Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 21:42, курсовая работа
Менің бұл курстық жұмысты жазудағы негізгі мақсатым мен міндеттерімді келесідей топтастыруыма болады:
• Ақша-несие саясаты туралы жалпы түсінік қалыптастыру
• Ақша-несие саясатының негізгі құралдарын қарастыру
• Экономиканы реттеудегі ақша-несие саясатының рөлін анықтау
• Ақша нарығындағы операцияларды талдау
• Қазақстандағы ұлттық ақша-несие саясатының қазіргі жағдайына талдау жасау және даму деңгейін бағалау
КІРІСПЕ......................................................................................................................3
1 ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДЕГІ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.........................................................................................5
1.1. Ақша-несие саясатының экономикалық мәні және негізгі құралдары..............................................................................................................5
1.2. Ақша нарығындағы операциялар.............................................................11
2. ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДЕГІ ЖҮРГІЗЕТІН САЯСАТТАРЫ МЕН ҚОЛДАНАТЫН ШАРАЛАРЫ.........................................15
2.1. Ұлттық банктің ақша- несие саясатының экономиканы реттеудегі маңызы мен құралдары ......................................................................................15
2.2 Ұлттық банктің инфляцияны реттейтін ақша- несие саясатының маңызы, қызмет ету механизмі және динамикасы..........................................23
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................35
ҚОСЫМША..............................................................................................................36
16 сурет – 2009 жылғы инфляция фактісі және болжамы [16]
Елдің макроэкономикалық тұрақтылығы, қаржы секторының жедел әрі сапалы дамуы, соңғы жылдардағы сыртқы экономикалық жағдайдың жақсаруы Ұлттық банктің жаңа сапалы кезендік дамуына көшуіне себеп болды. Бұл банк стратегиясы ақша-несие саясатын нақты жүргізуге, осы арқылы коммерциялық банктердің қызметтері мен активтілігін дамытуды және ақша айналысын тұрақтандыруды жолға қоюда.
Мен ҰБ-тің инфляцияны тежеу мақсатында ақша массасына қалай әсер ететіндігін көрсеткім келеді. Оны соңғы жылдардағы пайыздар мен инфляция деңгейінің динамикасына қарап анықтауға болады.Ол 2- кестеде бейнеленген. [7,9,10,13, 4б.]
1 кесте – 2003-2009 (1 жартыжылдық соңында) жж. негізгі макрокөрсеткіштер.
Ақша-несие саясатының негізгі көрсеткіштері | 2003 | 2004 | 2005 | 2006 | 2007 | 2008 | 2009 (1жартыжылдық соңында) |
Кезең аяғында инфляция,% | 6,4 | 6,6 | 6,4 | 6,7 | 7,5 | 8,9 | 4,4 |
Бір жыл ішіндегі орташа инфляция,% | 8,4 | 5,9 | 6,5 | 6,9 | 7,6 | 7,5 | 15,3 |
Кезең аяғындағы қайта қаржылан-дыру ставкасы | 9 | 7,5 | 7 | 7,3 | 8 | 8,5 | 9 |
Резерв нормасы, %-бен | 6 | 6 | 6,5 | 7 | 6 | 6 | 8 |
Ақшалай база, млрд.тг. | 175 | 208,2 | 317 | 577,9 | 663 | 939 | 1502,7 |
өзгеруі %-бен | 30,2 | 19 | 52,3 | 82,3 | 14,7 | 41,6 | 60 |
Ақшалай масса, млрд.тг. | 576 | 765 | 971 | 1634,7 | 2065,3 | 2789 | 4453,4 |
өзгеруі %-бен | 45,1 | 32,8 | 26,9 | 68,4 | 26,3 | 35 | 59,7 |
Оның ішіндегі айналыстағы қолма-қол ақша,млрд. тг. | 131,2 | 161,7 | 238,5 | 410,9 | 411,8 | 600,7 | 770,7 |
өзгеруі %-бен | 23,3 | 23,2 | 47,5 | 72,3 | 0,2 | 45,9 | 28,3 |
ЖІӨ, млрд. тг. | 3250,6 | 3776,3 | 4612 | 5542,5 | 7591 | 10214 |
|
өзгеруі %-бен | 25 | 16,2 | 22,1 | 20,1 | 37 | 34,6 |
|
Ақша мультипликаторы | 3,29 | 3,67 | 3,06 | 2,83 | 3,12 | 2,97 | 2,96 |
Түсініктеме: [7,9,10,13, 4б.] мәліметтері бойынша автор құрастырған.
