Кінәсіздік презумпциясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2012 в 07:37, дипломная работа

Описание работы

Қылмыстық процесс принциптері қоғамдық және мемлекеттік құрылыстан туындаған және қолданылып жүрген заңмен орнықтырылған, мемлекеттік органдар ұйымдастырылуының мәнін айқындайтын бастапқы ережелер, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізу қызметін мемлекет сот ісін жүргізудің алдына қойған мақсаттар мен міндеттерге жетуге бағытталған ережелер.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................3
I-тарау. Кінә ұғымы және оның нысандары........................................................6
1.1. Кінәнің түсінігі.....................................................................................................6
1.2. Қасақаналық және оның түрлері.......................................................................12
1.3. Абайсыздық және оның түрлері.......................................................................19
II-тарау. Кінәсіздік презумпциясы түсінігі, құқықтық негізі және мәні.............................................................................................................................28
2.1. Кінәсіздік презумпциясы ұғымы мен мәні......................................................28
2.2. Кінәсіздік презумпциясы принципінің ерекшелігі.........................................32
2.3. Кінәсіздік презумпциясы заңдылық қағидат...................................................36
III-тарау. Кінәнің екі нысанымен жасалатын қылмыстар, олардың себебі мен мақсаты.............................................................................................................41
3.1. Екі нысанды кінәнің түсінігі.............................................................................41
3.2. Қылмыстың себебі мен мақсаты.......................................................................43
3.3. Қате және оның маңызы....................................................................................46
Қорытынды............................................................

Работа содержит 1 файл

Кінәсіздік презумпциясы.doc

— 378.50 Кб (Скачать)

  Бұғай дейін айтьшғандай, кінә - бұл тұлғаның өзі жасаған қоғамдық қауіпті іс-әрекеті мен оның қасақаналық және абайсыздық түріндегі салдарына психикалық қатынасы. Қылмыстық заңға сәйкес, кінә - бұл әрқашан не қасақаналық, не абайсыздық. ҚР ҚК-нің 19-бабының 3-бөлімі бойынша қасақана немесе абайсызда іс-әрекет жасаған адам ғана қылмысқа кінәлі деп танылады. Қасақаналық та, абайсыздық та жасалған іс-әрекет пен оның салдарына кінәлі психикалық қатынастың нысандары болып табылады. Бұл - олардың ұқсастығы. Ал, айырмашылығы — қасақана және абайсыз кінәні құрайтын интеллектуалдық және еркіне қарай сәттердің ерекше, өзіне ғана тән мазмұны мен ара қатынасында.

    Қылмыстың жасалуына байланысты кінә (қасақаналық та, абайсыздық та) заң қолданушыншың (сот, тергеуші) санасынан тыс орын алады. Ол - алдын ала тергеу жұмысын жүргізу мен сотта істі қарау кезінде дәлелденетін затқа жатады. Ол - іс бойынша анықталған дәлелдерді саралау кезінде жүзеге асады. Осыған орай, кінә тек заңдық-психологиялық қана емес, саралаушы да категория екендігін мойындау керек. 40-шы жылдары кеңестік заң әдебиетінде кінәлінің өзі жасаған қоғамдық қауіпті іс әрекеті мен оның қасақаналық және абайсыздық түріндегі салдарына, соттың санасынан тыс орын алатын психикалық қатынасы ретіндегі кінә түсінігін, оның (кінәнің) саралаушы деген түсінігімен теңестіруге әрекет жасалды. Б.С. Утевский «кінәні қылмыс құрамының элементі ретінде,

__________________

1Белинскин В.Г. Избранные филосовские произведения Т. 2. М-, 1948. С. 47.

қасақаналық пен абайсыздық, яғни қылмыс құрамының субективті жағы ретінде бір жақты тайыз түсінумен қатар, қылмыстық құқықта кінәнің қылмыстық жауаптылықтың негізі ретіндегі ауқымдырақ түсінігі де бар»1 деп санаған. Б.С. Утевский кінәні қылмыстық жауаптылыкгың негізі ретінде былайша түсіндіреді, яғни ол «соттың көзқарасы бойынша мемлекет атынан теріс қоғамдық (моральдық-саяси)  бағаға лайық және сотталушының қылмыстық жауаптылығын талап етуші жағдайлар жиынтығы»2.

