Кінәсіздік презумпциясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2012 в 07:37, дипломная работа

Описание работы

Қылмыстық процесс принциптері қоғамдық және мемлекеттік құрылыстан туындаған және қолданылып жүрген заңмен орнықтырылған, мемлекеттік органдар ұйымдастырылуының мәнін айқындайтын бастапқы ережелер, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізу қызметін мемлекет сот ісін жүргізудің алдына қойған мақсаттар мен міндеттерге жетуге бағытталған ережелер.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................3
I-тарау. Кінә ұғымы және оның нысандары........................................................6
1.1. Кінәнің түсінігі.....................................................................................................6
1.2. Қасақаналық және оның түрлері.......................................................................12
1.3. Абайсыздық және оның түрлері.......................................................................19
II-тарау. Кінәсіздік презумпциясы түсінігі, құқықтық негізі және мәні.............................................................................................................................28
2.1. Кінәсіздік презумпциясы ұғымы мен мәні......................................................28
2.2. Кінәсіздік презумпциясы принципінің ерекшелігі.........................................32
2.3. Кінәсіздік презумпциясы заңдылық қағидат...................................................36
III-тарау. Кінәнің екі нысанымен жасалатын қылмыстар, олардың себебі мен мақсаты.............................................................................................................41
3.1. Екі нысанды кінәнің түсінігі.............................................................................41
3.2. Қылмыстың себебі мен мақсаты.......................................................................43
3.3. Қате және оның маңызы....................................................................................46
Қорытынды............................................................

Работа содержит 1 файл

Кінәсіздік презумпциясы.doc

— 378.50 Кб (Скачать)

  Бұл ереже субъективті арту қағидасын  дамытады, оған сәйкес, өте қауіпті  және жүйке мен психикаға шамадан тыс ауырлық түсіретін жағдайлармен  

_______________________

1БВС РФ 1994. № 4. С. 3-4,

байланысты  іс атқарушы тұлға, егер оның субъективті қасиеттері жағдайдың объективті талаптарына сай келген болса, тұлға өз әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіпті сипатын түсінген болса, одардың қоғамдық қауіпті салдарын алдын-ала көре білген немесе білмеген болса, бірақ өзінің субъективті жеке басының қасиеттеріне қарай оларды алдын-ала көріп біліп, алдын алуы мүмкін болған жағдайда ғана кінәлі деп таныла алады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

II-тарау.  Кінәсіздік презумпциясы  түсінігі, құқықтық  негізі және мәні. 

2.1. Кінәсіздік презумпциясы  ұғымы мен мәні.

    Демократияның аса маңызды сипатты белгісі  мынада, азаматтардың құқықтары мен  бостандықтары жарияланып қана қоймай, оларға әртүрлі кепілдіктер де беріледі. Олар экономиккалық, әлеуметтік, саяси, құқықтық және ұйымдастырушылық кепілдіктер болып бөлінеді. Осылардың ішінен құқықтық кепілдігіне тоқталып өтейік. Ол дегеніміз құқық пен бостандықтарды іс жүзіне асыру тәртібін, олардың қорғау шараларын, бұзылған кезіндегі жауапкершілігін тағайындайтын құқық нормалары, нормативтік актілер. Бұл бағытта мемлекеттік органдардың қызметі елеулі орын алады. Азаматтардың өздерінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау өкілеттілігі де маңызды. Қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының Конституциясы құқықтық кепілдіктерді өзінің " Адам және Азамат " деп аталатын екінші бөлімінде нақтылай түскен.

  Жалпы кепілдік дегеніміз қамтамасыз ету  деген мағынаны білдіреді. Ал заң  кепілдігі дегеніміз - қолданылып жүрген заңдар арқылы мемлекеттің субъективтік құқықтардың жүзеге асырылуын қамтамасыздандыру құралдары мен тәсілдері. Бұл ең алдымен әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау, білікті заң көмегін алу құқықтары, тағы басқа.

