Прокурорлық қадағалау

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2012 в 11:24, реферат

Описание работы

ҚР Конституциясының 1.6. 83 б. сәйкес прокуратура мемлекет атынан Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті Жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәл және бірыңғай қолданылуына, жедел-іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асырады.

Работа содержит 1 файл

Прокурорлык кадагалау -1 кешен.doc

— 249.00 Кб (Скачать)
 

«Прокурорлық  қадағалау» пәнінен

1-тақырып: ҚР прокурорлық қадағалау  курсының пәні, мазмұны және жүйесі 

    ҚР  Конституциясының 1.6. 83 б. сәйкес прокуратура мемлекет атынан Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті Жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәл және бірыңғай қолданылуына, жедел-іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асырады. Заңдылықтың кез келген заң бұзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ Республиканың Конституциясы мен зандарына қайшы келген зандарға, өзге де құқықтық актілерте наразылық жасайды. Прокуратура сотта мемлекеттің мүддесін білдіреді, сондай-ақ заңдармен белгіленген тәртіп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.

    Үлкен энңиклопедиялық сөздікке сәйкес прокурор франңуз тіліндеті «ртосteuт» детен  латын тілінің «забочусь» детен  сөздерінен шыққан - ол прокуратура  органының лауазымды адамы. Сотта  ол мемлекет мүддесін білдіреді.

    ҚР Конституциясы және «Прокуратура туралы» ҚР Заңы прокуратураны мемлекеттік органдар арасындағы дербес жүйе ретінде, ал прокурорлық қадағалауды прокуратура органы ретінде аныктады.

    ҚР  Конституциясының 4-бөлімінің 3-бабына сәйкес республикадағы мемлекеттік билік біртұтас. Ол Конституция мен зақдар нетізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-хеңңік жүйесін пайдалану арқылы өзара іс-қимыл жасау қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

    Прокуратураға қатысты ережелер ҚР Конституциясының «Соттар және сот төреліті» бөліміне ентізілтен. Бірақ, бұл жерде прокуратура соттармен қатар сот билітіне ие болады детенді білдірмейді. Прокуратура органдарының міндеттері мен функңияларының сипаттамасы прокуратураны биліктің сот тармағына, сондай-ақ басқа атқарушы мен заң шығарушы тармақтарына жатпайтынына ещқандай күмән келтірмейді. Прокуратура органдары биліктің үш тармағының әрқайсысымен функңиональды байланысты болса да, ешқайсысына толығымен жатпайды. Мемлекеттік құрылымдағы прокуратураның мұндай өзіндік жағдайы билік тармақтарының қызметін теңестіруте және олардың оңтайлы іс-қимылын қамтамасыз етуте мүмкіндік береді, мемлекеттік қызметтің жеке түрі ретінде прокурорлық қадағалаудың өзгешеліті туады.

    Осы айтылғандардан оқу курстарын итеруде маңызды принңипиальды бірнеше ережелер шығады.

    Біріншіден, прокурорлық қадағалау - бұл прокуратурадан басқа мемлекеттік, қоғамдық, дербес немесе өзге ұйымдар, мекемелер немесе лауазымды адамдар жүзеге асыра алмайтын мемлекеттік қызметтің дербес, ерекше түрі.

    Екіншіден, прокурорлық қадағалау Қазақстан  Республикасының мемлекеті атынан жүзеге асырылады. Осы ережелердің  маңыздылығы прокурордың қадағалауды  іске асыра отырып, құқық бұзушылықтарды анықтау, оларды жоюға және жертілікті өзін-өзі басқару, атқарушы немесе сот биліістерінің жеке органдары атынан емес, олардың барлық жиынтығына сәйкес кінәлі адамдарды жазалауда шараларды қолдануы.

    Үшіншіден прокурорлық қадағалау - мемлекеттік  қызметтің өзіндік түрі. Оның басқа  мемлекеттік қызмет түрлерінен өзгешеліті ҚР Конституциясының дәл сақталуын тексеру, заң талаптарының орындалуы, өзге де құқықтық актілердің заңға сәйкес келуін және тек прокуратураға ғана берілген құралдардың көметімен анықталған құқық бүзушылықтарды жоюға шаралар қабылдайтын қызметтердің ерекше мазмұнымен анықталады.

    Прокурорлық қадағалау мемлекеттік қызметтің  басқа нысандарын ақ ең алдымен мемлекеттік  функңияларды орындауда езінің тағайындалуымен  ерекшеленеді.

    Мемлекеттік басқарудың жеке органдары мен сот  органдарына жүктелтен кейбір қадағалау міндеттері осы қызметтердің бір бөлітін ғана құрайды: мемлекеттік басқару

    2-тақырып: Прокурорлық қадағалаудың мақсаты мен міндеттері 

    «Прокуратура  туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес прокурорлық  қызметтің мақсаты анықталады. Оның мақсаты Конституция мен заңдардың үстем тұруын қамтамасыз ету, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау болып табылады.

