Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Сентября 2013 в 12:42, курсовая работа
Өтпелі дәуірдің тар құрсауынан шығу үшін тек экономикалық өзгерістерге иек арту жеткіліксіз. Ол үшін адам санасын да қүрт өзгерту қажет. Жоғары жақтан келетін нұсқауға негізделген менталитетте (ділде) таңдау да, шешім де, шығармашылық пен жасампаздық та жоқ. Өркениеттіліктің әлемдік және дәстүрлік үлгілерінен аласталған қоғам өзінің адамсыздандырылған ішкі табиғатында мәңгүрттенген тетік адамдарды, жүйеге икемделген пысық маргиналдар мен қиратушы нигилистерді қалдырады.
1.Көне салт-санадағы әлеуметтік мәдениет нышадары
1.1 Қазақ ырымдары әлеуметтік мәдени реттеушілер ретінде
1.2 Ата-баба өсиеті және әдеп мәдениеті
2.Қазақ әлеуметтік мәдениетінің дүниетанымдық негіздері.
2.1 Тарихи –әлеуметтік орта және дәстүрлі сенім-нанымдар
2.2 Қазақ даласында тараған дін уағыздарының танымдық негіздері
3.Әлеуметтік қатынастар туғызған сенім-нанымдар
3.1 Ата-бабаға мінажат және ілкі тек туралы түсініктер
3.2 Ұмай ана және көшпелі қоғамдағы әйелдің рөлі.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиет
Дін таратушылардың рухани
іс-әрекетінің астарында нақтылы
бір саяси мүдде астасып
Мұсылмандық діни қойыртпақ
Даламызды мекендеген халықтардың
арасына бірден-бір кең
Алайда үстем тап өкілдері
жаңа дінді өз мүдделерін қорғайтын
құрал деп білді. Сондықтан да
даладағы қаһарлы әулеттер –селжүктер
мен қарахандар дінеге ілтифатпен қарады.
Мұсылман дінін таратушы қожа-молдалар
орда маңын төңіректеп, дала феодалдарының
қошеметіне бөленіп отырды. Жергілікті
ақсүйектер олардың айтқандарын
екі етпеді. Шариғаттың ыңғайыеа бейімделген
олар бұрынғы "Кертбұқа","Бұқа",
"Бұғы","Кермарал","Теке","
XIV-XV ғасырларда ислам дінін таратушылар Алтын Орда хандарының сарай маңын төңіректеді. Монғол хандарының елшілері Мысырда болып, мұсылман дінін Дешті-қыпшақ даласының қиыр-қиырларына тарату жөнінде келіссөздер жүргізеді. Алтын Орда билеп-төстеушілері дінді өз мақсаттарына жетудің құралы деп санады. Сөйтіп, олар халықты шариғат шарттарымен бұғауламақ болды. Дешті-қыпшақ даласында мұсылман дінінің орнығуы қанаудың күшеюімен ұштасты. Осыған қарамастан қалың бұқара халық үшін діни қағидалар бос сөз болып қала берді. «Қыпшақтар ислам дініне бас иіп, шариғаттың екі шартын меңгергеніне қарамастан, олар дін ережесіне өте олақ»,- деп жазады сол заманның тарихшысы (90,234). Әйтсе де ислам дәстүрі, салт-санасы қыпшақтың көшпелі далаларына ойыса берді. Даланың шынжыр балақ шұбар төстері «Дүниені билеп тұрған – бір алла, ал сұлтан болса, сол алланың көлеңкесі » деген сөзді тірісінде мәтелге айналдырып, өлгенде қабірлерінің маңдайшасына ойдырып жаздырып қойды. Бірақ мұсылман діні сарай маңынан ұзап шыға алмады. Даламыз ислам әлемінің қиыр шеті болып қала берді. Көшпелі халық өздерінің ежелгі сенім-нанымдарынан, жол-жорасынан жаңылмады.
«Мұсылман діні әлі біздің
денеміз бен қанымызға сіңе қойған
жоқ. Алайда, алда, болашақта халқымыздың
түбіне жете ме деген қауіп бар,-деп
жазды кезінде Шоқан Уалиханов.
