Қазақтың әлеуметтік мәдениеті: герменевтикалық талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Сентября 2013 в 12:42, курсовая работа

Описание работы

Өтпелі дәуірдің тар құрсауынан шығу үшін тек экономикалық өзгерістерге иек арту жеткіліксіз. Ол үшін адам санасын да қүрт өзгерту қажет. Жоғары жақтан келетін нұсқауға негізделген менталитетте (ділде) таңдау да, шешім де, шығармашылық пен жасампаздық та жоқ. Өркениеттіліктің әлемдік және дәстүрлік үлгілерінен аласталған қоғам өзінің адамсыздандырылған ішкі табиғатында мәңгүрттенген тетік адамдарды, жүйеге икемделген пысық маргиналдар мен қиратушы нигилистерді қалдырады.

Содержание

1.Көне салт-санадағы әлеуметтік мәдениет нышадары
1.1 Қазақ ырымдары әлеуметтік мәдени реттеушілер ретінде
1.2 Ата-баба өсиеті және әдеп мәдениеті
2.Қазақ әлеуметтік мәдениетінің дүниетанымдық негіздері.
2.1 Тарихи –әлеуметтік орта және дәстүрлі сенім-нанымдар
2.2 Қазақ даласында тараған дін уағыздарының танымдық негіздері
3.Әлеуметтік қатынастар туғызған сенім-нанымдар
3.1 Ата-бабаға мінажат және ілкі тек туралы түсініктер
3.2 Ұмай ана және көшпелі қоғамдағы әйелдің рөлі.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиет

Работа содержит 1 файл

диплом.docx

— 96.04 Кб (Скачать)

Қазақстанда алғашқы қауымдық құрылыстың өте баяу ыдырауы барысында  жартылай феодалдық қатынастар орнай  бастады. Сондықтан да Ұлы Октябрь  социалистік революциясына дейін  қазақ халқы алғашқы қауымдық рулық – тусқандық қатынастарда болып келеді.

Патриархалдық-рулық идеология  ру мен семья аясында адамдардың жынысы мен жасына қарай белгілі  бір тәртіпке бағынуын дәріптей отырды. Ру ішіндегі ананың ролі кеміп, әлеуметтік билік түгелдей әкенің қолына кешкеннен  кейін, олардың арасынан шыққан ру басылар  мен ақсақалдар басқаларға қарағанда  елеулі әлеуметтік артықшылықтарға  ие болды. Ендігі жерде олар ерекше қасиет иелері ретінде марапатталады.

«Мәселен, маланезиялықтар  жай адамның қолынан келе бермейтін  іс-әрекетті жасай алушыларды  тірі кезінде марапаттап, өлгеннен кейін  олардың есімін кие тұтып, табынып  отырады. Тап осы секілді Яп (Каролина) аралының тұрғындары да тірі кезінде сыйлаған адамының аруағын өлгеннен кейін де қошамет тұтып отырған»,- деп жазды белгілі зерттеуші ғалым Л.Я.Штернберг (99, 346).

Адамның жеке басына табыну бір басқа да, оның белгілі бір  қоғамда алатын орнына, әлеуметтік жағдайына табыну бір басқа, оның белгілі бір қоғамда алатын орнына,әлеуметтікжағдайына табыну бір басқа. Ата-бабаға табынуда сол әлеуметтік жағы басым болып жататын сияқты. Мұнда адамның қара басынан гөрі, оның байлығы, билігі, үстемдік ету қасиеттері елеулі рөл атқарады. "Ұлықтар мен мықтылар өлгеннен кейін де құдіретті онгондарға айналған-мыс, ал ұсақ адамдар о дүниеде де сол қолынан түк келмейтін қалпында қалмақ : жаман адам біреуді дұрыстап не жақсы , не жек те көре алмайтын майда рухқа айналады",-деп жазды ұлы ғалымымыз Шоқан Уәлиханов ( 21,1,473).

Сонымен дүние салған адамның  көзі тірісінде –ақ басталады  екен. Ондай адам тірі кезінде не байлығымен, не ақыл-парасатымен, не батырлығымен аты шығып ел құрметіне бөленеді де , өлгеннен кейін пір саналады.Сөйтіп тірідегі көрген қошамет пен сый-сияпат қайтыс болғаннан соң жалғасын табады.

