Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2012 в 07:37, дипломная работа
Қылмыстық процесс принциптері қоғамдық және мемлекеттік құрылыстан туындаған және қолданылып жүрген заңмен орнықтырылған, мемлекеттік органдар ұйымдастырылуының мәнін айқындайтын бастапқы ережелер, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізу қызметін мемлекет сот ісін жүргізудің алдына қойған мақсаттар мен міндеттерге жетуге бағытталған ережелер.
Кіріспе..........................................................................................................................3
I-тарау. Кінә ұғымы және оның нысандары........................................................6
1.1. Кінәнің түсінігі.....................................................................................................6
1.2. Қасақаналық және оның түрлері.......................................................................12
1.3. Абайсыздық және оның түрлері.......................................................................19
II-тарау. Кінәсіздік презумпциясы түсінігі, құқықтық негізі және мәні.............................................................................................................................28
2.1. Кінәсіздік презумпциясы ұғымы мен мәні......................................................28
2.2. Кінәсіздік презумпциясы принципінің ерекшелігі.........................................32
2.3. Кінәсіздік презумпциясы заңдылық қағидат...................................................36
III-тарау. Кінәнің екі нысанымен жасалатын қылмыстар, олардың себебі мен мақсаты.............................................................................................................41
3.1. Екі нысанды кінәнің түсінігі.............................................................................41
3.2. Қылмыстың себебі мен мақсаты.......................................................................43
3.3. Қате және оның маңызы....................................................................................46
Қорытынды............................................................
Алайда
халықаралық құқықтық мәртебе шын
мәнінде адамдардың қауіпсіздігін
тудырып отыр ма ? Нендей себептен халықаралық
механизм өз мәнінде жүмыс істемейді ?
БҮҮ Жарғысы неге кеңінен қолданылмай
отыр ? Жан-жақты 50 келісім-шарт жасалғанына
қарамастан адамзаттың толығымен адам
құқығын қорғай алмай отырғандығы шындык.
Адам күқығы толғандырмаған ел жоқ шығар.
өйткені адам баласы жаһандануға терең
енген сайын аталмыш тақырып та күрделене
беретін тәрізді1.
III-тарау.
Кінәнің екі нысанымен
жасалатын қылмыстар,
олардың себебі мен
мақсаты.
3.1. Аралас нысандағы кінәнің түсінігі.
Жеке бір жағдайларда заң шығарушы қылмыс құрамын екі кәнәнің нысанын - тұлға жасаған қоғамдық қауіпті іс-әрекетке (әрекет немесе әрекетсіздікке) қатысты кінәні және, жеке істің нәтижесінде орын алған қоғамдық қауіпті салдарға қатысты кінәні анықтау қажет болатындай құрастырады. Бұл жағдай негізгі құрамы (ауырлататын мән-жайларсыз) жасайтын қылмыс тек қана қасақана жасалуы мүмкін, ал сол қылмыстың саралаушы (ауырлататын ман-жайларымен) құрамын жасайтын, орын алған салдарға психикалық қатынас - тек қана абайсыздық түрінде болатын жағдайлармен шектеледі. ҚР ҚК-нің 103-бабы 3-бөлігінде және 117-бабының 4-бөлігінде қарастырылған қылмыстар мұндай құрамдардың мысалдары бола алады. Бірінші жағдайда, сөз абайсыздықтан жәбірленушінің өліміне әкеліп соқтырған, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру туралы. Бұл жағдайда, кінәні психикалық қатынас қосарланып кететіндей, бір жағынан денсаулыққа ауыр зиян келтірілуіне қасақаналық қатынас және осының нәтижесінде орын алған жәбірленушінің өліміне абайсыздық қатынас. Екінші жағдайда кінә заңсыз түрде іштегі баланы альш тастау және осының нәтижесінде, жәбірленушіні өлімге ұшырату немесе оның денсаулығына ауыр зиян келтірудің әрқайсысына қатысты жекелей анықталады. Әрекетке (баланы алып тастау) психикалық қатынас тек тікелей қасақаналық түрінде, ал жәбірленушінің өліміне немесе денсаулығына ауыр зиян келтіруіне абайсыздық түрінде болуы мүмкін. ҚР ҚК-нің 22-бабында кінәнің екі нысанымен жасалған қылмыс үшін жауаптылықтың ерекшеліктері қарастырылады: «Егер қасақана қылмыс жасаудың салдарынан заң бойынша неғұрлым қатаң жазаға әкеп соқтыратын және адамның ниетімен қамтылмаған ауыр зардаптар келтірілсе, мұндай зардаптар үшін қылмыстық жауаптылық, егер адам олардың пайда болатынын алдын-ала білсе-, бірақ осыған жеткіліксіз негіздерсіз оларды болдырмауға менмендікпен сенген жағдайда немесе егер адам бұл зардаптардың пайда болуы мүмкін екенін алдъш-ала білмесе, бірақ болжауға тиіс және болжай алатын болған жағдайда ғана пайда болады. Тұтас алғанда мұндай қылмыс қасақана жасалған деп аталынады.