Қазақстанда ислам дінінің тарауы халықтың дәстүрлі санасын түбегейлі өзгерте алмады. Жергілікті діни түсініктер мен ислам қағидаларын шырмала келе не таза шариғат емес, не шаманизм емес, тек Қазақстанға ғана діни синкретизм пайда болды. Ислам діні етек ала бастауына орай көне тәңір ұғымы мұсылманның алласының синониміне айналып кетті.
Көшпелі қазақ «Бір алла!»
деген исламның басты тұжырымын
әдетінше «Бір Тәңір!» деп қайырып,
тілінде болғанмен ділінде
Мұнын өзі ислам орталықтарында
дін жайын бағдарлап отырған
дін басыларының көңілінен
Қазақтар XIX ғасырдың екінші жартысында да дңнге бой ұсынбаған . Қазақ даласында патша өкіметі өз үстемдігін орнату үшін ислам дінін орнықтыру ісіне ат салысқаны аян. Жергілікті байлар мен молдалар езілген бұқараның дін бұғауында бола бергенін қалады, олар керек кезінде мемлекет тарапынан көмек алып отырды. «Қарапайым қазақтарды мешітке қамшының күшімен айдау жиі болмаса да, кездесіп қалады,- деп жазды Л. Мейер деген әскери адам. – Және дін ісіндегі бұл әпербақандық өте пайдалы деп уағыздалып отыр» (67,229). Қалың бұқара мешітке де, оның еңбекшінің мойнына салған Алым-салығына да ашықтан-ашық наразылық білдіреді. «Басына бишік үйірмесе ғибадатханаға кірмейтін халықты діңкөс деп атауға бола ма?-деп жазды кезінде Мәскеу университетінің профессоры А.Харузин.-Қаазақ шаруасын шартты мұсылман деуге ғана ауыз барады»(95-96).
Қарапайым халық белгілі
бір құбылысты дүниеге
Әйтсе де ислам ел ішіне
уытын барған сайын жая түсті.
Ендігі жерде жергілікті ұлттық дін
қызметшілерін даярлау күн
Қазақтың сырт көрінісі , киімі, пішіні жалпы мұсындық этнографиялық сипат алды: басына сәлде орап, үстіне шапан, аяғына мәсі киіп,қолына таспих ұстады. Меккеге, қажыға баршылар көбейді. Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауидің мавзолейі ислам әлеміеің "екінші ошағы" деп танылды. Мавзолейге үш мәртебе зиянат жасау.Меккеге бір рет барғанмен барабар саналды. Түркістан шаһары "30.000 Түркістан әулиелерінің мекен -тұрағы" деп дәріптелді. Мавзолейдің маңы киелі қорымға айналды. Қазақстанның басқа қиырларында дүние салған қолбасшылар, билер, ірі феодалдар, ру басылары осы қорымға әкеліп жерленді. Басқаша айтқанда, мұсылман діні мен шариғат нормалары қазақ халқының этнографиялық бітіміне едәуір ықпалын тигізді.(1,41б)
Өлкемізде патша өкіметінің отарлау саясаты күшейген сайын мұсылман дінінің қазақтар арасында орнығуы да байырқалана түсті. Бұл процесс патша өкіметі мен оның отарлау саясатын жүргізушілердің көз алдында болып жатты. Патшалық әкімдер бұл мәселе төңірегінде екі ұшты пікір ұстады. Мұсылман халықтарының діни сезімімен ойнай отырып, мұсылмандыққа кеңшілік жасады. Сөйтіп сол арқылы орыс капиталының Орта Азия мен Шығыс Түркістанға кең көлемде енуін қадалады.
1788жылы Екатерина II арнайы
қарар қабылдады. Сол қарар
бойынша "Орынборда
Сонымен XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бас кезінде Ресейде таптық қатынастардың ушыға түсуіне байланысты ислам саяси идеология рөлін атқарлы. Мұсылман дін басылары мен оларды төңіректеген керітартпашыл қазақ интеллигнециясы патша өкіметі мен оның отарлау саясатына қарсы бағытталған тап күресіне үн қоспады. Осы себепті отарлау саясатына қарсы күрес баянды болмай, кей-кейде керітартпа идеялардың жетегінде кетіп отырды. Бұл кездегі қазақ қоғамының рухани бодмысы исдам дінімен ашық , әлде астыртын түре байланыста болды.