Мұндай құрметке көбіне ру ақсақалдары ие болған.

Өмір тәжірибесі мол ақсақалдар руға басшылық ету кезінде дараланып, көзге түседі де , зор беделге  ие болып отырды, бұл бара-бара бүкіл  қауым мүшелерінің адамға табынуына  әкеліп соқтырды.

Алайда жасы үлкен адамды қошеметтеу мен қадір тұтудың  астарында ешқандай діни қитұрлық жоқ. Мұндай адамгершілік салауат әлем халықтарының бәріне де бар. Қоғамдық қатынастар күрделену  тұсында адамгершілік негіздері  әрдайым санада дұрыс бейнесін таба алмай. Діни ілімдердің ықпалына түсіп ,"қасиетті","киелі" сипат алып отырады. "Адамгершілік тәңірі ұғымынан бұрын пайда болады.-деп жазады В.Г. Плеханов.-Дін өздігінен адамгершілік негізде пайда болған адамгершілік нормаларын туғыза алмайды. Оның қоғамдық негізде пайда болған адмагершілік ережелерін киелеп беруге ғана шамасы жетеді " (77,283)

Кезінде өмірде дәстүр ретінде  туыпғ артынан діни доктриналарға  айналған моральдық-философисялық  жүйелер бар. Мұндай діни жүйелер  қатарына буддизм мен конфуций ілімін жатқызуға болады. Дәстүрдің дінге  ұласуы , уағыз арқылы дәйектене  түсуі тарихи құбылыс.

Дәстүр-қоғамдық сананың  элементі , адамазаттың бір ұрпағынан  екінші бір ұрпағына көшіп отыратын әр түрлі қоғамдық құбылыстарың нормалары  мен принциптерінің жиынтығы.Бұл  нормалар мен принциптер белгілі  бір тәсіл, амал-айла яки салт-сана , жөн-жоралғы, әдет-ғұрыптар түрінде  болады. Тарихи дәуірлердің рухани, мәдени және адамгершілік бітімі негізінен дістүр арқылы дамып отырады да, дәстүр тәжірибе жалғастырушы сипатта болады. Оның тарихтағы маңызы зор, сондықтан оған діни сана да жармақтасып, жабысып келген. Дәстүр қоғамдық  қатынастардың белсенді байланысшысы бола тұра, алғашқы діни формалардың дамуына да ат салысқан екен.

Революцияға дейінгі қазақтың ұлттық психологиясының басты ерекшелігі ата-бабаға сыйыну болған. Оның тамыры бағзы замандарда даламызды мекен  еткен тайпалардың рухани болмысымен сабақтасып жатыр. Алғашқы қауымдық құрылыста жасы үлкен адамдар  қадір тұтылып, қошеметке бөленгені  мәлім. Жазба деректерге жүгінсек, сақ  пен массагет  тайпаларының арасында көп жасаған көне қариялар көсем  болып, қол бастағанын, рулық құрылтайларда  ең алдымен сөз сөйлеп, жөн-жоба көрсеткенін, ал жайшылық күндерде жұртқа абыз қызметін атқарғанын білгіземіз. Біздің дәуіріміздің I ғасырында өмір сүрген жазушы Николай  Дамасский өзінің «Таңғажайып дәстүрлер жинағы» деген шығармасында «Скифтер үлкендерін «әке» деп атайды»,- деп жазады (26,1947,4,175).

Патриархалдық- рулық қоғамда  әкенің беделі мәртебелі болғанын жоғарыда айттық. Біздіңше, Н.Дамасский жазғандары революцидан бұрынғы қазақ  семья  мүшелерінің  арасындағы туыстықты  да дұрыс көрсетеді. Скифтер қоғамында  үлкендердің шешімі, айтқан сөзі  заң ретінде бұлжымастан орындалып  отырған.  Егер шешім үлкен адамның, әдетте, көсемнің тұжырымды сөзі арқылы түйінделмесе онда ол орынндалмаған.

Ф.Энгельс жақсы көрген көне заман жазушысы Лукианның скиф көсемі Анахарсис жайында жахған бір еңбегінде былай делінген: «Егер скифтер бірімен- бірі жанжалдасып  қалса, ақсақалдары кінәлі адамға жаза тағайындап отырады» ( 26,1948,1,304).

