Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 17:57, доклад
Шаруашылық конъюктурасынын, жағдайына байланысты ақша- несие саясатының екі түрі болады:
1. Рестрикциялық ақша-несие саясаты;
2. Экспанцондық ақша-несие саясаты.
Ақша-несие саясаты
Қазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады.
ҚҰБ ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты түрактылығын қамтамасыз етуді көздейді. Ақша-несие саясяты—бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жуйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.
Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі — Ұлттық Банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық Банк тарапынан реттеу объектісіне экономикадағы қолма-қол және колма-қолсыз ақша массасының жиынтығы жатады.
Шаруашылық конъюктурасынын, жағдайына байланысты ақша- несие саясатының екі түрі болады:
1. Рестрикциялық ақша-несие саясаты;
2. Экспанцондық ақша-несие саясаты.
Рестрикциялық ақша-несие саясаты — екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.
Экспанциондық ақша-несие саясаты — несие беру көлемін кеңейтумен, айналыстағы ақша-массасының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуімен байланысты шаралар.
Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгені тұрақтылығын қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жетуде Ұлттық Банк қатаң ақша-несие саясатын жүргізуде.
Қазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттің ақша-несие саясатын (бұдан әрі — АНС) жүргізуші болып табылады. Нақтырақ айтсақ ақша-несие саясатының бағдарламасын және қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ҚҰБ Басқармасы анықтайды, ал Директорлар кеңесі оны жүргізеді және өзге ресми мөлшерлемелерді белгілейді. Сонымен қатар АНС-ның жүзеге асырылуына ҚҰБ-нің ақша-несие саясаты жөніндегі Техникалық комитеті тікелей жауап береді. Техникалық комитет әр апта сайын АНС-на байланысты мәжіліс өткізеді және ұсыныстар жасайды. Оның құрамы 13 мүшеден: басшы, екі орынбасары, төрт департамент директорлары, төрт басқарма бастықтары, Төрағаның кеңесшісі және Қаржылық қадағалау агенттігінен бір өкіл кіреді.
АНС-ның мақсаты — инфляцияны төмендету және теңгені тұрақтылығын қамтамасыз ету. 2004 жылдан бастап, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолданып отырған ақша-несие саясатының құралдары екі топқа бөлінеді. Тікелей құралдар (несие бағасы мен немесе сомасына тікелей бақылауға арналған):
несиенің бағасын (Р — сыйақы мөлшерлемесін) не санын (Q) белгілеу немесе шектеу;
коммерциялық банктердің балансына қатысты несиелік лимиттер белгілеу.
Жанама құралдар (нарыққа ықпал ету арқылы ақшаға деген сұраныс пен ұсынысқа ықпал етуге арналаған):
ашық нарықтағы операциялар;
міндетті резервтік талаптар;
несиелеуге және вексельдерді қайта есепке алуға байланысты операциялар.
Қазіргі уақытта жоғарыда аталған құралдардың ішінде іс-жүзінде қолданылып отырғандары: ресми сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу, қысқа мерзімді ноттарды эмиссиялау, ашық нарықтағы операциялар.
Ұлттық Банк өзінің жүргізетін операциялары бойынша мынадай ресми сыйақы мөлшерлемелерді белгілейді:
ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі;
ресми есептік (дисконттық) мөлшерлеме;
РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемесі;
«овернайт» займдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі;
овер драфт займдар бойынша сыйақы мөлшерлемесі.
банктерден тарайтын депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі.
Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі— ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс мен ұсынысқа, инфляция және күтілетін инфляция деңгейіне байланысты белгіленеді. Ұлттық Банкінің заң актілері, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері негізінде немесе ҚҰБ Басқармасының жеке қаулылары бойынша жүргізілетін заем операциялары бойынша қолданылады.
Ресми есептік (дисконттық) мөлшерлемесі — ақша нарығының жалпы жағдайына, несиелер бойынша сұраныс пен ұсыныс көлеміне байланысты белгіленеді және Ұлттық Банктің коммерциялық вексельдерді қайта есепке алу операцияларында қолданылады. Ресми есептік (дисконттық) мөлшерлеме жылдық пайыздық мелшерлеме болып табылады және ол айналыс мерзімі алты айлық вексельдерді қайта есептеуде қолданылады.
РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелері — жылдық пайыздық мөлшерлемелер, ішкі қаржы нарығының жағдайына байланысты белгіленеді және мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар жүргізуде қолданылады. РЕПО-ның мақсатты мөлшерлесінен ауытқу жағдайында ақшалай қаражаттарды орналастыру немесе тарту жолымен РЕПО нарығындағы сыйақы мөлшерлемелерін реттеу арқылы сыйақы мөлшерлемелерінің елеулі ауытқуын болдырмау.
