Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 16:19, диссертация
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 27-31 баптарында қылмысқа қатысушылық түсінігі, орындаған әрекеттеріне байланысты нақты қатысушыларды сипаттайтын белгілер, оларға жаза тағайындаудың жалпы ережелері көрсетілген.
Қылмыстық құқық қылмысқа қатысушылықты қоғамға қауіптілік дәрежесі жоғары, қылмыс жасаудың ерекше түрі деп қарастырады. Мұндай қылмыстардың қоғамға қауіптілік дәрежесінің жоғары болуы қылмыстық элементтердің жай ғана бірігуі емес, олардың әрекеттеріне жаңа сапа беретін күштердің біріктірілуіне байланысты.
Бір топ адамдардың бірлесіп қылмыс жасауы кезінде, әдетте, жалғыз адамның қылмысына қарағанда ауырырақ зардаптар туады. Бұдан басқа, қылмысқа қатысушылық кезінде қоғаммен бір емес, бір топ адам қайшылыққа түседі. Осы жағдай қылмысқа қатысушылықтың қоғамға өте қауіпті қылмыстық әрекет екенін көрсетеді .
КІРІСПЕ............................................................................................
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.................
1.1 Қылмыстық құқық бойынша қылмысқа қатысудың негіздері..........
1.2 Қылмысқа қатысушылықтың белгілері...............................................
2 ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУДЫҢ НЫСАНДАРЫ ЖАУАПТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.....................................................
2.1 Қылмысқа қатысушылардың түрлері...................................................
2.2 Қылмысқа қатысушылық нысандары..................................................
2.3 Қылмысқа қатысушыларға жаза тағайындау негіздері......................
3 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ..........
3.1 Қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатысушылықтың теориялық мәселелері..........................................................................................
3.2 Қылмыстык заң бойынша катысушылардың түрлері, олардың заңды сипаттамасы............................................................................
4 ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ЖАУАПТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.......................................................................................
4.1 Қылмысқа қатысушылырға тағайындалатын жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар.............................................................
4.2 Қылмысқа қатысқан адамдарға жаза тағайындау барысында шешілетін мән-жайлар.......................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................
б) айыпкердің кәмелетке толмауы;
в) жүктілік;
г) айыпкердің жас балаларының болуы;
Қазақстан
Республикасы жаңа қылмыстық кодексінде
қылмысты мәжбүрлік қажеттіліктен,
қылмысты істеген адамды ұстаудан,
орынды тәуекелдің заңдылық шарттарын
бұзу жағдайында істеу жауаптылықты
жеңілдететін мән-жайға жатады деп
тұңғыш рет көрсетілген. Қылмыс мәжбүрлі
кажеттіліктің шарттарын
а) қылмыстарды әлденеше рет жасау, кылмыстардын кайталануы;
б) қылмыс арқылы ауыр зардаптар келтіру;
в) адамдар тобының, алдын ала сөз байласқан адамдар тобынын ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қауымдастықтың (қылмыстық ұйымның) құрамында қылмыс жасау;
г) қылмыс жасағанда айырықша белсенді рөл аткару;
Сондықтан да Қылмыстық кодекстің 31-бабының 5 және 6-бөліктерінде:
«Ұйымдасқан топты немесе қылмысқа байласты (қылмыстық ұйымды) құрған не оларға басшылық еткен адам осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген жағдайларда оларды ұйымдастырғаны және оларға басшылық еткені, сондай-ақ қылмыстар оның қаскүнемдік ниетімен қамтылса, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) жасаған барлық қылмыс үшін қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс. Ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық сыбайластықтың (қылмыстық ұйымның) басқа қатысушылары осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген жағдайларда оларға қатысқаны үшін, сондай-ақ өздері дайындауға немесе жасауға қатысқан қылмыстар үшін қылмыстық жауапқа тартылады.
Қылмысқа бірге келісіп қатысушылықтың жауаптылығының арнаулы мәселелерін шешудің теориялык және практикалық маңызы зор.
Біріншіден,
қылмысқа қатысушының эксцессі (шектен
шығушылығы) туралы мәселе. Қылмысқа қатысушының
эксцессі деп адамның басқа
Орындаушының эксцессі тар мағынадағы және бірге орындаушылықтағы кылмыска қатысуда орын алады.
Қылмыстық
жауаптылықтың бірдей негіздері
әрбір қатысушының бірлесіп жасаған
қылмыстарда атқаратын рөліне байланысты
өзіне тән ерекшелігі болады. Әрбір
қатысушының жекелеген
Қылмысқа қатысушылық кезінде жекелеген қатысушылардың мінез-құлқының сипаты әртүрлі болуы мүмкін, оның осы адамдардың қоғамға қауіптілік дәрежесін анықтауда елеулі маңызы бар
ҚР ҚК
Жалпы бөлімінде
Қылмыстық
ұйымдастырушының әрекетін Ерекше бөлімнің
баптарымен саралауды қолдаушылардың
пікірінше ұйымдастырушы
Егер де ұйымдастырушы Ерекше бөлімнің нақты бір бабында көрсетілген қылмыстың объективті жағын жүзеге асыруға тікелей қатыспаса, оның ұйымдастырушылық әрекетін қатысушылардың қылмыстық құрамын анықтайтын Жалпы бөлімге сілтемесіз саралау мүмкін емес.