Кей
кездері қылмыстық құқық
Кінәнің екі нысанымен жасалған қылмыстарды бөлу - қылмыстарды бағалау үшін, әсіресе, кейбір аралас құрамдарды ажырату үшін қажет. Мәселен, абайсыздықтан жәбірленумііні өлімге ұшыратқан, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудегі кінәнің екі нысаны қылмыстың осы құрамын бір жағынан қасақана кісі өлтіруден, екінші жағынан - абайсыздықтан өлімге ұшыратудан ажыратуға мүмкіндік береді. Қасақана кісі өлтіруден бұл құрам, жәбірленушінің өліміне психикалық қатынас арқылы ажыратылады: Қасақана кісі өлтіруде - қасақаналық тек өлімге ұшыратуға, ал ҚР ҚК-нің 103-бабының 3-ші бөлігінде қарастырылған қылмыс жасауда - қасақана денсаулыққа ауыр зақым келтіруге батытталған, ал өлімге келсек бұл жерде, абайсыздық көз алдында. Абайсыздықтан өлімге ұшыратудан (ҚР ҚК 101-бабы) бұл қылмыс қасақаналықтың денсаулыққа зақым келтіруге бағытталғанымен ажыратылады, ал абайсыздықтан кісі өлтіруде бұл жоқ.
Сөйте тұра, кінәнің екі нысанымен жасалған қылмыста, ақырында бір ғана мағынада бағалануы тиіс екендігін атап өту керек, яғни қылмыстың жалпы, абайсыз не қасақана екендігі анықталуы тиіс. Бұл, мысалы, қылмысты аса ауыр қылмыстар категориясына жатқызу үшін керек, ҚР ҚК-нің 10-бабының 5-ші бөлігіне сәйкес, тап сондайлардың қатарына қасақана қылмыстар, яғни заң бойынша ең ауыр жаза - 12 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе өлім жазасы көзделген қасақана жасалған әрекет аса ауыр қылмыстарға жатады. Бұл жағдайда, жалпы алғанда қылмысты қасақана не абайсыздықтан болған деп сипаттаушы кінәнің түрін анықтау үшін, қылмыстың (ауырлататын мән-жайларсыз) негізгі құрамын жасайтын тұлғаның өзі жасаған іс-әрекетіне (әрекет немесе әрекетсіздігіне) психикалық қатынасы негізге алынады. ҚР ҚК-нің 22-бабына сәйкес кінәнің екі нысанымен жасалған қылмыстар, жалпы, қасақана деп мойындалады.
Мұның,
сол сияқты, қылмысты қайталауды және
аса қауіпті қылмысты қайталауды анықтау,
қылмыстың аяқталмағандығын мойындау
мәселесін шешу үшін, қатысушылықпен жасалғандығын
анықтау, шартты сотталуды өзгерту мәселесін
шешу үшін, шартты мерзімнен бұрын босатуды
өзгерту үшін маңызы бар.
