Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 16:19, диссертация
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 27-31 баптарында қылмысқа қатысушылық түсінігі, орындаған әрекеттеріне байланысты нақты қатысушыларды сипаттайтын белгілер, оларға жаза тағайындаудың жалпы ережелері көрсетілген.
Қылмыстық құқық қылмысқа қатысушылықты қоғамға қауіптілік дәрежесі жоғары, қылмыс жасаудың ерекше түрі деп қарастырады. Мұндай қылмыстардың қоғамға қауіптілік дәрежесінің жоғары болуы қылмыстық элементтердің жай ғана бірігуі емес, олардың әрекеттеріне жаңа сапа беретін күштердің біріктірілуіне байланысты.
Бір топ адамдардың бірлесіп қылмыс жасауы кезінде, әдетте, жалғыз адамның қылмысына қарағанда ауырырақ зардаптар туады. Бұдан басқа, қылмысқа қатысушылық кезінде қоғаммен бір емес, бір топ адам қайшылыққа түседі. Осы жағдай қылмысқа қатысушылықтың қоғамға өте қауіпті қылмыстық әрекет екенін көрсетеді .
КІРІСПЕ............................................................................................
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.................
1.1 Қылмыстық құқық бойынша қылмысқа қатысудың негіздері..........
1.2 Қылмысқа қатысушылықтың белгілері...............................................
2 ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУДЫҢ НЫСАНДАРЫ ЖАУАПТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.....................................................
2.1 Қылмысқа қатысушылардың түрлері...................................................
2.2 Қылмысқа қатысушылық нысандары..................................................
2.3 Қылмысқа қатысушыларға жаза тағайындау негіздері......................
3 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ..........
3.1 Қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатысушылықтың теориялық мәселелері..........................................................................................
3.2 Қылмыстык заң бойынша катысушылардың түрлері, олардың заңды сипаттамасы............................................................................
4 ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ЖАУАПТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.......................................................................................
4.1 Қылмысқа қатысушылырға тағайындалатын жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар.............................................................
4.2 Қылмысқа қатысқан адамдарға жаза тағайындау барысында шешілетін мән-жайлар.......................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................
Басқа адамдардық санасы мен еркіне әсер етуде айдап салушы қылмысты ұйымдастырушыға ұқсайды, бірақ қылмысқа қатысу дәрежелері әртүрлі болады. Ұйымдастырушы кінәлілерді біріктіреді де оларды басқарады. Ал айдап салушы басқа қатысушылардан жоғары тұрмайды, оларды басқармайды, ол басқа адамдарды қылмыс жасауға көндірумен шектеледі.
Қылмыстық әрекетке жалпы шақырудан айдап салушылық өзінің нақтылығымен ерекшеленеді; нақты бір адамды нақты бір қылмыс жасауға көндіруі. Кез-келген адамды белгісіз бір қылмыстық әрекеттер жасауға шақыруда айдап салушылыққа тән нақты бір адамның санасы мен еркіне әсер ету, олар жасауы мүмкін қылмыстың сипатын түсіну жоқ. Сондықтан, осындай жалпы шақырулар айдап салушылық болып табылмайды.
Көмектесушінің де екі түрі болады. Біріншісі - физикалық көмектесуші, яғни қару-жарақ, құрал беруші, қылмыс жасырушы т.б. екіншісі - ол интеллектуалдық көмектесуші, ол тек кеңестерімен, нұсқауларымен немесе уәделерімен ғана көмектеседі.
Осы жерде оны қылмысқа жансшалықтан, яғни қылмысты жасыру (ҚК 363-бабы) қылмысы мен қылмысты хабарламау қылмысынан (ҚК 364-бабы) ажыратып алу керек. Егер де ол алдын ала жасыруға не хабарламауға уәде берген болса, онда қылмысқа көмектесуші (инттелектуалдық), ал егер де алдын ала уәде бермей, қылмыс жасалып қойғаннан кейін жасырса, не хабарламаса, онда қылмысқа жанасушы (прикосновенность).
Көмектесушінің мәнін, онын, қылмыс жасаудағы обьективті рөлін түсіну үшін себепті байланыс мәселесін түсіну керек. Көмектесуші орындаушыға қылмыс жасамастан бұрын немесе қылмыс жасау барысында ғана көмектесе алады. Егер көмектесушінің әрекеті қылмыс біткеннен кейін орындалса, яғни орындаушының әрекетімен себепті байланыс болмаса, онда мұндай әрекеттер көмектесушілік болып табылмайды. Қылмысқа қатысушылардың қылмыстық жауаптылығы туралы негізгі екі позиция болды. Бірі - орындаушы қылмысты аяғына жеткібесе де қалған қатысушылар аяқталған қылмыс үшін жауап береді десе, екінші позицияға сәйкес орындаушы қылмысты аяғына жеткізсе, онда өзге қатысушылар да аяқталған қылмыс үшін, ал аяғына жеткізілмесе, онда өзге қатысушылар не оқталу немесе дайындалу үшін жауап береді немесе мүлде қылмыстық жауаптылықтан босатылады (орындаушы қылмыстан өз еркімен бас тартқанда) деп есептеді. Осы соңғы позицияны қатысушылықтың акцессорлық концепциясы дейді. Қылмысқа қатысушылардың жауаптылығы турадлы әр түрлі көзқарастар болса да ҚР Қылмыстық кодексі соңғы акцессорлық позицияны ұстанды. Әлбетте, орындаушының эксцесі (шектен шығушылығы), яғни басқа қатысушылардың ойымен қамтылмаған, олар білмейтін әрекетті жасағандығы үшін өзге қатысшылар жауап бермейді.