Айдап салушымен көмектесуші қылмыс жасауға тікелей қатысқанда олардың әрекеті Жалпы бөлімнің баптарына сілтемесіз сараланады, себебі айдап салушымен көмектесушінің орындаушылық әрекеттері олардың басқа әрекеттерінің маңызынан басым болады.
Ұйымдасқан топты немесе қылмыстық сыбайластықты (қылмыстық ұйымды) құрған не оларға басшылық еткен адам осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi баптарында көзделген жағдайларда оларды ұйымдастырғаны және оларға басшылық еткенi, сондай-ақ қылмыстар оның қаскүнемдiк ниетiмен қамтылса, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) жасаған барлық қылмыс үшiн қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс.
Ұйымдасқан
топтың немесе қылмыстық сыбайластықтың
(қылмыстық ұйымның) басқа қатысушылары
осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң
тиiстi баптарында көзделген жағдайларда
оларға қатысқаны үшiн, сондай-ақ өздерi
дайындауға немесе жасауға қатысқан
қылмыстар үшiн қылмыстық
Қылмыстық кодекстің 29-бабында қылмысқа қатысушылардың жауаптылығы туралы ғана айтылған. Бұл жерде қатысудың түріне байланысты жазаны ауырлату немесе жеңілдету мәселесі сөз болмаған. Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау Қылмыстық кодекстің 57-бабында арнайы қарастырылған. Осы бапқа сәйкес: Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағайыңдау кезінде оны жасауға адамның іс жүзінде қатысу сипаты мен дәрежесі, осы қатысудың кылмыс мақсатына жету жөніндегі мәні, онын келтірілген немесе келтіруі мүмкін зиянының сипаты мен мөлшеріне ықпалы ескеріледі.
Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза олардың іс-әрекеті сараланған Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көрсетілген санкция шеңберінде катысудың нысаны мен түрінекарамастан тағайындалады.
Сот катысушыларға жаза тағайындағанда жаза тағайындаудың жалпы бастамаларын (52-бап) және 57-баптың шарттарын басшылыққа алуғаміндетті. Қылмыстық кодекстің 57-бабында жаза тағайындау кезінде оны жасауға қатысқан адамның 1) қатысу сипатын және дәрежесін; 2) кылмыс мақсатына жетудің мәнін; 3) келтірілген немесе келтірілуі мүмкін зиянның сипаты мен мөлшерін ескеруді талап етеді. Қатысу сипаты қатысушының атқарған рөлімен сипатталады. Бұл жерде катысушы кім болып рөл атқарады — ұйымдастырушы ма, айдап салушы ма, орындаушы ма әлде көмектесуші ме? Әдетте, ұйымдастырушыларға, айдап салушыларға, орындаушыларға қылмысқа көмектесушілерге қарағанда жаза қаталырақ тағайындалады. Катысу дәрежесі қылмысты мақсатқа жетудегі қатысушылардың сіңірген еңбегінің көрінісі арқылы белгіленеді. Ал қылмыс мақсатына жетудін. мәні — алға қойған мақсаты толық орындалды ма, жоқ па осыған байланысты. Келтірілген немесе келтірілуі мүмкін зиянның сияқаты мен мөлшерін анықтағанда оларды туғызуға істелген қатысушының әрекет белсенділігі, атқарған функциясы есепке алынады. Қылмыстық кодекстің 57-бабының 2-бөлігінде "Қатысушылардың біреуінің жеке басына қатысты жауаптылық пен жазаны жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар тек сол катысушыға жаза тағайындау кезінде ғана ескеріледі"— делінген. Яғни, мұндай ретте ересектерге қарағанда жасы толмағандарға жазаның жеңілдететін түрі қолданылуын айтпаса да түсінікті.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан
Республикасы Президенті мен Үкіметі
құқықтық тәртіп және қылмыстылықпен
күресті күшейтуге көп көңіл
бөліп отыр. 1995 жылғы 22 наурыздағы қылмыстылықпен
күресу бағдарламасында Қазақстан
Республикасы Президенті бүгінгі тандағы
басты мақсат-ұйымдасқан қылмысқа соққы
беру екендігін атап көрсетті. Қазақстан
Республикасы Үкіметі 1996-1998 жылдарда реформа
жүргізуді тереңдету
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресте 1997 жылы 16 шілдеде қабылдаған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің маңызы зор. Осы кодексте адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы, ұйымдасқан топ, қылмыстық сыбайластық жасаған қылмыстың, түсінігі (31 бап) берілген, ұйымдасқан қылмыстық топты, қылмыстық сыбайластықты құру және оны басқару, қылмыстық сыбайластыққа қатысу үшін қылмыстық жаупакершілік тағайындалған, тікелей орындаушының қылмысқа басқа қатысушылардың әрекетін саралау ережелері (28 бап) қылмысқа қатысушылардың бұзақылығы (30 бап) туралы ереже бекітілген.
