Қазақтың әлеуметтік мәдениеті: герменевтикалық талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Сентября 2013 в 12:42, курсовая работа

Описание работы

Өтпелі дәуірдің тар құрсауынан шығу үшін тек экономикалық өзгерістерге иек арту жеткіліксіз. Ол үшін адам санасын да қүрт өзгерту қажет. Жоғары жақтан келетін нұсқауға негізделген менталитетте (ділде) таңдау да, шешім де, шығармашылық пен жасампаздық та жоқ. Өркениеттіліктің әлемдік және дәстүрлік үлгілерінен аласталған қоғам өзінің адамсыздандырылған ішкі табиғатында мәңгүрттенген тетік адамдарды, жүйеге икемделген пысық маргиналдар мен қиратушы нигилистерді қалдырады.

Содержание

1.Көне салт-санадағы әлеуметтік мәдениет нышадары
1.1 Қазақ ырымдары әлеуметтік мәдени реттеушілер ретінде
1.2 Ата-баба өсиеті және әдеп мәдениеті
2.Қазақ әлеуметтік мәдениетінің дүниетанымдық негіздері.
2.1 Тарихи –әлеуметтік орта және дәстүрлі сенім-нанымдар
2.2 Қазақ даласында тараған дін уағыздарының танымдық негіздері
3.Әлеуметтік қатынастар туғызған сенім-нанымдар
3.1 Ата-бабаға мінажат және ілкі тек туралы түсініктер
3.2 Ұмай ана және көшпелі қоғамдағы әйелдің рөлі.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиет

Работа содержит 1 файл

диплом.docx

— 96.04 Кб (Скачать)

Өндіріс күштері жаулап алынған  халықтар есебінен ұлғая түсті. Көшпелілердің  тегеурінді щабуылына төтеп бере алмаған талай цивилизация  күйреп жатты. Далалықтар дәуірлеген кезеңде мал басы жойдасыз өсіп, іщкі қажеттіліктер сыртқы олжаның есебімен толықтырылып отырды. Қыпшақтардың малындай көп мал « байтақ дүние дидары да жоқ » деп жазды XIII ғасырда өмір сүрген Европа саяхатшылары. Көзбен көрген жандардың бұл сөзі көшпелілердің болып-толған кезеңі еді.

Осы тұста әлемнің айтулы елдері далалықтарға көңіл аудара бастайды. Әр түрлі діндер мен секталардың  өкілдері, миссионерлер далалықтарды өз діндеріне тартпақ болды. Осындай  әрекеттердің салдарынан көшпелілер өмірінде жаңа құдайлар белгі бере бастайды. «Ежелгі мемлекеттердің құруымен бірге  олардың дінінің де құритыны» ( Маркс) сияқты көшпелілер ұлысының құлауымен  бірге олардың  қорымдары да құлазыды, бірақ олардан  қалған іздер мүлде  жоғалып кеткен жоқ. Әлемдік діндердің  құдайлары мен діни танымдары  жергілікті тайпалардың  наным-сенімдерімен ұласып, VI-VIII ғасырларда тәңірге табыну дараланып, бел алып шықты. Сөйтіп, сырттан келген сенім-нанымдар жергілікті сенім-наныммен астасып кетті. Мұның өзі эллинизм дәуірінде гректердің құдайлары мен шығыс құдайлары араласып кетіп, жаңадан пайда болған құдайды гректің де, парсының да танымай қалғаны сияқты болды.(1,27б)

Ежелгі көшпелілер тәңіріні көз алдына елестете де алатын. Ол бірде  Күн, бірде Ай тұлғасында көрінетін. Орта ғасырларда тәңірі басқа бейгене  көше бастайды.  Көшпелілер қауымының  тапқа жіктелуі мен әлеуметтік қайшылықтардың  айқындалуына байланысты тәңірі туралы ұғым да өзгеріп,енді ол діни кітаптарда айтылатын таптық «құдайға » жуықтайды.

