Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Сентября 2013 в 12:42, курсовая работа
Өтпелі дәуірдің тар құрсауынан шығу үшін тек экономикалық өзгерістерге иек арту жеткіліксіз. Ол үшін адам санасын да қүрт өзгерту қажет. Жоғары жақтан келетін нұсқауға негізделген менталитетте (ділде) таңдау да, шешім де, шығармашылық пен жасампаздық та жоқ. Өркениеттіліктің әлемдік және дәстүрлік үлгілерінен аласталған қоғам өзінің адамсыздандырылған ішкі табиғатында мәңгүрттенген тетік адамдарды, жүйеге икемделген пысық маргиналдар мен қиратушы нигилистерді қалдырады.
1.Көне салт-санадағы әлеуметтік мәдениет нышадары
1.1 Қазақ ырымдары әлеуметтік мәдени реттеушілер ретінде
1.2 Ата-баба өсиеті және әдеп мәдениеті
2.Қазақ әлеуметтік мәдениетінің дүниетанымдық негіздері.
2.1 Тарихи –әлеуметтік орта және дәстүрлі сенім-нанымдар
2.2 Қазақ даласында тараған дін уағыздарының танымдық негіздері
3.Әлеуметтік қатынастар туғызған сенім-нанымдар
3.1 Ата-бабаға мінажат және ілкі тек туралы түсініктер
3.2 Ұмай ана және көшпелі қоғамдағы әйелдің рөлі.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиет
-Сенің қайта айналып келмек ойың бар ғой? – деп сұрадым одан. Ол басын шайқады.
-Онда күрішті, тұзды және сіріңкені кімге сақтап қойдың?-дедім оған.
-Біреу-міреу келер,-деп жауап қатты Дерсу,- келер де балағанға тап боып , құрғақ отын, сіріңке мен тамақ тауып жеп, өлімнен аман қалар...
.....Ол өзіне беймәлім,
ешқашан көрмеген, жолықпаған адамның
қамын ойлап тұр.... Мына қарапайым
адамның адамгершілі
Кезбе аңшының осы іс-әрекетінде қаншама даналық пен философиялық т.йін жатыр десеңізші! Қарт аңшы тайгада адасып жүріп, осы бір заттарды жолықтырғанына қуанып тұрған адамның шаттық ұялаған бет-жүзін көргендей болады. Бейтаныс кісіге деген ықылас пен мейірімділікті көрген адамның өзі де осындай жақсылық істегісі келіп тұрмай ма?Демек, аңшының осы іс-әрекетінің тәрбиелік мәні зор.
Осыған ұқсас салт қазақ
арасында да болған. Өткен ғасырда
Шу бойының қалың қамысын
Сонымен қонақжайлылық іргелі кісіліктің белгісі болған. Үй иесі ең аалдымен қонақтың көңілін табуға тырысқан.
Қонаұ та үй иесін пейіл тазалығын аңғартуды шарт екен. Қазақтың дәстүрлі салт-санасы бойынша, уйге кірген қонақ кісесін (пышағымен) шешіп, кіре беріске іліп қойған. Пікіріміз дәлелді болу үшін мысал келтіре кетейік.
Ұлы жүзді билеген Рүстем төренің үйіне кірген адамның қару-жарағын есік аузында тұрған төлеңгіттері алып қалады екен.Орта жүздің әйгілі ақыны Жанақ төреге сілем беріп келгенде, төлеңгіттері оның қолындағы қобызына дейін сыпырып алады. Жанақ табалдырықтан ішке аттай бергенде төре:Бұл кім? –деп дауыстайды.Сонда ол «Жанақпын »-деп саңқ ете қалады.
-Жанақ болсаң бірдеме
деп жібер,-дейді Рүстем төре
ақынды танып. Қобызына
Соны байқаған төре күліп:
-Мынаның қарағайын әкеп беріңдер,-деп төлеңгіттеріне бұйырады.Қобызы қолына тиген Жанақ сайрай жөнеледі.
Қолыма іліндің бе, қарағайым!?
Қарағайсыз керекке жарамаймын.
Әсілі , Рүстем төре халық дәстүрін өзінің қара басының қамы үшін тым қатаң ұстаса керек.