Осы құқықтарға кінәсіздік презумпциясын қосу керек: заңыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күшінің болмайтындығы, қылмыстық заңдық күшінің болмайтындығы, қылмыстық заңды үқсастығына қарай қолдануға жол берілмейтіндігі, бір құқық бұзушылық үшін қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жазаға тартуға тыйым салу тағы басқа. Өкінішке орай, кезінде қолында билігі бар құрылымдар мен лауазымды адамдардың өздеріне жүктелген міндеттерді теріс орындауының кесірінен жазасын өтеп қайтқан ешбір кінәсіз адамдарды қылмыскер деп танудың куәгері біздін тарихымыз. Ұзақ уақыт бойы заңгерлер мен ғалымдар кінәсіздік презумпциясының өзіне күдік туғызды. Ал белгілі бір кезеңдерде ол өзінің мәнін мүлдем жойды. Тіпті заңда тікелей кінәсіздік презумпциясы жөнінде түсінік жоқ. Осыған қарамастан қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Конституциясында аталған терминдердің мағынасы"

  Адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі, "- деп көрсетілген (77-бап, 3-тармақ, 1-ші тармақшасы).

  • айыпталушы өзінің кінәсәздігін дәлелдеуге міндетті емес;
  • адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күдік айыпталушының 
    пайдасына қарастырылады;
 
  • заңсыз  тәсілмен алынған айғақтардың заңды  күші болмайды;
  • ешкім де өзінің жеке мойындауы негізінде ғана сотталуға тиіс емес; 
    Осыған байланысты айтатын бір жәйт - қазір ешкім өзіне-өзі, өз жұбайына

(зайыбына) және заңмен белгіленген шектегі  жақын туыстарына қарсы айғақ  беруге міндетті емес. Діни қызметшілер өздеріне сеніп сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға міндетті емес. Сөйтіп, бұрын қолданылып келген қалай болса да айласының түп тамырына балта шабылады деген қағидажоққа шығарылды.

   Конституцияның 77-бабының 3-тармағының 2-тармақшасы сот әділдігін жүзеге асырудың конституциялық принципінің бірін сақтайды, оны сот заңды қолданғанда басшылыққа алуға тиіс. "Өзіне заңмен көзделген соттылығың оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды".

  Іс  жүргізу заңымен әртүрлі санаттағы  істердің соттылығын анықтағанда өзіндік  ерекшелігі, күрделілігі, істің қоғамдық мәні, оны тез және тиімді шешудің қажеттілігі ескеріледі. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің немесе азаматтық іс жүргізу кодесінің нормаларында көрсетілгендей, Конституцияньвд 77-бабының 3-тармағы 3-тармақшасының негізінде іс бойынша тараптардың келісімінсіз істің соттылығын өзгертуге болмайды.

   Бұл Республиканың барлық аумағында тікелей қолданылатын конституциялық нормалар мен заңдардың және басқа да нормативті құқықтық актілердің нормалардан үстемдігін белгілейтін 4- баптың 2- тармағының конституциялық нормаларынан туындайды.

Адамға  және оның ісіне заңда көрсетілгенге сәйкес келмейтін, оның бұзған келісімі жоқ кезде сотты болушылығын анықтауды егізгі заңның 77-бабы 3-тармағы 3-тармақшасының конституциялық нормасын бұзу ретінде қарау керек,- деп тұжырымдайды Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі 1997 жылғы 8 наурыздағы №3 қаулысында1.

    Кінәсіздік  презумпциясының құқықтық негізі – Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы, онда былай делінген: "адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі ". Бұл тұжырым Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-шы бабында өрбітіліп, былайша берілген:

  • әр адам оның қылмыс жасағандығы үшін кінәлілігі Кодексте көзделген 
    тәртіппен дәлелденгенге дейін кінәсіз деп саналады;
  • айыпталушының кінәлілігіне сейілмеген күдік оның пайдасына 
    түсіндіріледі;
 
      
  • қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңдарын қолдану кезінде пайда болған күмәндер де айыпталушының пайдасына  шешілуге тиіс;
  • айыптау үкімін болжамдарға негіздеуге болмайды және ол дәлелдердің 
    жеткілікті жиынтығымен расталуы тиіс.