Тегінде, көшпелілердің тағдыры  баянсыз. Бұл олардың маңдайына  жазылған. Көшпелі малшы табиғатпен кәндәктес, сондықтан да шаруашылық-экономикалық өмірі сол табиғатпен үндес. Демек, ол табиғаттың бергенін қажетіне жаратып  қана отыра береді. Алайда бұдан  көшпелілер табиғатқа ықпал етпейді, оны түлетпейді деген ұғым тумаса керек. Әйтсе де көшпелі мал шаруашылығындағы дұниенің түлеуі мен оған жасалар ықпал біз байқап жүрген егінщіліктегідей немесе қол өнері  кәсібіндегідей еңбек құралдары мен өндіріс жабдықтары арқылы емес, тікелей табиғатпен араласу арқылы жүзеге асады. Көшпелілердің еңбек құралы- алдындағы айдаған малы, сол малының жайын ойлап үнемі көшіп-қонып жүреді. Соған қарамастан олар табиғаттың алдында дәрменсіз. Жылдап жинаған дәулетті бір жұт жалмап қояды. «Батыр бір оқтық, бай бір жұрттық» деген мәтел осындай табиғат қатігездігінен қалған.  Көп ғасырлар бойғы көшпелі шаруашылықтың  бір қалыпта өзгеріссіз  қалуының сыры да, бертіндегі қазақтардың көшпелі шаруашылық жүйесі мен ежелгі шаруашылық жүйесінде ұқсастық болатыны да сондықтан. Үнемі жайылым іздеп, көшіп-қонуға негізделген мал шаруашылығының тәжірибесі бұған шейінгі жинақталған тәсіл-тәрбиеге сөзсіз сүйенеді. Ал өткеннің тағылымынан жаза басу барша өндіріс ырғағын бұзып, мал басынан айрылып, аштық пен азапқа ұрындырған болар еді. Демек, ілгеріде сыннан өткен тағылым кейінгі буын өкілдеріне міндетті түрде беріліп отыруы керек болған. Осынау тіршілік тірегі сияқты талғам-тәсілдер көшпелілердің ғасырлар бойғы салт-дәстүрлермен қабысып, уақыт өте келе «өмір тәртібіне» айналған. Сондықтан да көшпелілердің рухани өмірі мен дүниетанымы кездейсоқ ұғымдардың тізгін бермес жүйесіз сапырылысқан жиынтығы емес, керісінше, ғылым тілінде көшпелілік деп орныққан біртұтас қондырғылық идеялық процесс ретінде мәдени құбылыс.

Материялдық-экономикалық негіздің шайқалуы көшпелілер әлемінің дәстүрлі мұрасын тұқыртып кетті. Дүниеге  байырғы көзқарас енді басқа түскен   жағдайдың жетегіне еріп, айдауына көніп, буржуазиялық қоғамдық даму тенденцияларының шашбауын көтере бастады. Осы тұста  патшалық Россияның отарлау саясатына  жалпақтай қызмет еткен  ислам  өкілдерінің  мейманасы тасыды. Мұнымен  қоса қазақтарды христиандандыру талабы да бой көрсетіп жатты. Әйтсе де, XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бас кезінде діни қозғалыс ара-дара хал кешті. Қазақ даласының дін орталықтарынан шалғайлығы, көшпелі өмір-тіршілігінің  жалғасуы ежелгі наным- сенімдердің сақталуы ел ішінде, діндердің тарауына қиындық жасады.

Сонымен көшпелілік өзінің өмір сүруін тоқтатты. Бірақ адамзаттың балаң дәуірінен жеткен мұра жалғасын табуда. Ол біздің бүгінгі өмірімізге тіл, дістүр, салт-сана, әдет түрінде  ілесіп келеді.

Иә, халықтық салт-дәстүрді ешкім де жатсынбаса керек. Мұндай салт –дәстүр халықтың дүниетанымы, өмір салты, эстетикалық және этикалық танымы, ұлт мәдениетінің асыл нұсқалары негізінде шыңдалып қалыптасты. Құдіретті эпикалық  ескерткіштеріміз, әсем сазды музыкамыз, сәулетті архитектурамыз, өнерпаздақтың басқа да түрлері соның   айғағы. Бұлардың көмегінсіз біздің рухани әлемімізді, моральдық жаратылысымызды, бүгінгі және ертеңгі парасат болмысымызды көз алдымызға елестетуіміз мүмкін емес.(1,30б)