Үйге қарумен баса-көктеп кіру ұлттық ұғымда үй иесіне деген жаман ниет нышаны. Кейбір этнографиялық деректерде ертедегі қазақтар бөтен үйге қамшы ұстап кіруді көргенсіздік деп санағаны айтылады.
Қазақ ауыл қонақты кіржіңдемей, бар жақсы пейілмен қабылдайды. Өйткені қонақ киелі саналады, оны қабылдау ата-баба өсиетін орындаумен барабар болды.
Қонақ мифтің үш ғайыптың (қонақ-ғайып,неке-ғайып, тағдыр-ғайып) бірі деп танылды. Сондықтан қазақ үйін кілтеп бекітуді қонақтан қашудың белгісі деп біліп, масқара санайды.
Халқымыз қонақты «құдайы қонақ» «шақырылып келген қонақ » деп бөледі. Шақырылған қонақтан гөрі шақырылмай өз бетімен келген «құдайы қонақ» көбірек қадір тұтылған, ондаай қонақтың күтімі де ерекше болған. Қонақтар алаланбады, соңғы келген қонаққа көбірек қошемет көрсетілді. «Бұрын келген қонақ соңғы келген қонаққа орын береді» деген мәтел осы жоралғының айғағындай.
Кез келген жолаушы қазақтың қонақжайлылығы қошеметін ең алдымен көрді. Бұл қазақтың қонақ қабылдау дәстүрінің басты ерекшелігі еді.
Қонақжай отбасылардың атағы шартарапқа тарап кетті, отбасының бақыты оның қонақжайлылығымен өлшенеді. ХХ ғасырдың басында қазақ ауылында болған бір автор халықтың қонақ қабылдау дәстүрін ыждаһаттылықпен баяндайды: «Қазақтың табалдырығын аттадың болды, қасиетті адамға айналдым дей бер. Қонағы үшін қазақ өзіне қия бермейтін қойын сойып тастайды» (19,38). Халқымыз қонақжайлылықты өмір заңына айналдырған: «қонақ қылуды қазақтар борыш көріп, жолаушыны қалайда қонақ болуға мәжбүр етеді... Жолаушыны қабыл алып, қонақ етпеген жағдайда үй иесіне ат-шапан айып салынады» (19-38)
Қонақжайлылықтың әлеуметтік-
Сонымен ата-ананы қадірлеу, үлкенді пір тұту, кішіге қамқорлық жасау,өзара көмек, қонақжайлылық секілді халық дәстүрлерінің шығу тегі халықтың әлеуметтік –тарихи дамуымен қанаттас екен . Олар адамгершілік нормаларға негізделіп, жалпы адамгершіліктің үлгісі боларлық деңгейде. Ғасырлар қойнауынан бізге жеткен мұндай сыйластық дәстүрге жаңаша мазмұн беріп, кәдемізге жарата білгеніміз жөн.
2.Қазақ әлеуметтік
мәдениетінің дүниетанымдық
2.1 Тарихи –әлеуметтік
орта және дәстүрлі сенім-
Адамды жаратқан құдай емес , дегенмен ,өзінің бейнесі мен кейпіне ұқсата құдай жасап жүрген адамның өзі.
