Қазақтың әлеуметтік мәдениеті: герменевтикалық талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Сентября 2013 в 12:42, курсовая работа

Описание работы

Өтпелі дәуірдің тар құрсауынан шығу үшін тек экономикалық өзгерістерге иек арту жеткіліксіз. Ол үшін адам санасын да қүрт өзгерту қажет. Жоғары жақтан келетін нұсқауға негізделген менталитетте (ділде) таңдау да, шешім де, шығармашылық пен жасампаздық та жоқ. Өркениеттіліктің әлемдік және дәстүрлік үлгілерінен аласталған қоғам өзінің адамсыздандырылған ішкі табиғатында мәңгүрттенген тетік адамдарды, жүйеге икемделген пысық маргиналдар мен қиратушы нигилистерді қалдырады.

Содержание

1.Көне салт-санадағы әлеуметтік мәдениет нышадары
1.1 Қазақ ырымдары әлеуметтік мәдени реттеушілер ретінде
1.2 Ата-баба өсиеті және әдеп мәдениеті
2.Қазақ әлеуметтік мәдениетінің дүниетанымдық негіздері.
2.1 Тарихи –әлеуметтік орта және дәстүрлі сенім-нанымдар
2.2 Қазақ даласында тараған дін уағыздарының танымдық негіздері
3.Әлеуметтік қатынастар туғызған сенім-нанымдар
3.1 Ата-бабаға мінажат және ілкі тек туралы түсініктер
3.2 Ұмай ана және көшпелі қоғамдағы әйелдің рөлі.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиет

Работа содержит 1 файл

диплом.docx

— 96.04 Кб (Скачать)

Ежелгі қазақ қариялары жоғары адамгершілік үлгісі болып саналды: «Үйге қария кірген бетте барлық жастар орындарынан тұрып, тағзым етеді, ал әзіл-қалжың пышақ кескендей тыйылады»,- делінген XX ғасырдың басындағы этнографиялық жазбаларда (28,75).

Қарияның сөзі еленбей  қалмауы шарт болды, ру адамдары  жасаған той-томалақтарда, жұрттың  басы  қосылған жерлерде сөз ең алдымен  жасы үлкен  кісіге беріліп отырды. Сондықтан келелі кеңестерде кесімді  сөзді қария айтатын болды. Қария  келе алмай қалған жағдайда  үйіне  барып, алдынан өту шарт болды, келелі кеңесті қариясыз өткізуге оның ризашылық  беруі қажет еді. Ақсақалдың батасынсыз рулық қауымның  тіршілігіне  қатысты шешім қабылданған болса,  оның арты  дау-шарға  айналып  кетуі  ықтимал еді. Сондықтан  үлкеннің батасынсыз қабылданған дүдәмал  шешімдер ақсақалдардың қосымша  бата беруінен кейін ғана іс жүзіне асырылып отырды. «Ақсақал сөзі белгілі бір мағынада  заң орнына жүреді,- деп жазған XX ғасырдың баындағы қазақтың тұрмыс-тіршілігін көзімен көрегн ғалым,- қандай да оқиға болмасын, ақсақал сол оқиға жөнінде пікір айтуы шарт» (85,103-104). Келтірілген бұл деректерден көне заманнан бері келе жатқан  геронтократиялық принциптердің қалдықтарын айқын аіғаруға  болады.(1,83б)

Мұндай жайтты  ертедегі гректердің архонттар әдеп-ғұрыптарынан да аңғарамыз. Көне заманның архонттары  XIX ғасырдағы қазақ ақсақалдарын еріксіз еске түсіреді. Өткен ғасырдағы  қазақтың көшпелі қоғамында кездесетін ақсақалдар кеңесін Қазақстандағы  үстем тап пен  патшалық отарлау  саясатының таптық мүдделерінен туған  құбылыс  деп  таныған жөн.

XIX ғасырда қазақ  даласында  «жаңа» қоғамдық қатынастардың   бой көрсетуіне байланысты  патша  өкіметі жергілікті  басқару  аппаратын  рулық геронтократия  дәстүрімен  байланыстырмақ  болды. Осы негізде  белгілі бір  рудан шыққан билер мен қариялар  арасынан қолында  біршама әкімшілік  билігі бар ақсақалдарды әлеумет ісіне көбірек тартып отырды (Мәселен: Шыңғыс, Шоң, Құнанбай т.б.) . Патша әкімдері мен жергілікті феодалдар олардың іс-әрекетін үнемі бақылап отырды.

