Прокурорлық қадағалау

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2012 в 11:24, реферат

Описание работы

ҚР Конституциясының 1.6. 83 б. сәйкес прокуратура мемлекет атынан Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті Жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәл және бірыңғай қолданылуына, жедел-іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асырады.

Работа содержит 1 файл

Прокурорлык кадагалау -1 кешен.doc

— 249.00 Кб (Скачать)

         1) уәкiлдi лауазымды адамдар мен  органдардан әкiмшiлiк құқық бұзушылық  туралы мәлiметтердi, құжаттар мен  iстердi талап етуге;

         2) құзыретiне әкiмшiлiк құқық бұзушылық  туралы iстердi қарау мен жаза  қолдану кiретiн лауазымды адамдар  мен органдардың iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне берiлген шағымдарды қарауға;

        3) азаматтарды әкiмшiлiк ұстау  мен қамаудың заңдылығын, сондай-ақ  әкiмшiлiк құқық бұзушылыққа ықпал  етудiң өзге де шараларының  негiздiлiгiн тексеруге;

       4) әкiмшiлiк құқық бұзушылық iстердi қарауға қатысуға, өтiнiштер жасауға, iстi қарау кезiнде туындаған мәселелер бойынша қортындылар беруге;

       5) әкiмшiлiк жаза қолдану туралы  қаулылардың орындалуын тексеруге;

       6) азаматтардың құқықтары мен  бостандықтарын заңды тұлғалар  мен мемлекеттiң заңды мүдделерiн бұзуға жол берген лауазымды адамдарды жауапкершiлiкке тарту жөнiнде  шаралар қолдануға;

      7) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер жөнiнде iс жүргiзудi қозғауға;

      8) заңда көзделген басқа да iс-әрекеттердi жасауға хақылы.

     Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры әкiмшiлiк iстер бойынша субъектiлердiң актiлерiнiң заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыруды жетiлдiру мен тиiмдiлiгiн жоғарлату, қабылданған актiлердiң заңдылығын қамтамасыз ету мақсатында төменгi тұрған прокурорлардың осы бағыттағы жұмыстарын тексерiп, тиiстi 
 

   12 – тақырып: Атқарушылық iс жүргiзудiң заңдылығына прокурорлық қадағалау

     Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес соттың заңды күшiне енген   үкiмдерi мен қаулылары, шешiмдерi мемлекеттiк және мемлекеттiк емес органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, заңды тұлғалардың, лауазымды адамдардың, азаматтардың бәрiне бiрдей мiндеттi және  Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мүлтiксiз орындалуға жатады.

      Қылмыстық және азаматтық iстер бойынша заңды күшiне енген сот актiлерiнiң  орындалуы кезiнде заңдылықтың сақталуының маңызы зор.

   Iс  жүзiнде сот актiлерiн орындау  кезiнде заңсыздықта жол беру  фактiлерi кездесiп жатады.Сондықтан  атқарушылық iс жүргiзiдiң заңдылығына   қадағалау жасау  прокуратура органына заңмен  жүктелген.

                Бұл прокурорлық қадағалаудың  пәнi ҚР “Прокуратура туралы”  Заңының 43-бабымен айқындалған,  яғни, олар:

     1) сот тағайындаған жазалау мен  мәжбүр ету сипатындағы өзге  де шаралардың атқарылуы кезiнде  адамдардың бас бостандығынан айыру орындарында болуының заңдылығы;

      2) аталған мекемелерде сотталған  адамдарды ұстаудың заңда белгiленген  тәртiбi мен шарттарының сақталуын,  олардың құқықтары мен бостандықтарының  қорғалуы;

      3) бас бостандығынан айыруға қатыссыз жазаларды атқарудың заңдылығы;

      4) азаматтық және өзге iстер жөнiндегi сот шешiмдерiн атқару заңдылығы.

   Прокурордың өкiлеттiгi.

   Атқарушылық iс жүргiзудiң заңдылығын қадағалауды  жүзеге асыра отырып, прокурор өз құзыретi шегiнде( 44-бап).

     Соттың заңды күшiне енген үкiмдерi мен қаулылары Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңдары негiзiнде  орындалады.