Фейербах
ХV-XVI ғасырларда Алтын Орда толық күйреген соң, Евразияның апай төсінде мал бағып көшіп жүрген ел-жұрт «қазақ» деген атпен тарих сахнасына шыққаны белгілі. ХV ғасырда-ақ Дешті –қыпшақтың тұрғындарының бұрынғы тарихи атауы өзгеріп, енді олар қазақтар атала бастады. Біздің халқымыздың мекен-тұрвғы Тұран,Систан ,Скифия, Батыс өлке, Батыс Түркі қағанаты,Дешті –Қыпшақ немесе Алтын Орда, қырғыз-қайсақ,қырғыз-қазақ ,қырғыз ордасы мен даласы деп әртүрлі дәуәрлерде әртүрлі өзгеріп келіп, ақырында қазақ елі деген мағынада Қазақстан атанды. Сөйтіп, халық пен оның мекен-жайының арасындағы тарихи сәйкессіздік жойылды. Қазақтардың халық ретінде қалыптасып, тұтасу процесі оны өзіне дейінгі әлеуметтік-тарихи тәжірибені бойына сіңіоген эинос ретінде қарауымызға мүмкіндік береді.Сондықтан да халқымыздың рухани мәдениетінің тағдырын «қазақ» атауының хатқа түскен кезеңінен ьастау жеткіліксіз. Оған дейін, ежелгі қазақ даласында байырғы малшылар тайпаларының ортасында болашақ қазақ қоғамының оның материалды және рухани мәдениетінің ірге тасы қалана бастаған. Орта ғасырларда көшпелі тайпалардың жаңа атаумен бас құрауы соған дейінгі тарих толғағының әлеуметтік-саяси шешім табуының , жаңа сапаға құлаш ұруының бел-белесі еді. Осынау біртұтас даму процесін басқаша бажайлау тарихи таным диалектикасы мен маркстік социолгоияның метододлгиялық қайшы келмек. (1,21б)
Әдетте зерттеушілер евразиялық көшпелілер әлемінің өткеін зерделеу үшін қазақтардың дәстүрлі материалдық және рухани мәдениетіне жиі-жиі жүгініп отырады.Қазақтарды танып-білу деректері ұдайы толығып, нақтыланып, салғастырылып келеді. Оның бірден-бір мол қоры археологиялық және этнографиялық мәдениетінімізде жатыр.В.ВүРадлов, В.В. Бартольд,С.П.Толстов,С.И. Руденко,Ә.Марғұлан сияқты әйгілі ғалымдардың еңбектері нәтижесінде бір кездерң ұмыт бола жаздаған рухани айғақтарымыз халқымыздың тарихи игілігіне қайта айналды.
Қазақ қоғамы бұрынғы орта
және Орталық Азия және Шығыс Европадағы
көшпелілерден шаруашылықтың
Ежелгі Қазақстан
Біздің дәуірімізге дейінгі
үш мың жылдықтан басталған қола
мәдениеті екінші мың жылжықтың
бас кезінде шырқау биікке көтерілген.
Дәл осы кезеңде көптеген материалдық
және мәдениет нұсқалары сапалық
қару-жарақтар белгілі дәрежелерге
жетілдірілген. Сонымен бірге зергерлік,
ісмерліктің нәтижесінде жедеп-
Әлеуметтік –экономикалық тәжірибеде жылт еткен жаналық атаулы қашанда адам санасында көрініс тауып отырады. Өмірдегі күш пен құбылыстың жандануы рухани әлемге көшіріліп, өз алдына отау тігеді.Сөйтіп, болмыстың барша сұрағына балаң жауабын көлденең тартатын мифологиялық түсініктер мен әфсаналар дүниеге келеді.. Мұны теорияға дейінгі философияға дейінгі дүниетанымның бір үлгісі деп атаймыз. Бұл кездегі өнердің өң бойындағы жан-жануарлар белгісі дүние дидарын толтырған рухтың,даналардың, желеп-жебеушілердің , әулие-әнбилердің , тәңірлердің бейнесін айғақтайды.Қола дәуірдің аяқ шеніндегі , Беғазы-Дәндібай кезеңінде, байырғы Қазақстанның діни қорысдарында табиғатты одан әрі саралап, әлеуметтендіру процесінде адам пішіндес құдайға бойсынушылық байқала бастайды. (1,24б)
Металдан жасалған еңбек құралдары мен қару-жарақтың жетілдірілуі рулық қаумның өндіріс күштерін айтарлықтай дамытты. Құрал-жабдықтар мақсатқа сай сапалы өндірілетін болды. Мәселен, садақ жебесі аңшылыққа соғысу мақсатына сәйкес жасалды. Бұдан біз өндірістің белгілі мақсатқа сай өркендеу жолына түскенін байқаймыз.Әр түрлі садақ жебесінің болуы әр алуан қажеттіліктің айғақтап қана қоймайды, сонымен бірге әрбір адамның өз бойына шақ қабілет-қарымының болғанын да корсетеді. Ал жеке адамның тұлғалануы мифтік сарындағы жеке кейіпкер өмірбаянымен астасып кетеді. Сөйтіп, ру мен тайпа бабалары кейіптеле келіп, тұлғалы бейнеге, жинақталған ұғымға айналады. Міне, адам бейнесіндегі сын тас, балбал тас сияқты қасиет-кейіпке айналған мәдениет белгілері осылайша пайда болған.