Әрине, геронтократияның бұл  түрі дәстүрлі геронтократия  принциптерімен салыстырғанда аспан мен жердей еді. Өйткені қарияның  қазақ қоғамындағы  дәстүрлі билігі «әкеләкке, адамгершілік принциптерге негізделген еді» (Ф.Энгельс). Осылайша ру  геронтократиясына  сүйеншген әдеттегі праволық норма  өз-өзінен іске асып, оның бұлжымай орындалуын әлеуметтік пікір қадағалап отырады. «Біз бұдан қолында өкімет билігі бар  қызмет  бабындағы адамның  енді ғана байқала бастаған, бірақ  көп ретте одан әрі дами қоймаған болашақ бейнесін көреміз,» - деп  жазған болатын Энгельс (5,291).

Қария- семьяның үлкені, от басының  тұлғасы. Семья  адамдарының бақыты, денсаулығы үйдегі қарияның киелі қасиетінен, кейінгіге тигізген шапағатынан деп есептеліп,  қариялар зор қошеметке бөленген. Қошемет қиқым-бақай есепке құрылмай, риясыз сипатта болған, тек семья басымен  байырқаланып қана қоймай, күллі әлеуметтік өмір саласында үлкенді силауды мұрат тұтқан. Қарияны пікір тұту, оның айтқан сөзін басшылыққа алу басқа ру коллективімен қатынасқа түскенде, әсіресе некелік қатынастарда анық көрінеді. Қариялар рулар арасындағы бәсеке мен таласқа тоқтау айтып, ел ішінің бірлігін бәрінен де жоғары қойып отырған.

Қазақ ауыз әдебиеті мейлінше  ақылгөй қариялар образына бай. Қорқыт, Асанқайғы, «Еңлік- Кебектегі » Нысанбай абыз осындай ақылгөй даналар болған. Шалкиіз бен Бұқар жыраудың кемелді жасын хан сарайында  өткізуі де біз сөз етіп отырған қазақ этнографиясының жайын айғақтайды.

Қазақ қариясы  әлеуметтік өмірде маңыФзды  орын алған : қыз ұзату , келін түсіру, неке қию, жорыққа тану, жер жырту, егін жинау, аңға шығу т.б көптеген іс-әрекеттер қарияның ризашылығынсыз, ақыл-кеңесінсіз өтпеді. Оларға жасына қарай халық абырой-атақ берген. Феодалдар қариялардың әлеуметтік рөлімен дәйім санасып отыруға мәжбүр болған, өйткені үлкенді сыйлаудың діни сезімнен гөрі әлеуметтік мәні басым болған. Біздің өмірімізде үлкенді сыйлау – коммунистік салауат, ал "жасы үлкен айтты-болды!" деу –көрсоқырлық . Көне дәстүрдің адам сүйгіштік негізін бүгінігі күн кәдесіне жарата білу- көргенділігіміздің басты белгңісі. Қазіргі үлкенге құрмет көрсету дәстүрімізге діни еш нәрсе де жоқ.(1,84б)

Қорқыт ата  аңызының тегі

Қазақ халқы мәдениетінің туып , қалыптасу кезеңі аса күрделі  әрі ғылыми тұрғыдан алғанда аз зеттелегн  сала. Халық мәдениетінің тарихи өрістерін  бағдарлау қазақ этносының тарихымен, этногенез проблемаларымен тығыз  байланысты.

Қазақ халқының негізін көне түрік тайпалары құрағаны мәлім. Бұл тайпалар сан ғасырлар бойы көршілес халықтармен тығыз қарым-қатынаста  болып келді. Соның нәтижесінде  халқымыз өзіндік мәдениеті бар іргелі ел болған, ал бұл процестер Орта Азия, Шығыс Сібір және Шығыс Европа халықтарының этнографиялық тарихында, мәдени өмірінде шешуші роль атқарған. Өз кезегінде халқымыз жер бетін мекендеген қилы-қилы халыөтардың алуан түрлі мәдени ерекшеліктері мен этникалық өзгеше қасиеттерін бойына сіңірген. Өзіне ғана тәң, айрықша ұлттық сипатымен қатар тағдырлас, қоңсылас халықтардың көптеген сипаттарын қабылдауы да сондықтан. Халқымыздың көршілес елдермен, сан алуан тайпалармен тығыз қарым-қатынасының тамыры тереңде жатыр.

Қазақ халқы мәдениетінің кейбір бастауы хақында сөз болғанда жоғарыда баяндалған ақиқаттың теріс  бұрмаланып, ағат пікірлер айтылуына  себеп болып жүрген нәрсе жазба-мұраларымыздың жоқтығы. Мұндайда «Қазақ халқы тарихи халық санатына қосылмайды», «түрік, монғол, тағы сол сияқты халықтардың құрандысы», «ал, барының өзі – өзінікі емес, өзгеден келген » деген сияқты шынайы ғылымға үш қайнаса сорпасы қосылмайтын «теориясымақтар» бас көтереді. Жазба нұсқаларымыздың жеткіліксіздігін желеу еткен мұндай ғылымғы  жат, керітартпа балдыр-батпақ, әлбетте, обьективті мазмұннан жұрдай боп келеді. Ал қазақ халқының бай этнографиялық материалдарына зерттеуші ғалымдарымыздың дендеп зер салмауы аса қынжығарлық жайт.(1,92б)