Қылмыстық
құқық институты бола отырып, қылмыстық
құқық бойынша қылмысқа қатысушылық
өзінің, міндеті етіп адаммен азаматтардың
құқықтарын, бостандықтары мен занды
мүдделерін, меншікті үйымдардың құқықтары
мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп
пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны,
Қазақстан Республикасы Конституциясының
құрылысы мен аумақтық тұтастығын,
қоғам мен мемлекеттің заңмен
қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол
сұғушылықтан қорғау бейбітшілік пен
адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ
қылмыстың алдын-алуды қояды, қылмысқа
кінәлі адамдар қылмыстық
Қатысушылықтың объектитік белгілерінің өзі екеу, яғни қатысушылық, біріншіден, қылмыстық жауаптылыққа тартылуға қабілетті адамдардан тұруы керек. Егер ол қылмыстық жауаптылаққа тартыла алмайтын (мысалға, есі дұрыс емес немесе жасы он төртке жетпеген) адаммен бірігіп жасайтын болса, онда ол қатысушылық емес, жалғыз адамның жасаған қылмысы болып есептеледі: оның орындаушысы жасы жеткен есі дұрыс адам болса, жауаптылыққа тартыла алмайтын тұлғалар оның "құралы" болып табылады.
Қатысушылықтың екінші объектитвік белгісі - ол қатысушылардын, арасындағы ортақ бірлесушіліктің болуы және ол жай бірлесушілік емес, себепті байлыныстан көрініс таба алатын бірлесішілік болуға тиісті. Ол үшін:
1) барлық әрекет етуші адамдарға ортақ белгілі бір нәтижеге жетуге ұмтылу;
2) осы ортақ нәтижеге ұмтылған басқа адамдардың әрекеттері туралы білуі және ескеруі қажет. Қылмысқа қатысушылықтың субъектитвік белгілеріне ең алдымен тек қана қасақана қылмысқа қатысу жатады, екіншіден, қатысушылардың ортақ ниеті болуға тиісті. Егер де адам абайсызда қылмыс жасап оны екі немесе одан да көп адам орындаса да, олардың әрқайсысы жеке-жеке абайсызда қылмысқа жауап бере алады (мысалға, өзге жануар екен деп ойлап, екі адамның адам өлтіруі немесе қолындағы нәрсесіне тигізем ғой деп ойлап атып, кісі өлтірген мергеннің мылтығын өзге адамның иығына сүйеп қойып атуы тб.).
Екіншіден, қатысушыларды ортақ ниет болуға тиісті. Ол үшін әрбір қылмысқа қатысушы келесі жағдайларды біліп, түсінуі тиіс.
Қылмысқа
қатысушылық нысандарына
Келесі
критерий - ол алдын ала сөз байласудың
болу-болмауына қарай екіге
ҚК-те бұлардың барлығы алдан ала келісімсіз қатысу мен келісіммен қатысудың түрлері бірі бінен бөлінбей қатар қарастырылады. Қылмысқа қатысушылықтың нысандарының осы жүйесі 1997 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 31-бабында орын алды. Адамдар тобының, алдын ала сөз байласқан тобымен, ұйымдасқан топтын, немесе қылмыстық сыбайластық құрамында қылмыс жасау Қылмыстық кодекстің 54-бабының 1-бөлімінің «в» тармағына байланысты қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар болып табылады.
Қатысушылардың түрлері - орындаушы, ұйымдастырушы, көмектесуші және айдап салушы.
Қылмыстың
орындаушысы болып, Қылмыстық кодекстің
Ерекше бөлімінің нақты бабында
қарастырылған қылмыстық
Қылмыс жасауға басшы, жетекші ретінде қылмыс қүрамын орындауға немесе қылмыстық әрекеттің жеткілікті дәрежеде аяқталуына басқа да әрекеттер жасау-жасамауына тәуелсіз, тікелей басшылық жасаған адамды үйымдастырушы деп атайды. Қылмысты ұйымдастыру барысында ұйымдастырушының атқаратын рөлдері мен функциялары алуан түрлі болады: қылмысқа қатысушыларды ңылмыс жасауга көндіру; қатысушылар арасында түрақты байланыс орнату және қылмыстың әрекет тәсілдерін белгілеу; қылмысқа қатысушыларды болашақ қылмыстық әрекет қылмыстарымен таныстыру; қатардағы қатысушылар арасында рөлдермен функцияларды бөлу; қылмыс жасаушыларды құрал-саймандарымен қамтамасыз ету; қылмыс жоспарын жасау және т. б. көптеген әрекеттер.
Әр түрлі жолдармен адамда қылмыс жасау ниетін тудырған адам айдап салушы деп танылады. Оның заңда келтірілген қорқыту, сатып алудан басқа да әр түрлі жолдары да болуы мүмкін: сөзбен, қимылмен, ыммен т.б.
Информация о работе Қылмыстық құқық бойынша қылмысқа қатысушылардың жалпы сипаттамасы