   Презумпциянын құқықтық негізіне жасалған талдау оның мазмұнын анықтауға мүмкіндік береді. Осы презумпцияның мәнін құрайтын мына тұжырымдар:

   а) айыпталушының қылмыс жасауға кінәлі екені алдын ала тергеу жүргізген және сотта қаралған кезде дәлелденуге тиіс;

   ә) айыпталушыны сотқа беру оның кінәлі екені туралы мәселені алдын ала  шешіп қою үшін негіз болып  табылмайды;

   б) айыптау үкімі жорамалдарға негізделе алмайды және сотталушының 
кінәлі екені іс сотта қаралған кезде дәлелденген жағдайда ғана шығарылады.

   Қаралып отырған принциптің мәнін сипаттай келіп, И. Д. Перлов былай деп жазды: "Осы тұжырымдардың бәрі бір қатарда тұр және бір-бірімен ажырамас  

________________________

1Мемлекет және құқық негіздері". Алматы, 2001 ж. 188 б.

бірлікте. Олар, кінәсәздік презумпциясы идеясын, оның мазмұнын толық білдіреді"1.

   Кінәсіздік  презумпциясы әлі де дәлелденбеген  нәрсені анықталды деп ешқашан санауға болмайтындығы туралы идеяға негізделген. Принциптің терең ізгілік, адамгершілік мәні міне, осында.

  Стецовский  Ю. И. мен  Ларин А.М.дәлелдеуінше, кінәсіздік презумпциясы – қылмыстық  сот ісін жүргізудің принципі ғана емес, ол жауапкершіліктің барлық түрлеріне  қатысты жалпы құқықтық принцип2.

  Қылмыстық сот ісін жүргізуде кінәсіздік презумпциясы ықпалының шептері мынадай құқық  формаларымен айқындалады:

  а) адамның кінәлі екені заңды түрде  анықталғанға дейін оны кінәлі деп  санамау жөніндегі талапты қылмыстық сот ісін жүзеге асырушы мемлекеттік органдар мен өкілетті адамдардың бәрі басшылыққа алуға тиіс;

  ә) кінәсіздік презумпциясының принципі Қазақстан Республикасының азаматтарына ғана емес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға да қатысты;

   б) кінәсіздік презумпциясының принципі істі жүргізу кезіне және іске нақты қатысушы адамдарға қарамастан жалпы қылмыстық іс жүргізу құқық қатынасына ықпал етеді;

   в) айыпталушының еңбек қатынастары  тек айыптау үкімі еңбек қатынастарын одан әрі жалғыастыруға мүмкіндік бермейтіндей заңды күшіне енгенде ғана тоқтатылады;

   г) соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгенге дейін адамды оқу орнынан шығаруға болмайды;

   д) адам тергеуде және сотта болған кезде  оны тұрғын үйге деген құқығынан айыруға болмайды (адамның келісімінсіз тұрғын үйді айырбастауға, жалға беруге, жаңа тұрғындар қоныстандыруға болмайды, қамауға алынған адам жаңа тұрғын үй алу ордеріне жазылуға тиіс).

_________________

1Перлов И.Д. Об основах уголовного судопроизводства. М., 1960. С 63.

2Стецовский Ю. И., Ларин А.М. Конституционный принцип обеспечения обвиняемому права на защиту. М., 1986. С 46

   Кінәсіздік  презумпциясынан, қылмыскерге қатысты  қолданылатын құқықтар мен бостандықтарды шектеу, айыпталушыға қолданылмауы керек. Айыпталушы қамауда болса да, үйге қүқығы, сайлауға кдтысуға қүқығы сақталып, жүмыстан босатылуы немесе оқудан шығарылуы мүмкін емес.

   Барлық  айыптаушыларға қатысты конституциялық қүқықтар мен бостандықтарды шектеу, шыньшен керек болған жағдайда, бақылап қолдану

керек.