17, 18 суреттерде бұл көрсеткіштер график түрінде кескінделген:
Түсініктеме: [7,9,10,13, 4б.] мәліметтері бойынша автор құрастырған.
Түсініктеме: [7,9,10,13, 4б.] мәліметтері бойынша автор құрастырған.
2007-2009 жылдарға арналған ақша-кредит саясатының негізгі бағыттары.
Инфляцияны төмендету үшін шектеулі ақша-кредит саясатын жүргізумен қатар, әсіресе, жиынтық сұранысты дамытудың, өсуін шектеудің бюджеті бөлігінде, бюджет саясатын қатаңдандыру, сондай-ақ отандық өндірушілер тарапынан тауарлар мен көрсетілетін қызметтер ұсыныстарын ынталандыру қажет. Инфляциялық үдерістерге қысымды азайту мақсатында бюджет саясатын қатаңдату бюджет шығыстарының, оның ішінде инвестициялық шығыстардың өсуін шектеу, мемлекеттің мұнайдан түскен кірістерді кепілдік берілген трансферт түрінде пайдалануын шектеу, сондай-ақ салық ауыртпалығын сақтау саясатынан бас тарту бағытында жүргізілуі қажет. Ел экономикасы ахуалының энергоресурстар, әсіресе мұнай бағасына және елге әкелінетін капиталға үлкен тәуелділігін ескере отырып, инфляцияның 2007-2009 жылдарға арналған болжамын әзірлеу кезінде экономика дамуының 3 сценарийі қарастырылды:
- «капиталдың қалыпты әкелінуі жағдайындағы мұнайға қалыпты баға» сценарийі (мұнай бағасы бір баррель үшін 60 АҚШ долларынан төмен,капиталдың әкелінуі елге соңғы 2 жылда әкелінген орташа жылдық капиталдан төмен);
- «капиталдың көп әкелінуі жағдайындағы мұнайға қалыпты баға» сценарийі (мұнай бағасы бір баррель үшін 60 АҚШ долларынан төмен,капиталдың әкелінуі елге соңғы 2 жылда әкелінген орташа жылдық капиталдан жоғары);
- «мұнайға жоғары баға» сценарийі (мұнай бағасы бір баррель үшін 60 АҚШ долларынан жоғары).
Барлық үш нұсқада да нақты сектордың негізгі көрсеткіштерінің болашақтағы динамикасы Орта мерзімді жоспардың көрсеткіштеріне сәйкес келетіндігін көрсетеді. Мысалы, болжамды кезеңде ІЖӨ орташа жылдық өсуі 9,6%-ды, негізгі капиталға инвестициялар - 18%-20%-ды, жалақы жылына - 8%-ды, бюджеттен жеке тұлғаларға берілетін трансферттер жылына - 8%-ды құрайды деген болжам бар. Сонымен бірге бекітілген республикалық бюджетке сәйкес республикалық бюджеттің 2007 жылға арналған шығыстары 2006 жылғы бюджеттің шығыстарымен салыстырғанда 28,1%-ға артады деген болжам бар. [15, 25-26б.]
