Прокурорлық қадағалау

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2012 в 11:24, реферат

Описание работы

ҚР Конституциясының 1.6. 83 б. сәйкес прокуратура мемлекет атынан Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті Жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәл және бірыңғай қолданылуына, жедел-іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асырады.

Работа содержит 1 файл

Прокурорлык кадагалау -1 кешен.doc

— 249.00 Кб (Скачать)

    Сот төрелігін жүзеге асыру кезінде заңдардың дөл сақталуын маңызды кепілі прокурорлық қадағалау болып табылады. Сотта мемлекет мүддесін білдіру прокурорлық қадағалаудың жеке саласы, прокуратура органдары жұмысының маңызды құрамды бөліті болып табылады. Бұл кадағалауды прокурорлар аудандық (қалалық) соттардан бастап ҚР Жоғарғы Сотына дейінгі барлық сот сатыларында жүзеге асырады. Прокурорлар зандардың орындалуын қадағалау өкілеттері бойынша қылмыстық істі тыңдауға дайындау кезеңінен бастап, қылмыстық істердің қадағалау тәртібіндеті өндірісіне дейінгі талқылаудың барлық сатыларына қатысады.

    Сот төрелігіндеті прокурорлық қадағалаудың рөлі мен маңызы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы "Прокуратура туралы" ҚР Заңының қабылдануына байланысты едәуір жоғарлады. Аталған заңның 30-бабында сот талқылауындағы прокурордың құзыры қарастырылған:

    Қылмыстық, азаматтық немесе өзге сот ісін жүргізу барысында сотта мемлекет мүддесін білдіре отырып, прокурор осы Заңға, сондай-ақ Республиканың қылмыстық істер жүргізу, азаматтық істер жүргізу және өзге де зақңарға сәйкес апелляңиялық (кассациялық) және қадағалау тәртібінде өз өкілеттігін жүзеге асырады.

    Соттың (судьяның) іс бойынша шығарған шешімімен, үкімімен немесе өзге қаулысымен оның заңға сәйкессіздіті немесе негізсіздігі бойынша келіспеген жағдайда, прокурор істі қайта қарау немесе қүқықтық актінің күшін жою, не өзгерту туралы жоғары тұрған сотқа наразылық беруте құқылы.

    Прокурорлардың  қадағалауы соттардың істерді жан-жақты, толық және объективті талқылау туралы заң талаптарының мүлтіксіз орындауларына, заң мен сот алдында азаматтардың теңдігін сақтауға, әр қылмыстық іс бойынша нетізді және әділ үкімдердің, ұйғарымдар мен қаулылардың кабыддануын бақылауға бағытталған. Прокурор сотта мемлекет мүддесін білдіруді жүзеге асыра отырып, заң, азамат, занды тұлға және мемлекет аттарынан шығып, қылмыстық істер бойынша айыпты қолдайды және әділсот саласына тартылған азаматтардың құқықтары мен завды мүдделерінің мемлекеттік кепілі болып табылады.

    Соттарда  істер талқылауына қатысушы прокурорлардың аддында тек іс жүргізу ғана емес, сондай-ақ сот төрелігін жүзеге асыру кезіндегі завдылықтың маңызды кепілі ретінде, соттарда заңдардың орындалуының әлеуметтік маңызын қадағалау міндеті түрады. Прокурор өзінің сот талқылауына қатысуымен сотта дәлелдемелерді толық, жан-жақты және объективті зерттелуіне, сотталушы ретінде жауапқатартылған адамның кінәсін анықтауға, оның жасаған қылмысына дүрыс баға беруте, сотталушыға заңмен нетізделтен әділ жаза тағайындауға, заңды шешім шығаруға көмектеседі. Прокурор сот процесіне қатысып және мемлекет мүддесін білдіре отырып, сот трибунасын қылмыс жасаған адамды жалпыға бірдей сотталуына, сот талқылауының үнемі тәрбиелік рөлді орындауына, түрлі сот процестерінен тиесілі қорытындылар шығаруға пайдалануы керек. 