  Оның  кінәні түсіну туралы мұыдай көзқарасы  кеңестік заң басылымдарында өткір, тіпті күйретуші сынға ұшырады. Оның себептері негізінен идеологиялық сипатта болды. Авторды кінәні саралау туралы буржуазиялық ғалым-заңгерлердің ұсынған теорияларын пайдаланғаны үшін айыптады: Алайда, соңғы кездері кеңестік қылмыстық құқықта кінәні - саралаушы ретінде түсінуді қатаң шетке шығару басылып, кінәлі жауаптылық қағидасы (яғни кінәні қылмыстық жауаптылықтың негізі ретінде мойындау) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде заңды тұжырымын тапты. Мұны дұрыс деп мойындауға тиіспіз, себебі, қылмыстық заң, қылмыстық жауаптылықты тұлғаның өзі жасаған іс-әрекеті мен оның салдарына психикалық қатынасының кез келген түрімен емес тек қана қасақаналық пен абайсыздық сияқты белгілі түрімен ғана байланыстыруы бекер емес. Психикалық қатынастың дәл осы түрдегі, кінәлінің қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерге, яғни жеке бастың, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне деген қоғамға қарсы (қасақана жасалған қылмыстарда) немесе немқұрайлы (абайсыздан жасалған қылмыстарда) қатынасын білдіреді. Сондықтан, кінә - тұлғаның қылмыстық қастандылықтан заңмен қорғалатын мүдделерге теріс қатынасын көрсететін өзінің жасаған қылмысты әрекеті немесе әрекетсіздігінен туындаған зиянды салдарға психикалық қатынасы.

  Жоғарыда  айтылғандай қылмыстық заң, ісәрекетпен оның салдарына кінәлі психикалық қатынасқа еркіне қарай және интеллектуалдық сәттерді қосады. Дәл осы сәттердің жиынтығы кінәның мазмұнын құрайды. Аталған сәттердің нақты

_________________________

1Утевский Б.С. Вина в советском уголовном праве. М. 1950, С. 39.

2Утевский Б.С. Вина в советском уголовном праве. М. 1950. С 103.

мазмұны мен ара қатысы бойынша қасқана және абайсызда жасалған қылмыстардың бір-бірінен айырмашылығы қандай болса, олардың қылмыстық заңда анықталатын түрлері де тап солай ажыратылады. Интеллектуалдық және еркіне қарай сәттердің мазмұны мен арақатынасының бұл ерекшеліктері кінәнің түрлерін құрайды. Қылмыстық кодекс кінәнің қасақаналық және абайсыздық сияқты екі нысандарын қарастырады (ҚР ҚК-нің 19-бабы 3-ші бөлімі). Қасақаналық,

өз  кезегінде, тікелей және жанама, ал, абайсыздық - менмендік және немқұрайдылық  болып бөлінеді.

  Кейбір  қылмыстарға байланысты, заң шығарушы оларды тек қасақана жасалады деп анық атап көрсетеді. Мысалы, ҚР ҚК-нің 104-бабы  денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіргені үшін жауаптылық қарастырылады. Қасақана жасалатын қылмыстардың басқа құрамдарын жасағанда, заң шығарушы оларға қасақана деген анықтама бермейді. Мысалы, ҚК-тің 106, 107-баптарында ұрып-соғу, азаптау кездерінде кінәнің түрін атап көрсетпейді. Мұңдай жағдайларда кінәнің түрін анықтау үшін ҚК-тің 19-бабының 3-ші бөлігін басшылыққа алу керек. Абайсызда жасалған іс-әрекет ҚР ҚК Ерекше бөлімінің тиісті бабы арқылы арнайы қарастырылған жағдайда ғана қылмыс деп саналады. Сонымен, Брекше бөлім бабының диспозициясы кінәнің түрін нақты көрсетпесе, осы бапта қарастырылған қылмыс тек қасақана болады.

  Кінәнің қылмыстық-құқықтық мағынасын асыра  бағаламасқа болмайды. Біріншіден, кінәлі жауаптылық. қағидасына сүйене отырып, кінә - қылмысты іс-әрекетті қылмысты емесінен ажыратушы ретінде маңызды. ҚР. ҚК-нің 19-бабының 2-бөлігіне сәйкес, обективті түрде, яғни кінәсіз зиян келгіргені үшін қылмыстық жауапталыққа жол берілмейді. Екіншіден, егер заң шығарушыға жауаптылықты кінәнің түріне қарай ажыратса, кінә- қылмысты саралауға әсер етеді деген сөз, Мысалы, кісі өлтіру ҚР ҚК-нің 96-бабымен бағаланса, абайсыздықтан өлімге соқтыру - ҚР ҚК-нің 101-бабымен бағаланады. Кінәнің түрі сонымен қатар денсаулыққа келтірілген зиянның қасақана әлде абайсыздықтан болуын. (ҚК-тің 103, 111-баптары), ажырататын белгі болып табылады. Үшіншіден, кінәнің түрлері қылмыстарды заңды негізде саралау кезінде ескеріледі. Онша ауыр емес, ауырлығы орташа дәрежедегі қылмыстарға қасақана жасалғаны да, абайсыз жасалғаны да жатқызылса, ауыр, аса ауыр қылмыстар - қатарына тек қасақана жасалғаны ғана жатады (ҚК-тің, 10-б,). Жаза мен қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырар басқа да көптеген жағдайларда, қасақана және абайсыздық жағдайдағы кінәнің.  айырмашылығы ескеріліп отырады. 