«Капиталдың қалыпты әкелінуі жағдайындағы мұнайға қалыпты баға» сценарийі бойынша ұзақ мерзімді үрдіс ретіндегі мұнай бағасының төмендеуін бағалау және халықаралық капитал нарықтарындағы қарыз алу құнының көтерілуі мұнай өндіру жобаларын жаңадан сырттан қаржыландырудың және екінші деңгейдегі банктердің таза сырттан қарыз алуының төмендеуін қамтамасыз ететін болады.
«Капиталдың көп әкелінуі жағдайындағы мұнайға қалыпты баға» сценарийі қарыз алу құнының төмен деңгейде сақталып қалуының және мұнай бағасының динамикасына қатысты белгісіздіктің банктердің сырттан қарыз алуының одан әрі кеңеюіне және мұнай өндіру жобаларын қаржыландырудың ұлғаюына себепші болатынын көздейді.
«Мұнайға жоғары баға» сценарийі барысында тауарлар және көрсетілетін қызметтер экспортының өсу қарқыны жылына 15% артық болады. Тауарлар мен халықаралық қызметтер балансы профицитінің жыл сайынғы өсуі шетелдік инвесторлар мен кредиторларға төленетін таза төлемдердің өсуінен асып түсетін болады. Ағымдағы шот профициті 2007 жылы ІЖӨ-ге шаққанда 1%-дан асады, ал 2009 жылы ІЖӨ-ге шаққанда 3% жетуі мүмкін. [15, 28б.]
Мұнай бағасының жоғары деңгейі және шетелдік инвесторлар сенімінің тұрақты түрде жоғары болуы мұнай-газ жобаларын қосымша қаржыландыруды және республика банктері мен кәсіпорындарының сырттан қарыз алу ауқымын арттыруды ынталандырады. Банктердің резидент еместер алдындағы міндеттемелері 2007-2008 жылдары 10-15%-ға өседі, 2009 жылы өсім 2-3%-ға дейін баяулады..
Ұлттық Банктің 2007-2009 жылдарға арналған ақша-кредит саясатының негізгі мақсаты орташа жылдық инфляцияны мынадай деңгейде ұстап тұру болады:
«капиталдың қалыпты әкелінуі жағдайындағы мұнайға қалыпты баға» сценарийін іске асыру кезінде 2007 жылы 6,2%-7,2%, 2008 жылы – 6,0%-7,0%, 2009 жылы – 6,0%-7,0% шегінде;
«капиталдың көп әкелінуі жағдайындағы мұнайға қалыпты баға» сценарийін іске асыру кезінде 2007 жылы 7,3%-8,3%, 2008 жылы – 6,9%-7,9%, 2009 жылы – 6,9%-7,9% шегінде;
«мұнайға жоғары баға» сценарийін іске асыру кезінде 2007 жылы 8,2%-9,2%, 2008 жылы – 8,0%-9,0%, 2009 жылы – 8,0%-9,0% шегінде.[15,29б.]
Осы үш сценарий бойынша ақша-несие саясатының негізгі көрсеткіштерінің 2007-2009 жылдарға арналған болжамын келесі кестелерден көре аласыздар 2 кесте - Ақша-несие саясатының негізгі көрсеткіштерінің 2007-2009 жылдарға арналған болжамы («капиталдың қалыпты әкелінуі жағдайындағы мұнайға қалыпты баға» сценарийі) [15, 28-29б.]
Түсініктеме: [15, 28-29б.] мәліметтері бойынша автор құрастырған. Түсініктеме: [15, 28-29б.] мәліметтері бойынша автор құрастырған. 3 кесте - Ақша-несие саясатының негізгі көрсеткіштерінің 2007-2009 жылдарға арналған болжамы («капиталдың көп әкелінуі жағдайындағы мұнайға қалыпты баға» сценарийі) [15, 28-29б.]
Түсініктеме: [15, 28-29б.] мәліметтері бойынша автор құрастырған. Түсініктеме: [15,28-29] мәліметтері бойынша автор құрастырған. 4 кесте - Ақша-несие саясатының негізгі көрсеткіштерінің 2007-2009 жылдарға арналған болжамы ( «мұнайға жоғары баға» сценарийі) [15, 28-29б.]