Бұрын Кеңес Одағында одаөтас Республикалардың қайсысын болса да Қылмыстық заңдары (қазір Ресейде де солай) "орындаушының, эксцесі" деп атайтын болса, ҚР 1997 жылғы жаңа Қылмыстық кодексі оны "қатысушының эксцесі" деп атайды, яғни шектен шығушылықтың аясын кеңейтіп көрсетеді.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресте 1997 жылы 16 шілдеде қабылдаған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің маңызы зор. Осы кодексте адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы, ұйымдасқан топ, қылмыстық сыбайластық жасаған қылмыстың, түсінігі (31 бап) берілген, ұйымдасқан қылмыстық топты, қылмыстық сыбайластықты құру және оны басқару, қылмыстық сыбайластыққа қатысу үшін қылмыстық жаупакершілік тағайындалған, тікелей орындаушының қылмысқа басқа қатысушылардың әрекетін саралау ережелері (28 бап) қылмысқа қатысушылардың бұзақылығы (30 бап) туралы ереже бекітілген.
Қылмыстық
құқық институты бола отырып, қылмыстық
құқық бойынша қылмысқа қатысушылық
өзінің, міндеті етіп адаммен азаматтардың
құқықтарын, бостандықтары мен заңды
мүдделерін, меншікті ұйымдардың құқықтары
мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп
пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны,
Қазақстан Республикасы Конституциясының
құрылысы мен аумақтық тұтастығын,
қоғам мен мемлекеттің заңмен
қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол
сұғушылықтан қорғау бейбітшілік пен
адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ
қылмыстың алдын-алуды қояды, қылмысқа
кінәлі адамдар қылмыстық
Қазақстан
Республикасы Президенті мен
Үкіметі құқықтық тәртіп және
қылмыстылықпен күресті
Қатысушылықтың объективтік белгілерінің өзі екеу, яғни қатысушылық, біріншіден, қылмыстық жауаптылыққа тартылуға қабілетті адамдардан тұруы керек. Егер ол қылмыстық жауаптылаққа тартыла алмайтын (мысалға, есі дұрыс емес немесе жасы он төртке жетпеген) адаммен бірігіп жасайтын болса, онда ол қатысушылық емес, жалғыз адамның жасаған қылмысы болып есептеледі: оның орындаушысы жасы жеткен есі дұрыс адам болса, жауаптылыққа тартыла алмайтын тұлғалар оның "құралы" болып табылады.
Қатысушылықтың екінші объектитвік белгісі - ол қатысушылардын, арасындағы ортақ бірлесушіліктің болуы және ол жай бірлесушілік емес, себепті байлыныстан көрініс таба алатын бірлесішілік болуға тиісті. Ол үшін:
1) барлық әрекет етуші адамдарға ортақ белгілі бір нәтижеге жетуге ұмтылу;
2) осы ортақ нәтижеге ұмтылған басқа адамдардың әрекеттері туралы білуі және ескеруі қажет.
Қылмысқа қатысушылықтың субъектитвік белгілеріне ең алдымен тек қана қасақана қылмысқа қатысу жатады, екіншіден, қатысушылардың ортақ ниеті болуға тиісті. Егер де адам абайсызда қылмыс жасап оны екі немесе одан да көп адам орындаса да, олардың әрқайсысы жеке-жеке абайсызда қылмысқа жауап бере алады (мысалға, өзге жануар екен деп ойлап, екі адамның адам өлтіруі немесе қолындағы нәрсесіне тигізем ғой деп ойлап атып, кісі өлтірген мергеннің мылтығын өзге адамның иығына сүйеп қойып атуы тб.).
Екіншіден, қатысушыларды ортақ ниет болуға тиісті. Ол үшін әрбір қылмысқа қатысушы келесі жағдайларды біліп, түсінуі тиіс. Орындаушының әрекеті мен ниетінің қылмыстық сипатын; өз әрекетінің де қоғамға қауіпті екендігін, өйткені ол қылмыс жасаудың нақты жағдайында орындаушы мен басқада қатысушылардың әрекет етуі үшін қолайлы жағдай туғызады: оның әрекеті орындаушының қылмыс жасауға не қылмыстық нәтижеге жетуге қажетті шарт екендігі.