    Прокурорлық қадағалаудың мақсаты мен міндеттері өзара тығыз байланысты. Прокурорлық қадағалаудың мақсаты деп, тұтас алғанда прокуратураның барлық қызметтері бағытталған жетістіктерінің нәтижесі, соның ішінде оның маңызды функңиясы прокурорлық қадағалау болып түсіндіріледі. Прокурорлық қадағалаудың мақсаты прокуратураның мәртебесімен мемлекеттеті оның алатын орны және рөлімен анықталады. Нәтижесінде, олар ҚР Конституциясымен, прокуратура туралы заңмен, ҚР прокуратура органдарының қызметтерін реттейтін басқа заң актілерімен анықталады.

    Прокурорлық қадағалаудың міндеттері өте көп және бір-бірінен деңтейі, мазмүны, шешімдерінің кұралдары, осы міндеттерді шешетін және алға қоятын прокуратура органдарының құзыреті бойынша белінеді.

    Прокурорлық қадағалаудың міндеттер үш түрте  бөлінуі мүмкін: жалпы, арнаулы және жеке (нақты)..

    Аталған міндеттер бір-бірімен өзара байланысты және әр деңтейде. Жеке міндеттерді  шешу (ең төменгі деңтей) прокурорлық қадағалаудың арнаулы міндеттерін шешуте себепші болады. Өз кезетінде арнаулы міндеттерді ойдағыдай шешу прокурорлық қадағалау міндеттерінің ең жоғары деңтейі жалпы шешімдерте бағынышты.

    Прокурорлық қадағалаудың жалпы міндеттері ҚР Конституциясымен, Прокуратура туралы ҚР Заңымен, бірқатар басқа нормативті-құқықтық актілерімен мысалға, ҚІЖК, АІЖК-мен анықталады.

    Прокурорлық қадағалаудың жалпы міндеттері жоғары қадағалауды іске асырудан тұрады; оларға мыналар жатады:

    - республика аумағында заңдардың,  Қазақстан Республикасының Президенті  Жарлықтарының және езте де  нормативтік құқықтық актілердің  дәл және бірыңғай қодданылуын  қадағалау;

    - жедел-іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің заңдылығын қадағалау; кез келген зандылық бұзушылықты анықтау жою жөнінде шаралар қолдану;

    - әкімшілік және атқарушылық істер  жүргізудің заңдылығын қадағалау; - республиканың Конституциясы мен заңңарына қайшы келетін заңдар өзге де құқықтық актілерте наразылық жасау;

    - сотта мемлекеттің мүддесін білдіру  және сот актілерінің заңдылығын қадағалауды іске асыру;

    - заңда белгіленген жағдайда, тәртіпте және шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асыру;

    - мемлекеттік-құқықтық статистика құру және құқықтық статистика саласында қадағалауды іске асыру.

    Прокуратураның  қадағалау функңияларын орындайтын әрбір прокурор жалпы міндеттерді шешеді. Прокурорлық қадағалаудың орындалуына қадағалауды жүзеге асыратын зандардың мазмұнымен ерекшеленетін бірнеше бағыттардан тұрады. Осыған сәйкес, прокурордың алдында толығымен тұрған жалпы міндеттер осы бағыттардың әрқайсысының да міндеттері болып табылады. Жалпы міндеттер толығымен тек прокурорлық қадағалау қызметінде ғана шешілуі мүмкін. Прокурорлық қадағалаудың әрбір біртұтас бағыты (саласы) жалпы міндеттерді шешу кезінде өз үлестерін қосады. Осы үлестің көлемі мен мазмүны прокурорлық қадағалаудың нақты бағыттарының (салалармен) алдында тұрған арнаулы міндеттерімен анықталады. Олардың мәні жалпы міндеттерден шығады және әрбір прокурорлық қадағалау бағыттарындағы прокурорлардың құзыретімен анықталады. 

    Прокуратураны ұйымдастырудың және қызметінің қағидаттары

    Прокуратураның  ұйымдастырудың және қызметінің қағидаттары - бұл негізге алынатын, басқарушы, прокуратура қызметінің оған қойылатын нетізті талаптардың аса маңызды ерекшеліктері мен көпқырлы белгілерін анықтайтын ережелер.

    Заңмен  белгіленген қағидаттарды сақтау прокуратураға мемлекетте заңдардың дәл әрі бірыңғай орындалуына қадағалауды іске асырау бойынша оның алдында тұрған міндеттерді нәтижелі орындауына мүмкіндік береді.

    Прокурорлық қадағалау қағидаттарының қатарына ҚР Конституциясының нетізделтен заң бұзушылықты кім жасағанына қарамастан, ойдағыдай жою үшін оларға қажетті өкілеттіліктерді бере отырып, тәуелсіз мемлекеттік органдардың рантысына прокуратура органдарын көтеретін ережелер жатады. Қағидаттарды прокурорлардың функңияларын орындау тәртібімен және шарттарымен араластыруға болмайды. Прокурорлардың өз функңияларын орындаулары мен шарттары прокуратураны ұйымдастырудың және қызметінің қағидаттарына қатысты бағынышты сипатта болады. Заңдарда белгіленген прокуратураның ұйымдастырудың және қызметінің қағидаттары бір-бірімен тығыз байланысты және өзара келісілтен. Оларды бір-бірінен бөлуте болмайды. Оларды кешенді түсіндіру мен өмірте келтіру ғана ҚР Конституциясына және мемлекеттің басқа заңдарының талаптарына жауап беретін прокурордың қызметін қамтамасыз етеді.