    Соттағы прокурордың іс жүргізу  жағдайы

    Кез келген дәрежедегі прокурор мемлекеттік  айыптаушы ретінде шыға отырып, ҚР Бас прокурорының өкілі болып  табылады, ол - қылмыстық, азаматтық  және өзге процестерде зандылықты сақтаушы. Мемлекеттік айыпты қолдау кезінде ол қылмыстық істерді сотта қарау заңдылығын қадағалау міндетінен босатылмайды.

    ҚР  Бас прокуроры прокурордың сотта  қолдайтын мемлекеттік айыпты қылмыстылықпен күрестің әрекетті құралының бірі ғана емес, қылмыстық істерді соттарда қарау кезінде заңдылықтың орындалуын жүзеге асырушы нысанының бірі ретінде қарайды.

    Прокурор  қадағалауды іс бойынша сот үкім, ұйғарым немесе қаулы қабылдағанДа ғана емес, сондай-ақ ол іс бойынша әлі  ешқандай шешім шығарылмағ^нда да жүзеге асырады. Егер сот сотталушыға сот талқылауында оның құқықтарын түсіндірмесе, прокурор бұл заң бұзушылықтарға дереу шаралар қолдануға тиіс, бірақ мұндай заң бұзушылықтарға байланысты ешқандай арнайы үйғарым шығармайды, сондықтан наразылық келтіруте нетіздер болмайды. Осыған байланысты прокурор бұл заңсыз және нетізсіз ұйғарымға кейін наразылық келтіретін болғандықтан, бұл заң бұзушылықтарға заңсыз үкім шығарылғанға дейін шаралар қолдануға құқылы емес.

    Қылмыстық іс жүргізу заңы прокурорларға сотқа басқа қатысушылардың алдында дәлелдемелерді ұсыну, оларды зерттеуте қатысу, өтініш беру бойынша ешқандай ерекшелік қарастырмайды (ҚІЖК 317-бабы). Бірақ, басқа сот талқылауына қатысушылардың құқықтық жағдайынан ерекшеленетін іс жүргізу жағдайына қояды. Бұл прокурордың артықшылығы емес, оған жүктелтен міндеттерді ойдағыдай жүзеге асыруға қажетті жағдай тудыру. Жәбірленуші өз атынан, ал қорғаушы - сотталушының және тергеуші мен соттың тағайындаулары бойынша шыға отырып, сот мәжілісінДе жіберілген заң бүзушылықтарға шара қолдана алады, бірақ олар оны қолданбаулары да мүмкіа Заң оларға мүны істеуді міндеттемейді. Прокурор, заңның, мемлекеттің атынан шыға отырып, заң бұзушылықтарды кім жібертеніне қарамастан, оларды жоюға шаралар қолдануға құқылы ғана емес, әрі міндетті. Бұл жерде судьялардың, қорғаушылардың, жәбірленушілердің, азаматтық талапкер мен азаматтық жауапкердің бірыңғай құрамы жайлы сөз болуда. Өзінің қатысуымен прокурор, жәбірленушінің, азаматтық талапкер мен жауапкердің және өзге де қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзылмауларына мүмкіндік тудырады.

    Прокурорлар тек мемлекеттік айыптаушы ғана емес, сондай-ақ соттарда қылмыстық  істерді қарау кезінде заңдардың  орындалуын қадағалау органдары  ретінде де шығады.

