Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 16:19, диссертация
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 27-31 баптарында қылмысқа қатысушылық түсінігі, орындаған әрекеттеріне байланысты нақты қатысушыларды сипаттайтын белгілер, оларға жаза тағайындаудың жалпы ережелері көрсетілген.
Қылмыстық құқық қылмысқа қатысушылықты қоғамға қауіптілік дәрежесі жоғары, қылмыс жасаудың ерекше түрі деп қарастырады. Мұндай қылмыстардың қоғамға қауіптілік дәрежесінің жоғары болуы қылмыстық элементтердің жай ғана бірігуі емес, олардың әрекеттеріне жаңа сапа беретін күштердің біріктірілуіне байланысты.
Бір топ адамдардың бірлесіп қылмыс жасауы кезінде, әдетте, жалғыз адамның қылмысына қарағанда ауырырақ зардаптар туады. Бұдан басқа, қылмысқа қатысушылық кезінде қоғаммен бір емес, бір топ адам қайшылыққа түседі. Осы жағдай қылмысқа қатысушылықтың қоғамға өте қауіпті қылмыстық әрекет екенін көрсетеді .
КІРІСПЕ............................................................................................
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.................
1.1 Қылмыстық құқық бойынша қылмысқа қатысудың негіздері..........
1.2 Қылмысқа қатысушылықтың белгілері...............................................
2 ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУДЫҢ НЫСАНДАРЫ ЖАУАПТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.....................................................
2.1 Қылмысқа қатысушылардың түрлері...................................................
2.2 Қылмысқа қатысушылық нысандары..................................................
2.3 Қылмысқа қатысушыларға жаза тағайындау негіздері......................
3 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ..........
3.1 Қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатысушылықтың теориялық мәселелері..........................................................................................
3.2 Қылмыстык заң бойынша катысушылардың түрлері, олардың заңды сипаттамасы............................................................................
4 ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ЖАУАПТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.......................................................................................
4.1 Қылмысқа қатысушылырға тағайындалатын жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар.............................................................
4.2 Қылмысқа қатысқан адамдарға жаза тағайындау барысында шешілетін мән-жайлар.......................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................
Қазақ КСР-нің 1960 жылғы 1-қаңтарында заңды күшіне енген өзіндік тұңғыш қылмыстық заңын 1959 жылғы 22-шілдеде қабылданды. Осы аталған қылмыстық заңның төртінші тарауында Қылмыстық кодекстің жаза тағайындауға қатысты алты бабы, олар 34-35-36-37-38-39 баптары болды. Қылмыстық кодекстің 35-36 –баптарында қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар қарастырылған еді.
1959 жылғы Қылмыстық кодекске сәйкес қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар болып мына төмендегілар табылды:
жасалған қылмыстың зиянды салдарын айыпкердің жоюы немесе өз еркімен келтірілген заладың орнын толтыруы немесе келтірілген залалды жоюы;
ауыр жеке басылық немесе отбасылық мән-жайлардың тоғысуы салдарынан қылмыс жасау;
күштеп немесе мәжбүрлеу салдарынан не материалдық немесе өзге тәуелділігі себепті қылмыс жасау;
жәбірленушінің құқыққа қарсы әрекетін тудырған, күшті жан күйзелісі әсерінен қылмыс жасау; қажетті қорғану шегінен шыға отырып, қоғамдық қауіпті қол сұғушылықтан қорғану кезінде қылмыс жасау;
кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауы;
жүктілік жағдайында әйелдердің қылмыс жасауы ;
шын жүректен өкіну, айыбын мойындап келу.
