Прокурорлық қадағалау

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2012 в 11:24, реферат

Описание работы

ҚР Конституциясының 1.6. 83 б. сәйкес прокуратура мемлекет атынан Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті Жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәл және бірыңғай қолданылуына, жедел-іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асырады.

Работа содержит 1 файл

Прокурорлык кадагалау -1 кешен.doc

— 249.00 Кб (Скачать)

    4-тақырып:  Прокуратура органдарында лауазымға тағайындалатын прокурорлар мен қызметкерлерге қойылатын талаптар 

    "Прокуратура  туралы" ҚР Заңы және ҚР Бас  прокурорының бұйрығы және басқа  нормативтік құқықтық актілер  прокурор (прокурор көмекшісіне)  қызметіне тағайындалатын адамдарға  қатысты профессиональды, сондай-ақ  рухани-әдепті сипаттағы талаптарды  қамтиды. "Прокуратура туралы" ҚР Заңының 48-бабына сәйкес:

    Прокурорлар мыналар болып табылады:

    1.  Республиканың Бас прокуроры,  оның бірінші орынбасары мен  орынбасарлары, аға көмекшілері  мен көмекшілері, ерекше тапсырмалар  жөніндеті көмекшілері, прокуратура  органдары департаменттерінің, басқармалары мен бөлімдерінің бастықтары және олардың орынбасарлары, барлық төмен түрған прокурорлар, олардың орынбасарлары, аға көмекшілері, қадағалау саласындағы прокурорлар, прокуратура органдарының аға прокурорлары және басқармалары мен бөлімдерінің прокурорлары, сондай-ақ әскери, уәкілетті және арнаулы прокурорлар.

    2. Прокуратура органдарының қызметкерлері  мыналар: прокурорлар қызметіне  аттестациядан өткен адамдар және тікелей ғылыми-зерттеу немесе оқытушылық жұмыс жүртізетін прокуратура тылыми және білім беру мекемелерінің аттестациядан өткен қызметкерлері.

    3. Әскери, табиғат қорғау, көлік сондай-ақ  арнайы объектілердің прокуратуралары  мамандандырылған прокуратуралар  болып ұғынылады.

    4. Прокуратура органдарына қызметке  алу мемлекеттік қызметшілер кадрлары туралы республикалық деректер орталығына орталығына алдын-ала сұрау салынған және азаматтар міндетті арнаулы тексеруден өткен жағдайда жүзеге асырылады.

    5. Бұрын сотталған және қылмыстық  жауапкершіліктен ақталмаған нетіздер  бойынша босатылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер өзге де құқық қорғау органдарынан жағымсыз қылықтары бойынша босатылған адамдар прокуратура органдарына қызметке қабылдануға тиіс емес.

    6. Прокуратура органдары қызметкерлерінің  лауазымына денсаулық жағдайына қарай прокуратура органдарында қызмет өткеруте жарамды, әдетте жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қабылдана алады. Оларды қызметке тағайындағанда сынақ мерзімі белтіленуі мүмкін.

    7. Прокурорлар болып жоғары заң  білімі бар, қажетті іскерлік және моральдық қасиеттерте ие, денсаулық жағдайына қарай прокуратура органдарында қызмет өткеруте жарамды азаматтар тағайындала алады. Әскери прокурорлар сонымен бірте әскери қызметші болуы керек.

    8. Облыстардың прокурорлары мен  оларға теңестірілтен прокурорлар лауазымына, аудандық, қалалық және оларға теңестірілтен прокурорлар лауазымына 25 жасқа толған, прокуратура органдарында кемінде үш жылдық жұмыс стажы бар адамдар тағайындалады.

    9. Прокуратура органдарының қызметкерлері  үш жылда бір рет аттестациядан өткізіледі. Аттестация тәртібін Қазақстан Республикасының Бас прокуроры белтілейді.

    10. Прокуратура органдарына қызметке  тұңғыш рет тағайындалған адам  ант береді, оның мәтінін республика  Президенті бекітеді.

    Антты, әдетте салтанатты жағдайда, ашық жария түрде қабылдайды. Мұндай салтанатты жиынға республика, облыс, өлке прокуратураларының басшылары, осы прокуратуралардың алқа мүшелері, прокуратура органдарының ардатерлері қатысады. Жас маманның қолы койылған ант оның алдағы барлық қызметтері көрсетілетін жеке іс қағаздарында сақталады. Қабылданған ант болашақ прокурорларды өзінің қызметтік парызын үлтілі орындауға міндеттейді. 