Апелляңиялық  сатыда заңдылықты қадағалау органы өкілінің міндетін атқара отырып, прокурор айыптау үкімін немесе жазаның жеңілдітіне берілген ұсынысты ғана қолдамайды, сондай-ақ заңда көрсетілтен нетіздер бойынша істі өндірістен қысқарту туралы ұсыныстар ентізеді (айыптау үкімін нетізсіз деп есептеп); бірінші сатыдағы сотпен тағайындалған жазаны жеңілдету туралы (үкімді тым қатаң деп есептеп); қылмыстық жазаның жеңілдірек түрін көздейтін заңды қолдану туралы (ең ауыр жаза туралы занды қолдануға қарсы болумен) және т.б. Аталған әрекеттер прокурор түсінігін айыптаушы тек айыптаушы ретінде түсінік берілмейді.Прокурордың іс жүргізу жай-күйлерінің апелляңиялық сатыдағы ерекшеліктері, ең алдымен сотпен шығарьшған шешімнің (үкімнің) завды мен нетізді болуынан тұрады. Басқа ерекшеліті, бұл кезеңдеті қадағалауды жүзеге асыру бұрын бірінші сатыдағы сотта істерді қарау кезінде заңдылықтың сақталуын қадағалауға ешқандай қатысы болмаған жоғары тұрған прокуратураларға берілетіндіті. Бұл осы прокурорлардың объективтіліті мен іс жүргізу тәуелсіздітін қамтамасыз етудің бірден бір шарты болып табылады.Прокуратура органдарының орталықтандыру қағидаттары, төмен тұрған прокурорлардың жоғары тұрған прокурорларға бағыныштылығы заңда нетізделінтен және ол бұлжымастық болып табылады. Бірақ, істерді сотта қарау кезінде заңдылықты қадағалау мәселелері бойынша аталған қағидат өз күшін толық сақтай отырып, осы міндеттерді тікелей орындайтын прокурорлардың іс

    Соттарда  азаматтық істердің қаралуына прокурорлық  қадағалау

      Бірінші сатылы сотта азаматтық  істер бойынша прокурордың қадағалауы сотта талап қою және оны қолдау, сондай-ақ сотта азаматтык істерді қарауға қатысу және қорытынды беру нысанында жүзеге асырылады.

    Көрсетілтен нысандағы заңдардың орындалуын қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі прокурор жұмысының ерекшеліктерін қарайық.

    Прокурордың талап қоюы. Прокурорда заңның бұзылғанына  кінәлі адамдарға мәжбүрлеу шараларын  қолдану құқығы жоқ. Бірақ, заң бұзушылықтарды жою, бұзылған құқықтарды және мемлекеттің, кәсіпорындардың, ұйымдардың және азаматтардың заңмен қорғалатын мүдделерін қалпына келтіру қажеттіліктері туындағанда, оның араласпай қалуы мүмкін емес. Осы мақсаттарда оған сот ықпалының нәтижесінде бұзылған занды қалпына келтіру үшін талап арызбен сотқа шағымдану құқығы берілген. Прокурордың сотқа талап қоюы, оның анықталған заң бұзушылықтарға қолданған шараларының бірі болып табылады.

    Істі  қозғаған прокурордың іс жүргізу  жай-күйі басқа талап бертен адамдардан ерекшелейтін бірқатар ерекшеліктермен  сипатталады. Прокурор берілген талап бойынша сот шығындарын төлемейді. Оның талап арызды қабылдаудан бас тартуы мүмкін емес. Тек бір жағдайда ғана жЕгер талап қойып жатқан адамда сотқа өтініш беру құқығы болмаса, прокурор талап арызды қабылдаудан бас тартуы мүмкін. Прокурорға қарсы талап қоюға болмайды. Жауапкер прокурордың талап қойған адамына ғана қарсы талап қоя алады. Талап бойынша қабылданған соттың шешімі прокурорға емес, мүддесін қорғау үшін талап қойған адамға таратылады. Прокурор тараптарға тән іс жүргізу әрекеттерін: бітімгершілік келісімін жасауға құқылы емес (АІЖК 55 баб. 5 бөл).

    Прокурорлар талап қою бойынша өз өкілеттіктерін азаматтардың, ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық және мемлекет мүдделерін қорғау қажет болған жағдайда пайдаланады (АІЖК 55 баб. 3 бөл.).

    Азаматтық іс жүргізуде заңдардың орындалуын прокурорлық қадағалау амалдарының бірі, прокурордың сотта қаралып жатқан дауға араласуы болып табылады. Мүны ол мүддесі қорғалуға жататын адамның өзі сотқа талап арыз беруте құқылы болмаған жағдайда іске асырады. Бұлар ең алдымен, ата-аналық қүқықтан айыру немесе асырап алуды жою туралы мәселелерді шешу кезінде кәмелетке толмағандардың мүдделеріне қатысты болады.

