Тәуелсiз алғаннан кейiнгi 1992 жылдың
17- қаңтарында қабылданған “Қазақстан
Республикасының прокуратурасы
туралы” Заңда прокурордың үйлестiру
жұмысын жүргiзу құқығы қарастырылмады.Тек,
1994 жылы 14 - шiлдедегi қабылданған ҚР
“Қазақстан Республикасының прокуратура
органдары қызметкерлерiнiң материалдық
және зейнеткерлiкпен қамтамасыз етуге
байланысты Қазақстан Республикасының
кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар
енгiзу жөнiндегi” Заңында прокуратураға
қылмыспен және басқа құқық бұзушылықпен
күресте құқық қорғау органдарының қызметiн
үйлестiру жүктелдi.
1995 жылдың 21-желтоқсанындағы ”Қазақстан
Республикасының прокуратуры туралы”
ҚР Президентiнiң заңды күшi
бар Жарлығында прокуратура қайтадан
үйлестiру құзыретiнен шектелдi.
Бұл заңгерлер арасындағы прокурордың
үйлестiру қызметiне көзқарастың әртүрлi
болуымен туындады.Кейбiр заңгерлер прокурор
заңдар мен заң актiлерiнiң қолданылуындағы
заңдылықты қадағалап отыратын,ешкiмге
тәуелсiз тұлға, ал қылмыстықпен күрес,
оның ашылуын қамтамасыз ететiн тиiстi
құқық қорғау органдары ғана айналысуы
керек деген пiкiрде болды.Бiрақ олар
прокурор жоғарғы қадағалау жасай
отырып, қылмыспен және басқа құқық
бұзушылықпен күрестегi заңдылықтың
сақталу деңгейiн ертерек байқап, бұл саладағы
күрделi мәселелердi шешу жолдарын
басқа құқық қорғау органдарымен кеңесе
отырып қарап, оны тiптi керек болған жағдайда
мемлекеттiк деңгейде шешуге ықпал ете
алатынын ескермедi.Iс жүзiнде өзi прокурорлық
қадағалау жасап отырған аймақта қылмыспен
және басқа құқық бұзушылықтың болу себептерiн,
олармен күрестегi тиiстi органдар мен
мекемелердiң қызметiнiң жетiстiгi мен кемшiлiгiн
кәсiби деңгейде көрiп,олардың осы саладағы
жұмыстарының пәрмендiлiгiн арттыруға
ықпал етуге құзыретi жететiн де прокуратура
органы.
15-ТАҚЫРЫП:
Қазақстан прокуратурасының
халықаралық–құқықтық
ынтымақтастығы.
1.ҚР “Прокуратура туралы” Заңының
12-бабының 8-тармағында ҚР Бас
прокуратурасы халықаралық ынтымақтастық
саласында прокуратура органдарының
атынан өкiлдiк етедi деп көрсеткен.
Қазақстан өзiнiң тәуелсiздiгiн
алғаннан кейiн басқа мемлекеттермен
қарым-қатынас орната бастады.
Экономикалық қарым-қатынаспен бiрге
қылмыспен күрес, барлық азаматтардың
құқықтарын қорғау, халықаралық
заңдарды қолдану мәселесi туды.
Аз уақыттың iшiнде Қазақстанды басқа шет
елдер танып, жүзден астам ел дипломатиялық
қарым-қатынас орнатты.Қазақстан ТМД
елдерi арасында бiрiншiлердiң қатарында
Бiрiккен Ұлттар Ұйымына( БҰҰ) мүшелiкке
қабылданды.Республикада халықаралық
құқықтық база жинақталды.Олардың iшiнде
БҰҰ қол қойған есiрткi заттарын таратумен,
терроризммен, әуе жолдарын қоршап
алумен күрес туралы халықаралық Конвенцияның
орны бөлек. Азаматтардың құқықтарын қорғауға
бағытталған халықаралық Конфенцияны
қабылдауы Қазақстанның демократиялық
мемлекет құру жолында екендiгiнiң дәлелi.
ТМД елдерiнiң Парламентаралық
Ассамблееясында қылмыстық, қылмыстық
iстер жүргiзу, қылмыстық-атқару
Кодекстерiнiң моделiн қабылдау, бұл
елдермен құқық жүйесiндегi жақындасудың
белгiсi.Осы елдердiң Бас прокурорларының
Үйлестiру Кеңесi де осы мақсатты көздейдi
( желтоқсан 1995 жыл) .Мемлекеттер арасындағы
экономикалық, әлеуметтiк, құқықтық проблемаларды
шешудi оңайлату, ынтымақтастықты арттыру,
азаматтардың құқытарын қорғау-басты
мақсат.
ҚР Қылмыстық iс жүргiзу Кодексiнiң 55- тарауында
көрсетiлген азаматтардың құқықтарын
шектейтiн экстрадиция, қылмыстық құдалау,
тергеу органдарының тапсрымаларын орындауға
байланысты санкция беру тек прокуратура
құзыретiне берiлген.
ҚР прокуратурасы 1998 жылы Халықаралық
прокурорлар Ассамблееясының толыққанды
мүшесi болып қабылданып, Пекин, Кейптаун
қалаларында өткен конференция жұмыстарына
қатысты.
2.Прокуратураның қылмыспен күрес
саласында халықаралық ынтымақтастығы.
Кеңес Одағы ыдырып, оның құрамындағы
елдердiң өз тәуелсiздiгiн алып, жеке мемлекет
болып қалыптасуы, қоғамның демократияландырылуы
Қазақстан Республикасының халықаралық
қатынасын елеулi ұлғайтып, елден кету
мен елге келi мәселесi жеңiлдендi.Бiрақ
осы жақсы жағдайды кейбiр қылмыс жасаған
адамдар қылмыстық жауапкершiлiктен
құтылып кету жолында тиiмдi пайдаланды.Сондықтан
әртүрлi мемлекеттердiң құқық қорғау органдарының
кiнәлi адамдарды әшкерелеу жолында күштерiн
бiрiктiру қажеттiгi туындады. Қоғамның,
соған байланысты адамдардың психологиялық
көзқарастарының өзгеруi, шекаралардың
жақсы күзетiлмеуiнен халықаралық деңгейдегi
топтасқан қылмыстар өсiп,олармен күрес
мәселелерiнде қиыншылықтар пайда болды.
1992 жылы Қазақстанның бастауымен
Алматыда ТМД және Балтика
елдерiнiң Бас прокурорларының алғашқы
кездесуi өттi.
1993 жылы Ынтымақтастық елдерiнiң
басшылары өзара құқықтық көмек
көрсету және азаматтық, некелiк,
қылмыстық iстер бойынша құқықтық
қатынастарды реттеу туралы Минскiде
Конвенция қабылдап, осының негiзiнде
ұйымдасқан және басқа да қауiптi қылмыстармен
күресуде күштердi бiрiктiру туралы
Бағдарлама бекiтiлдi.Осы кезеңде сонымен
қатар, ТМД елдерiнiң қылмыспен күресетiн
арнайы органдарының қызметiн реттейтiн
құқықтық актiлердiң заман талабына сай
қабылданып, бiр-бiрiмен ақпарат алмасуын
жетiлiру, қылмыспен күресте нақты қимылдарын
анықтау сияқты мңызды жұмыстар да атқарылды.
1995 жылдың желтоқсанында Бас прокурорлардың
Үйлестiру Кеңесiн құру туралы
шешiм қабылданды. Оның толыққанды
мүшесiнiң бiрi - ҚР Бас Прокуроры.