Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2012 в 07:37, дипломная работа
Қылмыстық процесс принциптері қоғамдық және мемлекеттік құрылыстан туындаған және қолданылып жүрген заңмен орнықтырылған, мемлекеттік органдар ұйымдастырылуының мәнін айқындайтын бастапқы ережелер, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізу қызметін мемлекет сот ісін жүргізудің алдына қойған мақсаттар мен міндеттерге жетуге бағытталған ережелер.
Кіріспе..........................................................................................................................3
I-тарау. Кінә ұғымы және оның нысандары........................................................6
1.1. Кінәнің түсінігі.....................................................................................................6
1.2. Қасақаналық және оның түрлері.......................................................................12
1.3. Абайсыздық және оның түрлері.......................................................................19
II-тарау. Кінәсіздік презумпциясы түсінігі, құқықтық негізі және мәні.............................................................................................................................28
2.1. Кінәсіздік презумпциясы ұғымы мен мәні......................................................28
2.2. Кінәсіздік презумпциясы принципінің ерекшелігі.........................................32
2.3. Кінәсіздік презумпциясы заңдылық қағидат...................................................36
III-тарау. Кінәнің екі нысанымен жасалатын қылмыстар, олардың себебі мен мақсаты.............................................................................................................41
3.1. Екі нысанды кінәнің түсінігі.............................................................................41
3.2. Қылмыстың себебі мен мақсаты.......................................................................43
3.3. Қате және оның маңызы....................................................................................46
Қорытынды............................................................
Бірқатар қылмыстарды жасау кезінде, әсіресе қылмыстық заңның бланкетті диспозицияларында қарастырылған қылмыстарды (көбінесе абайсыздықтан жасалынған) жасауда, кей кездері қылмыстық іс белгілі бір арнайы ержелерді бұзумен байланыстырылады және бұл жағдайларда, қылмыстық жауаптылық міндетті түрде субъектінің тиісті нұсқауларды, ережелерді және басқа нормативтік белгілерді білуіне негізделеді. Мысалы, ҚР ҚК-де небір жұмыстардың қауіпсіздік ережелерін бұзуға байланысты (мысалы, атом энергетикасы объектілерінде - ҚР ҚК 244-б, тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде - 245-б., жарылыс қаупі бар объектілерде -246 б. және т.б.) Ерекше бөлімнің бірқатар нормалары бар. Бұл жағдайларда қылмыстық-құқықтық тыйымды өзгертуді, тап сол қылмыстық заңды езгертпей-ақ, құқықтың басқа салаларыңдағы нормативтік актілердің өзгеруіне байланысты жасауға болады. Ал егер, субъект қылмыстық-құқықтық тыйымның мазмұнын өзгертетін жаңа ережелер мен нұсқаулармен таныспаса, ол қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды. Себебі оның әрекеттерінен қасақана да, абайсызда да кінә байқалмайды.
Шын мәніндегі қате - бұл тұлғаның өзі жасаған қылмыстың объекті мен объективті жағына жататын шынайы жағдайлар туралы теріс түсінігі. Ондай қателерге жататындар: 1. Қылмыстың объектісіндегі қате; 2. Қылмыс құрамының объективті жағын құрайтын шын жағдайларға қатысты қате.
Объектідегі қате - бұл субъектінің қылмысты түрде қиянат көрсетуші объектісінің әлеуметтік және заңды мазмұнына қатысты қателері. Бұл қатенің ең көп тараған түрі ретінде мынаны келтіруге болады: мысалы, тұлға қоймадан жарылғыш заттар салынған жәшікті ұрлаймын деп, оның орнына аяқ киім салынған жәшікті ұрлап кетеді. Сонымен, жорамалдағы объектіге қол сұғушылық қарулыға, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларына қол сұғушылықтың құрамын құрайды (ҚК 255-б.)- Ал шын мәнінде жасалған қол сұғушылық бөтен мүлікті ұрлау (ҚК 175-б.) құрамына жатады. Бірінші жағдайдағы объект - қоғамдық қауіптіллік болса, екіншісінде менмендік. Бұл объектілер заң тұрғысынан тең емес, себебі алғашқы объектіге қол сұғушылық үшін екінші объектіге қарағанда қаталдау жаза белгіленген. Осыған байланысты, жасалған бұл істі қасақаналықтың бағытталуына қарай, қару-жараққа қол сұғушылыққа оқталғандық үшін бағаланады.