1.2. Қасақаналық және оның түрлері.

   ҚР  ҚК-нің 20-бабының 1-бөлігіне сәйкес қасақаналық  тікелей және жанама болып келеді. Осы баптың 2-бөлігіне сәйкес, егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын-ала білсе және осы зардаптардың болуын тілесе, қылмыс тікелей қасақаналықпен жасалған деп танылады.

  Кінәнің басқа да түрлерімен (қасақаналық  және абайсыздық) қатар, тікелей қасақаналықта тұлғаның жасаған қоғамдық қауіпті іс-әрекеті (әрекетсіздігі) мен оның салдарына психикалық қатынас ретінде анықтау үшін, заң шығарушы психиканың интеллектуалдық және еркіне қарай элементтерінің де мазмұнын пайдаланады, Қылмысты тікелей қасақаналықпен жасаған кездегі интеллектуалдық сот - тұлғаның іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіптілігін саналы түрде түсініп, оның зиянды салдары болуы мүмкін екенін немесе олардың бәрі-бір болатындығын алдын-ала көріп білуінде. Жасалатын іс-әректтің қоғамдық қауіпті сипатын сезе білу - оның әрі шынайы, әрі әлеуметтік сипаттарын түсінгендікті білдіреді. Мысалы, ұрлық кезінде тұлға, бөтен мүлікті жасырын иеленбекші екендігін жете түсініп отырады, сонымен қатар, ол өзінің осы қылығы арқылы жәбірленушінің меншіктік құқығын бұзып отырғандығын да жете түсіне алады. Жасайтын әрекеттің (әрекетсіздіктің) мағынасын жете түсініп сезу - бұл кінәлінің оның қоғамдық қауіпті сипатын да түсінуі.

  Заң шығарушы интеллсктуалдық, элементі жасалған істің тек қоғамдық қауіптілігін түсінгендігімен шектеп, кінәлінің өз ісінің заңға қарсы екендігін түсінуін талап етпейді. Расында, көп тараған қасақана қылмыстар (кісі өлтіру, денеге жарақат салу, жыныстық қылмыстар, талан-таражға салу және т.б.) әрине, олардың заңға қарсы екендігі түсініле тұра жасалады. Алайда, заңға қарсылықты түсіну, жалпы ереже бойынша, қылмыстық  іске байланысты дәлелденуге жатпайды. Дегенмен, кейбір жағдайларда, заң шығарушы Ерекше бөлімнің арнайы құрамын жасау арқылы, кінәлінің өз ісінің қоғамдық қауіптілігін түсінуін оның заңға қарсы екендігін түсінумен байланыстырады. Бұл жағдай көбінесе, әр саладағы арнайы ережелерді қылмысты түрде бұзғанда қолданылады. Мәселен, ҚР ҚК-нің 265-бабының 1-бөлігінде қылмыстық жауаптылық есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін немесе улы заттарды өндіру, жасау, ұқсату, сатып алу, сақтау, есепке алу, босату, тасымалдау, әкелу. әкету, жөнелту не жою ережелерін бұзу, егер бұл әрекетті аталған ережелерді сақтау міндетіне кіретін адам жасаса, тағайындалады. Субъектінің бұл әрекеттердің қоғамдық қауіптілігін түсіне білгендігі, оның айтылған заттарды пайдаланудың (мысалы, сақтау және есепке алу) тиісті ережелерін міндетті түрде білгендігін көрсететіні анық. Ал егерде тұлға бұл ережелермен таныспаған болса, қасақаналықтың интеллектуалдық сәті жойылады, демек, кінә - қасақана емес, бұл тұлға қылмысқа жауапты емес.

  Зиянды  салдардың орын алатындығын алдын-ала  көре білу -тұлғаның жасаған қоғамдық қауіпті әрекетінің (әрекетсіздігінің) нәтижесінде орын алатын қоғамдық қауіпті салдарды, кінәлінің өзі алдын-ала көре білгендігін көрсетеді. Заңды тұжырымдамаға сәйкес, тікелей қасақаналық кезінде, алдын-ала көре білудің сипаты екі жақты болуы мүмкін. Кінәлі тұлға тиісті қылмысты салдардың орын алуы мүмкін екендігін де, сонымен қатар, орын алмауының мүмкін еместігін де көріп біледі.