Алайда өткенімізге маркстік- лениндік көқарас тұрғысынан мұқият қарауымыз керек. Кемелдік пен жарқын болашақты нысана еткен әрбір қадамымызға кедергі болғанның бәрін де тарих керуенінен қиналмай-ақ сыпырып тастап отыруға тиістіміз. Мұндай кедергілердің санатына жарамсыз ырым-жырым, наным-сенімімен  қоса дін атаулыны  жатқызуға болады. Тегінде, шындықты тану және оны игеру  дегеніміз  құрғақ жаттап алу емес, бұл түптеп келгенде, белгілі бір құбылыстың  мәніне үңілу арқылы туатын күрделі процесс. Таным процесінде белгілі бір құбылыстың мәні  және оған қатысты  оқиғаның себеп-салдары жаңсақ қабылдануы  ықтимал. Соның нәтижесінде санамызға жансақ ұғымдар орнығады. Мәселен, Қазақстанның неолит  дәуіріне  жататын археологиялық ескерткіштердің арасынан  жер бетіндегі тіршіліктің көшірмесі сияқты о дүниелік ұғымдардың белгісін көруге болады.  Осыдан ұғымның тамырын қиятын, қиялды шындай көру арқылы идеядан шындықты алшақтататын, қарапайым құбылысты құдіретке балататын, зат пен мүлікті сезім-түйсігі бар киелі деп танытатын  абстрактілі-логикалық ой-жүйесінің бір көрінісі келіп шығады. В.И.Ленин: «Адам танымы  мен  идеализм  (діннің) мүмкіндігінің екідай болуы  ең  алғашқы, қарапайым  абстракциядан дарыған », - деп жазған. Осынау екідай болудың салдарынан ұғым мен идеяға бақилық қосақталады,  көзбен көріп, қолмен  ұстап жүрген дүние заты абсолюттендіріледі. Сондықтан да рухани  айғақтарымыздың шыққан  тегін тектемей  жатып бажайлап  тану мүмкін емес. (1,31б)

Қазақтардың меншік игілігіне  айналғанға дейін  бұл  наным-сенімдер  ежелгі дәуірлерде көктеп, бүршік жарып, түйін салып үлгерген  еді. Бәлкім, біздің дәуірімізге дейінгі III ғасырда  өмір  сүрген ғұн шаньюйінің  (ханы ), біздің заманымыздың VII ғасырында  өмір сүрген  Бұмын  қағанның  және  қазақтың  ұлы ханы Абайдың  ең  жоғарғы  құдайды  «тәңірі» деп атауы тегін болмаса керек. Алайда, ғұн шаньюйініңт тәңірі дегені  аспан әлемінің  тұлғаланған құдайы  мен шығып келе  жатқан  күн еді де, көне  түркі қағаны  үшін  әлемнің жалғыз  құдайы- көк тәңірісі, ал  Абай  үшін- ислам дініндегі алла еді. Ол- көшпелілер әлеміне кең тараған байырғы атау , көне құдай ұғымы болатын.

Сонымен, қазақ даласындағы  діни  наным-сенімдерді  халқымыздың  рухани  даму кезеңдерінен бөліп  алып  қарауға болмайды.

Мұнымен қатар  бұл наным-сенімдер орта ғасырлар кезінде  өзге  халықтардың діндерімен  аралас-құралас  болғанын  да  назарда  ұстауымыз керек.

Ежелгі қазақ  даласында  пайда  болған  рухани құбылыстар қазақ  халқының дүниеге халықтық көзқарасының болғанын көрсетеді. Мұнын  өзі халқымыздың шығу тегінің  ертедегі  көшпелілермен  этногенетикалық  тұтастықта  болғандығын  да дәлелдей  түседі.(1,31б)

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Қазақ даласында  тараған дін уағыздарының танымдық  негіздері

Ежелгі замандарда Батыс  пен Шығысты жалғастырған керуен жолдары қазақтың жазира даласы арқылы өткені мәлім. Солардан біздің білетініміз-«Ұлы жібек жолы». Керуен жолдары бойына орналасқан ірі қалалардан сауда алаңдары мен базарларында мүлік пен мүлік айырбасқа түсіп қана өоймай, әлемнің әр түрлі қиырларындағы идеялар мен түсініктер, ұғымдар мен сенім-нанымдар да тоғысқан. Шығыста туған ұғымдвр жүйесін керуендер Батысқа ,ал Батыс елдерінің идеяларын шығыс халықтарына жеткізген.Көпестердің мүліктерінің арасынан «киелі» кітаптар мен діни трактаттар да табылып қалатын. Әрине,олардың ішінде таурат пен құранның бірнеше басылымдары мен қолжазба нұсқалары да болғаны хақ. Саудагерлер тауарларымен бірге «киелі» кітаптарын насихаттап,олардың қағидаларын түсініктеме беріп отырды. Шеттен келген «жаңа » діни уағызға қарсы тұрарлық жергілікті сенім-нанымдар жүйесі болмайды . Уағыздық принципке негізділген діндерге көшпелілердің «т абиғи» діні-тәңірге табыну төтеп бере алмады. Сөйтсе де дала тұрғындары жаңадан енген діни қағидаларына салқын қараған, құлықты болмаған. Алайда шет жұрттың дін қызметшілері өз дегендерін істеуден жалықпады. Даламыздың жер-жерінде бұлардың ықпалы барған сайын күшейе түсті.(1,31б)

Дүние жүзілік діндердің  Қазақстанға тарау процесі күрделі  әлеуметтік-саяси және идеологиялық жағдайда өтті. Көшпелілердің дінге  деген селқостығына  қарамай,  кейбір діни идеялар  біршама  тез  орныға  бастады.  Мұнын  себептері  де  жоқ  емес еді. Әр тайпа мен  ұлыстардан, хандықтардан құрылған  даламыздың  феодалдық  саяси  құрылымы  халыөтың  рухани  өмірінің  бір тұтастығын  қамтамасыз  ете  алмады.