Ру басылар арасында тағайындалған  көсемдер жаугершілік кезінде қолбасшы қызметін, ал жайшылықта билік жүргізіп, діни рәсімдердің дұрыс атқарылуын қадағалап отыр. Шынында да о замандарда ру басылардың қоғамда алынатын әлеуметтік орнын «қасиет» тұтпай, «киелемей», ру мүшелерінің күнделікті өмірін реттеп отыру мүмкінде емес еді.

Киелеудің орнын бірте-бірте  табыну басқан. Мұны біз ертедегі көшпелілер өмір тіршілігінен айқын аңғарамыз. Мәселен, скифтер өздерінің  ата-бабасысаналатын  Тарғытайға құдайға сиынғандай тәуеп  еткен. Гректер Тарғытайды Гераклмен  қатар қойған. Геродот келтірген  скиф заманының бір шежіресінде  Скифия мемлекеті бұлардың арғы ата-бабасы болып саналатын Скиф дейтін адамның  есімін мирас еткен, деп айтылады. (31,IV,8-9).

Ата-бабасының атын ру, ұлыс, мемлекет, елге қою салты ғұндарда  да кездеседі. Мәселен, ғұн тайпаларына жатқызып жүрген ухуаньдар «белгілі ру басыларының есімі тайпа атына» айналдырады екен. (21.1,142-143). Мұндай жайт орта ғасырлардағы көшпелілер тіршілігінен де байқалып қалады. Мәселен, М.Қашқари, Рашид-ад-дин, Абу-л-ғазы мәліметтерінен  Оғыз ханның есімі оғыз тайпаларының этникалық жалпы атауына айналғанын білеміз. Совет ғалымы Д.Е.Еремеев түркі халықтары атауларының біршамасы кезінде ру басылардың есімдері болғандығы жөнінде жазады(105,141).

Ғалымның пайымдауынша, мұндай этнографиялық құбылыстың  негізінде  ата-бабаға сыйынудың ықпалы жатыр.

Қазақ арасында некені реттеп отырудың өзіндік жөн жоралғысы да болған. Мәселен, ауыл ақсақалдары белгілі бір рудың 6-7-8 атаға шейін бір-бірімен қыз алыспау салтын қатаң қадағалап отырған. Бұл салттың қазақтардың өмірінде прогрестік роль атқарғаны баршаға мәлім. Қазіргі медицина ғылымында қандас адамдардың бір-бірімен қыз ацналысуына байланымты  жас нәрестелердің іштен мүгедек, жарымжан болып туатындығы дәлелденген. Сондықтан да біздің мораліміз мұндай некелесу салтын үзілді- кесілді айыптайды. Сонау, бағзы замандарда осыны білген біздің ата-бабаларымыз қандай ақылды болған десеңізші!

Әлеуметтәк-экономикалық теңсіздік  дәірлеген тұста ру басылардың өктемдігі  де күшейе түсті. Адамгершілікке, сый-си япатқа, кісілікке, бедел мен ата-баба  салтына сүйенген қауымдық ұйым ендігі жерде бұрынғы қалпын сол күйінде  сақтап тұра алмады. Дәстүрлі қария билігінен мықты, қуатты өктемдікті әлеуметтік өмір қажет етті. Бұл қажеттіліктің орнын дін толтырмаө болды. Дін ру басылардың, қолбасшылардың және көсемдердің өктемдігін киелендіріп, бұлжымас қағыдаға айналдыруды көздеді. Енді сахараның хандары мен бекзадалары өздерін құдай нәсілінен жаратылғанбыз дегенді  шығарды. 448 жылы Рим императоры Феодосиийдің ғұн қағаны Атиллаға жіберген елшісі Приск Пантиский осы сапарда өзінің көргендерін былайша жазып қалдырған: «Той үстінде варварлар (ғұндар,-С.А,) Атилланы мадақтай бастады, оның есесіне біз императорымызды мадақтадық. Тілмаш Бигила ғұндарға қарап, құдай мен қарапайым адамды теңестіру күнә екенін ескертті. Әрине, оның құдай дегені Феодосий де, қарапайым адамы – Атилла еді. Ғұндар бұл сөзді кек ала бастады»(26,1948,4,678). Осы деректердің өзі-ақ Римдықтар қз императорына, ғұндар өз Атилласына құдайдай табынғаны көрініп –ақ тұр. (1,78б)