5-ТАҚЫРЫП:  Прокуратура қызметкерлеріне  кластық шендер  беру және аттестациялау. Прокуратура қызметкерлеріне қолданылатын тәртіптік жазалар мен мадақтау шаралары 

    "Прокуратура  туралы" ҚР Заңының 49-бабына  және ҚР Жоғары Кеңесі Төралқасының 1992 жылғы 6 шілдедеті қаулысымен  бекітілтен "Қазақстан Республикасы  прокуратура органдарында қызмет  атқару туралы, Қазақстан Республикасы  прокуратурасы қызметкерлерінің кластық шендері мен әскери атақтары туралы" Ереженің 26-бабына сәйкес прокуратура қызметкерлеріне атқарған қызметіне, біліктілітіне және арнаулы қызмет стажына сәйкес кластык шендер мен әскери атақтар беріледі:

    "Прокуратура  туралы" ҚР заңының 4-бабындағы 2) тармақшасына сәйкес прокуратура органдарының сыныптық шендер мен әскери атақтар берілген қызметкерлері нысанды киіммен тетін қамтамасыз етіледі.

    Нысандары мен айырым белгілерінің үлтілері, нысанды киімді киіп жүрудің тәртібі және қамтамасыз ету нормасы, сондай-ақ сыныптық шендері немесе әскери атақтар беру және олардан айыру тәртібі Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен Прокуратура органдарында қызмет өткеру туралы ережемен белтіленеді.

    Сыныптық  шендері мен өскери атақтары бар адамдарға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сыныптық шендері үшін қосымша ақы немесе әскери атақтары бойынша айлықақы белтіленеді.

    "Қазақстан  Республикасы прокуратура органдарында  кызмет атқару туралы, Қазақстан  Республикасы прокуратурасы қызметкерлерінің кластық шендері мен әскери атақтары туралы" Ереженің 27-бабына сәйкес кластық шенді немесе әскери атақты беру атқаратын қызметіне, алдыңғы кластық шендеті немесе әскери атақтағы арнаулы қызмет стажына сәйкес оң мінездеме болған жағдайда беріледі.

    Аталған Ереженің 28-бабы прокуратура органдары  қызметкерлеріне лауазымдарына  сәйкес тиісті қызметтер, кластық шендер және әскер атақтар беруді белтілейді:

    49-бап  2 - 2000 ж. 5 мамырдағы № 48 ҚР Заңын  редакңиясындағы

    Жоғарғы дәрежелі мемлекеттік заң кеңесшісі

    Қазақстан Республикасының Бас прокуроры

    1 дәрежелі мемлекеттік заң Бас  прокурордың бірінші кеңесшісі;  заң генерал-полковнигі орынбасары

    Тәртіп  пен аттестация мерзімдерін Қазақстан Республикасы прокуратура органдарында кызмет атқару туралы, прокуратура қызметкерлерінің кластық шендері мен әскери атақтары туралы Ереженің 10-бабына сәйкес Бас прокурор белтілейді.

    Қызметтік міндеттерін орындау кезінде  жеке қауіпсіздітін қамтамасыз ету  және қылмыстық әрекеттердің алдын  алу үшін прокурор мен тергеуші белгіленген тәртіпте табельдік қару-жарақ пен басқа арнаулы құралдарды алып жүруте құқықты.

    Қару-жарақ  пен арнаулы басқа құралдарды беру тәртібін Бас прокурор анықтайды.

    Әскери  қызмет жағдайларынан шыға отырып, әскери прокуратура офиңерлерінің  құқықтары мен міндеттері заңмен анықталады.

    14-бапқа  сәйкес прокурорлык-тергеу қызметкерлеріне  емделуте, қайта дайындау біліктілітін  арттыруға сайланбалы лауазымға  сайлануына байланысты жұмыстан  босауына, басқа жерте кешуіне,  қызметтік іссапарға шығуына  байланысты және басқа жағдайларда зандарда белгіленген кепілдіктер мен үстемақылар тарайды.

    Қызметтік іссапарда жүртенде прокурорлар  мен тергеу қызметкерлері қонақ  үйден кезексіз орын алуға кұкықты.

    Қызметкер өз міндетін бұзған жағдайда немесе прокуратура  органдарының беделін түсіретін теріс қылықтар жасағанда ол белгіленген ретте тәртіптік, материалдық және қылмыстық жауаптылыққа тартылады.

    Бағынышты қызметкер әрбір тертіптік теріс  қылық көрсеткен жағдайда тікелей  жаза қолдануға құқығы бар жоғары тұрған басшыға дереу баяндауға тиісті. 

    6-тақырып: Прокуратура органдары қызметкерлерін әлеуметтік және құқықтық қорғау. Еңбекті құқықтық реттеу

    "Прокуратура  туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 50-бабына сәйкес:

    1. Прокуратура органдарының қызметкерлері  мемлекеттік өкімет өкілдері болып табылады және мемлекеттің қорғауында болады.

    2. Прокурордың заңды талаптарын  орындамау, прокурорды немесе  оның отбасы мүшелерін оның  қызмет бабындағы жұмысына байланысты  қорлау, қорқыту, күш көрсету немесе  олардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне  қол сүғу, прокурордың қызметтік міндетін орындауын кедерті келтіретін басқа да әрекеттер заңда белгіленген жауапкершілікке әкеліп соғады.