Объектідегі қатеден қылмысты қиянаттың заты мен жәбірленушінің жеке басына байланысты қатені ажырата білу керек. Өздігінен бұл қатенің қылмыстық-құқықтық мағынасы жоқ. Мысалы, тұлға шет ел азаматының әмиянінің ішінде шет ел валютасы бар деп ойлап, ұрлап алады, ал, шындығында, теңге мен ірі ақшаға ие болады. Екі жағдайда да, тұлға бөтен мүлік ұрлағаны үшін (ҚК 175-б.), ұрлық затында шынайы қате болуына қарамастан, жауаптылыққа тартылады. Алайда, кейбір жағдайларда мұндай қате жасалған істің бағалануына әсер етуі мүмкін. Бұл, жобаланушы затқа қол сұғушылық, ҚР ҚК-нің шынайы затқа қол сұғушылық бағаланатын бабымен, бірақ ауырлататын жағдайда бағалануы тиіс болғанда орын алады. Мәселен, жоғарыда келтірілген жоба бойынша шет ел ақшасы болуы тиіс ұрлау мысалында, кінәлі өз ұрлығын (теңгеге айналдырғанда) ең төменгі айлық есеп көрсеткішінің 500 есе мөлшерінен астам бағалаған еді, шындығында, ең төменгі айлық есеп көрсеткішінен 15 есе көп мөлшердегі отандық валютасы бар әмиянға ие болады, мұындай қатенің қылмыстық-құқықтық мағынасы болады. Мәселе, тұлғаның шын қол сұққан ұрлығы не ауырлататын мән-жайсыз ұрлық, не жәбірленушіге ірі мөлшерде зиян келтіре ұрлау не болмаса ірі мөлшерде ұрлауға оқталғандық деп бағалануы тиіс. Ал жоғарыда көрсетілген мысал бойынша тұлғаның қылмыстық әрекеті бөтеннің мүлкін ірі мөлшерде ұрлауға оқталғандық деп бағалау керек (ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі бойынша 175-баптың 3-бөлігі «Б» тармағы бойынша).
Жеке
бас туралы қате, жәбірленушінің бұл
қатесінің мәні мынада: субъект, мысалы,
белгілі бір тұлғаның өміріне қиянат жасағысы
келіп, шындығында басқа адамның өмірне
қиянат жасайды, себебі оны өзі ойлаған
адамның орнына қабылдап қалады. Әдетте,
мұндай қате жасалған істі басталуға да,
қылмыстық жауаптылыққа да, кінәліні жазалуға
да әсер етпейді. Кісі өлтіру құрамы үшін
нақты жәбірленушінің жеке басынан қателесу
яғни қылмыстың объектісінен қателесуді
білдіретін жағдайлар ұшырасуы мүмкін.
Айталық, кінәлі сот, оның нақты бір ісіне
байланысты қорқытуды ұйғарып, бірақ ол
қателесіп, оған ұқсас басқа бір адамды
қорқытады. Бірінші жағдайда сот төрелігін
жүзеге асырушы адамды қорқытқаны үшін
(ҚК-тің 341-б.),
ал екінші жағдайда қорқыту (ҚК-тің 12-б.)
үшін бағалануы керек. Алайда жабірленушінің
жеке басының бұлай
қателесу барысында жасалған іс, қасақаналығының
бағыты
бойынша ойластырылған қылмыс жасауға
оқталу деп бағалануы тиіс (ҚК-тің 24-бабы
3-бөлігі бойынша 341-баптың 1-бөлігі бойынша).