    Прокурорлар қандай себептер бойынша талап қойса  да, талап қою материалдарын жан-жақты  және мұқият әзірлеу керек, ал қажет болған жағдайда, прокурордың талаптары тиісті құжаттармен бекітілуте тиіс.

    Талап арыздың нысаны мен мазмұны ҚР АІЖК 150-бабында баяндалған талаптарға сәйкес келуі тиіс. Арызда:

    1) арыз берілетін соттың атауы;

    2) талап қоюшының атауы, оның  тұрған жері (мекен-жайы);

    3) жауапкердің атауы, түрғылықты  жері, Егер жауапкер заңды тұлға болса, оның тұрған жері;

    4) талап қоюшының құқықтарын, бостандықтарын  немесе занды мүдделерін және  оның талап қою талаптарын  бұзудың немесе бұзу қаупінің  мәні;

    5) прокурор өзінің талаптарын нетіздейтін мән-жайлар, және прокурормен баяндалған мән-жайларды растайтын делелдемелер;

    6) Егер талап қою бағалауға жатса, талап қоюдың бағасы;

    7) бүл заңмен белтіленсе, немесе  тараптардың шартында көзделсе, жауапкерте жүтінудің сотқа дейінгі тәртібін сақтау туралы мәліметтер;

    8) арызға қоса тіркелетін құжаттардың  тізбесі керсетілуте тиіс. Арызға  прокурор қол қояды. Талап арыз  сртқа жауапкерлердің саны бойынша  көшірмелерімен ұсынылады. Талаптың  сипаты мен ауырлығына қарай  сот прокурорға талап арызға тіркелген құжаттардың көшірмесін әкелуте міндеттеуі мүмкін.

   11 – тақырып: Әкiмшiлiк iс жүргiзудiң  заңдылығына прокурорлық қадағалау

    1. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен ҚР “Прокуратура туралы” Заңына сай әкiмшiлiк iс жүргiзудiң заңдылығына  қадағалау жасау прокуратура органдары қызметiнiң негiзгi бағыттарының бiрi, әрi прокурорлық қадағалаудың дербес саласы болып табылады.

     Республикада жылына әкiмшiлiк   құқық бұзушылық жасағаны үшiн  мыңдаған адамдар мен заңды  тұлғалар әкiмшiлiк жауапқа тартылып, олардың арасында заңсыз жауапкершiлiкке тартылып, конституциялық құқықтарына елеулi зиян келу фактiлерi де болып тұрады. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексiне сай қырыққа жуық мемлекеттiк органдар мен соттар әкiмшiлiк құқық бұзушылқ жөнiнде iс қозғап, әкiмшiлiк жауапкершiлiктi қарайды.Сол субъектiлердiң әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамалардың дәлме-дәл қолданылуына  қадағалау жасау - прокурорлық қадағалаудың басты мақсаты мен мазмұны.

       ҚР “Прокуратура туралы” Заңының  40-бабына сай әкiмшiлiк iс жүргiзудiң заңдылығына прокуратура:

  1. әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөнiнде, сондай-ақ iстердi қарау мен әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн жазалау шараларын белгiлеген кезде заңдардың дәл әрi бiрыңғай қолданылуын қамтамасыз ету;
  2. әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарды қолданған кезде адамның және азаматтың, лауазымды адамдар мен ұйымдардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерiн қалпына келтiру;
  3. азаматтардың әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөнiнде жүргiзiлген iстерге байланысты кез келген актiге шағымдану құқығын қамтамасыз ету;
  4. әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарды қолданған кезде заңдарды бұзуға кiнәлi адамдарға шара қолдану мақсатында жүзеге асырады.

    2.Әкiмшiлiк iс жүргiзудiң заңдылығына  қадағалау жасаудағы прокурордың  өкiлеттiгi.

        ҚР “Прокуратура туралы” Заңының  41-бабының талаптары мен Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексiнiң тиiстi баптарының талаптарына сай, прокурорлар әкiмшiлiк iс жүргiзу заңдылығын қамтамасыз ету жөнiнде мына өкiлеттiктердi iске асырады:

Информация о работе Прокурорлық қадағалау