Көсемдер мен қолбасшыларға  мінәжат ету көне түркілер заманында  кең тарайды. Сайын далада сайран салған космос құдайы тәңірі ұғымы түркілердің ата-бабасы ретінде уағыздалады. Тәңірі ұғымы арқылы космос күштері әлеуметтік сипат алады. Сондықтан да көне түркілердің руналық (тас жазуы) таңбаларында аспан әлемі (Көк тәңірі) қоғамдық қатынастарды реттеуші жойқын күш болып табылады.

 Қзақ арасында елі  мен жерін қорғап, жауға қарсы  атойлар батырлар,  қолбасшылар-  ел ағаларының есңмдеріне мінәжат  қылу бұрыннан бар. XVII-XVIII ғасырларда  Жоң,ар шапқыншылығына қарсы күресте  ерлік жасаған Қабанбай, Бөгембай, Өтеген, Шыңғожа, Райымбектердің  есімдері ел ішіне аңыз болып  тараған. Бертін келе олардың  аттары киелі саналып, азаттық  күресінің ұранына айналады.

Халық ішіндегі бұл батырлар жайында «Отқа салса жанбайды, суға салса батпайды» деген аңыз- әңгімелер  бар. Әсілі, аңыздар ұлт-азаттық  күресінің дәуірлеуі үшін саяси-соғыс  сұраныстарына орай шығарылса керек. Жоңғарларға қарсы соғыстарда даңқы  щыққан батырлардың есімдері түгілі, қару-жарағы, сауыт-сайманы, ер-тұрманы да  киелі саналады.

1930 жылы Бөгембай батырдың  туыстарының қолында қалған сауты  мен дулығасы аө жацып арулап  «қойған» соңсон ол жерге зиянат  жасаушыларда болған. Өтеген батырдың  бөрі тостағанымен (батырлардың  жорықта ас ішетін ыдысы) тамақ  ішкен бедеу әйел бала көтеріп,  екіқабат болады деп санаған.

Осылай десек те қазақ  арасында қолбасшылар мен батырларды, көсемдер мен хандарды кәдімгі құдай  санап, оларға табыну рәсімдері көп  байқалмайды.  Қытай мәліметтеріне  қарағанда, XVIII ғасырдың аяқ шенінде ел ішінде қазақ хандарының беделі болмаған, олардың сөзіне де наразылық білдіріп отырған (22,145). Бұл бұқара халықтың ел жуандарына қарсы бағытталған стихикалық наразылығының көрінісі болса керек.

 

 

 

 

 

                                 ГЕРОНТОКРАТИЯ   ІЗДЕРІ

Жоғарыда біз әке билігі ертедегі кқшпелі қоғамда күшті болғаны жайлы сөз еттік. Кейбір ғалымдар ру патриархтарының қауымдық басқарудағы  басты роліне байланысты геронтократия жайлы мәселе қояды. Геронтократия- ақсақалдар мен жасы келген ел ағаларының билігі, ежелгі адамдардың  әлеуметтік ұйымдасу формаларының бірі, патриархалдық-рулық құрылыстың  әлеуметтік институты деген мағынаны білдіреді. Сонымен геронтократия  алғашқы қоғамдық құрылыстың әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынасы дамуының нәтижесі болып табылады.

Алғашқы қауымдық құрылыста  адам өз руымен  ажырамас бірлікте болғаны  белгілі. Адам ру қауымынан тысқары  өмір сүре алмады, сондықтан да рудан  қуылу адам үшін ең ауыр жаза болып  саналады. Рудан тыс деген сөз  моральдан тыс деген  ұғыммен  бірдей еді. Өйткені «тайпа, ру және олардың мекемелері  қасиетті және қол сұғуға болмайтын нәрсе болды, табиғаттың өзі сезңмдері, ақыл-ойы  мен істейтін істері жағынан оған сөзсіз бағынышты күйде қала берді» (5,29).