   Кінәсіздік презумпциясының негізінің мазмұны бойынша ол дегеніміз әлі ештеңе дәлелденбеген. Кінәсіздік презумпциясы –демокративті, гумманизмді және Қазақстан Республикасының құқықтық іс жүргізудің заңдылығында көрніс табатын принцип1. 

2.2. Кінәсіздік презумпциясы принципінің ерекшелігі.

   1995 жылғы Қазақстан Республикасының  Конституциясы тұңғыш рет сот төрелігінің негізгі принциптерін құрады. Сот төрелігі принциптері біртұтас сот жүйесін ұйымдастыру мен жүргізуге тікелей ықпал ететін құқықтық нормалардан тұрады. Бұл ретте сот төрелігі принциптерінің соттар туралы заңдарының қалыптасуында, адам және азаматтардың қүқықтарын қорғауды қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын айта кету керек. Сол принциптерінің ішіндегі қарастыратынымыз : "адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп танылады".

  Кінәсіздік  презумпциясының негізгі ерекшеліктері - оның кылмыстық сот ісін жүргізу принциптері жүйесіндегі орны мен маңызын айқындайды. Кінәсіздік презумпциясын өзге ережелер қатарынан бөліп көрсететін ерекшеліктер мыналар:

  1. адамды мемлекет атынан айьгаты деп тану - соттың ерекше қүкығы;
  2. адамды алдын ала тергеу барысында айыпталушы ретінде тарту оның кінәлі немесе кінәсіз екені туралы соттың шешім қабылдауына бөгет
 

______________________________________

1Уголовный процесс. С.Д. Оспанов. Алматы, 2003 г.

болмайды;

    3. айыпталушының кінәләмен ұқсас еместігі;

  1. адамды кінәлі деп тек соттың заңға сәйкес шығарған үкімі бойынша ғана 
    тануға болады;

     5.  айыптау үкімін қылмыс жасалуына сотталушының кінәлі екені сотта қарау барысында дәлелденген жағдайда ғана шығаруға болады;

  1. қадағалау ретінде соттың істі тоқтату туралы қаулысьша, неғүрлым ауыр 
    қылмыс туралы заң қолдану қажеттілігінің дәлелдері бойынша айыптау үкіміне, жазаның жүмсақтығына немесе сотталушының жағдайын нашарлататын өзге де негіздер бойынша, сондай-ақ соттың ақтау үкіміне, яки істі тоқтату туралы қаулысына шағым жасау, наразылық білдіру мүмкіндігі.

    Кінәсіздік  презумпциясының маңызы мынада:

  а) оны дүрыс түсіну мен дүрыс  қолдану, қате пікірге, сыңаржақтылыққа, айыптау бейіміне жол бермеу;

   ә) материалдық және іс жүргізу қүқығы нормаларының қалай болса солай  қолданылуына жол бермеуі;

    б) қылмыстық жазаның тек кінәлі адамға қолданылуына себептеседі .

   Жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға  жаңа мңндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын заңдардың кері күші болмайды. Егер қүкык бүзушылық жасалғаннан кейін ол үшін жауапкершілік заңмен алынып тасталса немесе жеңілдетілсе, жаңа заң қолданылады. Бүл да адамдарға берілетін кепілдіктерді толықтыра түседі.

   Осыдан  әркімнің қүқық субъектісі ретінде  танылу қүқығы және өзінің қүқығы мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін тәсілмен қорғау ға қақылығы туындайды. Қорғалу тәсілдерін азаматтар өз еркімен таңдай алады, мысалы, сотқа жүгіну, жоғарғы сатыларға арыздану, шағымдану, тағы басқа.

  Кінәсіздік  презумпциясы принципі дегеніміз, өзіне  қатысты іс қозғалған адам (әкімшілік  құқық туралы), оның кінәсі заңда белгіленген тәртіпте дәлелденбейінше және істі қараған уәкілетті органның (лауазымды адамньщ) күшіне кірген қаулысына анықталмайынша кінәсіз деп саналады.

Информация о работе Кінәсіздік презумпциясы