Түсініктеме: [15,28-29] мәліметтері бойынша автор құрастырған. Бірақ та айтылған шараларға қарамастан, бүгінде инфляция деңгейі 15,3%-ке жетті.Неге олай болып отыр? ҰБ өзінің 16 жылдық дербес қызметі кезіндегі негізгі ұстанған бағыты -өздеріңіз көргендей, ақша массасын бақылау болып табылды, бірақ тәжірибе көрсеткендей,ақша массасын қатаң реттеу саясаты ойдағыдай нәтижеге жеткізбейді, себебі инфляция тек ақша қатынастарымен тежеуге мүмкіндік бермейтін процесс. Сонымен қатар ҰБ жағынан несиелік эмиссияның реттелуі назарсыз қалды.Атап айтқанда ерекше жағдайларда несиелік операциялардың деңгейі мен көлемін тікелей шектеуге болатын еді (мысалы,басқа елдердің пайдаланылған машиналарын сатып алуға берілетін несиені уақытша тоқтату). | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорытындылай келе, Қазақстан Республикасы экономикасының қаржы секторында орын алған мәселелер экономиканың нақты секторының әлсіздігі мен тиімсіздігінен туындайды. Экономикалық дамуымызға кедергі жасайтын келесі қатерлерді атауға болады:
- шикізат экспортына тәуелділіктен туындайтын сыртқы тітіркендіргіштерден (факторлардан) тәуелділік;
- сыртқы қарыздың артуы: мемлекеттің Халықаралық Валюта Қоры алдындағы қарызының өтелгендігімен, банк секторы мен жеке кәсіпорындардың мемлекеттік кепілдікпен алған қарыздарының жиынтық сомасы үлкен;
- экономика құрылымының деформациялылығы, өндіруші өнеркәсіптің басымдылығы;
- экономиканың өндіруші және өңдеуші секторларында ғылыми сыйымды өндірістердің жоқтығы, бар болса аздығы;
- өңдеуші өнеркәсіп бәсекелестігінің сапасының төмен деңгейі;
- ішкі инвестициялардың төмен деңгейі, жинақтау нормасын көтеру қажет;
- теңгенің шынайы бекінуінің, ұзақ мерзімде ұлттық экономика үшін тиімді болғанымен, қысқа мерзімдік тұрғыда тиімсіз болуы (алдыңғы қателермен байланысты);
- өзге елдермен сауда байланысындағы тауар айырбасының «кемтарлығы»: минералдық ресурстар экспорты мен инвестициялық тауарлар импорты;
- тікелей инвестиция жасаушы шетелдік әріптестердің Қазақстанға құйылатын шетел инвестицияларының басым бөлігін өздерінің кірістері ретінде кері кетуі, сөйтіп ұзақ мерзімдік перспективада теңгенің күшеюіне соққы болатын шетелдік валюта көлемінің азаюы (капиталдың сыртқа ағылуы және инвестициялық кірістің тапшылығы) – осы жағдайлар инвесторлар жұмысының шарттарын одан әрі жетілдіруді талап етеді;
- шағын және орта кәсіпкерлік дамуындағы инновациялық-технологиялық сапаның төмендігі. Экономиканы диверсификациялауда оның маңызы зор.
Жоғарыда аталған экономикамыздың қаржы секторында орын алған қателерді жою алдағы күннің еншісінде.
Қазақстан 2000 жылы Европаның бірқатар елдерінің қолдауымен нарықтық экономикалы мемлекет деп ресми танылғанымен, әзірге өркениетті нарық қатынастарының дамуы тұрғысынан буыны бекімеген ел болып табылады. Тиімді ақша-несие саясатын жүргізбесек, нарықтық шаруашылығы озық дамыған елдердің қатарына қосыла алмаймыз.