     ҚР қылмыстық – атқару заңдары   Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару  кодексi және Қазақстан Республикасының  өзге де заңдарынан, сондай-ақ  жазаны және сотталғандарға қылмыстық-құқықтық ықпал етудiң өзге де шараларын атқару мен өтеудiң тәртiбiн және жағдайларын белгiлейтiн нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады. ҚР  қылмыстық- атқару заңдарының мақсаттары әдiлеттiлiктi қалпына келтiру, сотталғандарды түзеу, сотталғандардың да, өзге адамдардың да жаңа қылмыстар жасауының алдын-алу болып табылады.Аталған мақсаттарға сәйкес қылмыстық-атқару заңдарының мiндетi жазаларды өтеудiң тәртiбi мен жағдайларын реттеу, сотталғандарды түзеу құралдарын анықтау, олардың құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерiн қорғау, оларға әлеуметтiк бейiмделуге көмек көрсету деп саналады (ҚР қылмыстық-атқару кодексi 2-бап). 

    Iс жүзiнде осы мiндеттердi iске  асырушы субъектiлер тарапынан  заңсыздыққа жол берiлiп,сотталған  адамдардың конституциялық құқықтарына елеулi зиян келедi.Сондықтан да жазаны атқару кезiнде заңдардың дәлме-дәл, бiркелкi қолданылуына, яғни заңдылықтың сақталуына қадағалау жасау  мемлекеттiк органдар iшiнде тек прокуратура органына жүктелген.

     Осы бағыттағы прокурорлық қадағалаудың объектiлерi болып:

   1) Әдiлет Министрлiгiнiң   сот тағайындаған  жазалау және мәжбүр ету сипатындағы  өзге де шараларды атқарушы  бас бостандығынан айыру орындары  мен мекемелерi (түзеу колониялары,  тәрбиелеу колониялары, түрме,  емдеу орындары,тергеу изоляторлары) ;

     Түзеу мекемелерiнде бас бостандығынан  айыру және өлiм жазасы жөнiндегi жазалар iске асырылады.2) Iшкi Iстер  Министрлiгiнiң қылмыстық-атқарушылық  инспекциясы(бас бостандығын айыруға   қатыссыз  жазалардың орындалуын iске асыру);3) тәртiптiк әскери бөлiмдер;4) Денсаулық Министрлiгiнiң  психиатриялық стационары ( мәжбүлеп емдеудi

   Қылмыстық қудалау. Прокуратура Конституцияға , ҚР “Прокуратура туралы” Заңына сәйкес  және қылмыстық iс-жүргiзу заңдарымен белгiленген тәртiп пен шекте қылмыстық қудалауды iске асырады.

          ҚР “Прокуратура туралы” Заңының  46-бабына сай қылмыстық қудалауды  жүзеге асыра отырып, прокурор:

  • қылмыстық оқиға болған жердi қарауға қатысуға,сараптама тағайындауға, сондай-ақ қылмыстық iс қозғау туралы мәселенi шешу  үшiн қажеттi басқа да iс-әрекеттер жасауға хақылы;
  • қылмыстық iс қозғайды немесе қылмыстық iс қозғауға рұқсат беруден бас тартады;
  • анықтама немесе алдын ала тергеу жүргiзу үшiн тиiстi органға прокуратура қозғаған қылмыстық iстердi жолдайды;
  • заңда көзделген жағдайларда жедел-iздестiру қызметiн, анықтау мен тергеудi жүзеге асыратын лауазымды адамдардың жасайтын iс-әрекетiне санкция бередi;
  • жекелеген тергеу әрекеттерi бойынша iс жүргiзуге қатысады;
  • қол сұғуға болмайтын құқыққа ие адамдарды қылмыстық жауапкершiлiкке тартуға келiсiм алу үшiн ұсыныс енгiзедi;
  • қылмыстық iстi соттың қарауына жолдайды.

   Айыптау қорытындысымен келiп түскен қылмыстық iстi зерделеу кезiнде прокуорор не оның орынбасары анықтама мен тергеу органдарының заңдардың талаптарын сақтауын және айыптыны сотқа беру үшiн негiздердiң жеткiлiктi екенiн тексеруге мiндеттi. Егер заңдылық толық сақталып, айыпкердiң қылмыстық iсi дәлелденген болса, прокуорор не оның орынбасары қылмыстық iстi сотқа оны негiзiнен қарау үшiн жолдайды.