3.2. Қылмыстың себебі мен мақсаты
Себеп - ояну, қылмысты қылықты оятушы себеп. Қылмыс адамның жеке кәсібінің түрі (психологиялық тұрғыда). Сондықтан қылмыстың себебі туралы қылмыстық-құқықтық түсінік жалпы психологияда себепке берілетін анықтамаға сүйенуі керек. Психология ғылымы себепті жеке бастың белсенділігінің факторы, адам қылығының негізінде жатқан қозғаушы күш деп түсіндіреді. Себепті бастапқы оятушы сылтау деп бір ауыздан мақұлдай отыра, психологтардың адам еркінің қозғаушысына, демек сылтауына қандай нақты факторларды жатқызу керек екендігі туралы пікірлері бір-бірінен алшақ жатыр. Біреулері себептің жалғыз-ақ факторы бар деп есептейді, ол - белгілі кезеңде адамның бір нәрсеге зәру болып тұрған мұқтаждығын білдіретін, субъективті түрде құштарлық пен тілеу түрінде сезілетін қажеттілік. Басқалары қажеттілікті адам қылығының негізгі факторы ретінде мойындай отыра басқа да қозғаушы факторлардың болу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Осы соңғы көзқарас қылмысты іс мазмұнының психологиялық ерекшеліктерімен жақсы үйлесімін табады. Қылмыстың субъективті жағын зерттеу - қылмыс жасаушы тұлғаның кез болған жағдайлары оған әр түрлі әсер ететіндігін дәлелдеп берді. Кейбір жағдайларда олар оның бойыңда іске итермелеуші қажеттілікті оятса, басқа кездері қылмыстық істі басқа факторлар арқылы тудыра отырып, ішкі қажеттілікті басып тастайды. Бұл орайда қылмыстардың себептерін негізінде үш психологиялық түрге жіктеуге болады: Қажеттілік, сезімдер және мүдде. Қажеттілік сияқты себеп жыныстық қылмыстарда айқын көрінеді (мысалы, әйел зорлау). Сезім түріндегі себеп жеке басқа қарсы жасалатын көптеген қылмыстарға тән (мысалы, қызғаныштан немесе өшпенділіктен кісі өлтіру). Мүдде көбінесе жасөспірімдер жасайтын қылмыстың себебі болып келеді, мысалы, ұрлық кезінде жасөспірімнің коллекциялауға (маркалар, күміс тиындар т.б.), техникамен айналысуға себеп болуы мүмкін.
Қылмыстың себебі бұл қылмыс жасаушы тұлғаны түртуші. Алайда, ерікке түрткі болар әлде бір факторларды анықтау, әлі адам әрекеттерінің, атап айтқанда. қылмыс жасаушының ішкі серіппесін түгел табу деген емес. Бұл факторлардың қажеттілік сезім неге және қалай себепке айналғанын анықтаудың маңызы тіпті де кем емес. Себеп шын мәнінде іске асуы үшін себелке сәйкес анық мақсат қойылуы керек. Себеп пен мақсаттың арасында әрдайым ішкі байланыс бар.
Қылмыстың мақсаты себепке қарағанда - қылмыс жасаушы тұлға жетуге ұмтылатын нәтиже. Психиканың ішінде жасырын жатқан әуестік пен сезімді қозғап себепке айналдыратын дәл осы - мақсат. Істің түрі, оның тәсілі мен құралы да осы мақсатқа байланысты. Сонымен, себеп пен мақсат әрқайсысы жеке түсінік болғанымен себептің - түрткі, мақсаттың - қылмысты іс барысындағы қалаулы ақтық нәтиже екенін ескере отырып, бір-бірінен ажырату керек. Мысалы, шабуыл жасап тонау кезінде кісі өлтірудің себебі - жеке бас пайдасы болса, мақсаты жәбірленушіні өмірден айыру.