Қылмыс құрамының объективті жағын құрайтын шынайы жағдайларға қатысты қате. Бұл қате мыналардан тұрады:
Қоғамдық қауіпті салдарға байланысты қате, көбінесе, тұл-ғаның қылмыстан келтірілген зиянның мөлшері туралы қате түсінігінде. Мұндай кезде бұл қатені қылмыстық-құқықтық тұрғыдан бағалаудың, әдетте, екі жолы болуы мүмкін. Біріншіден, тұлға қателесіп, оның келтіретін зияны шын мәнінде келтірілгенінен аз болады деп санайды. Мысалы, тұлға жәбірленушінің денсаулығына жеңіл ғана зиян тигізбекші болып оның беттен жұдырықпен ұрып қалады. Алайда бұл соққыдан жәбірленуші құлап, басы тасқа тиіп қаза табады. Бұл жағдайда, қате жіберілген зиянның, яғни осы жағдайда, өлімнің қасақана жасалғандығы үшін жауаптылықты шығарып тастайды. Алайда субъект абайсыздықпен өлімге ұшыратқаны үшін жауаптылыққа тартылуы тиіс. Себебі жәбірленушінің бетінен ұра тұра, ол осының нәтижесінде жәбірленуші тасқа құлап, өлім жарақатын алатынын алдын-ала білмеді, бірақ мұндай салдардың болуы мүмкін екендігін көре білуі керек және тиісті еді.
Шынайы қатенің аталған түрінің екінші жолы - кінәлінің өзі келтірген зиянның сан мөлшері туралы қате түсінігі. Мысалы, тұлға, ірі мөлшерде бөтен мүлік ұрлау ниетімен сейфті бұзып ашады, алайда, сейфтегі ақшаның мөлшері азғантай больш шығады. Мұндай қате, кінәлі өзі қалаған қылмысты нәтиженің орын алуы үшін қолынан келгендігінен бәрін жасағандығын, бірақ ол кінәлінің еркінен тыс жағдайларға байланысты орын алмағанын дәлелдейді. Осыған байланысты, тұлға шындығында азғантай мөлшердегі аяқталған ұрлық үшін емес, ірі мөлшерде ұрлық жасауға оқталғаны үшін жауап береді. Алайда, мұндай қатенің мазмұны біршама басқа да болуы мүмкін. Себебі ұрлық, егер ұрланған мүліктің құны заң шығарушының қылмыс жасалған сәтте тағайындаған ең төменгі айлық есептік көрсеткішінің мөлшерінен 500 есе асып түссе ғана, ҚР ҚК-нің 175-бабындағы ескертпенің 2-бөлігіне сәйкес ірі мөлшерде жасалған деп мойындалады. Кінәлі сейфті бұзған кезінде, ең төменгі айлық есеп көрсеткішінің мысалы, 1000 есе асатын ақша ұрлауды көздеген болса, шындығында сейфте ол мөлшерден 500 есе асатын ақша больш, ол оны иеленіп алатын жағдай болуы мүмкін. Мұндай қатенің қылмыстық-құқықтық мағынасы болмайды, себебі заң шығарушы қол сұғушылықтың Ірі мөлшерінің ең төменгі шегін ғана белгілеген, ал енді осы шектен асатын кез келген мөлшер ірі деп саналады.