Өлкемізде жаңадан тамыр
алып, тарай бастаған марксизм ілімі
ғана дерттен сау еді. Қазақстанның
алғашқы марксистері дінмен уланған
сананың қандай да болмасын көрінісін
жоққа шығарып, оған қарсы ашықтан
ашық күрес жариялап, оның азаттық
жолындағы қозғалысқа тигізер залалын
еңбекші бұқараға түсіндіріп қойды.
Өйткені мұсылмандық
Сонымен қатар империяның әр қиырында тұратын бұратана ұлттар мен халықтарды христиан діні негізінде орыстандыру саясаты іс жүзінде белең алды. Бұл патша өкіметінің ежелден көксеген арманы еді, оны жүзеге асырудың орайы енді келгендей болды. Мұндай ірі саяси науқаннан қазақ байлары да қалыс қалмады. Өлкемізде христиандандыру ("шоқындыру") ісі жүргізіле бастады.Бұл дінді таратудың орталығы Қазан қаласы болды. Мұнда христиандандыру ісін жүргізу үшін арнайы "Әулие Гурийдің бауырластар қауымы" құрылды. Қаумның негізгі қызметі Ресейді мекендеген христаин емес халықтар мен аз ұлттар тілдерінді діни кітаптар аударып басу болды. Қазақша әдебиеттер шығаратын аударма редакциясы "Құдай үшін көп азап шеккен Евстафия Плакиданың, оның қосағысының, екі өмірі" ,"Құдіреттер қылушы ізгі Николай" және т.б кітаптар шығарды. ХХ ғасырдың басында Семейде қазақ балаларына арналған 3 миссионерлер мектебі жұмыс істеді.
Еңбекші халық миссионерлердің
түпкі таптық саяси-мақсатын дұрыс
түсініп, іштей наразылық білдірді."
Өлкемізді христиандыру шаралары іске аспай қалғаны мәлім. Мұның негізгі себебі дін қағидаларының халықтық көкейкесті өмірлік сұранысьарына жауап бермейтіндігі еді. Сондықтан халық бұл шараларға жаппай наразылық көрсетті. Ел ішінде христиан дінін қабылдағандар рудан қуылып, ата-аналары оларға енші беруден бас тартты. Бірақ өлкемізде христиандыру шаралары зорлықпен жүргізіліп жаитты...
3.Әлеуметтік қатынастар туғызған сенім-нанымдар
3.1 Ата-бабаға мінажат
және ілкі тек туралы
Ата-бабаға табыну, оны көз тірісінде пір тұтып, ал өлгеннен соң рухын мінажат қылу адам жанының мәңгілік , материалдық дүниеден тәуелсіз, дербес өмір сүреді деген сенімне туған. Бұл сенім "о дүние" жайындағы түсінікепен төркіндес. Осы арада ата-баба рухына табыну діни идеализмнің сойылын соғатынын ескере кеткен жөн.
Ата-бабаға табыну, оны көзі тірісінде пір тұтып, ал өлген соңмрухына мінажат қылу адам жанының мәңгілік, материалдық дүниеден тәуелсіз, дербес өмір сүреді деген сенімнен туған. Бұл сенім «о дүние» жайындағы түсінікпен төркіндес. Осы арада ата-баба рухына табыну діни идеализмнің сойылын соғатынын ескере кеткен жөн.
Ата-бабаға табыну дәстүрі алғашқы қауымдық құрылыста пайда болады да, сол қоғамның идеологиялық қондырмасы ретінде жалғанның жарығына шығады. Сондықтан да бұл дәстүрді патриархальдық қоғамның қойнауында көктеп, феодалдық өндіріс тәсілі дәуірлеген кезеңде бүршік жарып, ал буржуазиялық қарым-қатынастар үстемдік еткен кезде ескі заманның сарқыншағы деп атауымызға әбден болады. Сонымен ата-бабаға табынуды семьяда әкенің ролі артқан кезеңнің адам санасына ұялаған жаңғырығы іспетті десе де болғандай.(1,55б)
Информация о работе Қазақтың әлеуметтік мәдениеті: герменевтикалық талдау