ғы ҚазССР-нің Қылмыстық кодекстің 36-бабына сәйкес қылмыстық
жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар болып мына төмендегілер танылды: бұрын қандай да болмасын қылмыс жасаған адамның қылмыс жасауы;
ұйымдасқан топтың қылмыс жасауы;
пайдақорлық немесе өзге де қарау ниеттерімен қылмыс жасау;
қылмыс арқылы ауыр зардаптар келтіру;
жас балаға, қарт адамға немесе дәрменсіз жағдайындағы адамға қатысты қылмыс жасау;
кәмелетке толмағандарды қылмыс жасауға азғыру немесе кәмелетке толмағандарды қылмыс жасауға тарту;
аса қатыгездікпен немесе жәбірленушіні қинап қылмыс жасау;
қоғамдық нәубет жағдайларын пайдаланып қылмыс жасау;
жалпыға қауіпті әдіспен қылмыс жасау;
мастық күйдегі адамның қылмыс жасауы.
Сот жаза тағайындау барысында заңда көрсетілмеген жеңілдететін мән-жайларды да есепке ала алатын болған. Бұрын қылмыс жасаған адамның қылмысының сипатын қарастыру барысында сот оны ауырлататын мән-жай ретінде танымауға да құқылы болған. Сонымен қатар, мастық күйдегі адамның қылмыс жасауын да сот қылмыстың сипатына қарай, бұл мән-жайды қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай деп те танымауға құқылы болған[34. 31 б]. Осы жылдар ішінде Ерекше бөлімнің, сол сияқты Жалпы бөлімнің жекелеген баптары көптеген өзгерістер мен толықтыруларға ұшырды, ал жаза тағайындауға байланысты мәселелерін реттейтін ережелер анау айтарлық өзгерістерге ұшыраған жоқ. Сонымен қатар қылмыстық құқық әдебиеттерінде жаза тағайындау жүйесін жетілдіру жөнінде көптеген ұсыныстар болып жатты, бірақ та өкінішке орай мәнді өзгерістер болған жоқ [46, 31 б.].
Қазіргі
Қазақстан Республикасының заң
талаптарына сәйкес қылмыс жасаған
кінәлі адамға жаза тағайындау кезінде
соттар қылмыстық жауаптылық пен
жазаны жеңілдететін жағдайлар мен
мән-жайларды ескереді. Қылмыстық жауаптылық
пен жазаны жеңілдететін мән-жайларды
ескеру қылмыс жасаған кінәлі адамға
сот үкімінің жаза тағайындауға қатысты
бөлігі бойынша заңдылықтың
Қылмыстық
жауаптылық пен жазаны жеңілдететін
жағдайларға – қылмыстық
Қылмыстық
жауаптылық пен жазаны жеңілдететін
мән-жайларды ескерудің маңыздылығы
тек арнаулы заң әдебиеттерінде
ғана емес, сонымен қатар Жоғарғы
Сот Пленумының қаулыларында да көрініс
табады. Нақтылы істер бойынша
соттар жаза тағайындағанда әрқашанда
Қылмыстық Кодекстің жалпы
Сонымен жаңа Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіндегі қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар Қылмыстық Кодекстің 53-бабының 1-бөлімінде көрініс тапқан. Қылмыстық кодекстің 53-бабының 1-бөліміне сәйкес, қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп мына төмендегі көрсетілген топтағылар танылады:
а) мән-жайлардың
кездейсоқ тоғысуы салдарынан алғаш
рет кішігірім ауырлықтағы
б) айыпкердің кәмелетке толмауы;
в) жүктілік;
г) айыпкердің жас балалары болуы;
д) қылмыс жасағаннан кейін зардап шегушіге тікелей медициналық және өзге де көмек көрсету, қылмыс салдарынан келтірілген мүліктік залал мен моральдық зиянның орнын өз еркімен толтыру, қылмыспен келтірілген зиянды жоюға бағытталған өзге де іс-әрекеттер;
е) жеке басындық, отбасылық немесе өзге де ауыр мән-жайлар тоғысуының салдарынан не жаны ашығандық себебімен қылмыс жасау;