          Айыптау қорытындысымен түскен қылмыстық iстi зерделеген кезде прокурор:

  • iстiң жүргiзiлуiн тоқтатуға немесе адамға қатысты қудалауды тоқтатуға;
  • айыптау қорытындысынан жекелеген айыптау тармақтарын алып тастауға, жеңiлiрек ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға;
  • тыю шарасын таңдап алуға,өзгертуге немесе жоққа шығаруға;
  • қосымша тергеу жүргiзу үшiн қылмыстық iстi тергеу органына қайтаруға хақылы.

          Осы өкілеттіуктерін іске асыру  кезінде қаулы қабылдайды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   13-ТАҚЫРЫП:  Құқықтық статистика  мен арнайы  есеп  жүргiзу және осы  жүйені реттейтін  заңдардың қолданылуына  прокурорлық қадағалау.

    

        Статистика “status”- статус  деген  латын сөзiнен пайда болған, ол  белгiлi бiр жағдай деген мағнаны  бiлдiредi.

        Статистика  - мемлекетте болып  жатқан құбылыстар жөнiнде жинақталған  мағлұматтар. Құқықтық статистика  құқық саласындағы, оның iшiнде  әсiресе қылмыстық жағдайдың жалпы  көрiнiсiн сипаттайды.

        Қазақстанда құқықтық статистиканың  ұйымдық құрылымы кешегi Кеңестер Одағы кезiнде құрылып, кеңестiк заң статистикалық қызметiнiң ажырамас бөлiгi болып табылады.Статистика органдарын ол кезде бiртiндеп жаңарту жалпы мемлекеттiк көлемде құқықтық статистика саласындағы қызмет аясын тарылта түстi. Статистика  тар ведомстволық шеңберде, яғни КСРО (Кеңестiк социалистiк республикалар одағы) милициясының Бас басқармасы мен КСРО Прокуратурасының қарауында болды. Ал еңбекпен түзеу мекемелерiнiң статистикасы КСРО Әдiлет халық комиссариатына, кәмелетке жасы толмағандардың құқық бузушылығы одақтас республикалардың бiлiм беру халық комиссариаттарына қарады. КСРО тарағанша статистика құрылымы көптеген өзгерiстерге ұшыраумен болды.

        1997 жылғы 22- сәуiрге дейiн қылмыс  туралы, әкiмшiлiк құқық бұзушылық  жөнiндегi мәлiметтер жинақталған түрде тек Республиканың Iшкi iстер министрлiгi Ақпарат орталығында, Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң Қылмыстық ақпарат орталығында,соттар қарауына жататын мәлiметтер Әдiлет  министрлiгiнде тiркелдi.

       1997 жылы 22- сәуiрде ҚР Президентiнiң “Құқық қорғау органдары жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы” Жарлығы шығып, соған сәйкес ҚР Бас прокуратурасы жанынан Құқықтық статистика және ақпарат орталығы құрылды.Бұл актiнiң қабылдануы құқықтық реформаны аяқтаудағы маңызды кезең болды,әрi құқықтық статистика өз тарихында бiрiншi рет  қадағалау органы қарауына берiлдi.

      Салалық, қызметтiк және ұйымдық  ерекшелiгi бар мұндай органды  құру қажеттiлiгi қылмыспен күресте  қылмыстық ахуалды бұрмалап көрсетiп  келген бұрынғы ақпараттық-статистикалық  жүйенiң жiберген кемшiлiктерiн жою мақсатынан туындады.Ондай олқылыққа тосқауыл қойып оның орнын толтыратын тек прокуратура органы едi.

        “Прокуратура туралы” ҚР Заңының  4-бабының 6-тармағына сай, прокуратура  органдары мемлекет атынан  статистикалық  көрсеткiштердiң тұтастығын, объективтiлiгiн және жеткiлiктiн қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк құқықтық статистиканы қалыптастырады, арнайы есепке алуды жүргiзедi, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асырады, әрi бұл прокуратура органдары қызметiнiң негiзгi бағыттарының бiрi болып саналады.