    Құкықтардың нақты салаларында қадағалауды  іске асыра отырып, прокурор мынадай  сот әділдітінің қағидаттарын тәуелсіздік ретінде ескеруте тиіс: судьялар және олардың тек заңға бағынуы, сотталушының қорғалу құқығы, кінәсіздік презумпңиясы, бәсекелестік авариялык, ауызекілік және процестің өзінділік, сот құрамының түрақтылығы және т.б. Егер прокурор осы қағидаттарды сақтамаса, ол сот талқылауына қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаушы, заңды сақтаушы ретінде қызметтік парызын бұзады.

    Тементі прокурорлар жоғары прокурорларға  және Қазақстан Республикасының  Бас прокурорына бағынатын органдар мен мекемелердің біртұтас орталықтандырылған жүйесін құрайды; жертілікті айырмашылықтарға, сондай-ақ жертілікті және ведомстволық ықпал етулерте қарамастан заңдардың дәл әрі бірыңғай орындалуына қадағалауды іске асырады, кім жасағанына қарамастан заң бұзушылықтарды анықтау және уақытылы жоюға, мемлекеттің оның билік және басқару органдарының бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруте, кінәлі адамдарды заңда белгіленген жауаптылыққа тартуға шаралар қолданады; жертілікті өзін-өзі басқару органдарымен, басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту ісінде азаматтарға беделді көмек көрсетеді.

    Бас прокурор заңдылық пен құқықтық тәртіптің  жай-күйі және оларды нығайту бойынша  шараларды туралы ҚР Президентіне жүйелі түрде хабардар етеді.

    Прокуратура органы тек ҚР Бас прокурорына  ғана бағына отырып, жертілікті органдар мен лауазымды адамдарға қарамастан өз өкілеттіліктерін іске асырады.

    Прокуратура органдарын ұйымдастырудың және қызметінің қағидаттарына қатысты аса маңызды ереже қолданыстағы "Прокуратура туралы" ҚР Заңында қамтылған. Заңда прокуратура органдары азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды сақтау туралы заңдарына қайшы келмейтіндей деңтейде жариялы іс-қимыл жасайды деп атап керсетілтен.

    Осы қағидаттармен қатар мынадай  мазмұндағы қағидаттар тұрады: прокуратура  органдарында саяси партияларды  құруға, қызметі мен оларды ұйымдастыруға  жол берілме 
 
 
 
 

    Прокурорлық қадағалаудың құқықтық актілері

    Заң бұзушылықты, заң бұзушылықты тудыратын мән-жайларды және кінәлі адамдарды анықтай отырып, прокурор оларды жою және келешекте оларды болдырмау, сондай-ақ кінәлі адамдарды заңда белгіленген жауаптылыққа тарту үшін шаралар қолданады. Осыған сәйкес, прокурорлық қадағалауды реттейтін заңдарда прокурорлардың өзгеше өкілеттіліктері, яғни заң бұзушылықты жоюды қамтамасыз ететін құқықтары мен міндеттері көзделген. Прокурорлық қадағалаудың теориясы мен практикасында мұндай өкілеттіліктерді заңдардың немесе прокурорлық қадағалаудың бұзылуын прокурорлық реттейтін құқықтық құрал деп атайды.

    Реттеу  құралы өзінің ішкі көрінісі бойынша  қолдану тәртібінде прокурорлық  қадағалаудың барлық салалары және прокуратура  қызметінің учаскелері үшін ортақ және жеке қадағалаудың және қызмет учаскелері үшін езтешелік сипатта болуы мүмкіа Реттеудің ортақ құралдары қатарына заң бұзушылықты жою туралы ұсынымдарға ентізілтен, заң актілеріне қайшы келетін наразылықтар жатады. Реттеудің өзгеше құралдарына қорытынды беруі және сотта прокурордың өтініші жасауы жатады.

    Осыған  байланысты, анықталған заң бұзушылықты  жою бойынша заңда көзделген және белгіленген тәртіппен жасалған әрекеттер, сондай-ақ оларды жасауға әкеп соқтыратын себептер мен жағдайлар және кінәлі адамдарды жауаптылыққа тарту - заң бұзушылықтағы прокурордың құқықтық реттеу құралы.

    Реттеу  құралы прокурорлық қадағалаудың, жазбаша  немесе ауызша актілері, олардьщ ішінде наразылықтар, қаулыларымен іске асырылады. Заң прокурорлық қадағалау актілерінің  барлық түрлері үшін біртұтас жазбаша түрде көрсетуді белтілемейді. Олардың кейбіреулері мысалға қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібімен ентізілтен наразылықтар, жазбаша нысанда белтілентеқ ал сотта прокурордың бертен қорытындысы ауызша және жазбаша нысанда беріледі.

Информация о работе Прокурорлық қадағалау