«Овернайт» заемдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі — Ұлттык Банктің екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚҰБ-ғы корреспонденттік шоттары бойынша есеп айырысуды дебеттік қалдықпен аяқтауы барысында бір түнге берілетін заемдары бойынша қолданылады.
Овердрафт заемдар бойынша сыйақы мөлшерлемелері — Ұлттық Банктің екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚҮБ-ғы теңгеде ашқан корреспонденттік шоттары бойынша төлем жүргізуге немесе ақшалай аударымдар жасауға қажетті ақша қаражаттары уақытша болмаған не жетіспеген жағдайларда займдар бойынша қолданылады.
Банктерден тарайтын депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі — Ұлттық Банктің екінші деңгейдегі банктердің уақытша бос қаражаттарын тартуға байланысты қолданылады.
2005 жылғы 1 кыркүйектен бастап тікелей репо операцияларын жүргізу практикасы, сондай-ак мерзімдері 1 жүмыс күнінен аспа- ғандықтан «овернайт» және «овердрафт» заемдарын ұсыну уақытша тоқтатылды.
Ең төменгі резервтік талаптар. Ақшалай нарықтағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуде, банктерге берілетін несиелер көлемін реттеуде, банктің өтімділік деңгейін реттеуде және олардың міндеттемелері бойынша төлемсіздікті төмендетуде, сол сияқты банктің салым иелері мен акционерлерінің мүдделерін қорғау максатында Ұлттық Банк ең төменгі резервтік талаптар тетігін қолданады.
Резервтік талаптар ашық нарықтағы операциялар және пайыз саясатымен қатар коммерциялық банктерді жанама акшалай-несиелік реттеудің негізгі құралдарының біріне жатады. Қазақстан банк жүйесінің бүгінгі даму жағдайында резервтік талаптар, бір жағынан, сақтандыру институттарының жоқ кезінде, коммерциялық банктердің депозиттерін сактандыру қызметін, екінші жағынан, экономикадағы ақшалай мультипликация үдерісін реттеу қызметтерін атқарады.
Ақша-несие саясатының бұл құралы 1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген Қазақстан Республикасынын, коммерциялық кооперативтік және жеке банктердің қызметін реттеу туралы нұсқауға сәйкес, бастапқыда міндетті резерв нормасы депозиттік міндеттемелердің 18—20% мөлшерінде бекітілген болатын. Кейіннен оның мөлшері 6%-ға дейін темендеді.
КЕЙС:
Ақш және Ұлыбританияның пайымдауы бойынша ресми пайыздық мөлшерлеменің өсуі, осы мемлекеттердің инфляция кезінде де экономикалық өсуді сақтап тұруды көздеді. Пайыздық мөлшерлеменің өсуінің бірнеше аптадан кейін болатының күте отырып қаржы нарығы өзгеріссіз болды.
Алдыңғы аптада АҚШ ФРС-ы есептік мөлшерлемені көтерді. Оның ішінде коммерциялық банктердің тікелей несиесіне 4,75% бастап 5,25% дейін көтерген. Федералды фондтардың мөлшерлемесі және банктердің бір бірімен алмасқан жағдайдағы пайыздары 0,5 ке өзгерген. Нәтижесінде 6%-ті құрады. Бұл 1994 жылдың 4 ақпанынан есептегенде АҚШ-тағы проценттік мөлшерлеменің өсуінің жетінші жағдайы. Осындай жағдайларда фонд жағдайларда фонд 3%-пен ең төмеңгі көрсеткішті көрсеткен.
Бірнеше Американдық банк осы оқиға жауап ретінде өзінің негізгі қарыздық мөлшерлемесінің пайызын 8,5-тен 9%-ке дейін көтерді.
ФРС тің мағлұматтарына қарағанда, тежеулі белгілерге қарамастан, экономикалық белсенділік өсу үстінде. Берілген акция инфляцияны тежеп, экономикалық өсуді қамтамассыз ету үшін құрылған болатын.
Алдыңғы жылы АҚШ тың ЖІӨ мінің көрсеткіші айтарлықтай өсіп, 4,5% құрады. Бірақ экономисттер бұл тұрақты инфляцияға байланысты деп тұжырымдады. Осы инфляция көрсеткіші бойынша 1994 жылдың соңындағы инфляция 2,7% - ті құрады. Бұл көрсеткіш жыл басындағынан көпке өзгермеген.