Жоғарыда айтылғандай, қылмыстық жауаптылық үшін себеппен мақсаттың маңызды мағынасы бар. Біріншіден, себеп пен мақсат қылмыс құрамының негізгі белгілері бола алады. Бұл белгілерсіз тиісті қылмыстың құрамы да бола алмайды. Мысалы, қызмет өкілеттілігін теріс пайдаланудың құрамы (ҚР ҚК-нің 307-бабының 1-ші бөлігі), егер лауазымды адамның өз қызметтік өкілеттігін қызмет мүдделеріне пайдалануы, егер бұл әрекет пайдакүнемдік немесе өзге де жеке басының мүддесі үшін жасалса ғана көз алдында болады. Ал егер бұл іс-әрекет басқа себептермен жасалған болса, онда бұл - қылмыс құрамы емес тәртіптік теріс қылық болып табылады.
Екіншіден, себеп пен мақсат - қылмыстың сараланған құрамында жасайтын белгілер (ауырлатушы мән-жайлары бар қылмыс құрамы). Егерде қасақана кісі өлтіру өш алу немесе қызғаныштан жасалып, басқа бөтен ауырлатушы немесе жеңілдетуші мән-жайлар орын алмаса, бұл ҚР ҚК-нің 96-бабының 1-бөлігіне сәйкес қарапайым кісі өлтіру болып табылады. Егер, кісі өлтіруге бұзақылық түрткі болса, ол ҚР ҚК-нің 96-бабының 2-бөлігінің «И» тармағы бойынша бағаланады. Егер кісі өлтіру басқа қылмысты жасырын қалу немесе оның жасалуын жеңілдету үшін жасалса (ҚК-тің 96-бабының 2-бөлігінің «К» тармағы), ауырлатушы мән-жайы бар кісі өлтіру құрамына жатады.
Үшіншіден, себеп пен мақсат жаза тағайындау кезінде жауаптылықты ауырлатушы немесе жеңілдетуші жағдайлардың орнына жүре алады. Мысалы, ҚР ҚК-нін 54-бабының І-бөлігінің «Е» тармағы бойьшша, ұлттық. нәсілдік және діни өшпенділік немесе араздық себебі бойынша басқа адамдардың заңды іс-әрекеті үшін кектенушілігін сондай-ақ басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды оңайлату мақсатында қылмыс жасау, жазаны ауырлатушы жағдай болып табылады.
Қылмыстық жауаптылық үшін маңыздылығымен қатар; қылмысты себебінің қылмыстық іс бойынша да мадызды дәлелдеуші мағынасы бар. Қылмыстың себебін анықтау қажеттілігі ең алдымен, іс бойынша обьективті шындықты анықтау міндетінен туыңдайды, Егер қылмыстың себебі белгісіз болса, тергеуші мен сот өздерінің тап осы жағдайда қандай нақты қылмыспен жұмыс істеп отырғаңдығы туралы шешімді кесіп айта алмайды. Тонауға, мысалы, бұзақылық түрткі болса, ол бұзақылыққа айналады: сыртқы белгілері бойынша кісі өлтіру болып табылатын қылмыс - қажетті қорғану және т.б. болып шығады.
Осыған байланысты, себепті анықтаудың қажеттілігі қылмыстық іс жүргізу заңында да бекітілген. Тиісті қылмыс құрамына кіретініне не, кірмейтініне қарамастан, себеп әр қылмысты іс бойынша дәлелденуге тиісті жағдайлардың қатарына жатады. Қылмыс себебі әрқашан дәлелдеу затына жатады. Ол әр қылмысты іс бойынша анықталуы тиіс, себебі онсыз қылмысты саралау мәселесің ғана емес, жазаны кінәліге бейімдеу мәселесінде дұрыс шеше білу мүмкін емес.
Қылмыстық кодекс аффекті әсерінен жасалған қылмыстың қауіптілігі азырақ деп есептейді. Аффект - бұл қылмыс жасалу кезіндегі қатты көңіл толқынысы. Психологияда аффект деп қатты тез пайда болып, қызу өтетін қысқа мерзімді психикалық күйді атайды (ашыну, ыза, үрей аффектілері). Бұл кезде сана мен ойлау қабілеті төмендей түседі. Сөйте тұра, аффект күйінде әрекеттенуші тұлғаның өз әрекеттерін бақылау қабілеті толығымен жойылмайды, тек әлсірейді, ал бұл қылмыстық жауаптылықка негіз болады.