ж) күштен немесе психикалық мәжбүрлеу салдарынан не материалдық, қызметтік немесе өзге де тәуелділігі себепті қылмыс жасау;
з) қажетті қорғанудың құқықтық дұрыстығының шартын бұзу, аса қажеттілік қылмыс жасаған адамды ұстау, негізді тәуекел, бұйрықты немесе өкімді орындау жағдайында қылмыс жасау;
и) қылмыс жасау үшін түрткі болып табылған жәбірленушінің заңға қайшы немесе адамгершілікке жатпайтын қылығы;
к) шын
жүректен өкіну, айыбын мойындап келу,
қылмысты ашуға, қылмысқа басқа қатысушыларды
әшкерелеуге және қылмыс жасау нәтижесінде
алынған мүлікті іздеуге
Қылмыстық
заңда сонымен қатар
Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайларды есепке алу соттарға мына төмендегідей құқықтарды береді:
а) балама санкция болса жазаның неғұрлым жеңілірек түрін қолдануға;
б) Қылмыстық Кодекстің сол қылмыс сараланатын бабындағы санкцияда белгіленген ең аз немесе соған жақын мерзім тағайындауға;
в) Қылмыстық Кодекстің 55-бабын пайдаланып, сол қылмыс үшін көзделгеннен жеңілдеу жаза қолдануға;
г) шартты түрде соттауды немесе жазаны өтеуді кейінге қалдыруды қолдануға.
Қылмыстық жауаптылық пен жазаның жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың болуы тек жаза тағайындау процесінде ғана емес, сонымен қатар айыпкерді қылмыстық жауаптылыққа тарту-тарпау немесе жауапкершіліктен мүлдем босату жөнінде мәселені қарастырғанда да ескерілуі тиіс.
Ал, қылмыстық
жауаптылық пен жазаны ауырлататын
мән-жайлар Қазақстан Республикасы
Қылмыстық Кодексінің 54-бабының 1- бөлімінде
көрініс тапқан. Қылмыстық кодекстің
54-бабының 1-бөліміне сәкес, қылмыстық
жауаптылық пен жазаны келесідей
жағдайларда ауырлататын мән-
ж) жүктілік жағдайы айыпкер үшін алдын ала белгілі әйелге қатысты, сондай-ақ жас балаға, басқа да қорғансыз немесе дәрменсіз адамға не айыпкерге тәуелді адамға қатысты қылмыс жасау;
з) белгілі бір адамның өзінің қызметтік, кәсіби немесе қоғамдық борышын өтеуіне байланысты оған немесе оның туыстарына қатысты қылмыс жасау;
и) аса қатыгездікпен, садизммен, қорлаумен, сондай-ақ жәбірленушіні қинап қылмыс жасау;
к) қару, оқ-дәрі жарылғыш заттар, жарылғыш немесе оларды бейнелеуші құрылғылар, арнайы дайындаған техникалық құралдар, тез тұтынатын және жанғыш сұйықтар, улы және радиоактивті заттар, дәрілік және өзге де химиялық-фармакологиялық дәрі-дәрмектер пайдаланып, сондай-ақ күш көрсетіп немесе психикалық мәжбүрлеу не жалпы қауіпті әдіс қолданып қылмыс жасау;
л) төтенше жағдайды, табиғи немесе өзге де қоғамдық нәубет жағдайларын пайдаланып, сондай-ақ жаппай тәртіп бұзушылық кезінде қылмыс жасау;
м) алкогольдік, есірткілік немесе уытқылық еліту жағдайында қылмыс жасау. Сот қылмыстың сипатына қарай бұл мән-жайды ауырлатушы деп тануға құқылы;
н) адамдардың өзі қабылдаған антын немесе кәсіби антын бұза отырып қылмыс жасауы;
о) қылмыскердің қызметі жағдайына немесе шартқа байланысты өзіне көрсетілген сенімді пайдаланып қылмыс жасауы;
п) өкімет өкілінің нысанды киімін немесе құжатын пайдаланып қылмыс жасау.
Осы жоғарыда
көрсетілген қылмыстық
Информация о работе Қылмыстық құқық бойынша қылмысқа қатысушылардың жалпы сипаттамасы