Себепті байланыстың дамуын бағалаудағы қате - тұлғаның өзі жасаған іс-әрекет пен орын алған қоғамдық қауіпті салдар арасындағы себепті тәуелділік туралы теріс түсінігіңде. Бұл жерде себептіліктің дамуында жасалған істі қылмыстық-құқықтық тұрғыдан басқаша бағалауға негіз болатын басқа қылмысты нәтиженің орын алуына әкеліп соқтыратын қате ғана қылмыстық-құқықтық мағынаға ие болады. Мысалы, кінәлі жәбірленушіден өш алу үшін, оны өлтіру мақсатымен басынан бірнеше рет балғамен ұрады. Оны өлген екен деп ойлап, көлге лақтырып жібереді. Шындығында жәбірленушінің өлімі оның басынан балғамен ұрғаннан емес суға тұншыққаннан болғаны анықталады. Тұлғаның қылмыстық әрекеттері, бұл арада, екі қылмыстық түрге бөлінеді: денеге ауыр жарақат түсіру және кісі өлтіру. Кінәлінің орын алған салдарға психикалық қатынасын ескере отырып, ол қасақана кісі өлтіруге оқталғаны үшін (қылмыскер жәбірленуші қаза болуы үшін қолынан келгеннің бәрін жасады, бірақ кінәлінің еркінен тыс себептер арқылы нәтиже орын алмады) және абайсыздықтан өлімге ұшыратқаны үшін (жәбірленушіні көлге лақтырғанда қылмыскер оның суға батып өлетінін алдын-ала біле алмаған еді, себебі оның әлі тірі екенін түсінбеді, бірақ оны білуі мүмкін және тиіс те еді) жауапты болуға тиіс.
Жауапттылықты
күшейтуші қате, басқа да жағдайлардың
барлығында да жоғарыда көрсетілген
шын қателердің түрі болып табылады (кебінесе,
қылмыстық қиянаттың заты мен объектісіне
және жәбірленушінің жеке басына
қатысты қате, сол сияқты қоғамдық қауіпті
салдарға, қылмыс жасаудың бағалаушы мағынасы
бар орнына, уақытына, жағдайына, тәсіліне,
қаруы мен құралдарына қатысты қате).
Қорытынды
Қорта айтқанда кінә-қылмыстың субьективтік жағының маңызды белгісі. Кінә болмаған күнде қылмыстың құрамы да болмайды және болуы да мүмкін емес. Бұл субьективті жақтың қылмысты істі қылмысты емес істен ажыратып, бөліп отырған негізгі белгісі. Заң шығарушының кінәға маңызды мағына беретіндігі соншалық тіпті кінәлі жауаптылық Қылмыстық кодекстің қағидасына дейін көтерген. ҚР ҚК-нің 19-бабының 1-бөліміне сәйкес адам соларға қатысты өз кінәсі анықталған қоғамдық қауіпті әрекеті (іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі) және пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа тартьшуға тиіс. Осы баптың 2-бөлімінде объективті айыптауға, яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылық қолданылмайтыны атап көрсетіледі.
Кінәлік жауаптылық қағидасы - заңгерлердің ойлап шығарғаны емес, бұл - адам қылығын заңды және әлеуметтік адамгершілік тұрғыдан дұрыс бағалаудың қарапайым шарты. Көрнекті Кеңес психологі С.Л. Рубинштейн атап өткеніндей, «жалған, абстрактілі «обьективизімге» қарама-қарсы айтылатыны: қылықты бағалау кезінде ізінше орын алғанының түгел барлығына емес сол объективті түрде ізінше орын алғанның ішінен қайсысы алдын-ала ескерілуі мүмкін еді - тек соған сүйену керек»1.
Осыған байланысты, қылмыстық құқық теориясы мен құқықтық тәжірибе, қылмыстық жауаптылықтың тұлғаның жасайтын қоғамдық қауіпті іс-әрекетіне (әрекеті немесе әрекетсіздігіне) және оның салдарынан психикалық қатынасын (қасақаналық немесе абайсыздық күйінде) ескерумен ғана шектелмейтініне сүйенеді. Жасалған қылмыстың кез келген жағдайы (әсіресе ауырлататын) соттың
оларға байланысты кінәлі қатынасын, яғни қасақаналық немесе абайсыздық түріндегі психикалық қатынасын, анықтауынан кейін ғана айыпқа жүктеле алады (заң шығарушының бұл жағдайларды қылмыстық-құқықтық нормаларда құрастыру ерекшеліктерше байланысты).