    3.  Прокурор жасаған әкімшілік құқық  бұзу фактісі туралы хабарды  кез келген тексеру прокуратура  органдары өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылады.

    4. Қызметтік міндеттерін атқару  кезінде заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, прокурор әкімшілік жолмен ұстауға, жеке басын тексеріп қарауға, оның заттары мен пайдалануындағы көлітін тексеріп қарауға жол берілмейді.

    Заңның 51-бабында: "1. Прокуратура органдарының қызметкерлері:

    1. Прокуратура органдары қызметкерлері:

    1) атыс қаруы мен оқ-дәрілер алуға,  өзімен алып жүруте және сақтауға;

    2) Республиканың Бас прокуроры  белтілетен тәртіппен қажетті  қорғаныс пен аса керек жағдайларда  атыс қаруын қолдануға құқығы  бар.

    2. Қару қолданған барлық жағдайларда прокуратура органдарының қызметкері айналадағы азаматтардың қауіпсіздітін қамтамасыз ету, зардап шеккендерте шұғыл медиңиналық көмек көрсету және жоғары тұрған прокурорға хабарлау үшін қажетті шараларды қолдануға құқықты.

    Заңда (53-бап) прокуратура қызметкерлерін материалдық және әлеуметтік қамтамасыз ету кезделтен. Сондай-ақ прокуратура органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет есебінен қамтылған органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі нетізінде белтіленеді. Прокуратура органдарының қызметкерлеріне жыл сайын отыз күн мөлшерінде еңбек демалысы беріледі. Прокуратура органдарының қызметкерлері қызметтік тұрғын үй қорынан бірінші кезекте тұрғын алаңмен қамтамасыз ету құқығын пайдаланады. Күнтізбелік он жылдан астам қызмет атқаратын прокуратура органдары қызметкерлерінің тұрақты тұрып жатқан қызметтік үй-жайлары осы аталған қызметкерлердің қалауы бойынша оларға және олардың отбасыларына жалға алу шарты бойынша беріледі немесе жеке меншітіне қалдық құны бойынша сатылады. Прокуратура органдарының қызметкерлері басқа үй-жай берілмейінше, қызметтік үй-жайларынан шығарылуға тиіс емес.

    Прокуратура органдарының қызметкері қызметтік  міндеттерін орындау кезінде  қаза тапқан жағдайда қаза тапқан адамның отбасы қаза тапқан күннен бастап бір жылдан кешіктірілмей, заңда белгіленген шарт пен тәртіп бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын алаң алуға құқылы.

    Прокуратура органдарының қызметкері қызметтік  міндеттерін орындау кезінде  қазатапқан (қайтыс болу) жағдайда немесе кызметтен босағаннан кейін бір жыл ішінде қызметтік міндеттерін орындау кезінде алған жарақат немесе зақымдану салдарынан асырауындағылар мен мұратерлеріне Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған тәртіпте 60 айлық ақшалау ұстау көлемінде біржолғы ақшалай өтем төленеді.

    Прокуратура органдарының қызметкерлері мен  олардың отбасы мүшелері республика Үкіметі белтілетен тәртіппен медиңиналық  қызметті пайдаланады. 
 

7-тақырып:  Адам және азаматтың құқықтары мен бостандыктарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтауын прокурорлық қадағалаудың мәні және міндеттері

    Адам  және азаматтың құқықтары мен  бостандықтарын, заңды тұлғалар мен  мемлекет мүдңелерінің сақталуын прокурорлық  қадағалау - дербес және прокурорлық  қадағалау саласындағы маңыздылардың бірі болып табылады.

    Осы сала дәстүрлі "жалпы қадағалау" деп аталатын, ол қарастырылып отырған  саланы прокурорлық қадағалаудың басқа  арнайы салаларынан шек қоюға  мүмкіндік беретін. Прокурорлық  қадағалауды реттейтін қолданыстағы заңнамада "жалпы қадағалау" термині аталмаса да, ол прокуратура органдарының жұмыскерлерін құрастыру кезінен қалыптасып, бұрынғысынша солармен қолданылады.

    Қарастырылып  отырған салада барлық прокурорлар  топтары жүзеге асыратын ҚР прокурорлық  қадғалаудың мәні және міндеті аса бет-бедерлі белтіленеді. Тап сонда Қазақстандық прокуратура құқықтық мемлекеттің нормативті нетізін - адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтау үстінен қараушылық заңын қамтамасыз ету бойынша тікелей көрінісі бар.

    Адам  және азаматтың құқықтары мен  бостандықтарын, заңды тұлғалар мен  мемлекет мүдделерін сақтауын прокурорлық  қадағалау, басқа мемлекеттік қоғамдық-жарамды, жасампаз қызмет тәрізді өз мәні мен  міндеттері бар.

    Адам  және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтауын прокурорлық қадағалау саласының мәні ҚР "Прокуратура туралы" Заңының 28 б. анықталған.

Информация о работе Прокурорлық қадағалау