Демек біздің дүниетанымымыз ондаған мың жылға созылған алғашқы қауымдық құрылыс аясында пайда болған. Әрине, ол кездегі рухани өрістердің бәрі бірдей соқыр сенім шалуында болған жоқ. Байырғы дүниетаным аясында шындық пен өтірік, ақиқат пен адасушылық жатқан дедік. Бұл жағдай даму барымында күрделене түсіп,әлеуметтік жетілу үстінде өз тұлғасын саралап отырған. Қазақстанның құл иеленушілік қоғамды бастан кешпегені баршаға мәлім. Даламызда ұзақ уақыт бойы рулық-қауымдық құрылыстың үстемдік құруы және оның патриархалдық-феодалдық қоғамға ұласуы ғасырлар бойы желбауыз діни сенім-нанымдардың белең алуына себепші болды.
Белгілі совет тарихшысы
С.В.Киселевтің пікірінше, қола дәуірінің
өзінде-ақ біздің елімізді мекендеген
барша халыөтардың тариха-
Қазақ даласы- көшпелі мал шаруашылығының «евразиялық» деп аталатын классикалық үлгісі қалыптасқан кіндік мекен. Мұндай көшпелі шаруашылықтың қалыптасуына жылқыны қолға үйретіп, салт міну айрықша ықпал етті. Евразияның апай төсін алып жатқан қазақ даласы жылқы түлегінің отаны болатын. Қазақтар XIX ғасырдың өзінде қазіргі жылқының арғы тегі деп есептелетін тарпаңдарды үйретіп міну дәстүрін ұмыта қоймайған. Ал көшпенділіктің басқа аймақтарында (Африка, Алдыңғы Азия, Тибет, Солтүстік Азияда ) жылқы түлігі күш ретінде әлі де пайданыла қоймаған еді.
Сөйтіп, бір кездегі жаяу малшы болат тұяқ пырақтың арқасында қаһарлы жауынгер болып шыға келеді. Ат-әбзелі сайланып, темір үзеңгіге аяқ салған далалықтар енді астындағы пырағаның тізгінін ғана емес, тұяқ жетер жердің де тізгінін қолына алды. Әсіресе үзеңгі, ер-тұрман, тағаның пайда болуы, көшпелі шаруашылықты жаңа сапаға көтерді. «Халықтардың ұлы босқыны» деп аталып жүрген тарихи кезеңдерге көшпелілердің әрбір қоныс аударуының тұспа-тұс келіп отыратыны тегін болмаса керек. Бұл ретте жылқы малы айшылық жердің апшысын қуырар күш көлік ретінде ғана емес, сонымен бірге өндіріс күшінің дамуына ықпал етіп, еңбектің ұйытқысы болды. Бұрын адам аяғы жете бермейтін шалғай шөлдер, қиын белдер, қу мекиен далалар жылқы малының арқасында игеріле бастады. Әсіресе жыл құсымен жарыса көшіп, жыл маусымына орай шалғай өңірлердің сонысын пайдалану тек қана жылқы мен түйе түлігіне байланысты жүзеге асты. Жұмыр жердің байтақ бір өңірін алып жатқан шөл-шөлейт далаларды игеру көшпелілердің адамзат прогресіне қосқан елеулі үлесі еді.
Ежелгі заман тарихшылары Евразия көшпелілерін үйір-үйір жылқысыз көз алдарына елестете алмаған. Аристей, Гекатей, Гиппократтардың көшпелілерді «гиппомологтар» деп атауы «бие сауып, қымыз ішетіндер» деген ұғымды білдірген.Жел аяқ жылқы жануар бертін келе ерге серик әскери күшке айналды. Соғыс жайылымды кеңеәту мақсаиымен жүйелі жүргізілетін болды. Жеңіс жалауының желбіреуі әлеуметтік тұтастық пен ұйымшылдықтың айғағындай әсер берді. Осылайша соғыс байлықтың кепілі болуға айналды. (1,26б)
Информация о работе Қазақтың әлеуметтік мәдениеті: герменевтикалық талдау