Қазіргі қазақ  жеріне  ерте  кезде тараған  діндердің  бірі- зороастризм діні. Зороастризм- қайырымдылық пен зұлымдықтың үнемі  күресі туралы ілім. Қазақстанның оңтүстігіне орналасқан ежелгі қалаларды (Тараз, Ақтөбе) археологиялық қазу жұмыстары кезінде зороастризмге табыну  белгілері ұшырасып  қалып отырады. Зороастризмнің шығу  тегі даламызды мекен  еткен  халықтардың  өмір  тіршілігімен, этнографикалық ерекшеліктерімен байланысты. Ол туралы осы кітаптың VI тарауында арнайы сөз қозғамақпыз.

Даламызда ғұн әулеті үстемдік еткен  заманаларда  християн діни қағидалары белең алғаны тарихи жазба  деректерден мәлім. VI ғасырда өмір сүрген Сирия жылнамашысы Захарий  Ритор: «Бұдан 20 жылдай бұрын ғұн  елінде өз тілінде жаса,ан халықтың (Исус Христостың.-С.А.) дүниені жаратуы  туралы кітабы шықты»,- деп жазады (76,166). Дегенмен ертедегі дәуірдегі көшпелілердің рухани тіршілігі  туралы жазба деректер мүлде аз,  қолдағы бар деректер  сол  кездің  рухани  болмысын толық бейнелеп бере алмайды. Көшпелілер  әлемін билеп-төстеушілердің сұраныстарына орайлас өлкеміздің кейбір қиырларында христиан қауымдары орын  тепкені жайында дерек бар.

IX-X ғасырларда  «әулие»  Нестор негізін қалған христиан  дінінің  сектасы  түркі  халықтарын христиандандыру ісіне  ат салысқан. Осы тұста Орта  Азияның кейбір қалаларында христиан  дінінің орталықтары мен  ғибадатханаларының  іргетасы  қалана бастайды. Жетісу  қалаларында христиан шіркеулері  салынады. Академик В.В.Бартольд  Пішпек, Тоқмақ  және басқа да  Жетісу қалаларында  ұшырасып  қалатын христиан молаларын осы  кезеңге жатқызады.  Жазба деректерде  XI ғасырдың  басында  христиан  діні  оғыздар, керейлер және  наймандар арасында кеңінен   уағыздалғаны айтылады. Осы кезеңде Дешті-қыпшақтың  сауда- саттықпен  көбірек айналысқан  аймақтарына  да  христиан діни  тарай бастағанын  аңғарамыз. Сол кездегі араб саяхатшылары «қыпшақтар христиан дінінің  мінажатын  орындайды» деп  жазады. Христиан діні Дешті-қыпшақ  жеріне батыстан- Византия, Италия, Венгриядан келеді де, дін насихатшыларына көмекші  құрал  ретінде қыпшақ тілінің сөздігі- «Кодекс куманикус» жасалады.  Осы кезден бастап христиан дініне енген орта  жүздің найман  тайпасына осы діннің мінажатын  кейінгі кезеңге дейін ұстап  келді. XI ғасырда  христиандықты  қабылдаған  керейлер бұл діннің  шарттарын  XIV ғасырға дейін сақтады. Керей руының таңбасы «х» («ашамай таңба», «ашамайлы керей»)  христиан  дінінің белгісі дегенді ғалымдар  дәлелді болжамдар қатарына жатқызады.(1,34б)