Қылмыстық заң қылмыс жасау кезіндегі аффекттің маңызын мойындайды. Сондықтан, бұл белгі ескерілмесе, қылмыстың субъективті жағы біраз жағдайларда толық болмайды. Біріншіден, аффект күйі жеңілдететін мән-жайы бар қылмыстардың құрамын жасауда ескерілуі мүмкін. ҚР ҚК-нің 98-бабына сәйкес, жәбірленушінің күш қолдануынан, қорлауынан немесе ауыр балағаттауынан не өзге де заңға қарсы немесе моральға жат іс-әрекетінен (әрекетсіздігінен) кенет пайда болған жан күйзелісі (аффект) жағдайында, сол сияқты жәбірленушінің жүйелі түрдегі заңға қарсы немесе моральға жат мінез-құлқына байланысты туындаған ұзаққа созылған психиканы бұзатын жай-күйде адам өлтіру - жеңілдететін мән-жайлары бар кісі өлтіруге жатады. ҚР ҚК-нің 108-бабына сәйкес, аффект күйінде денсаулыққа ауыр және орташа дәрежеде зақым келтіру де осы қылмыстың жеңілдететін мән-жайы бар құрамын құрайды.
Екіншіден,
ҚР ҚК-нің 63-бабының 1-бөлігінің «И» тармағы
бойынша қылмысты аффект күйінде жазаны
жеңілдетуші мән-жайдың мазмұнына кіруі
мүмкін (қылмыс жасау үшін түрткі болып
табылған жәбірленушінің заңға қайшы
немесе адамгершілікке жатпайтын қылығы).
3.3. Қате және оның маңызы
Қате - бұл тұлғаның өзі жасаған әрекетінің не әрекетсіздігінің және оның салдарының нағыз заңды немесе шынайы сипаты туралы теріс түсінігі. Қатенің сипаты қылмыстың субъективті жағын анықтауға көп ықпал етуі мүмкін, демек, қылмыстық жауаптылық мәселесін шешуде де ықпалы мол. Қылмыстық құқықта қате мәселесі субъективті жауаптылық қағидасымен тығыз байланысты, сондықтан дәстүрлі түрде, оқулықтың қылмыстың субъективті жағы туралы тарауында қаралады. Субъектінің қателесу сипатына қарай, қате заңды және шын мәнінде болуы мүмкін.
Заңды қате - бұл субъектінің өзі жасаған іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) пен оның салдарының қылмыстылығы, істегенінің заң тұрғысынан (қылмыстық-құқықтық) бағалануы, бұл істі жасағаны үшін тағайындалуы мүмкін жазаның мөлшері мен түрі туралы теріс түсінігі. Осыған байланысты қылмыстық-құқық теориясы мең сот тәжірибесінде заңды қателердің төрт түрі ажыратылады;
1.
Тұлғаның өзі жасаған іс-
заң бұл істі қылмысты немесе жазаланушылар
қатарына қоспайды. Мысалы, тұлға, құны
ең төменгі айлық есептік көрсеткіштен
аспайтын мүлікті, өзі жұмыс істеп жүрген
өндіріс орнынан ұрлап алады да, өзі қылмыстық
түрде жазаланатын ұрлық жасадым деп ойлайды.
Алайда, іс жүзінде бұл әрекет қылмыс
құрамын құрамайды, тек әкімшілік заңды
бұзушылық болып
табылады, және оған әкімшілік жолмен
жазалау шаралары
қолданылады; Мұндай әрекеттер («жасалған
қылмыстар»)
қылмысты әрі жазаланушы болып табылмайды,
демек, оларға
қылмыстық жауаптылық та болмайды;
2.
Тұлғаның өз іс-әрекетін