АҚШ тағы мөлшерлемелердің көтерілуінен кейін, Ұлыбританияның қаржы министрі Кеннет Кларк банктердің пайыздық мөлшерлемелерің көтеруге бұйрық берді. Центробанктің ең төмеңгі мөлшерлемесің 6,75%- ке жеткізді. Бұл осы мөлшерлемелерді екі ай бұрын 6,25%-ке көтерілуінен кейін қайталанып отыр. Кларктың айтуы бойынша, мөлшерлемелерді көтеру инфляцияны бақылау үстінде ұстап, экономикалық өсуге өз септігін тигізеді.
Сурак 1
Қаржы несие саясаты және есептік мөлшерлеме экономикада қандай функцияларды атқарады?
Жауап:
Ең алдымен, есептік мөлшерлеменің өзгеруі Орталық банк арқылы жүзеге асады. Ол ақша ұсынысына, инфляцияға және экономикалық белсенділікті арту үшін жасалады.
Есептік мөлшерлеменің өзгеруі Орталық банктің индикаторы болып табылады. Берілген жағдайда есептік мөлшерлеменің өсуі ақша несие саясатының басталуын дәлелдеп отырған. Орталық банктен кейін коммерциялық банктердің пайыздық саясаты өзгерді. Бұндай іс әрекеттердің өзіңдік негізі бар. Коммерциялық банктер информацияланған Орталық банктің саясатына сенеді. Егер ОБ экономикаға инфляция әсер етеді деп мөлшерлемелерді көбейткен жағдайда бұны коммерциялық банктер де дұрыс деп санайды. Себебі бұрыңғы саясатты ұстанып, ақша ұсынысының кеңейюі инфляцияның өсуіне алып келуі мүмкін. Баріміз білетіндей, инфляциядан тек қана несие алушылар жеңіп, ал кредиторлар ұтылады. Себебі несие алушылар несиені құнсызданған ақшамен өтейді.
Есептік мөлшерлеме ақша нарығындағы ең төмен мөлшерлемелердің бірі.Бұл Орталық Банк функцияларының біріне сәйкес келеді, яғни қиын жағдайға түскен коммерциялық банктерге соңғы сатыдағы кредитор болу. Бірақ мұндай арзан кредит алу белгілі бір әкімшілік шектеулермен байланысты және оны алуға көбісінде мүмкіндік бола бермейді. Деңгейлері бойынша келесіде банкаралық нарықтыі мөлшерлемелері тұрады, одан кейін экономиканың банктік емес секторларының кредиті бойынша мөлшерлеме тұрады.1990 жылдардағы Ресей экономикасында Орталық Банк мөлшерлемесі басқа ақша нарығындағы мөлшерлемелерден жоғары болды.Бұл белгілі деңгейде Орталық банк пен басқа коммерциялық банктер арасындағы кредиттік операцияларға кедергі келтірді.
АҚШ пен басқа дамыған елдерде Орталық Банктің есептік мөлшерлеме деңгейі Ресеймен салыстырғанда төмен болды. Тек 1998 дағдарыс жылдарынан кейін қайта қаржыландыру мөлшерлемелерін тұрақты түрде төмендету жүрді. Ал оның деңгейі ақырындап дамыған елдердегі мөлшерлеме деңгейіне жақындады, бірақ бәрібір жоғары күйде тұрды.
Орталық Банк динамикасы да ерекшеленеді. Дамыған елдерде оның деңгейі нөлден бір пайызға дейін ауытқиды, ал Ресейде 1990 жылдары қайта қаржыландыру мөлшерлемесі оннан жүз пайызға дейін ауытқыды. Тек одан кейінгі бес жыл ішінде ауытқу аумағы кішірек болды.
Динамикадағы мұндай айырмашылықтардың болу себебінің бірі – дамыған елдерде есептік мөлшерлеме ұзық уақыттан бері тұрақтанған экономикалық агент рөлін ойнайды. Ал байланыс жүйесі мыналар арасында болады:
1. Орталық банк есептік мөлшерлемесінің динамикасы мен басқа пайыздық мөлшерлемелер деңгейі;
2. Пайыздық мөлшерлеме динамикасы мен ақша массасының көбеюі н/е азаюы;
3. Пайыздық мөлшерлемелер мен макроайнымалалылар (инвестиция деңгейі,тұтыну шығындары, ЖІӨ динамикасы, инфляция, айырбас бағамы).
Мұның барлығы да экономикаға керекті өзгерістерді тіптен бастапқы кездегі деңгейінен аз ғана ауытқыған есептік мөлшерлеме көмегімен енгізуге мүмкіндік береді. Бұл негізінен ақша-несие саясатының берілу механизмін іске қосу жөнінде айтылып тұр., дәлірек айтқанда дамыған банктік жүйенің өзгермейтін анықтауышы болып табылатын кредиттік мультипликациялау механизмі туралы.