Ру адамдары тең праволы  болды. Сондықтанадамның қандай да бір  айрықша қасиеті болса да, қауым  оған ешбір артықшылыұ бермеді. Кейде  ақылды, батыл адамдар  аңға  шыққанда немесе ру арасындағы соғыстар кезінде  басшылыққа сайланған. Алайда ол өз міндетін атқарған соң қайтадан жұртпен бірдей болған. Рулық қауымның дамып келе жатқан өндіргіш күштері адамдар  қауымдастығының табиғатын өзгерткен  жоқ, тек матриархаттан патриархатқа өтуге жағдай жасады. Сонымен мал  бағудың, жер жыртып, егін егудің пайда  болуы үй шаруасының бөлек сипат  алуына әкеліп соқтырды. Көбінесе үй тірлігін әйелдер атқарып, шаруашылыққа  және  қауым өміріндегі істерге басшылық ету ерлердің үлесіне тиді.(1,80б-81б)

Қоғамдық қатынастардағы жаңа өзгерістер туғызған еңбек бөлінісімен  қатар адамгершілік нормалары мен  принциптері пайда болды. Осындай  жағдайда қалыптасқан дәстүрде және дағдылы  нормада өауымдағы ерлер  пайдаланған жеке бедел  мен құрмет бірте-бірте айқындаушы сипатқа ие бола бастады. Бай тәжірибе, біліктік пен шеберлік  әлеуметтәк жоғары беделдің белгісі ретінде есептелді. Сөйтіп, үлкендерді сыйлау, құрметтеу адамгершіліктің көрінісі болып табылады. Сол себепті де рулық құрылыста үлкендерге зор құрмет көрсетіліп, артықшылық берілді.

Жеке адамдардың ерекшелігін  аныөтауды әскери демократия елеулі роль атқарды.

Геронтократияның іздері орта ғасырлардағы тайпаларда молырақ  байқалады. Бұл тайпалар кейін қазақ  халқының  тегін құрауда елеулі роль атқарды. Едіге, бұлғарлар мен  славян еліне бара жатқан X ғасырдың басындағы араб саяхатшысы Ибн-Фадлан Маңғышлақ пен Каспий аралығын мекендеген тайпалардың үлкендерді сыйлау   дәстүрін атап көрсетеді. Ол мұндағы  тайпалардың «аллаға жалбарынбай, ештеңеге бас ұрмай- ақ өз ақсақалдарын әулие деп санайтынын » жазады. (54,60). Ибн-Фадланның замандасы Абу-Дулаф Ертіс бойындағы қимақтардан да осы үрдісті байқаған. Ол былай деп жазады: «... Біз қимақ халқына келдік... Олар сексенге келген адамын... өте қатты сыйлайды» (75,130). Рудың үлкендеріне құрмет көрсету басқа тайпаларға да тән болған. Ел аузындағы аңызға қарағанда, XII ғасырдағы керей ханы Маркуз тайпаның діни патриархы, ал осы кезеңдегі наймандар ханы Инанч Білге Бұқа хан (Бұқа – күшті мағынада) ақ шашты қария болып суреттеледі. (55,189).

Рулық геронтократия дәстүрлері революциядан бұрынғы көшпелі қазақ  қоғамында да сақталған. Алайда қазақ  қауымында қалыптасқан адамгершілік  нормалар мен принциптердің өзіндік  ерекшеліктері жоқ емес. Үлкендерге деген ықылас көбіне адамдардың өзара  қарым – қатынасынан  байқалады. Ақсақалдардың, жасы үлкен адамдардың  ерекше құрметтелуі моральдық-этникалық  қағиданы, еңбекші халықтың  ғасырлар бойы  қалыптасқан дәстүрін , халық  этикасының демократиялық бағытын  көрсетсе керек. «Үлкендерді құрмеььеу, - деп жазады 1896 жылы қазақ  даласына жіберілген санақ – экономикалық экспедициясының басшысы Ф.Шербина,- қырғыздардың (қазақтардың,-С.А.) кәдуілгі праволық қатынастары саласындағы  ең берік және тұрақты институты  болып саналады» (102,21).

Информация о работе Қазақтың әлеуметтік мәдениеті: герменевтикалық талдау