  Қылмысты салдардың орын алуы мүмкін екендігін көре білу - бұл салдардың белгілі бір себептер арқылы болмай қалуы да мүмкін екендігін білдіреді. Олардың болатындығы сөзсіз екендігін көре білу - өзінің тілеген салдарының болмай қалуы мүмкін әлде бір жағдайлардың кінәлі санасынан мүлдем шығарылып тасталғандығын білдіреді. Мысалы, дене күші әлдеқайда басым И. өзінің таныстарымен арақ ішіп отырьш, араларындағы Г.-мен жанжалдасу кезінде оны 14 қабаттағы бөлменің ашық тұрған терезесінен далаға лақтырып жібереді. Бұл жерде жәбірленушінің сөзсіз өлетіндігін кінәлінің алдын-ала жобалағандығын кесіп айтуға болатын анық нәрсе. Егер бұл әрекет екінші қабаттың бөлмесінде жасалса, кінәлі адам қылмысты салдардың болуы мүмкін деп болжар еді.

  Заң шығарушы қасақаналықты оның кез  келген түрінде (кінанің абайсыз түрі сияқты) материалдық құрамы бар, яғни объективті жағына қылмыстық салдар жататын қылмыстарға бейімдей отыра тұжырымдайды. Осыған орай, кінәні тұлғаға кез келген зияңды салдары алдын-ала көре білгендігі үшін емес, қылмыстың тиісті құрамының объективті жағының белгілері болып табылатындарын көре білгендігі үшін артады.

  Тікелей қасақаналықтың еркіне қарай сәті қылмысты салдардың орын алуын тілеуімен сипатталады. Бүл тілек кінәлінің ісінің бір мақсатқа бағытталғандығын білдіреді. Ол үшін тиісті қылмысгы салдар - оның қоғамдық қауіпті әрекетінің (әрекетсіздігінің) саналы, әрі мақсатты түрде көздеген нәтижесі.

  Қорыта  келе, тікелей қасақаналықтың мазмұнын қылмыстық құқықтық бағалау тұрғысынан қарапайым мысалмен көрсетейік. Э. мен О.-нің шекесінен атқанынан жәбірленуші сол жерде қаза болады. Э. кісі өлтіруді тікелей қасақаналықпен жасады. Бұл қасақаналықтың интеллектуалдық сәті – кінәлінің өз әрекеттерінің    қоғамдық    қауіптілігін,     яғни     ол     әрекеті жәбірленушіні өлімге әкеліп соқтыратынын алдын-ала түсінгендігінде және оның өлуі мүмкін немесе сөзсіз екендігін алдын-ала көре білгендігінде. Э.-нің мылтықпен О.-ны шекесінен атқандығы, - қасақаналықтың еркіне қарай сәті, жәбірленушінің өлімін тілегендігін дәлелдейді.

  Тұлғаның өз әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіптілігін түсіне біліп, қоғамдық қауіпті салдардың орын алатындығын алдын-ала көре тұрып, өзі тілемей, бірақ сол қауіпті салдарға саналы түрде жол берген немесе оларға немқұрайды қараған кезіндегі қасақаналықтың түрі - жанама деп аталады.

  Өзінің  интеллектуалдық сәті бойынша жанама қасақаналық тікелей қасақаналықпен көп жағдайларда бір жерден шығады Бұл мәселеде олардың айырмашылығы - тек қылмысты салдарды алдын-ала көре білудің сипатында ғана. Жоғарыда айтылғандай тікелей қасақанадық кезінде тұлға қылмысты салдардың мүмкін болуымен қатар, олардың сөзсіз болатындығын да алдын-ала болжап біле алады. Ал жанама қасақаналық кезінде кінәлінің алдын-ала болжай білгендігі қылмысты салдардың мүмкін болуымен ғана байланыстырылады. Жанама қасақаналықтың бұл ерекшелігі - оның қасақаналық түрлерін бір-бірінен жалпы ажырату үшін негізделетін еркіне қарай сәтімен тығыз байланысты. Жанама қасақаналық кезінде, тікелей қасақаналықпен салыстырғанда, тұлға қылмысты салдардың болу мүмкіндігін алдын-ала көре білгенімен (интеллектуалдық сәті), ол салдардың болуын тілемейді. Қылмыстық заң мұндай тілемеушіліктің екі түрін ажыратады: қылмысты салдарға саналы түрде жол беру және оларға немқұрайды қарау. Алайда, тұлғаның өзі жасаған әрекеттердің (әрекетсіздіктің) салдарына психиалық қатысты, көп жағдайда, салдардың болуына немқұрайды қараушылықпен оларға саналы түрде жол берушіліктің бірігіп кетуін болжайды.

  Сонымен, жанама қасақаналық кезінде қылмысты салдардың болуын тілемеу - тұлға өз ісінің қауіпті салдарына немқұрайды қарағандығынан, олардың орын алуына саналы түрде жол бере тұра, өз ісінің қоғамдық қауіпті салдарының орын алуын көздемегенін білдіреді.

Информация о работе Кінәсіздік презумпциясы