Орта ғасырдағы белгілі  саяхатшы В. Рубрук даламызлдың шығыс  өңірлерін мекендейтін  тайпалардың  христиан дінің ұстайтынын  жазады. Ол өз жазбаларында осы «Иоанның (найманның  Инанч- Білге Бұқа ханы.-С.А) Оң хан (керейдің ханы .-С.А) деген мәртебелі  інісі  бар екен. Ол Қара қытай  тауларынан  жиырма күндік  жердегі Қарақорымда  тұрады.  Оның қарамағында христиан дңнңнңғ несториан бөлігінің  қағидаларын  орындайтын кереит пен  меркти деген халқы  бар.Бұлардың падишасы Христосқа табынудан жалтарып, өздерінің бұттарына бас киіп, абыздарын қошаметтеу  рісімін  қайтадан жаңғыртыпты.» Сонымен, Рубруктың жазбаларына қарағанда,  найман ханының христиан  дініне  деген ілтипатының  онша  болиағанын аңғарамыз. Саяхатшы  өз жолжазбаларының тағы  бір жерінде  христиан  дінін қабылдаған көшпелі шаруаның жергіліеті  салтпен жерленгенін айтады. Рубруктың пайымдауынша, христиан діні дала тұрғындарының  қанына  сіңе қоймаған.

Керей мен найман тайпаларының көмегімен христиан діні монғол хандарының  ордаларына да жетеді. «Хулагу  ханның бәйбішесі Тоғыз қатын (Керейдің  Оң ханының немересі.-С.А) христиан дініне табынады екен,- деп жазады Рашид аддин-  Бұл әйелдің әмірін орда маңындағылар  бұлжытпай орындайды. Сол себепті елдегі керей біткеннің мәртебесі үстем болды. Хулагу – хан бәйбішесінің айтқанын екі еткізбей, ұлысының барлық  аймақтарына христиан шіркеулерін салдырды. Тоғыз қатынның  ордасының жанынан  жылжымалы шіркеу орнатты».(81,1,18)

Көшпелі халықтардың арасына  Яғуда дінінің де тарағаны белгілі.орыс жылнамашылары «қыпшақтардың кейбірі бөлігінің Яғуда дінін хазарлардан үйренгенін» атап көрсетеді (41,382). Бесенелердің ақсүйектері мен бекзадалары да Андалуздың яғудалық қауымдары дін қағидалары жөнінде хат алысып тұрған.

Көне дәуірде бізге  тараған діндердің қатарына буддизмді  де жатқызуға болады. Ол VI-VIII ғасырларда қазақ даласына енген. Тарихи жазбаларда Қазақстанның оңтүстік аудандарында буддистік ғимараттар салу ісі сөз болады. (46,87-89) Алайда буддизмнің принциптері көшпелілікпен әсте үйлеспейтін еді. Сондықтан да бұл діни өлкемізде кең қанат жая алмады. Дегенмен, буддизмнің  VI-VIII ғасырларда көшпелі тұрмысөа лайықты ламаистік түрі бізге қайта тарай бастады. Бұл Жоңғар шапқыншылығына байланысты еді. Жоңғарлар өздері жаулап алған жерлерге ламаистік ғибадатханалар сала бастады. Олардың қалдықтары бүгінгі күнге дейін кездеседі. Олар-Орталық Қазақстандағы Қызылкент сарайы,Семей қаласынан 16 км жердегі "Жеті шатыр", Өскемен маңыдағы Аблайкетті ғибадатханасының жұрнағы және т.б. Жоңғарлардан қалған тас ғибадатханалардың қалдықтары әлі күнге дейін тау асуларында жиі кездеседі. Оны жергілікті қазақтар  "мықтың үйі" деп атайды. Қапшағай қаласынан 40шақырым жерде Іле өзенінің сағасындағы қойтастарға ойдырылып салынған буддалардың суреттері бар. Суреттер алыстан көз тартады.Бұлар қалмақ қонтайшыларының жарлығы бойынша салынған. Жоңғарлар даламыздан тау шатқалдарынашық аспан астындағы ламаистардың ғибадатханасына айналдырғысы келгенге ұқсайды. Бірақ күндердің бір күнінде басына қара бұлт төніп, алды-артына қарамай тырайқалап қашқанда, ғибадатханасын да "киелі" суреттерін қалдырып кеткен сияқты.(1,36б)

Тегінде, біздің өлкемізде  дін уағыздаушылар бәлендей табысқа  жете алмаған. Өйткені көшпелілер оларға селқостық байқатқан.Оның негізгі  себебі діни мінажаттың көшпелі тұрмысқа сай келмейтіндігі еді. Бұл тарихта  сан рет дәлелденген жай. Мәселен, Құшан  империясына, Түркі, Қырғыз,Ұғыр және қыпшақ қағанаттарына дін таратушылар дың еңбектері еш болып отырғаны тарихтан мәлім. Бұл көшпелі халықтардың өмір иірщілігі мен дүние болмысының діни қағидаға, идеялық схоластикаға сай келмегендігінің айғағы боларлық жайт.

Информация о работе Қазақтың әлеуметтік мәдениеті: герменевтикалық талдау