«Көшпелі халықтардың  пайда болуы жіне дамып өсуі жайы зерттелгенде нақты фактілер болмағандықтан қандаә да болмасын, қисық-негіздерден  жұрдай ағат та қиянатшыл байламдар  жиі ұшырасатынын жоққа шығару орынсыз,- деп жазды атақты ғалымымыз Шоқан  Уалиханов.-Алайда, сол халықтың этнографиясын зерттесек, тарихи щындықты бірден тап басып, дәл таппасақ та, ең болмағанда сонау бұлынғыр  бағзы күндерге сәулесін шашар бағалы мағлұмат алуымыз сөзсіз. Егер Гомердің поэтикалық ертегі – аңыздары мен Геродоттың жинаған аңыз – әңгімелердің  қандай да болмасын бір тарихи маңызы бар екенін, сондай-ақ, адам айтса нанғысыз қиял-ғажайып аңыз- әңгімелердің  әу баста шындық, ақиқаттан туғанын иойындайтын болсақ, бабалар өмірін, тұрмыс-салты, дәстүрі жан-жақты суреттелген белгілі бір дәуір шындығының айнасы іспетті қазақ қисса, аңыздарының тарихи мәні бары даусыз » (25,1,388).

Қазақ халқының бай этнографиялық  материалдарының Қорқыт атаға байланысты ертегі, аңыз, жырлардың орны өзгеше. Қорқыт, дәдем Қорқыт, Қорқыт ата - түрік халықтары түрікмен, қазақ, қарақалпақ, түрік, өзбек ауыз әдебиетіндегі басты кейіпкер. Бұлардың арасында «Кітаби дәдем Қорқыт» шығармасы елеулі орын алады. В.В.Бартольд бұл кітаптың жазылу кезеңі XV ғасырға жатқыза келе, одан да әріректе жазылуы мүмкін деген болжам айтқан. Аса көрнекті ғалымның бұл көрегендігіне кім де болса қайран қалғандай. Шынынды ды Қорқыт туралы аңыз көне заманда туғандықтан біз оның шығу тарихын салыстыру мақсатымен бағзы заманның аса бағалы мұрасы – шумерлердің «Гилгамеш туралы эпосына » (біздің дәуірімізге дейінгі IV мыңыншы жылдар ) зер салдық. Енді осы Қорқыт сарының тарихи-мәдени тегін саралап көтерелік.

Шумерлердің көне мұрасы –  «Гилгамеш туралы эпосы »  қазақ  арасына кең тараған Қорқыт жайындағы  ертегі-аңыздармен салыстырғандағы  мақсатымыз осы екі мұраның генетикалық  байланысы болуы мүмкін – ау деген  ой болатын.

Әлбетте, Месопотамиядағы  шумерлер мен қазақ тайпаларының эпикалық дәстүрінен тікелей ұқсастық іздеу әбестік болар еді. Әйтсе де, қолдағы әдебиет фактілері көркем творчестводағы образдар жүйесінің ұқсастығын көрсетеді.

Әуелі Гилгамеш жайлы эпосқа тоқталалық. «Үштен екісі құдай, үштен  бірі адам кескінді» Гилгамеш (Билгамеш деп те айтылады) өзінің досы, сахара перзенті Энкидумен бірге жауыз Хумбабаға жеңіледі. Бірақ жеңіс оңайлыққа түспейді. Энкиду қаза табады. Домсының қазасына Гилгамеш қатты қайғырады. Ақыры, адамды өлтірмейтін "дару " іздеп, жер-жиһанды кезіп кетеді. Көп қиындықтар басынан кешіріп, жүріп іздеген даруды табады. Бірақ ақыр аяғында ол шипалы дарудан айырылып қплпды. Көне жырдың ұзын-ырғасы осы.

Енді Қорқыт жайына келелік. Қорқыт ешқандай құбыжыпен де, жауызбен де айқасқа түспейді. Ол көбіне бұл  фәни дүниенің жалғандығын, баянсыздығын ойлап, толғанумен болады. Күллі адам баласын шексіз сүйгендіктен, Қорқыт адамды мәңгі өлмейтін ететін шипалы "дару " іздеп жолға шығады. Нелер бір тар жол, тайғақ кешуді басынан өткерген ол "даруды " табуын тапқанымен жоғалтып алады.

Ал, енді, әдебиетіндегі осы  екі персонажға ортақ жайттарды  талдап көрелік.