       Құқықтық статистика және ақпарат  орталығы алдымен Бас прокуратураның  дербес Департаментi болды.

      Құқықтық статистиканы ары қарай  дамыту мақсатында 2003 жылдың 28-наурызындағы  ҚР Президентiнiң Жарлығымен аталған орталықтың негiзiнде дербес мемлекеттiк мекеме - Бас Прокуратура жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есеп жүргiзу  комитетi болып қайта құрылды.

       Қазiргi уақытта Комитет  және  оның құрылымдары прокуратура органдарында өзiндiк ерекшелiгi бар мiндеттердi орындайтын мемлекеттiк институтқа айналып үлгердi.

       Құқықтық статистика органдары  үшiн ең бiрiншi сынақ болған,оның  кәсiби,әрi шығармашылық қуатын дәлелдейтiн  тұс “Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы” ҚР Заңының ақпараттық-статистикалық мiндеттерiн орындау болып табылады.

        Кәсiпкерлiк субъектiлер қызметiн  мемлекеттiк органдардың тексеруiне  есеп жүргiзудiң де маңызы зор.Ол  кәсiпкерлердiң жұмыс iстеуiне  қолайлы жағдай жасап, мемлекеттiк  органдардың заңсыз тексерулерiнен қорғайды. 
 

   14-ТАҚЫРЫП:  Қылмыспен және  басқа құқық бұзушылықпен  күресте құқық  қорғау органдарының  қызметiн үйлестiру.

         1.Үйлестiру сөзi  координация (со-бiрге, ordinatio –жөнге салу немесе тәртiпке  салу) бiрге жөнге салу деген латын сөзiнен шыққан.

         Прокуорлық қадағалау тәжрибесi жергiлiктi жерде  қылмыспен және  басқа да құқық бұзушылықпен  күрес, оның алдын алуға бағытталған  жұмыстардың пәрмендiлiгiн арттыруда  барлық құқық қорғау органдарының  осы саладағы жұмыстарын үйлестiрiп,бiрiгiп шешетiн мәселелердi анықтап, оны уағында iске асырып отыруы   қажеттiлiгiн көрсеттi. Бұл жұмысты ұйымдастыру прокуратура органына  жүктелген.Оның тарихы 1922 жылдан басталады.1922 жылы  Юстиция Халық комиссариаты прокуратураға қылмыспен күрес  мәселелерiн үнемi барлық құқық қорғау органдарының қатысуымен қарап, тиiстi шешiмдер алу жүктелген.1933 және 1955 жылдары қабылданған “Прокуратура туралы Ережеде” үйлестiру жұмысының нормалары көрсетiлмей, үйлестiру жұмысы жүргiзiлмей қалған. Прокуратура органдарының үйлестiру жұмысына басшылығы Советтер Одағының Коммунистiк партиясының  Орталық Комитетiнiң   25- қаңтар 1972 жылғы қаулысымен анықталып, үйлестiру прокуратура органыны қызметiнiң бiр саласы ретiнде 30 - қараша 1979 жылы  қабылданған “ССРО прокуратурасы туралы” Заңда көрсетiлiп, нақты құқықтық бекiтуге ие болды.Осы Заңның 3-бабында прокуратура құқық қорғау органдарының қылмыспен басқа құқық бұзушылықпен күрестегi жұмысын үйлестiредi деп көрсеттi.Үйлестiру жұмысы Үйлестiру Кеңесi арқылы жүзеге асырылады. Үйлестiру Кеңесi  құқық қорғау органдарының басшыларының кеңесу органы ретiнде жұмыс iстеп, қылмыспен, құқық бұзушылықпен күрестi күшейтуге бағытталған жұмыс жопарын бiрге жасақтап, оны iске асыру жолдарын кеңесе отырып шешедi.Үйлестiру Кеңесiнiң төрағасы -  Республиканың Бас Прокуроры мен тиiстi прокурорлар.1989-1991 жылдары аралығында прокуратураны   қылмыспен күрестегi үйлестiру    қызметiнен шектеп, бұл жұмысты басқа арнайы құрылған әртүрлi комитеттер мен комиссиялардың құзыретiне де берiлiп көрiлдi.

Информация о работе Прокурорлық қадағалау