 Ұлттық банктің инфляцияны реттейтін ақша-несие саясатының маңызы, қызмет ету механизмі және динамикасы

 

 

              Неғұрлым экономикада инфляция деңгейiнiң анықталмағаны байқалса, соғұрлым кәсiпкерлердiң инвестиция тартуға және салуға ынтасы төмендейдi.Сондықтан мемлекет және елдiң қаржы секторы инфляцияға қарсы саясаттар жүргiзiп отырады. Елiмiз инфляцияны жою және ақша айналысын тұрақтандыруға арналған шаралар қолдану үстiнде. Инфляцияға қарсы саясаттар елiмiзде тiкелей және жанама реттеулер негiзiнде жүзеге асып отыр. Инфляцияны тiкелей реттеу табыстар саясаты шеңберiнде жүзеге асады. Ол елдегi жалақы мен бағалардың өсу нысаналарын белгiлеу негiзiнде көрiнiс тауып отыр. [12, 2-4б.]

              Инфляция бойынша болжамдардың дәл болуын арттыруға, ақша- несие саясаты саласында қолданылатын шаралардың инфляцияға ықпалын бағалауға мүмкіндік беретін ақша-несие саясатының трансмиссиялық механизмінің үлгісі 15 суретте берілген. [8,249б.]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15 сурет – Трансмиссиялық механизмнің үлгісі [8, 249 б.]

 

              Елiмiздегi iске асып отырған инфляцияны реттеудiң жанама әдiстерiне монетарлық және фискалдық саясаттың “дефляциялық” шаралары жатады. Ұлттық банк инфлияцияны тежеу үшiн ақша массасына, берiлген несиелердiң көлемiне, пайыз қойылымының көлемiне, ұлттық валюталық бағам саясатына, ашық рыноктағы бағалы қағаздармен операцияларға реттеу шараларын жанама түрде жүргiзiп отырады. Өйткенi бұл өтпелi экономиканың талабы. [5, 57б.]

Ақырғы кезде инфляцияны төмендетудегі негізгі мақсат біртіндеп инфляциялық таргеттеу принципіне өту, яғни ақша базасы мен алтын-валюта резервтері бойынша мақсатты көрсеткіштерден инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштерге көшу. Осы аталған ақша-несие саясаты Ұлттық банктің инфляцияны төмендету мақсатындағы саясатына толық жауап береді және сонымен қатар жүргізілетін ақша-несие саясатына деген рыноктың қатысушыларының үлкен сенімін қамтамасыз етеді.

Осы аталған инфляцияны таргеттеудегі ақша-несие саясаты қаржы нарығының тұрақтылығын сақтауға, сақтандыру, бағалы қағаздар нарығының толық және сенімді түрде дамуына, экономиканың нақты секторын банктердің несиелеуін әрі қарай өсіру үшін жағдай жасауға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының жетілдірілуіне мүмкіндік береді. [12, 60б.]

2009 жылғы 2-тоқсанда еңбек  нарығындағы  жағдай тұрақтанды, бұл  жұмыссыздық деңгейінің бірте-бірте төмендеуімен қатар жүрді. Халық табысы өсуінің төмен қарқыны сақталды.  Жекелеген  шикізат  тауарларының (мұнай,  металлдар)  əлемдік  бағасының  өсуі қазақстандық өндірушілердің өндірістік өнімдерінің қымбаттауына ықпал етті. Осыған  қарамастан, 2009 жылғы 2-тоқсанда  Қазақстанда  тұтыну нарығындағы жағдай  тұрақты  болып  қалды. 2009 жылғы  сəуір-мамырда  инфляция 1,9% деңгейде (2008 жылғы 2-тоқсанда – 3,1%) қалыптасты, 2009 жылғы маусымның қорытындылары бойынша  жылдық  инфляция 2008 жылғы  желтоқсанда 9,5%-ға  төмендеп, 7,6%-ды құрады. Экономикадағы  төмен  инфляция  аясы  Ұлттық  Банкке  теңгенің  айырбастау бағамын  тұрақтандыруды  жəне  елдің  қаржы  секторын  тұрақтандырды  қамтамасыз етуге  бағытталған  ақша-кредит  саясатын  жүргізуге  мүмкіндік  берді.  Атап  айтқанда, Ұлттық  Банк  кері  РЕПО  операцияларын  жүргізу  арқылы  банк  секторына  қайта қаржыландыру  заемын  беруді  жалғастырды. 2009 жылғы  сəуір-маусымда  Ұлттық Банктің  операциялары  бойынша  ставкалар  дəлізі  бірте-бірте  өзгерді.  Ресми  қайта қаржыландыру ставкасы 9,5%-дан 8,5%-ға дейін төмендеді. 2009  жылғы 2-тоқсанда  инфляция  қарқынының төмендеуі Ұлттық  Банкке 2009 жылғы  жылдық  инфляцияның  болжамын 11,0%-дан 8,0-8,5%-ға  дейін  қайта  қарауға жəне төмендетуге мүмкіндік берді. Бұл ретте іске асуы экономикадағы инфляция аясын күшейтуге əкелуі мүмкін тəуекелдер сақталатындығын атап өткен жөн. Олардың ішінде негізгі  əріптес  сауда  елдердегі  инфляцияның  өсуін,  жекелеген  тауарлар  мен қызметтердің əлемдік жəне отандық  нарықтағы күйзелісі, ақылы қызмет  көрсетулерге (газбен,  сумен  жабдықтау,  электрэнергия)  тарифтердің  өсуі  мүмкіндігін  атап  өтуге болады. 2009 жылғы 2-тоқсанға инфляция болжамын бағалау  2009  жылғы 1-тоқсанда  инфляцияның  нақты  қалыптасқан  деңгейі (1,9%) осы кезеңге  арналған  болжамға  толық сəйкес келді (1,7-1,9%).  2009 жылғы маусымда жылдық инфляция 7,5-7,7% болжам кезінде 7,6% деңгейінде қалыптасты.2009  жылы  тұтыну  нарығындағы  жағдай  тұрақты  болып  қалды. 2009 жылы ақпанда  жүргізілген  теңгенің  құнсыздануынан  кейін  тұтыну  нарығындағы  жағдай біршама  нашарлады.  Бұл  инфляциялық  күтулердің  қалыптасуымен,  тауарлар  мен қызметтердің  жекелен  нарығында  дүрбелеңнің  пайда  болуымен  қатар  жүрді.  Осы жағдайда Ұлттық Банк жылдық инфляция болжамын 2009 жыл бойынша 9%-дан 11%-ға дейін көтерді. Экономикалық өсудің төмендеуі, халық табысы өсуінің төмен қарқыны, тұтыну сұранысының шектеулігіне байланысты инфляция қарқыны жоғары  болған жоқ. 2009 жылғы  наурыздан  бастап  маусымға  дейінгі  кезеңде  инфляция  деңгейі 2009 жылғы ақпандағы  көрсеткіштен  асқан  жоқ,  бұл  теңгенің  құнсыздануынан  болған  шамалы инфляциялық əсерді көрсетеді. Осы  жағдайда  Ұлттық  Банк 2009 жылғы  маусымда  жылдық  инфляция болжамын 9,0%-ға  дейін,  ал 2009 жылғы  тамызда  жылдық  инфляция  болжамын 8,0-8,5%-ға дейін төмендетті. [16]

Информация о работе Ақша несие саясаты