Аңызда Қорқыт асқан дана,көреген  адам ретінде суреттеледі. Ал ғалымдар Гилгамешты өмірде болған адам, біздің дәуірімізге дейінгі 2800-2700 жылдар аралығында өмір сүрген, Уруктың әскербасы, абызы  болған деген болжам айтады. Оның үстіне , ол көпті көрген кісі болыпты. Көне эпос оның қасиетін баяндаумен басталады:

О, сенсің, дүниенің төрт бұрышын  түгел көрген ардағым,

   О,бізге мәлім, теңіз кешіп, тау біткенді түгел

асып, қиян , шетке барғанын.

О,сенсің, жан досыңмен қас  жауларды тізе бүктірген,

О, кемеңгерім, көрегенім, болмас-ау, сірә арманың!

  Табиғатында Қорқыт білімге құштар. Оның ғұламалығының мәшһүр болғаны соншалық, аты аңызға айналып, халқы әулие көреді. Гилгамештің де бұл дүниеде білмейтіні жоқ.

Көрегенім, бел тұтарым, қиын-қыстау шақтағы,

Өзің айттың бізге келіп , топан судың қаптарын.

Бұларға өлімнен басқаның бәрі аян. Қорқыт ажалды дүниедегі бар  жамандықтың басы деп біледі. Ажалдың  ақыры бір күні алмай қоймасын білген ол енді өлімнен қашып құтылмақ болады. Қорқыттың дала кезіп кетуіне оның метафизикалық көзқарасы түрткі болады. Ал Гилгамешке оның досы Энкидудың қазасы себепші болады. Энкиду да, Қорқыт та түс көреді, онда аян беріп, ажал алатынын айтады. Жалпы Қорқыттың түсінен өлім шықпайды.

Энкидудың түсіне ажал енетін қатерлі сәт былай суреттеледі  эпоста:

Ақ сарайда Гилгамеш той  жасады шалқыған,

Хас батырлар ұйқыға бас  қойды той артынан.

Ұйықтап кеткен Энкиду бір  сұмдық түс көреді.

Тұра салып сол түсін  досына айтып береді

 

Былай дейді ол Гилгамештай  досына:

«Құдіретті құдайлар кеңесті  ғой, мен қайранмын 

осыған...»

 

Құлағың сал, түнде көрген түсімді сен енді есті

Ану, Эллиль және Шамаш бір-бірімен  кеңесті.

    Сонда тұрып Ану айтты Эллильге :

«Бұқа менен Хумамбуды  неге өлтірді , білдің бе?».

 

Ану айтты: «Сонау таудан кім  самырсын ұрласа,»

Ол жер басып жүруге тиіс емес бір күнде!»

Эллиль айтты: «Осыменен  болсын тамам бұл кеңес,

Өлсе өлсін Энкиду. Өлмесін  тек Гильгамеш!»

Өмірге деген құштарлық  бойын билеген бұл екі персонаж жазмышқа жанталаса қарсылық көрсетіп, өлмеудің қамына кіріседі. Қорқыт үшін де , Гильгамеш үшінде шалқар дала- ажалдан  ара тұратын қорған іспетті. Қорқыт Жел маясымен Сарыарқаның иен  даласын түгел шарлап шықса, Гильгамеш  та елсіз қу мекенге қашып кетеді.

Эпоста дала киелі деп  есептелінеді. «Далада туған адамның  бойында сарқылмас қуат бар», «далада туған адамға-адам баласы пар келмес», «далада туған- дана адам боп туған» деген  сөз тіркестері , идиомалар көп кездеседі. Осынау поетикалық образдарға қарай отырып, осы поэзияның өзі далаға тән поэтикалық образдарға қарап отырып, эпикалық дәстүрдің басы емес пе деп қаламыз.

Адамзат үшін , елі деп  еңіреген ерлердің жауыздық күштерден  опат болуы миллиондаған адамдардың жүрегін тебіренткен. Бұл шығармалардың  талай ғасырлар бойы өлмей мәңгілік жасауы да сондықтан. (1,98б)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.2 Ұмай ана   және көшпелі қоғамдағы әйелдің  рөлі.

Ұмай ана кім?

Біз жоғарыда  халқымыздың  рухани тіршілігіндегі көптеген сенім-нанымдарда діннің ешқандай қатынасы жоқ екенін әңгіме еттік.

Бізге ислам діні тарамай  тұрған кезде даламызда Ұмай ана  есіміне байланысты толып жатқан сенім-нанымдарда болған. Сондықтан  біз Ұмай ана жайында арнайы сөз  қозғамақпыз.

Көне сенім-нанымдар бойынша, Ұмай ана- жас нәресте мен екі қабат әйелдерінің сыйынар пірі болған.

Көне жырларда:

Бөрі, бөрі, бөрі ием,

Кел жебеуші, бөрі ием!

Ұмай ене, Шашты Әзіз

Еміп өскен бөрі еим!-

Информация о работе Қазақтың әлеуметтік мәдениеті: герменевтикалық талдау