Қылмысқа
қатысушылық нысандарына
Келесі
критерий - ол алдын ала сөз байласудың
болу-болмауына қарай екіге
ҚР ҚК-те бұлардың барлығы алдан ала келісімсіз қатысу мен келісіммен қатысудың түрлері бірінен бөлінбей қатар қарастырылады. Қылмысқа қатысушылықтың нысандарының осы жүйесі 1997 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 31-бабында орын алды. Адамдар тобының, алдын ала сөз байласқан тобымен, ұйымдасқан топтын, немесе қылмыстық сыбайластық құрамында қылмыс жасау Қылмыстық кодекстің 54-бабының 1-бөлімінің «в» тармағына байланысты қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар болып табылады.
Қатысушылардың түрлері - орындаушы, ұйымдастырушы, көмектесуші және айдап салушы.
Қылмыстың
орындаушысы болып, Қылмыстық кодекстің
Ерекше бөлімінің нақты бабында
қарастырылған қылмыстық
Қылмыс жасауға басшы, жетекші ретінде қылмыс қүрамын орындауға немесе қылмыстық әрекеттің жеткілікті дәрежеде аяқталуына басқа да әрекеттер жасау-жасамауына тәуелсіз, тікелей басшылық жасаған адамды үйымдастырушы деп атайды. Қылмысты ұйымдастыру барысында ұйымдастырушының атқаратын рөлдері мен функциялары алуан түрлі болады: қылмысқа қатысушыларды қылмыс жасауга көндіру; қатысушылар арасында түрақты байланыс орнату және қылмыстың әрекет тәсілдерін белгілеу; қылмысқа қатысушыларды болашақ қылмыстық әрекет қылмыстарымен таныстыру; қатардағы қатысушылар арасында рөлдермен функцияларды бөлу; қылмыс жасаушыларды құрал-саймандарымен қамтамасыз ету; қылмыс жоспарын жасау және т. б. көптеген әрекеттер.
Әр түрлі жолдармен адамда қылмыс жасау ниетін тудырған адам айдап салушы деп танылады. Оның заңда келтірілген қорқыту, сатып алудан басқа да әр түрлі жолдары да болуы мүмкін: сөзбен, қимылмен, ыммен т.б.
Басқа адамдардың санасы мен еркіне әсер етуде айдап салушы қылмысты ұйымдастырушыға ұқсайды, бірақ қылмысқа қатысу дәрежелері әртүрлі болады. Ұйымдастырушы кінәлілерді біріктіреді де оларды басқарады. Ал айдап салушы басқа қатысушылардан жоғары тұрмайды, оларды басқармайды, ол басқа адамдарды қылмыс жасауға көндірумен шектеледі.
Қылмыстық әрекетке жалпы шақырудан айдап салушылық өзінің нақтылығымен ерекшеленеді; нақты бір адамды нақты бір қылмыс жасауға көндіруі. Кез-келген адамды белгісіз бір қылмыстық әрекеттер жасауға шақыруда айдап салушылыққа тән нақты бір адамның санасы мен еркіне әсер ету, олар жасауы мүмкін қылмыстың сипатын түсіну жоқ. Сондықтан, осындай жалпы шақырулар айдап салушылық болып табылмайды.
Көмектесушінің де екі түрі болады. Біріншісі - физикалық көмектесуші, яғни қару-жарақ, құрал беруші, қылмыс жасырушы т.б. екіншісі - ол интеллектуалдық көмектесуші, ол тек кеңестерімен, нұсқауларымен немесе уәделерімен ғана көмектеседі.
Осы жерде оны қылмысқа жансшалықтан, яғни қылмысты жасыру (ҚР ҚК 363-бабы) қылмысы мен қылмысты хабарламау қылмысынан (ҚР ҚК 364-бабы) ажыратып алу керек. Егер де ол алдын ала жасыруға не хабарламауға уәде берген болса, онда қылмысқа көмектесуші (инттелектуалдық), ал егер де алдын ала уәде бермей, қылмыс жасалып қойғаннан кейін жасырса, не хабарламаса, онда қылмысқа жанасушы (прикосновенность).
Көмектесушінің мәнін, оның қылмыс жасаудағы объективті рөлін түсіну үшін себепті байланыс мәселесін түсіну керек. Көмектесуші орындаушыға қылмыс жасамастан бұрын немесе қылмыс жасау барысында ғана көмектесе алады. Егер көмектесушінің әрекеті қылмыс біткеннен кейін орындалса, яғни орындаушының әрекетімен себепті байланыс болмаса, онда мұндай әрекеттер көмектесушілік болып табылмайды.
Қылмысқа бірге келісіп қатысушылықтың жауаптылығының арнаулы мәселелерін шешудің теориялык және практикалық маңызы зор.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Информация о работе Қылмыстық құқық бойынша қылмысқа қатысушылардың жалпы сипаттамасы